Мұхит Айтқалиев

1946 жылы сол кезде жаңадан ашылған Алматы консер-ваториясының домбыра сыныбына академик Ахмет Жұбановтың кепілдемесімен қабылданған, әлемдік класси-калық туындыларды қара домбырада құйқылжыта ойнап, өзге ұлт өкілдерінің «бір таяқ, екі жіп» аспап туралы пікірін мүлдем өзгерткен, соның ішінде Моцарттың «Түрік маршы» мен Шуберттің «Серенадасын» домбырада сөйлеткен, Қаратау домбыра мектебі күйлерін нотаға алғаш түсіруші, домбыра сыныбы бойынша бірнеше оқулық («Күйлер жина-ғы», «Батыс Еуропа композиторларының шығармалар жина-ғы», «Орыс халық әуендеріне арналған жинақ», «Гаммалар, этюд-арпеджио және жаттығулар», «68 қазақ күйлерінің жинағы» т.б.) жазып, ұзақ жыл Құрманғазы консерватория-сында, Қарағанды, Шымкент, Орал қалаларында ұстаздық қызмет еткен, сирек кездесетін музыка маманы, кезінде Мұхит Құбышев, Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиев-тертермен терезесі тең тұрып, қоян-қолтық жұмыс істеген...

Бұл кім, білесіз бе? Бұл – талайлы тағдыр иесі, балалар үйінде тәрбиеленіп, қарттар үйінде қайтыс болған, ұлы тұлға болса да, ұқыпсыздығымыздан ұмытылып бара жатқан Мұхит Айтқалиев...
Белгілі өлкетанушы, журналымыздың тұрақты авторы Қайыржан Хасанов кейіпкерінің ерекше болмысына осыдан отыз жыл бұрын-ақ көңіл аударып, ақжарма сұхбаттасып қалған санаулы журналистің бірі екен. Төмендегі мақала Мұхит Айтқалиев өмірінің көпке белгісіз тұстарын кеңінен қамтиды.

Өткен ғасырдың сексенінші жыл-дарында Қаратөбе ауданының мәдени өміріне елеулі із қалдырған Мұхит Айтқалиевті қаратөбеліктер ұмытпай, өнер жайлы әңгіме болған жерде әлі күнге еске алып отырады.
2003 жылы Мұхит Айтқалиевтің өмірі, домбырашылық, күйшілік жол-дары жайлы «Дарабоз домбырашы» деген кітап жаздым. Бұл еңбегімді Мұхит ағайдың Орал, Атырау облыста-рындағы шәкірттері сұратып алдырға-ны есімде.
2017 жылы қаңтар айының бірі күні Мұхит Айтқалиев марқұмның ту-ғанына 90 жыл болады. Осыған орай Оралдағы Д. Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі халық аспап-тары бөлімінің меңгерушісі Асқар Кенжеғалиев 2014 жылы мамыр айын-да Мұхит аға еңбек еткен Алматы, Қарағанды, Шымкент облыстарында іссапарда болып, дәулескер домбыра-шымен жұмыстас болған жандармен, Қарағанды қаласында Мұхастың отба-сымен кездесіп, әңгімелесті.
...Мен Мұхит ағаны бұрыннан бі-летінмін. Сол кезде Қаратөбе балалар саз мектебінің домбыра сыныбында жұмыс жасап жүрген Мұхит аға 1986 жылдың қыркүйек айының 5-і күні өз қолынан маған өмірбаянын жазып берген еді.

Өзі жазған өмірбаяннан
Мұхит Айтқалиевтің өз қолымен жазылған дерекке сүйеніп айтар бол-сақ, ол Батыс Қазақстан облысы Орда ауданының Азғыр ауылдық советінде 1927 жылы әлім кете Қаласов Өтеулі-нің отбасында дүниеге келіпті. Анасы Заида Ахметқызының ұлты – татар. Есімі әу баста Мұхси екен. Мұхсидың Мақсот деген ағасы, Мүсілім атты інісі болған. 1934 жылы әкесі қайтыс бол-ғанда Мұхси жеті жаста екен. Үш бала-ның анасы Заида Мұхсиды Азғырдағы балалар приютіне тапсырады. Ұлы Отан соғысы басталып, әскерге алын-ған Мақсот 1943 жылы Сталинград майданында қаза табады. Мүсілім жастай қайтыс болады.
