Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының
кандидаты

(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)

Есенгелді – дистанция бастығы
1830 жылы қазандағы Орынбор әскери губернаторы П. П. Сухтеленнің бұйрығынан соң Шекаралық комиссия төрағасы Г. Ф. Генс төменгі Орал шебіне жасаған сапары кезінде шеп күзетін зерттеп біліп, Қайыпқали сұлтанның орналасқан жері мен шеп қазақтарының оған қатынасы жайында мүмкін-дігінше нақты мәліметтер жинауға ты-рысты. Шекаралық шеп күзетінің жағ-дайымен таныса келе орда тарапынан тұтқиыл шабуыл қаупі төнсе, оның той-тарыс бере алмайтынын көрген.

Орынборға оралған соң Г. Ф. Генс граф П. П. Сухтеленге бұл іске қазақтардың өздерін тарту арқылы шекаралық шеп күзетін қайта құру жобасын ұсынады. Содан 1831 жылы әскери губернатормен «...ордалықтар арасын жақсы тәртіпке келтіру үшін, далада орын алған барлық жәйттер туралы мәліметтерді жедел жеткізу үшін, басшылықтың бұйрығын, әсіресе, шеп тұрғындары мен шеп бойындағы қазақтардың талап-шағымдарын шұғыл орындау үшін» дистанциялық басқару жүйесі дайындалып, енгізілді. Бұл үшін Звериноголовск бекінісінен Каспий теңізіне дейінгі кеңістік дистанцияларға бөлінді. Бір бекіністен келесі бекініс-ке дейін бір дистанция болып есептел-ді де, оның халқын ықпалды қазақтан шыққан «дистанция бастығы» басқаруға тиіс болды. Дистанциялардың ішінде қазақтан шыққан «жергілікті бастықтар» басқаратын әрбір форпост немесе отрядқа қарсы бекіністер арасындағы өзіндік үлгідегі әкімшілік-территория-лық бірлік құрылды. Жергілікті бастық-тар дистанция бастықтарының бақыла-уында болса, өз кезегінде олар билеу-ші сұлтандарға бағынды [Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Т.1: Рязанов А. Ф. Сорок лет борьбы за национальную не-зависимость казахского народа (1797-1838 гг.). – Алматы: «Ел-шежіре», 2007. 300-301 бб.; Абдрахманова Б. М. Исто-рия Казахстана: власть, система управ-ления, территориальное устройство в ХІХ веке. – Астана, 1998. 30-32 б.].
Сонымен патша үкіметі шекара бо-йындағы Жайық казактарының басқару ісіндегі дистанциялық жүйенің тәжіри-бесіне сүйене отырып, 1831 жылы дис-танциялық, яғни бекінісаралық басқа-ру жүйесін енгізуге кіріседі. Әскери гу-бернатор П. П. Сухтеленнің ұсынысымен енгізілген жаңа әкімшілік-террито-риялық құрылым дистанциялардың (екі бекініс арасындағы әкімшілік учас-келер) басында дистанция бастықтары тұрды. Дистанция және жергілікті бас-тықтар өз қызметінде басшылыққа алуы үшін Шекаралық комиссия төраға-сы Г. Ф. Генс «Ерекше ереже» дайын-дайды. Осы ережеге сай дистанция бастықтары өз дистанцияларының нө-мірлері бойынша анықталып, шептегі дистанцияның командиріне, билеуші сұлтанға, Шекаралық комиссияның төрағасына, кей кезде тікелей Орынбор әскери губернаторына бағынды. Олардың басты функциясы өздеріне қарасты дистанциядағы қазақтар тәр-тібін қадағалау болды. Қазақтар тара-пынан теріс ниеттегі мінез-құлық белгі-лері байқалса, дистанция бастықтары шептегі басшылыққа немесе Шекаралық комиссияға баяндауға міндетті болды. Ал жергілікті бастықтарға ар-налған ереже 36 тармақтан тұрды. Өз иелігіндегі қазақтарға бақылау жасай-тын жергілікті бастықтар дистанция бастықтарына бағынды және шеп ко-мандирлерімен де тікелей байланыса алатын еді. Олар өздеріне бағынғысы келмейтін адамдарды өздерінің билігі жүретін жерлерден қуып жіберу; өзде-ріне күмән туғызатын адамдардың жү-ріс-тұрысы туралы жоғары басшылыққа хабарлау; «жауыздарды» іздестіруде шептегі билікке бірлесе көмек көрсету; шеп тұрғындарына қарсы қылмыс жа-сағандарды Шекаралық комиссияға беру; қазақтар арасындағы қиын істер-де «...оларды келістіруге тырысу» не-месе дистанция бастығына хабарласу; мүліктік жазалау, айыппұлдарды өнді-ріп алу туралы Шекаралық комиссияның сот қаулыларын орындау; сот функциясының болмағанына қарамастан, шептегі басшылықтың осындай өкімдерін орындау; «...шептегі және ішкі беттегі тұрғындарға қарсы қандай да бір жеккөрінішті іс-әрекеттердің бе-тін қайтаруға» қазақтарды көндіру се-кілді құқықтарына ие болды [Добро-смыслов А.И. Тургайская область. Исторический очерк // Известия Орен-бургского отдела ИРГО. Выпуск №17. – Тверь: Типо-литография Н. М. Родионова, 1902. 303-309 бб.].
Тұтастай алғанда шеп бойында тұ-рып жатқан қазақтардың мұндай өзін-дік үлгідегі «дистанциялық-жергілікті» басқару жүйесі осы аудандағы қазақ-тарды Орынбор әскери губернаторына, Шекаралық комиссияға және шептегі әскери билікке бағындыру мақсатын көздеді. Патша үкіметінің Кіші жүздегі осы өзгерістерін Х. Досмұхамедұлы «Ел сардарлыққа (дистанцияға), ауылдарға (местілікке) бөлінді. Қазақтың о заман-ғы әлеуметшілігінің бір түрі ру еді, ру-лықтан туған батырлар, билер еді. Үкі-мет руды жоюға, батырларды, билерді жоюға қам қылды. Ру сезімін бәсеңдету үшін қазақты руға бөлмеді, әуелі бө-лімге (шаске), сардарлыққа (дистан-цияға), местілікке бөлді, кейінірек үйезге, округке, болысқа бөлді» деп жазады [Досмұхамедұлы Х. Таңдамалы (Избранное). – Алматы: Ана тілі, 1998. 60-б.]. Бұл арада ғұлама Халел орыс үкіметінің 1824 жылы Кіші жүзде хан-дық басқаруды жойып, оның жерін әуелі үш бөлікке (часть), кейін 1831 жы-лы дистанция мен жергілікті (местный) басқаруға бөлгенін нақты көрсетіп отыр. Оның үстіне дистанцияны қазақша сар-дарлық атауы ғалымның шежіре-тарих-ты терең білетін ақсақалдар аузынан аңыз-әңгімелерді тыңдап өскенін ай-ғақтайды. Себебі ел есіндегі шежірелік деректер дистанция бастығын қазақтар-дың “сардар” атағанын алға тартады. Мәселен, 2010 жылы Қазбек Құтты-мұратұлымен әңгімесінде Орал қаласы-ның тұрғыны, 81 жастағы ақсақал Төлеберген Жүнісов Байбақты руы, Ақберлі тайпасы, Жылқыайдар бөлімі-нен тарайтын Әлжан Есіркемісұлының болыстан да жоғары атақ – сардар ата-нып, бірнеше руды басқарып, 20 жыл сардар болғанын айтады [Құттымұратұлы Қ. Дертке дауа сыйлаған Әлжан сорды білесіз бе? // Алаш айнасы. – 2010. – 21 тамыз. - №143(369)]. Ал мұ-рағат құжаттары Байбақты руының старшыны Әлжан Есіркемісұлының 1840-1850 жылдары Сахарный бекінісі-нен Бударин форпостына дейінгі 5-дис-танцияның бастығы болғанын растайды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 4182-іс, 2-п.]. Оған қоса, облыс аймағынан табылып жатқан құлпытас мәтіндерінде өз есім-дерінің жанына сардар атағы көрсетіл-ген тұлғалардың кезінде дистанция бастығы қызметін атқарғандығы мұ-рағат деректерімен дәлелдену үстінде.
