Жан азығы

Қазіргі қоғамда қолда бардың қадірін білмейтін, барды бағалай алмайтын жағдай жиі кездеседі. Соның салдарынан елдің болашағы үшін қажет істер уақтылы тындырылмай, «әй, қап» деп санымызды соғып жүрміз.

Мысалы, жақында соғыс және еңбек ардагері, майдангер журналист, қадірлі ақсақалымыз Бисен Жұмағалиұлы о дүниеге аттанды. Жады мықты, тұнып тұрған шежіре адам еді. Көзі тірісінде бар айтарын жазып алуға жарамадық. Оның білгені тек бізге емес, болашақ ұрпаққа керек еді ғой.
Енді қол қусырып отырмай, ең болмағанда, жазған жазбаларын бір жерге жинақтап, ел игілігіне жарайтындай бір іс қылғанымыз жөн. Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі, жоспарлы түрде ұйымдастырылуы тиіс. Себебі бұл жекелеген адамдарға емес, мемлекетке қажет.
Көзі тірі, елдің болашағы үшін айтары бар мықтылар арамызда бүгін де бар. Тек көре білсек, бағалай білсек, берерін ала білсек болғаны. «Барыңды бағалай білмесең, бақ қонбайды» демекші, елдің бағын еселей түсу үшін ерінбей қызмет етейік.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 1013

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463