1936 жылы жазда приюттің 40 ба-ласы (арасында Мұхси Қаласов та бар) жаппай ауруға шалдығып, Оралға, ау-руханаға әкелініпті. Емделіп, сырқаты-нан жазылған соң Орал қаласындағы «Калинин» балалар үйіне тапсырылып, бір жылдай тәрбиеленген соң Мұхси қаладағы №1 жетім балалар үйіне жі-беріліпті. Оралдағы басшылар Азғыр-дан келген балалардың бір тобын 1938 жылы Жымпиты ауданындағы балалар үйіне жолдапты. Мұхси осылайша Жымпитыдан бір шығады.
1939 жылы Орал педучилищесін бітірген жас маман Сәлима Айтқали-қызы жолдамамен Жымпитыға мұға-лімдік жұмысқа келіпті. Партия қата-рына өтіп, аудандық партия комитеті әйелдер бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалғасын, Қаратөбенің Аққозы ауылында тұратын әке-шешесін Жым-питыға көшіріп алыпты. Жымпитыдағы балалар үйінің директоры Мамық Ерниязов Айтқали Айбатыровты бала-лар үйіне завхоз етіп жұмысқа алған. Жасөспірім Мұхси мен Айтқалидың жолы осылай түйіскен.
Айтқали оңашада Жұмағыз бәй-бішесімен сырласып, «Біздің үш қызы-мыз ертең бойжеткен соң күйеуге ке-теді. Менің шаңырағыма ие болар ер бала жоқ. Осыны ойлап жүрмін. Бізде тәрбиеленіп жүрген жетім балаларды баласы жоқтар асырап алып жатыр. Мен көз қырымды салып жүрген Мұхси деген бала бар. Өткенде Орал приютінен Жымпитыға жіберілген көп баланың бірі. Өзі пысық, мінезі жәй, жұмсаған шаруаңды тез әрі тиянақты орындайды. Документін қарасам, ар-тынан іздеушісі жоқ сияқты. Осы бала-ны детдомнан асырап алып, өз бауы-рымызға салсақ қайтеді? Фамилиясын біздің атымызға аударып жазуды Сәлима оқсатар», - дейді екен.
Жымпиты балалар үйінде 1942 жылға дейін тәрбиеленген Мұхси 1939 жылы мектепте үздік оқығаны үшін Москвада ашылған Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесіне экскурсант болып қатысқан. 1942 жылы жасы жеткен балалар қатарында балалар үйінен шығарылған. Оқуды жалғасты-ра алмай, 1942 жылы жұмыс қарасты-руға тура келіп, оқудан қол үзген. Тап осы кезде Жымпитыда ауданаралық колхоз-совхоз театры деп аталатын ме-кеме жұмыс істейтін. Ер азамат түгел майданға алынып, жұмысқа адам із-деп тұрған осы театрға 1942 жылы қызметке орналасыпты.
1943 жылы театрда артист болып жұмыс жасап жүргенде Айбатыров Айтқалидың зайыбы Жұмағыз оны асырап алып, бауырына басыпты.
Сәлима Айтқалиева Жымпиты ау-дандық партия комитетінің әйелдер бөлімінің меңгерушісі болып жасай-тын. Ол қолындағы мүмкіндікті пайда-ланып, бұған дейін Қаласов Мұхси Өтеуліұлы болып жазылып келген ата-тегін Айтқалиев Мұхит деп өзгертіп, жаңадан туу туралы куәлік жаздыр-тып берген. Сөйтіп, 1943 жылдан бас-тап ол «Мұхит Айтқалиев» болып жа-зылған. Өмірден де осы фамилиямен өтті ғой, жарықтық.