1831 жылы Бударин форпостынан Гурьев қаласына дейінгі бүкіл шеп бес дистанцияға бөлінген. Дистанция бас-тықтары мен жергілікті бастықтар қыз-метіне үміткерлерді Г. Ф. Генс төменгі Орал шебінде болған кезінде арнайы белгілеп қойған. Гурьевтен Сарайшық бекінісіне дейінгі 1-ші дистанцияны басқару сұлтан Өзбекғали Нұралыұлына, Жаманқала форпостынан Зеленов форпостына дейінгі 2-дистанцияны сұл-тан Табылды Шахғазыұлына, Орловск форпостынан Красноярск форпостына дейінгі 3-дистанцияны старшын Барқын Бөгенбайұлына, Калмыков бе-кінісінен Каленов форпостына дейінгі 4-ші дистанцияны басқару старшын Есенгелді Жанмырзаұлына тапсырыл-ған. Ал Бударин форпостынан Сахарный бекінісіне дейінгі 5-ші дистанция билеуші сұлтанның ордасына қарсы орналасуына орай, оған өзінің таңда-ған адамын қоюға ұсыныс берілген [Рязанов А. Ф. Көрсетілген еңбек. 301-б.].
Сөйтіп жасы егде тартқан кезде, яғни 88 жастағы Есенгелді ақсақал
4-дистанцияның бастығы болып таға-йындалған. Төменгі Орал шебіне ар-найы келген кезінде Г. Ф. Генс Есенгелдінің ел ішіндегі абырой-беделін өз көзімен көрген болуы керек. Олай бол-маса, қартайған шағында аталмыш қыз-метке ұсынбас еді. Осы жылы Гурьев қаласынан Звериноголовск бекінісіне дейінгі барлық шеп 22 дистанцияға бө-лінген. Ол жөнінде полковник Г. Ф. Генс 1831 жылы қарашада Орынбор иелігі-не қарасты шеп бойындағы қазақтарды қадағалау тапсырылған 22 дистанциялық және жергілікті бастықтардың тізімін жолдаған. Одан Сахарный бекі-нісінен Бударин форпостына дейінгі
5-ші дистанцияны сұлтан Күсепқали Орманұлы, Кош-Уральскіден Рубежинск форпостына дейінгі 6-шы дис-танцияны сұлтан Өтепқали Айшуақұлы, Январцевскіден Кинделинск форпостына дейінгі 7-ші дистанцияны сұлтан Жақсылық Айшуақұлы, Студенскіден Буранный форпостына дейінгі 8-ші дис-танцияны сұлтан Махмұт Алғазыұлы, Изобильный форпостынан Осторожный форпостына дейінгі 9-шы дистанцияны сұлтан Тәуке Айшуақұлы бас-қарғанын байқаймыз [РИССМ. Бас мұ-рағат 1-9, 1830-1833, 4-іс, 30-34 пп.].
Есенгелді Жанмырзаұлы басқарған 4-ші дистанцияға Калмыков бекінісінен Котельный, Круглый, Антонов, Лебяжинск, Каленов форпосттарына қарсы аймақ қараған. Яғни оларды басқарған жергілікті бастықтар 4-ші дистанцияның бастығы Есенгелді старшынға бағынған. Мәселен, Лебяжинск фор-постына қарсы жергілікті бастық Тоқтан Қосдәулетұлы болса, Каленов форпостына қарсы жергілікті бастық қызметін Жиембай Құтымбайұлы ат-қарған [РИССМ. Бас мұрағат 1-9, 1830-1833, 4-іс, 30-п.].
Г. Ф. Генстің айтуынша, дистанция бастықтары мен жергілікті бастықтар өздерінің жаңа міндеттерін қабылдауда зор құлшыныс танытқан. Г. Ф. Генс олардың өз міндеттерін әділ де адал орындап, қажет жағдайда бастық ре-тінде билеуші-сұлтанға хабарласуға үгіттеген. Сонымен дистанция мен жергілікті старшындар институтын құру шеп қауіпсіздігі үшін зор рөл атқарған. Егер бұрын шеп маңындағы ауылдардың бірде-біреуі орыс бекіністеріне жасалған шабуыл үшін жауапты бол-маса, енді мұндай шабуылдарды шеп бастықтарына ескерту ауыл старшындарының міндеті саналды. Сөйтіп, олар шеп қауіпсіздігі үшін жауапты болды. Бұл турасында тарихшы А. Ф. Рязанов «Шеп бойындағы қазақтар орыс хал-қымен экономикалық байланыста бол-ды: олар орыс тұрғындарымен айыр-бас саудасын жүргізді, жұмысшы бо-лып жалданды т.б. Шеп бойындағы тұрғындармен экономикалық байланыстар аясында олардың көпшілігі тіпті достық қарым-қатынаста болды. Шека-раға шабуыл, тонаушылық әдетте шал-ғайдағы қазақ руларының ісі еді, өздері-нің жорықтары кезінде олар тек орыс-ты емес, сонымен қатар өз тайпаластарын да аямады. Осындай жағдайда шеп бойындағы қазақтар да орыс тұр-ғындары секілді шекарадағы тыныштық пен тәртіпті сақтауға мүдделі бол-ды, сондықтан шекараны қорғау тура-лы полковник Генстің ұсынысын аса құлшыныспен қабылдады» деп қоры-тады [Рязанов А. Ф. Көрсетілген еңбек. 302-б.].

Бекей өлімі
Есенгелді бай өмірінің соңғы кезін-дегі елеулі оқиғалардың бірі – баласы Бекейдің өлімі еді. Бұл қанды оқиға қа-лың жұртшылыққа халық жадындағы әр қилы аңыз-әңгімелер мен орыстың көрнекті жазушысы В. И. Дальдің «Бекей мен Мәулен» повесі, қазақтың қарымды қаламгері М. Есламғалиевтің «Зерлі тон» шығармасы арқылы да бел-гілі. Оған қоса В. И. Даль шығармашылығына қалам тартқан әдебиет зерттеу-шілері де ол тақырыптан айналып өте алмады.
