Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Аздаған үзілістен кейін қолыңызға тиіп отырған журналымыз-дың бүгінгі санына да Сіздер үшін ең қызықты, ең пайдалы деген мақалаларды жинастырып жариялап отырмыз. Редакция алқасының ең басты талабы да осы – ел мен жердің қадір-қасиетін көрсетіп, төл тарихымыздың тереңіне бойлататын дүниелерді оқырман назарына ұсыну болатын.
Қазіргі қоғамда қолда бардың қадірін білмейтін, барды бағалай алмайтын жағдай жиі кездеседі. Соның салдарынан елдің болашағы үшін қажет істер уақтылы тындырылмай, «әй, қап» деп санымызды соғып жүрміз.
Маусымның 27-28-і күндері Батыс Қазақстан облысында Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері, қазақтың ұлы ақыны Қадыр Мырза Әлінің 80 жылдығына арналған мерейтойлық шаралар республикалық деңгейде өтті. Орал қаласында Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер орталығы мен ақынның ескерткіші ашылса, ақынның туған жері Жымпитыда да ескерткіш орнатылып, дала қызықтары ұйымдастырылды.
Салтанатты шараға ақынның отбасы – жары Салтанат апай мен бала, немерелері, сондай-ақ қазақтың белгілі қаламгерлері арнайы келді.
Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты
(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)
Есенгелді – дистанция бастығы
1830 жылы қазандағы Орынбор әскери губернаторы П. П. Сухтеленнің бұйрығынан соң Шекаралық комиссия төрағасы Г. Ф. Генс төменгі Орал шебіне жасаған сапары кезінде шеп күзетін зерттеп біліп, Қайыпқали сұлтанның орналасқан жері мен шеп қазақтарының оған қатынасы жайында мүмкін-дігінше нақты мәліметтер жинауға ты-рысты. Шекаралық шеп күзетінің жағ-дайымен таныса келе орда тарапынан тұтқиыл шабуыл қаупі төнсе, оның той-тарыс бере алмайтынын көрген.
Аққали АХМЕТ,
тарих ғылымдарының докторы, профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті
(ХІХ ғ. екінші жартысы)
Алла Тағала берген ғұмырында жақсылығы мен зұлымдығын, адалды-ғы мен жамандығын, ар алдындағы әділдігі мен ғайбатын таразылап, Алла-дан кешірім сұрау үшін мұсылман мо-йынындағы ең басты парыздың бірі – Меккеге барып, тәубаға келу.
Кеңестік қызыл империяның за-манында қажылық парызын өтеу бы-лай тұрсын, мұсылманмын деп айту-дың өзі бір қылмыс болғандығы бар-шаға аян. Діншіл адамдар қуғынға ұшырап, мешіттер қиратылды, діни әдет-ғұрыптар мен парыздарын өтеуге тыйым салды.
Гүлмира ЕЛЕМЕСОВА,
Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің кіші ғылыми қызметкері
Қазақ хандығының төрт ғасырға со-зылған шерлі шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған екен. Олар өз замандарының қалыптасқан жағдайы-на байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты. Қазақ ханды-ғының негізін қалаған екі ұлы тұлға – Керей мен Жәнібек. Орда Еженнің ұр-пақтары болып келетін Керей мен Жәнібектің шығу тегін жазба деректер-де Жошы хан, одан Орда Ежен – Сарта-қай – Қоныша – Баян хан – Сасыбұқа – Ерзен – Шымтай – Орыс хан тарайды. Орыс ханның бес ұлының үлкені – Тоқтақия, оның ұлы – Болат, одан – Керей. Ал төртінші ұлы – Қойыршық, оның ұлы – Барақ хан (1428 ж. өлген). Барақтың ұлы Жәнібек.
Қазақстан – біздің аумағымызда дәуірлеп өткен сақ, үйсін, ғұн және басқа да этникалық қоғамдастықтар мен мемлекеттік құрылым-дардың мұрагері.
Н. Ә. Назарбаев
Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы, мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Сол тұғыры биік хандықтың құрылғанына бүгінде 550 жыл толып отыр. Бұл жылдар – бүгінгі Қазақстанның өткенінен сыр шертер, тарихын танытар ақиқат пен аңызға айналған жылдар.