Балалар үйінің завхозы Айбатыров Айтқалидың руы – ысық, Қадырқұл, оның Баймұрат бөлімі екен. 1892 жы-лы Гурьевтің Қызылқоға ауданы Жамбыл ауылдық кеңесіне қарасты Тасшағыл деген жерде туған Айтқали Айбатыров Аққозы ауылына 1934 жы-лы көшіп келіпті. 1962 жылы Аққозы ауылында, Сәлима қызының қолында дүниеден өтті. Өгей әкесі Айтқалидың суретін Мұхит портрет етіп салған екен, Аққозыдағы үйдің төрінде көпке дейін тұрған көрінеді. Айтқалидың бәйбішесі Жұмағыз 1975 жылы наурыз айында 76 жасында қайтыс болған. Әке-шеше-сін бағып, тұрмысқа шықпаған Сәлима Айтқалиева 1981 жылы 62 жасында өмірден озыпты. Қаратөбе музыка мек-тебінде мұғалім болып жүрген Мұхит Айтқалиев Қаратөбеден келіп, апасы-ның жерлеуіне қатысқан. Қазір бұлар Аққозы ауылының арғы жағындағы «Ащықара» қауымында жатыр.
Міне, Қаласов Мұхсидан Мұхит Айтқалиев болып жазылуының сыры осы.
...1986 жылы қыркүйек айының 4-і күні болған кездесуде мен Мұхит Айтқалиев ағамызға қандай адам екенін білгім келіп, ішінде бірнеше сұ-рақ жазылған қағаз беріп, жазбалай жауап жазуын өтінген едім.
Мұхас сол сауалдарыма жауабын бірнеше бетке қолмен жазып, мен қызмет жасап жүрген аудандық «Ең-бек туы» газеті редакциясына 1986 жылы қыркүйек айының 6-сы күні жа-зып алып келді. Ол қағазға «Өмірбая-ным» деп тақырып қойылған екен.
Мұхит ағай Жалпақталда балалар музыка мектебінде домбыра сыны-бында сабақ беріп жүргенде әріптесі Махамбет Каринмен сырлас, сыйлас дос болыпты. Бір қызығы, Мұхас қайда жұмыс жасаса да, не жазған нотасы-мен, не салған суретімен із қалдырады екен. Мұхит Айтқалиевтің өз қолымен жазылған өмірбаяны мен жеке кадр парақшасы Махамбеттің үйінде қал-ған. Бүгінде Оралда тұратын баласы Сырым Махамбетұлы бұл құнды де-ректерді Мұхиттың шәкірті Ырысты Жақопқызына беріпті.

Зылиха апайдың әңгімесі
2014 жылы жазда Оралдағы
Д. Нұрпейісова атындағы №1 балалар саз мектебі халық аспаптар бөлімінің меңгерушісі Асқар Кенжеғалиев Мұхит Айтқалиев жайлы дерек іздеп барып, Қарағанды қаласында тұратын отба-сын тауып, Мұхиттың жұбайы, зейнет-кер Зылихамен, баласы Таймаспен әңгімелесіпті.
– 1925 жылы Калмыков (қазіргі Тайпақ ауылы) ауылында дүниеге ке-ліппін, - депті Мұхиттың жұбайы Зылиха апай. – Мен дүниеге келгеннен кейін он күннен соң әкем Мүсірәлі дү-ние салды. Ол кісінің руын, тегін де білмеймін. Тек әкемнің есімімен фами-лиям Мүсірәлиева болып аталды, сол ғана қалған. Ал анамның жүзі есімде жоқ, білмеймін.
Сірә, үш-төрт жаста шығармын. Әйтеуір, қалай келгеніміз есімде жоқ, қала үйлерінің ауласында жүрміз. Ана-мыз ауырып, емханаға келген. Қандай аурумен ауырды, ол кезде білмеймін, қазір ойлап қарасам, дизентерия ма екен деймін. Әйтеуір, қасымда Қазы-бай ағам бар, екеуміз сол үйлердің ау-ласында түнедік. Қарсы бетте – ана-мыздың жатқан ауруханасы. Таңертең тұрып, терезеге жақындаймыз, ана-мыз жинап теріп, нан береді. Ішетін та-мағымыз тек су мен нан болды. Келесі күні тұрып тағы барамыз. Көп болма-ды, қанша күн өткенін білмеймін, бір күні терезеден бөтен әйел «Енді кел-меңдер, аналарыңды алып кетті, енді келмейді», - деді.