Есенгелді өміріндегі шиеленісті сәт-тердің бірі болып табылатын осы оқиға барысын баяндау үшін алдымен оның жанұясын анықтап алу қажет. Себебі әке мен бала арасындағы араздық осы отбасы ішіндегі дүрдараздықтан бастау алған еді. В. И. Дальдің жазуынша Есенгелді шалдың үш әйелі болған, сол үш әйелден бірнеше бала сүйген. Жанкүшік, Қонақбай атты балалары бірінші әйелден дүниеге келсе, Бекей екінші әйелден, яғни тоқалдан туған [Даль В. И. Бикей и Мауляна. – СПБ., 1846. 25-27, 44-45, 142-144, 148, 154, 161 бб.]. Ал М. Есламғалиұлы Есенгел-дінің Зәуреш, Асыл, Әсия деген үш әйелі болып, бәйбішесі Зәурештен Бекей көрінген дейді. Екінші әйелі Асылдан Жасаған, Жоракелді, Ақылкел-ді деген ұлдары дүниеге келсе, үшінші әйелі, яғни кіші тоқалы Әсиядан көрін-ген екеуі тым жас болған [Есламғали-ұлы М. Зерлі тон // Дүбірлі дала: повес-тер мен әңгімелер. – Орал, «Ағартушы», 2009. 222-223-бб.]. Сонымен екі жазу-шы Есенгелдінің үш әйелі болғаны жай-лы ортақ пікір білдіргенімен, балала-рын әр түрлі атайды. Оған қоса, Бекей-дің ғашығы – Мәуленнің есімі Алқоңыр болып өзгеріске түскен. Жалпы сюжет-тері бір мәселеге арналғанымен, екі ең-бектің арасында өздеріне тән ұқсастықтар да, айырмашылықтар да бар. Қазақ жазушысының курстасы, қазір
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың про-фессоры С. Шарабасовтың айтуынша, М. Есламғалиев «Зерлі тонды» ақса-қалдар аузынан естіген аңыз-әңгімелер негізінде жазған. Себебі жазушы Есенгелді бай зираты орналасқан қазір-гі Сырым ауданындағы Аралтөбе ауы-лының тумасы болатын. Жалпы, «Бекей мен Мәулен» және «Зерлі тон» арасын-дағы өзара үндестік пен ерекшеліктер қазақ халқының өміріне арналған
В. И. Даль шығармаларын ғылыми тұрғыдан зерттеген филолог ғалым
Г. С. Омарованың монографиясында жан-жақты талдауға алынған [Умарова Г. С. В. И. Даль: мир казахского этноса в документально-научных и художественных текстах: Монография. – Уральск: Редакционно-издательский центр ЗКГУ им. М. Утемисова, 2012. 147-164-бб.].
Орынбор мұрағаты деректері Есенгелдінің Жанкүшік, Қонақбай, Бекей, Бөлекбай, Қожа атты ұлдарының болғанын айғақтайды. Олардың ішінде Бекей қоғамдық-саяси өмірде ерекше көзге түсіп, белсенділік таныт-қан. Мәселен, 1822 жылы 15 қазанда жағалбайлылар мен қызылқұрт тама-лар Есенгелді бай ауылынан 240 бас жылқы барымталаған кезде олардың соңынан із суытпай қуып барған Бекей болатын. Ол жөнінде Есенгелді 9 жел-тоқсанда Орынбор губернаторы
П. К. Эссенге жолдаған өтінішінде айт-қан [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2829-іс, 7-9 пп.]. Ал В. И. Даль өз повесінің «Барым-та» бөлімінде 400 түтіннен тұратын Есенгелді старшынның қарауындағы таналар ауылына шектілер барымта жасаған кезде өз шаруасымен басқа жаққа кеткен Бекей кейін оралып, ба-рымташылардың соңынан қуып, малы-ның біраз бөлігін қайтарып алғанын жазады. Сол жылдары Бекейге сенім артқан Есенгелдінің өзі ел өміріне қа-тысты істерді оған сеніп тапсырған. 1822 жылы Жоламан Тіленшіұлының азаттық қозғалысы кезінде Орынбор губернаторы П. К. Эссен тапсырмасымен Кіші жүзге келген 9 башқұрт канто-нының жүзбасысы Ибрагим Исхаковқа жолбасшы етіп Есенгелді өзінің ұлы Бекейді жіберген еді. 1823 жылы 20 қаңтарда губернатор П. К. Эссенге жаз-ған хабарында жүзбасы Исхаков егер жолбасшы Бекей болмай, басқа біреу болса, онда өзінің қаза табатынын не-месе сонда қалатынын мойындаған [ҚРОММ. 2300-қ., 13-т., 19-іс.; РМТМ. 1291-қ., 81-т., 90-іс, 253-256 пп.]. Кейін тана руының Асан бөлімінің старшыны дәрежесіне көтерілген Бекейді Батыс бөлік билеушісі Баймағамбет сұлтанның 1831 жылы 3 қаңтарда байбақты билеріне бас қылып, Қайыпқали сұл-танға жіберуі де оның сол тұстағы сая-си салмағынан, ел ішіндегі беделінен хабар береді [РМТМ. 1291-қ., 81-т., 142-іс, 3-6 пп.]. Сайып келгенде, азаттық қозғалыс жетекшілері – Жоламан ба-тыр, Қайыпқали сұлтандармен келіс-сөздер жүргізуі Бекейдің тұлғалық бей-несін аша түседі. Оның үстіне, Бекей қазақ даласы арқылы Орта Азиядан келетін сауда керуендерін Орынбордағы Айырбас сарайына жеткізіп отырған. Сол кезде керуенді жолдағы қазақ ауылдарының ұры-қарыларына тигіз-бей аман алып өтіп, жеткізудің өзі оңайлыққа түспеген. В. И. Дальдің по-весі де Бекейдің сауда керуенін Орын-борға әкелуінен басталған. Осы ретте Ә. Кекілбайұлының «Біз ұшан далаларды кесіп өтіп, бір-біріне ұқсай қоймайтын екі тарап елдің базарларын жал-ғастыратын керуенге қызмет көрсету-дің өзі кез келгеннің қолынан келе бер-мейтінін Бекейдің мысалынан көріп отырмыз» [Кекілбайұлы Ә. Шандоз. Деректі-тарихи баян. – Алматы: Арыс, 2004. 30-б.] деп сипаттауы біраз жай-дан хабар береді. Ал Б. Аманшин «Махамбеттің жас жігіт кезіндегі бей-несі маған өткен ғасырда өмір сүрген белгілі орыс жазушысы әрі ғалымы, әй-гілі «Орыс тілінің түсіндірме сөздігінің» авторы В. И. Дальдің қазақ өмірінен жазған «Бекей мен Мәулен» повесінің бас қаһарманы – Бекей сияқты болып елестейді» [Аманшин Б. Жыр-семсер. Рыцар чести. – Алматы: Арыс, 2004. 