1946 жылы сол кезде жаңадан ашылған Алматы консер-ваториясының домбыра сыныбына академик Ахмет Жұбановтың кепілдемесімен қабылданған, әлемдік класси-калық туындыларды қара домбырада құйқылжыта ойнап, өзге ұлт өкілдерінің «бір таяқ, екі жіп» аспап туралы пікірін мүлдем өзгерткен, соның ішінде Моцарттың «Түрік маршы» мен Шуберттің «Серенадасын» домбырада сөйлеткен, Қаратау домбыра мектебі күйлерін нотаға алғаш түсіруші, домбыра сыныбы бойынша бірнеше оқулық («Күйлер жина-ғы», «Батыс Еуропа композиторларының шығармалар жина-ғы», «Орыс халық әуендеріне арналған жинақ», «Гаммалар, этюд-арпеджио және жаттығулар», «68 қазақ күйлерінің жинағы» т.б.) жазып, ұзақ жыл Құрманғазы консерватория-сында, Қарағанды, Шымкент, Орал қалаларында ұстаздық қызмет еткен, сирек кездесетін музыка маманы, кезінде Мұхит Құбышев, Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев-тертермен терезесі тең тұрып, қоян-қолтық жұмыс істеген...
Нұрлан СӘДІР,
Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры әдебиет бөлімінің меңгерушісі
Биыл Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай елімізде көптеген шара өтті. Осы-ған орай Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры жазушы Шерхан Мұртазаның біртуар батыр Бауыржан Момышұлына арналған «Ноқтаға басы сыймаған» драмасын қойды.
Қойылымның премьерасына Алматы қаласынан Бауыржан Момышұлының келіні, белгілі жазушы Зейнеп Ахметова арнайы шақырылды. Ұлтық салт-сана, тәрбие мәселелері бойынша айтары мол, дуалы ауыз Зейнеп апамыздың жанында үш-төрт күн бірге жүріп, ғибратты әңгімелерін тыңдап, қағазға түсірген едім. Сол әңгімелерді «DANAkaz» журналының оқырмандарымен бөліскенді жөн көрдім. Әңгімелерді апайдың өз айтуында, еш өзгертпей ұсынып отырмын.
Жантас САФУЛЛИН,
«Жайық Пресс» ЖШС бас директоры, «DANAkaz» журналы ақылдастар алқасының төрағасы
Еліміздің ертеңі үшін аса маңызды ұлт жоспарының жоғары деңгейде орындалуына әр адам мүлделі болары анық. Осы құжат-тағы «Мәңгілік ел» идеясы аясында атқарылатын жұмыстарға үн қосуды жөн санадым. Бұл ұсыныстарда айтылған мәселелерді өңірі-мізге мүмкіндігімізше ұйымдастырып келеміз. Бірақ бұл жұмыстар мемлекеттік деңгейде, жүйелі жасалса нәтижесі жоғары болатыны анық.
2015 жылдың 5-10 маусым аралығында Керчь қаласын-да өткен дәстүрлі «Боспорские Агоны» атты ХVІІ халықара-лық фестивальға еліміздің атынан Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театры Эврипидтің «Троя арулары» қойылымы-мен қатысып, байқаудың Гран-При жүлдесін жеңіп алды! Оған қоса «Боспор Никасы», «Ең үздік режиссер» (Қ. Қасымов, Ш. Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты), «Ең үздік әйел образы» (Б. Исалиева, Қазақстанның еңбек сі-ңірген қайраткері) аталымдарының жүлдесі де қазақстандық-тарға бұйырды.
Тілекжан РЫСҚАЛИЕВ,
философия ғылымдарының докторы, профессор, Орал қаласы
Мен Ғұмар Қарашты оқырманға, со-ның ішінде жастарға қалай таныстыр-сам екен деп ойландым. Көрнекті ақындығына ешкім таласа қоймас деп ойлаймын. Оның өлеңдерін, толғаула-рын оқи отырып, көркемдігі, мағына-сы, формасы, сөз саптауы жағынан Ғұмар Қараш Ыбырай, Абай, Шәкәрім-дердің қатарында тұратын ақын ғой де-ген ойға келесің. Мәселе біреуді көтер-мелеп, біреуді төмендетуде емес. Абайдың қазақтың бас ақыны екенді-гіне ешкім шүбә келтірмес. Менің ай-тайын дегенім – Абай жалғыз емес, Абайдан тәлім алып, жолын қуған, бар өнерін халқына қызмет етуге арнаған басқа ақындарымыз да бар. Солардың бірі – Ғұмар Қараш.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463