53-б.] деп, өзара ұқсастыққа үңіледі. Са-йып келгенде, мұның бәрі Бекейдің тұлғалық бітім-болмысын айшықтай түседі. Міне, ел ішінде осындай өзіндік абырой-беделге ие ұлымен Есенгелді бай шаңырағы неліктен үйлесе алма-ды? Бұл жайында жазушы В. И. Даль «Парасатты да құрметті, жатқа да, жа-қынға да қадір-қасиетін асырған Есенгелді ақсақал өзінің ақылды, алғыр да пысық, алмастың жүзіндей өткір де өжет, батылдығымен даңқты, жан-жү-регі мейірбан кіші ұлы Бекеймен келісе алмады» дей келіп, өзіне Орданың ба-тыс бөлігінің билеуші сұлтаны Баймағамбет Айшуақұлына қарасты төменгі Орал шебі дистанцияларының бірінің старшыны Күсепқали сұлтанның әке мен бала арасындағы асқынған араз-дықтың бар себебін саралап айтқанын алға тартады. Өйткені Күсеп сұлтан Есенгелдінің қызын, Бекейдің туған қа-рындасын алған, сондықтан бұл істің егжей-тегжейін анық біледі. Ол бойын-ша, Есенгелді ақсақалдың бәйбішеден туған қыздарының біріне байбақты руының жігіті құда түскен. Бірақ ол қызы оң жақта отырғанда қайтыс бо-лып, күйеу жігіт төленіп қойған қалың малды қайтаруды сұраған. Алайда бас-қа туған қызы болмаған соң бәйбішесі қалың малды кері қайтаруға көзі қимай, Есенгелді шалды байбақты жігітіне өл-ген қыздың орнына екінші әйелден ту-ған қыздарының бірін беруге көндіре-ді. Ол кезде Есенгелдінің екінші әйелі өмірден озған еді. “Басқа біреудің жа-засын талдап, талқылаған кезде әділ де парасатты болған Есенгелді ақсақал жеке өз шаруасына келгенде жалған айтып, қиянат жасады, ал кейін оны мойындап, түзетуді де қаламады. Сөй-тіп, екінші ұяның балапанын берді, ал ол үшін қалың мал біріншісінде қалды, бүкіл бәленің алғашқы себебі осы дей-ді” жазушы В. И. Даль. Ержетіп, есейген соң анасынан айырылған өзінің құрсақ-тас бауырларына қамқорлық жасап, қорғаныш, пана болған Бекей: «Сіз ме-нің қарындасымды қалыңдық ретінде емес, жесір немесе күң ретінде сатып жібердіңіз. Сіз екінші некедегі жанұяның игілігі үшін қосылатын қалың мал-ды алған жоқсыз. Бірақ сіз оны жүз қойға немесе он бес түйеге беріп жібе-ретін кәпір сияқты бердіңіз. Олжаны өзара жасырын бөліп алдыңдар. Бізге менің қарындасымның бүкіл қалың малын беріңдер немесе бірінші неке-нің бойжетіп отырған екі қызының бі-реуін беріңдер, біз оған күйеу тауып, қалың мал үшін береміз де, есеп айы-рысамыз» деген. Бағыныштылық пен бойұсынушылыққа үйренген ақсақал оған қоқан-лоққымен жауап берсе, өгей шешесі қартты Бекейге қарсы ай-дап салған. Ал өз еншілерінің берілер күнін күтіп жүрген, есейіп, ержеткен екі үлкен ағасының әкесі жағында болуы өзінен-өзі түсінікті еді [Даль В. И. Көр-сетілген еңбек. 23-27-бб.]. Сөйтіп, по-вестен әке мен бала арасындағы араз-дықтың одан әрі ушығып, тереңдей тү-суіне ықпал еткен бәйбішеден туған ағалары екендігін байқаймыз. Оның үс-тіне, Бекейдің Хиуадағы орыс тұтқындарының хатын Орынборға жеткізуі, шеп бойындағы казак-орыстармен арадағы жылы қарым-қатынасы, әкесінің айтты-руымен байбақты старшыны Тоқтамыстың қызы Дәмеліге үйленбей, ағасы Жанкүшікке айттырып қойған масқар руының ақсақалы Сәттінің қызы Мәулен-ге ғашық болып, отау құруы және өзіне ағаларымен бірдей тең етіп енші бөліп берілмеуі де әке мен баланың арасын алшақтата түскен. Ағалары болса, “Стар-шындық атаққа ие болған Бекей енді үкіметтен әкесінің орнына (дистанция бастығы – Ж. А.) қол жеткізуге ұмтылып жүр, сол себепті орыстарға жағынып, шептегілермен араласуда” деп, одан әрі азғыра түскен. Жалпы, әке мен бала арасында орын алған кикілжің себеп-тері повесте кеңінен сөз болуына бай-ланысты оны қайталамай, тек мұрағат құжаттары арқылы ғана саралап, то-лықтыруды жөн көрдік. Себебі Бекей өлімін Орынбор әкімшілігі сол сәтте-ақ қағазға түсіріп, арнайы іс ашқан. Бүгінде ол «Старшын Есенгелді Жанмырзаұлының өз ұлы Бекейді өлтіргені туралы Орынбор шекаралық комиссиясының ұсынысы» деген атпен Орынбор мұра-ғатында (6-қор, 10-тізбе, 3795-іс) тір-кеулі тұр. Бұл істің алғашқы мұқаба бе-тінің жоғары бұрышына белгісіз зерт-теуші 1937 жылы көк қаламсаппен «Осы іс Дальдің «Бекей мен Мәулен» повесін жазуына тақырып болды» деп жазып, қолын қойған. Осыған орай зерттеуші И. К. Зубова шын мәнінде
В. И. Дальдің кезінде мұрағаттағы осы іспен таныс болып, сондағы құжаттарды өз повесіне пайдаланып, одан сөз-бе-сөз үзінділер келтіргенін алғаш рет дәлелдеген еді [Зубова И. К. «...Я пишу не сказку, а быль» // Оренбургский край. Архивные документы. Материалы. Исследования. Вторые междунар. Измайловские чтения, посвящ. 200-ле-тию со д.р. В.И. Даля. Вып. 1. – Орен-бург, 2001. 122-128 бб.]. Осыдан соң
В. И. Дальдің өмірде болған оқиғалар-ды арқау етіп жазғандығын әрдайым ескертіп отыруы түсінікті бола түседі.
1831 жылы 11 қыркүйекте Орал казак әскерінің басшысы, полковник
В. О. Покатилов Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы Г. Ф. Генске осыдан бес күн бұрын, яғни 5 қыркүйек шамасында ордадағы белгілі старшын Есенгелді Жанмырзаұлы бірнәрсеге ашуланып, өзінің ұлы Бекейді қылышпен шапқылап өлтіргенін хабарлайды. Ол осыдан соң Есенгелдінің Орал қала-сына келіп, өзінде болғанымен, оқиға жайлы ештеңе айтпағанын, тек 10 қыр-күйекте Есенгелдінің жол жүріп кетуі-нен соң білгенін айтады. Дегенмен пол-ковник өзіне жеткен мәліметтің анық-қанығын біле алмаған. Бұл хабардан соң Г. Ф. Генс 22 қыркүйекте В. О. Пока-тилов пен Батыс бөліктің билеуші сұл-танына жан-жақты толық мәлімет жи-науды тапсырады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 1-п.].
Батыс бөліктің билеушісі Баймағамбет Айшуақұлы тана руының старшыны Есенгелді Жанмырзаұлының інілерімен және ағайындарымен өзінің баласы, старшын Бекей Есенгелдіұлын өлтіргені туралы хабар алған соң, істің мән-жа-йын егжей-тегжейлі анықтау үшін оқи-ға орын алған жерге сұлтан Махмұт Алғазыұлын аттандырған. Осы тұста Баймағамбет сұлтанға келген Бекейдің жары Мәулен Саттыққызы күйеуінің өлімін жеткізген. Мәуленнің айтуынша, қайын атасы старшын Есенгелді Жанмырзаұлы, Арынжан Итемгенұлы және Қожа Есенгелдіұлы ағайындарын жинап, өзінің күйеуі Бекейді шақырған. Бекей олардан қашып, аттан түспей, киіз үйде қалған қылышын әперуді сұ-раған. Ал қылышты соның алдында Бекейдің сұрауы бойынша деп Сүйін Оразбайұлы әкеткен. Содан өзіне төн-гелі тұрған қауіп-қатерден қорыққан Бекей қарусыз далаға қашқан. Бірақ артынан жіберілген қуғыншылар іші-нен бірінші болып жеткен ағасы Жанкүшік Бекейдің мойыны мен қолы-нан шапса, Қонақбай қылышпен басы-нан қақ айырған. Дос Есболұлының кө-мегімен Бекейді атынан жерге құлатса, содан соң келген Жәпі Медетұлы оны аяғынан тұрғызып, Есенгелді старшын Бекейдің кеудесін ашып, қанжармен кескілеген. Олар Бекейдің өлі денесін жерлемей далаға тастап кеткен, тек келесі күні Есенгелді Бекейдің денесін жерге көмуге бұйрық берген. Оқиға барысын осылай мәлімдеген Мәулен күйеуінің өліміне қатысы барларды заң алдында жауапқа тартуды сұрайды. Мұның барлығын Баймағамбет сұлтан 18 қыркүйек күні Шекаралық комис-сияға хабарлайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 18-19 пп.]. Сөйтіп, Есенгелдінің екі әйелінен туған балаларының ара-сындағы араздықтың ақыры атам қа-зақтың «екі қатыннан туған бала, екі рулы ел болып кетеді» деген пәлсапасын еріксіз еске түсіреді.
В. И. Даль осы оқиға орын алған күннің түнінде шалғайдағы ауылдан Мәуленге көмекке жеткен жақын туы-сының өзіне мынадай әңгіме айтқанын келтіреді. Бекейдің өлімінен үш күн өт-кен соң ағасы Жанкүшік Мәуленге ке-ліп, енді ол өзінің жесірі екенін, яғни төртінші әйелі болатынын айтқан. Сол кезде Мәулен өзінің үлкен кабулдік қанжарымен тұра ұмтылған. Егер Күсеп сұлтан Мәуленнің соңынан қуып жетіп, қолындағы қанжарын тартып алмағанда, далаға безе жөнелген Жанкүшіктің қаза табуы мүмкін еді. Содан ақыл-есі-нен айырылған Мәуленді Күсеп сұлтан үйіне алып келген. Ашумен сандырақтап түнді өткізген ол таң атқанша еңі-реп жылап, күні бойы аузына нәр сал-май, кешкісін ұйықтап қалған. Таңертең тұрса, Мәулен жоқ болып шыққан. Тек түстен кейін Жайық бойындағы күзет-тегі казак-орыстардан Мәуленнің таң ата үш атпен оларға жеткізбей қашып кеткені белгілі болды. Сөйтсе, түн ішін-де үш мықты атты ұстап, мініп алған Мәулен Оралға бет алып, тікелей ата-ман Д. М. Бородинге келген. Сол кезде Асан таналар көшіп-қонған Калмыков бекінісіне қарсы беттің Оралдан 270 шақырымдай жерде екенін есепке ал-ған жазушы В. И. Даль Мәуленнің жиыр-ма сағат ішінде үш атпен қалай жетке-ніне таң қалады. Өзінен пана іздеп кел-ген Мәулен сұлуды атаман Орынбордағы әскери губернаторға шығарып сал-ған. Ондағыларды өзінің сұлу келбеті-мен таңқалдырған Мәулен «Мен күйе-уімді өлтірген Жанкүшікті өз қолыммен бауыздауға губернатордан рұқсат сұ-рауға келдім... Мені оған бергеннен не пайда? Мен оны алғашқы түні-ақ ба-уыздап тастаймын. Осыдан жеңілдеп қалатын дүниеде бір жан болса, маған атаңдаршы» депті. Осыдан кейін Мәуленді сенімді қорғанмен масқар руындағы әкесі Сәттінің ауылына жет-кізген. Ал Жанкүшік төртінші әйелге мұқтаж болса, өзіне басқа қалыңдық іздесін делінген [Даль В. И. Көрсетілген еңбек. 162-166 бб.].
Алайда мұрағатта Мәуленнің Орынборға барғаны кездеспегенімен, тек Г. Ф. Генстің 1832 жылғы 2 наурыздағы мәліметінде «Өткен жылдың қа-зан айында келген Мәулен есімді әйе-лі» деген сөз жолдары келтіріледі [Ор-ОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 25-п.]. Мәулен-ді Оралдағы казак атаманы Д. М. Боро-динге келді деу арқылы да жазушы
В. И. Даль жаңсақтыққа жол берген. Себебі генерал-майор Д. М. Бородин 1830 жылы тамызда дүние салып, ор-нына 17 тамызда Орал казактарының әскери атаманы болып В. О. Покатилов келді.
Екіншіден, В. О. Покатиловтың сол тұста Орынборға жолдаған хабарларын-да жоғарыдағы мәселелер жайлы еш-қандай мәлімет келтірілмеген. Үшінші-ден, бүгінде Бекей қорымының Орал – Ақтөбе тасжолындағы Бекей бұрылысынан 2 шақырымдай жерде, жолдың шығыс бетінде орналасқанын білеміз. Осы қорымның қасындағы Бекей ауы-лы мен Орал қаласының аралығы – 40 шақырым. Жергілікті тұрғындардың ай-туынша, ауылдың аты Асан тана руы-нан шыққан атақты бай Есенгелді ба-ласы Бекейдің құрметіне қойылған. Ауызекі деректерде Бекейдің де осы маңға жерленгені айтылып жүр [Набиоллаұлы Н. – Қобдыбай – Ақ Жа-йықтың Көрұғлы // Орал өңірі. – 2014. – 27 тамыз]. Жазушы Б. Аманшин де Бекей өлтірілетін көл сол кезден бері Бекей көлі атанып кеткенін, ол қазіргі «Шаған» совхозының жерінде екенді-гін алға тартады [Аманшин Б. Көрсетіл-ген еңбек. 54-б.]. Егер де Бекейдің осы маңда қаза тауып, жерленгені рас бол-са, ол кезде Мәулен Калмыков жағын-да не істеп жүр деген сұрақ туады. Оның сол жақтан Оралға келді деуі де күмән-ді. Бұған қоса атаман В. О. Покатиловтың Бекей өлімін 10 қыркүйекте қала маңындағы қазақтардан естуі де оқи-ғаның Оралға жақын жерде, қазіргі Бекей ауылының тұсында орын алған-дығын дәлелдейтіндей.
Төртіншіден, В. И. Даль Мәуленнің жақын туысының айтуы бойынша, оқи-ғадан үш күн өткен соң ағасы Жанкүшік Мәуленге келген дейді. Бекейдің өлімі 5 қыркүйек күні болса, одан үш күннен кейін деуі 8 қыркүйекке сәйкес келеді. Сол күні Жанкүшікке тұра ұмтылған Мәуленді Күсеп сұлтан үйіне алып кел-се, ертеңіне күні бойы нәр татпаған ол түнде Оралға аттанып кетеді. Яғни 10 қыркүйекке сай келеді. Ал В. О. Покати-лов осының алдында өзінде болған Есенгелдінің ол туралы ештеңе айтпа-ғанымен, тек оның жол жүріп кетуінен соң 10 қыркүйекте қала маңындағы қа-зақтардан естігенін Г. Ф. Генске 11 қыр-күйекте мәлімдейді. Егер де өзіне Мәулен келген болса, атаман оны Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасынан жасырып қалмас еді. Әл-де Бекей өлімінің қашанда болса бас-шылыққа жететінін алдынала есепке алған Есенгелді старшын көп ұзамай Оралға келіп, атаманмен кездесу кезін-де оның аузын алып, шаруасын реттеп кетті ме екен? Өйткені «Есенгелді – анау-мынау даудың аузына құм құя алатындай мал жия алған адам. Оның малының саны ақ патшаның өзінен бастап баршаға аян. Оның үстіне, басқа жұртқа ұқсап, шатақ іздеп бас ауырт-пай, әңгімені тыныш бітіретін, «жұғымды мінезі» тағы бар» [Кекілбайұлы Ә. Көрсетілген еңбек. 32-б.].
Қыркүйек соңында полковник
В. О. Покатилов Шекаралық комиссия төрағасы Г. Ф. Генске әртүрлі қауесет бойынша Бекей әкесі Есенгелді мен ағалары Қонақбай, Жанкүшіктердің қо-лынан қаза тапқан, өйткені Бекей әдеп-сіз сөздермен әкесін ренжіткен, осы-дан соң әкесі “Өлтіріңдер” деп айқай-лап, ағалары оны орындаған деп ха-барлайды. Келесі сыбыс бойынша әке-сінің ашуынан қорыққан Бекей одан жасырыну үшін шауып кеткен кезде атынан құлап, өз қылышына шаншылып, өлім құшқан. В. О. Покатилов Есенгелдінің Бекейге бұрыннан нара-зылық танытқанымен, бұған оны ұлын жек көретін ағайындарының айдап салғанын ашып жазады. Оның үстіне Бекейдің өлімі кезінде бөгде қазақтардың болғанын, марқұмның жұбайы ша-ғым келтіру үшін билеуші сұлтанға ат-танып кеткенін, ал билеуші сұлтан оқи-ға орын алған жерге Махмұт Алғазы-ұлын жөнелткенін де қоса түседі [Ор-ОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 2-п.]. Оқиға орнына тексеріс жүргізген Махмұт сұл-тан жиналған халық арасынан қаша жөнелген Бекей өзінің қолындағы қы-лышына шаншылып өлген деп түсін-діреді. Ол Бекейдің денесін қарап, куә-ландыру жасағысы келгенімен, бірақ оны орындай алмаған. Себебі оның келуіне дейін Бекейдің денесін жерге көміп тастаған. Оның үстіне Қарлыбай Тоқтабайұлы, Еділбай Тоқтабайұлы, Нәуке Үмбетұлы деген старшын, билер-ден куәгерлік жауаптар алғысы келгені-мен, іздеп таба алмаған. Махмұт сұл-танның осы хабарымен бірге Баймағамбет сұлтан 17 қазанда Есенгелді старшынның мәлімдемесін Шекаралық комиссияға жолдайды. Өз сөзінде Есенгелді баласы Бекейдің екі-үш үйір-ден жылқысын, елу-жүзден қойларын көптеп ұрлап алған соң, мұндай тентек-тігін тоқтатуы үшін баласына бірнеше рет ақыл-кеңесін айтқанымен, оған әсер етпегенін, мұның бүкіл тана руына мәлім екенін айтады. Әкесінің айтқан ақыл, өсиетіне қарсы шыққан ол бірде Есенгелдіні өлтіруді ойласа, келесі жо-лы киіз үйінің алдына келіп, оны Боқса-қал атап, қанжармен жарып өлтіремін деген. Сол кезде Есенгелді өзін Жәпі Медетұлы, Есенаман Меңдібайұлы кө-мектесіп құтқарып қалғанын, егер олар болмағанда Бекейдің қолынан өлім құ-шуының мүмкін екенін қосады. Өз өмі-ріне Бекейдің осындай қастандық ой-лауынан кейін Есенгелді туыстарымен жиналып, еш қарусыз аттарына оты-рып, Бекейді ұстап алып, халыққа әке-луге ниеттенген. Алайда Бекей сол кез-де атына мініп, өткір қылышын қына-бынан суырып, оны өлтіремін деп қор-қытқан, содан соң далаға шаба жөнел-ген. Шауып бара жатқанда аты сүрініп, құлаған кезде өзінің қылышына шан-шылып өлген. Бекейдің өлімін осылай баяндаған Есенгелді өз баласын өлтіру жайлы ой-ниеті болмағанын, оған еш әрекет қылмағанын алға тартады. Осы хабардан соң Шекаралық комиссия 2 қарашада губернаторға Есенгелді стар-шын өз баласы Бекейдің өлімін мар-құмның жесірі Мәулен көрсеткендей емес, аттан құлаған кезде қолындағы қылышына шаншылып өлді дегенін, оны Баймағамбеттің бұйрығы бойынша тексеріс жүргізген Махмұт сұлтан да растағанымен, мұндай мәліметті кім-нен алғанын түсіндірмеген деп жеткізді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 18-21 пп.].
Көп ұзамай 1831 жылы 6 қарашада Г. Ф. Генс тана руының Асан бөлімінің старшыны Бекей Есенгелдіұлының өлі-міне қатысты көлемді рапортын әскери губернатор П. П. Сухтеленнің қарауына ұсынады. Комиссия мәліметтері мар-құмның жесірінің шағымы бойынша билеуші сұлтанның және оқиға орын алған жердегі шындықты ашу үшін жі-берілген сұлтан Махмұт Алғазыұлы мен өз ұлының өліміне күдікті Есенгелді старшынның жолдаған хабарламаларына негізделген. Алғашқысы бойын-ша Есенгелді туыстарымен бірге тіке-лей кісі өлтірушілер болып көрсетілсе, кедергілерге кезіккен Махмұт сұлтан толық тексеріс жүргізе алмай, Бекей аттан құлаған кезде өзінің қылышынан жарақат алып, қайтыс болды деген. Ал әкесі Бекейдің өлімін кездей-соқ жағ-дайға балап, “Өзіме бағынбады, сый-ламады” деп марқұмды кінәлаған.
Г. Ф. Генс өлімге байланысты айыпталушылардың ісі күдіктің жаңсақтығы мен әртүрлілігіне қарамастан, халық арасын-дағы қауесетпен күшейе түсуде, осы жағдайда оның бірі оқиғаның мән-жа-йын ашуы мүмкін дейді. Оның айтуын-ша, Бекей ысырапшылдығымен, сый-ламаушылығымен әкесін өзіне қарсы қойған, ағалары мен туыстарын мен-сінбей, өз дегенімен жүріп, оларды ашуландырған. Ағаларының үздіксіз шағымы әкесін құлақ асуға мәжбүр ет-кен. Бірде, 4 қыркүйек күні Есенгелді старшынның шаңырағында Бекейдің іс-қылықтары жайлы әңгіме болған кезде Есенгелдінің өзі табанды түрде оны тоқтату керек деп айтқан. Мұны естіген Бекей әкесі жөнінде өте дөрекі сөздер айтқан, ал бұл өз кезегінде әке-сінің келесі күні оның тентектігін ты-йып, түзетуде қандай шара қолдану қа-жеттігін шешетін ортақ кеңес өткізу үшін бүкіл ағайындарын жинауына түрткі болды. Әкесі Бекейге «келсін!» деп шақыру жіберген кезде ол әкесінің алдында кешірім сұрауға әзір екенін айтқан, бірақ атына мініп алып жылқы-ларды қуа бастаған. Әйелі жылқыны жеке өзінікі десе, басқалары әкесі мен ағайындарына тиесілі жылқылар да болғанын айтады. Осыны көрген олар Есенгелдіге: «Бекей біздің малды ай-дап, қашып кетпек» деп жеткізген. Бұл хабарға Есенгелді қатты ашуланып, киіз үйден жүгіре шығып: «оны (Бекейді – Ж. И.) өлтіру керек!» деп айқайлаған. Ойланбай берілген бұл бұйрық тым жақсы орындалды: Бекейді қуып жетіп, өлімші соққы беріліп, ол жерге құла-ған. Баласының соңғы деміне келіп үлгерген әкесі еңіреп жылай бастаған, «Бір ұлымнан айырылдым, енді қалға-нын құтқаруға тиістімін» деген ол өліп бара жатқан баласының кеудесін кескі-леген. Қанға боялған қолын ерніне жа-қындатып, алдында тұрғандарға мар-құмға деген өшпенділігі қанағаттанғанын, бірақ мұның салдарына олардың алаңдамауын, өйткені ұлын өлтіруші өзі болғанын, барлығы үшін жауап бе-руге тиісті екенін жариялаған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 3-5 пп.].
Осындай жағдайда жүзеге асқан қастандықтың түрлі жағдайлардың то-ғысуы мен кездейсоқтығына қараған-да, бұл істің қасақана жасалуының мүмкіндігі азырақ екендігіне назар ау-дарған Г. Ф. Генс оның әдеттегі оқиға-лар қатарынан еместігін ескере келіп, тексеріс жүргізуде ерекше мұқият бо-луға шақырған. Содан ол өз ой-пікірін былайша түсіндіреді: «Старшын Есен-гелді Жанмырзаұлы – Орынбор қа-зақтарының ішіндегі ең байы. Ол бас-қаратын тана руының Асан бөлімі өзі-нің дәулеттілігімен, тыныштығымен ерекшеленеді. Бұрын ішкі бетте тұрақ-таған Есенгелді 1819 жылы өзінің жақ-тастарымен сыртқы бетке жіберілді және сол кезден бері дала түкпірінде көшіп-қонатын теріс ниеттегі рулармен хабарласпай, әрдайым шеп маңын жайлайды. Осы іс бойынша күдіктілер-ді заң негізінде қудалау тек 88 жастағы Есенгелді қартты ғана емес, оның бар-лық балалары мен бай ағайындарының мазасын алады, олар өздерін құт-қару үшін бүлікші Қайыпқалидың то-бына қосылып, шептен далаға көшіп кетуге мәжбүр, ал Қайыпқали тобы оларды байлықтарына орай бар ынта-жігерімен қабыл алады. Әрине, ол топ-тың бұлай күшеюі даладағы ретсіздікті ұлғайтып, шепті тәртіпсіздікке келтіре-ді. Егер қылмысқа қатысы бар адамдардың далаға қашып кетуіне кедергі кездеспесе, тергеудің өзі сәтсіз болуы мүмкін. Себебі, бір жағынан, мұны дә-лелдейтін өз иелігіне билігі жүрмейтін, еш куәгерлері жоқ марқұмның жесірі, қорғансыз әйел болса, ал екінші жағы-нан, байлық пен байланыстың арқасын-да бүкіл әдіс-амалдарды пайдалана отырып, күдіктілер бірауыздан бас тар-ту арқылы ақталатын болады. Өйткені оқиға барысында өзге куәгерлер бол-маған, тіпті болған жағдайдың өзінде олар айыптылардың пайдасына сөй-лер еді, ал басшылыққа оқиға туралы дер кезінде хабар бермегені үшін олар кінәлі болып табылады. Тергеудің мұн-дай сәтсіздігі тіпті тиімсіз, өйткені ха-лық айыптылар тергеушілерді сатып алу арқылы ақталды деп ойлар еді» [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 5-6 пп.].
Сонымен басшылықтың еш әрекет етпеуі тергеу үшін тиімсіз деген Г. Ф. Генс мынадай қорытындыға келген:
1. Сұлтан Махмұт Алғазыұлы жүргіз-ген тергеулерді негізге ала отырып, старшын Есенгелді Жанмырзаұлы мен өзге де қатысушылардың старшын Бекей Есенгелдіұлының өліміне күдікті болып табылатынын жариялау керек, егер де өздері қаласа және қолдарынан келсе, өздерінің кінәсіздігін дәлел-дейтін анық та заңды айғақтарын ұсы-нуына мүмкіндік беріледі.
2. Осыған дейін Есенгелді старшынды шептегі қазақтардың 4-ші дистан-циясының бастығы қызметінен және күдіктілер қатарында тұрған жергілікті старшындарды да қызметінен босату керек.
3. Олардың барлығының аты-жөнін күдікті ордалықтар жөніндегі алфавит-тік тізімге енгізу керек.
4. Билеуші сұлтанға күдіктілердің іс-әрекеті мен тәртіптерін қатаң бақылауға алуына бұйрық беру керек.
5. Оған Бекей старшынның өлімінен кейін артында қалған жанұясын өзінің қамқорлығына алуына бұйрық беру керек.
6. Жоғарыда айтылғандардың бар-лығын ордадағы халыққа жариялау керек [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 7-8 пп.].
Бекейдің өліміне қатысты Г. Ф. Генс-тің қорытындысымен танысқан соң граф П. П. Сухтелен оны 11 қарашада
К. К. Родофиникинге жолдайды. Сөйтіп, өз пікір-ұсынысына өлке басшысынан қолдау тапқан Г. Ф. Генс Бекейдің өлімі-не байланысты тексеру жұмыстарын әрі қарай жалғастырады. Осы оқиға бо-йынша Батыс бөліктің билеушісі Байма-ғамбет сұлтаннан келген мәліметті Орынбор шекаралық комиссиясы 2 қа-рашада П. П. Сухтеленге мәлім етіп, осы іске тергеу жүргізуге рұқсат сұрай-ды. 30 қарашада губернатор бұл іс бо-йынша тиісті келісімнің Шекаралық ко-миссияның төрағасына берілгенін ес-кертеді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 11-15 пп.].
Полковник Г. Ф. Генстің 1832 жылы 13 қаңтардағы хабарына сенсек, Бекейдің жесірі Мәулен осы кезде Баймағамбет сұлтанның жанында болған. Баймағамбет Мәуленнің пайдасына есеп айыры-су үшін сұлтандар Тәуке Айшуақұлы мен Күсепқали Орманұлын Есенгелдіге жіберген. Осыған орай Күсепқали сұл-тан губернатордан берілген рұқсат бо-йынша Уфадағы бауыры Шыңғали Орманұлына өзі бара алмай, орнына Шыңғалидың байбақты руындағы бал-дызын жіберген. Осы хабардың жоғары бұрышына губернатор П. П. Сухтелен «Әкесі Есенгелдіні Бекейдің жесірін қа-лайда толық қамтамасыз етуге көндіру-ді Григорий Федоровичтен өтінемін» деп жазған. Осыдан соң Орынбор ше-каралық комиссиясының төрағасы
Г. Ф. Генс Есенгелдіден баласы Бекейдің өлімі үшін келіні Мәуленге құн төлеуін талап етті. Есенгелді болса, көктем шы-ғысымен өзінің қайтыс болған ұлы Бекейдің екі әйеліне осыған дейін алын-ған қолма-қол мүлкінің үстіне 750 қой беруді қолхатпен міндетіне алған. 1832 жылғы 2 наурыздағы мәліметінде
Г. Ф. Генс «Ол әйелдердің бірі өткен жылдың қазан айында келген Мәулен есімді әйелі болса, келесі әйелі қалың мал үшін төленген жас қыз – Бекейдің қайтыс болған қалыңдығының сіңлісі еді, қазақтардың салты бойынша ол дүниеден озғанды ауыстыруға тиісті» деп анықтайды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 3795-іс, 24-26 пп.].
Ел аузында сақталған әңгімелер бо-йынша Мәулен құн орнына қайын ата-сы Есенгелдінің «байлығымның басы, қасиетті мүлкім» деп бағалайтын, ата-бабасынан мирас болып келген зерлі тонын сұраған. Билер кеңесінің шеші-мінен соң Есенгелді бай зерлі тонды келініне беруге мәжбүр болған. Алайда зерлі тонға ие болған Мәулен оны жер-ге тастап, үстінен аттап өтіп, «Мен өзі-ме тиесілі құнымды алып болдым. Ал-ған құным қымбатқа түссе, қайын ата-мыз артығын менен сұрасын» деген екен [Есламғалиұлы М. Көрсетілген ең-бек. 249-б.]. Сөйтіп, байлығының құты саналған зерлі тон үстінен келінінің ат-тап өтуі Есенгелді байдың басынан ба-ғы тайып, дәулетінен айырылуына әкелген көрінеді.
Кейін Бекейдің мұрагерлері оның әкесі мен ағаларынан ескі қарызын, яғни Бекейдің қарындасы үшін беріл-ген қалың мал мен Бекейді өлтіргені үшін құн талап етеді. Одан кейін Мәуленді қанағаттандырып, сол арқы-лы Оралда аманатта ұсталып отырған Есенгелдінің ұлы Қонақбайды босату үшін Бекейдің өлімінен соң Есенгелді немесе оның балаларының Бекей мен Мәуленнің, сондай-ақ Есенгелдінің екінші әйелі, Бекейдің анасының мен-шігінен күштеп тартып алған бір үйір жылқы мен табын үшін төлем талап еткен. Яғни, В. И. Дальдің жазуынша, Бекейден қалған мал-мүлік Мәуленге кешіктірілмей қайтарылған [Даль В. И. Көрсетілген еңбек. 159, 166 бб.]. Ал
Б. Аманшин «Бекей өлгеннен кейін аға-йындары талап алып еткен мал-мүлік Мәуленге қайтарылды деп жазуы қате» дейді. Себебі Қазақ КСР Мемлекеттік Орталық архивінде сақталған бір құ-жатта «Өлген старшын Бекей Есенгельдиннің жесірі күйеуінен қалған мүлік-тің өзіне тиістісін ала алмай жүргеніне шағым етеді...» деп көрсетілген. Бұл құ-жат 1832 жылы 5 қазанда жазылған [Аманшин Б. Көрсетілген еңбек. 54-б.]. Алайда В. И. Дальдің анықтауынша, кү-йеуінің өлімінен кейін жылға жетпейтін уақыт ішінде, яғни 1832 жылы жазда Мәулен 22 жасында шешектен дүние салған. Жазушы өзінің сыйлап, құрмет-тейтін Орынбордағы жақын жолдасының (поляк В. И. Виткевич – Ж. А.) дала түкпіріне жасаған бір сапарында, аптап ыстықта шалғайдағы бір төбеде ас-су-сыз, қараусыз, жападан жалғыз тағдыр тәлкегіне тасталған шешекпен ауырып жатқан бір жанды көргенін жазады. Ауырып жатқан кісіге су берейін деп жақындаса, қызудан от болып жанып, ақыл-есінен айырылған әйел «Ой, бой, Бекей! Сен мені тастамас едің?» деп сандырақтап жатқан. Содан ол “Қан-дай Бекей? Аурудың аты кім?” деп сұ-рағанда, «Бұл Бекейдің жесірі Мәулен» деп жауап берген [Даль В. И. Көрсе-тілген еңбек. 167-171 бб.].
Бекейдің өлімінен кейін Мәулен кү-йеуіне арнап жоқтау шығарған. Бұл жө-нінде В. И. Даль «Менің қолымда енді «Мәуленнің күйеуін жоқтауы» деген бейіт, өлеңдері бар, ол оны күйеуінің өлімінен кейін бірнеше ай өтсе де, жат-қа айтқан. Көптеген қазақтар бұл өлең-ді жатқа біледі, өзінің достық қатынасына орай маған оны Күсеп сұлтан жет-кізді. Жоқтаудың айтарлықтай жақсы тұстары бар; тұтастай алғанда, халықтық тақырыпқа арналған жүйесіз ән аспаптық шығармаға ұқсайды және же-сірдің қайғылы да мұңды күйін айқын бейнелейді. Уақыт өте келе мен оны аударуым мүмкін» деп, өз шығармасын тәмамдаған [Даль В. И. Бикей и Мауляна. . – СПБ., 1836. 163-б.]. Шын мәнінде, жазушы жоқтауды орыс тіліне аударды ма, жоқ па, ол жағы беймәлім. Мәуленнің жоқтауына қатысты жазу-шының ой-пікірлері повестің 1836 жыл-ғы алғашқы нұсқасында келтірілген. Себебі кейіннен 1846, 1861 жылдары жарық көрген нұсқалары мен алғашқы нұсқа арасында біраз айырмашылық бар. Мәуленнің жоқтауы туралы жазу-шы Б. Аманшин өз еңбегінде: «Алматы Мемлекеттік консерваториясының қа-зіргі проректоры Ғафура Нұрғалиқызы Бейсенова – осы Бекейлердің ұрпағы, шешесі Әдемі жасы ұлғайып келіп, осы-дан он шақты жыл бұрын осы Алматы-да қайтыс болды. Ол қария Бекейдің өліміне Мәуленнің айтқан жоқтауын білетін еді, соның біразын мен жазып алғаным бар» [Аманшин Б. Көрсетілген еңбек. 54-б.] деп баяндайды. Мұның өзі Мәуленнің жоқтауын көптеген қа-зақ жатқа біледі деген В. И. Дальдің сөзін қуаттап, бабаларымыздың шежі-ре тарихын, жыр-дастанын ұрпағына ауызша жеткізе білгендігін тағы бір мәрте дәлелдей түседі. Ал Ғафураның әкесі Нұрғали Бейсенов Есенгелдінің туған бауыры Итемген байдың тікелей ұрпағы болып табылады.

(Жалғасы журналдың
келесі санында)

Қаралым саны 2478

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463