Сөйтіп, кеште аурухананың қақпа-сы жабылған кезде біз сыртында қал-дық. Көшеде өткен-кеткен адамдар ке-рек емес киім-кешектерін береді, соны жамылып отырамыз. Берген тамағын жейміз. Өмірдің сондай сынынан өттік. Сосын бізді бір кісілер балалар үйіне алып кетті. Мен болсам, үш-төрт жас шамасында, ал ағам менен шамамен екі жасқа үлкендеу. Ауылда өскен екеуміз де орысша білмейміз, балалар үйінде тәрбиелендік.
Шамамен 1934-1935 жылдар сияқ-ты, әлі оқымаймын. Балалар үйіне орыстар келіп, демалыс бөлмесінде тұрған бір нәрсені (кейін білсем – пиа-нино) басып көрсетті. Қолымызды ша-палақтатқызып, ырғақты қайталатқыз-ды.
Содан біз музыка мектеп-интерна-тына оқуға түстік. Ол кезде мектеп ди-ректоры Воробьев деген хор дириже-ры болды. Сонда музыкадан оқыдық. Интернат Шаған өзеніне жақын жерде еді. Ауласы үлкен болатын. Оқитын му-зыка мектебіміз де сол аулада. Түнде далаға қыздар екі-үшеуден шығатын-быз. Себебі әжетханаға барар жолда арабша жазуы бар құлпытастар бола-тын. Қорқатын едік. Интернатта жатып оқығандар көбі қазақ балалары еді. Арамызда бір-екі орыс болды. Надя Назарова деген флейташы есімде. Үй-ден келіп оқитын кларнетші Никитин деген болды. Аштық кезі ғой, сонда да таңертең ботқа, түсте сорпа, кеште тағы басқасын беретін еді.
Көбіне орысша сөйлегенім сондай, бір уақыттары қазақша сөйлей алмай қалдым. Ағам Қазыбай (фамилиясы Мүсірәлиев шығар) көбіне аулада асық ойнайтын. Сол себептен музыка саба-ғын оқымайтын. Сөйтіп, оны басқа мектепке алып кетті. Кейін оны басқа ауданға алып кетті деп естідім. Содан қайтып ағамды көрген емеспін. Кішке-не кезінен аяғын ақсап басатын. Сол себептен соғысқа бармаған болар деп ойлаймын.
Мектептен соң 1944 жылы музыка училищесіне пианист Клавдиенконың класына оқуға түстім. Сол кездерден есімде қалғаны Болотин – скрипкашы мұғалім, Фурманова – пианистка, ұлты еврей болатын. Бірге оқыған Анна Муравьева, Кускова, Женя Носова де-ген сопрано дауысты әнші қыздар да есімде.
Оралдың музыка училищесін 1948 жылы бітіріп, Алматы қаласына оқуға кеттім. Әлі есімде, пойызбен сол кезде бір апта жүріп бардым. Алматы мемле-кеттік консерваториясының фортепиа-но аспабы бойынша Е. Ф. Гировскийдің класына оқуға түстім. Консерватория-ны 1953 жылы бітірдім. Сол кезде бі-рінші пианист қазақ қызы болдым.
Мен 1953 жылы консерваторияны бітірісімен, Қарағандыға жолдамамен келдім. Мұнда музыкалық училищеге жұмысқа орналастым. Сол кезде Мұхит осында менен екі жыл бұрын келген екен. Ол жаңадан ашылған музыка мектебінде және музыка училищесін-де домбырадан сабақ беретін. Біз бір-бірімізді консерваторияда оқып жүр-геннен танитынбыз. Қарағанды қала-сында үйлендік. Өзі өте ақкөңіл еді. Жанында жүрген таныс, жолдастарына үстіндегі киімін шешіп беруге дайын болатын.
Мұхит сирек кездесетін музыка маманы болды. Сол себептен оған жанында жүрген жолдастары үнемі нотаға түсіру, партитура жазу т.б. көп-теген жұмыстарымен келетін. Оның ақкөңілдігі сол, ешкімнің тауын қай-тармайтын. Бәріне көмектесетін. Мұхиттың көп достары болды. Олар-дың ішінде Мұхит Құбышев, Нұрғиса Тілендиев, Шамғон Қажығалиевтерді ел біледі ғой. Нұрғиса домбырашы болды, Шамғон скрипкашы еді. Мұхит-тың Нұрғисаға талай мәрте оркестрге арналған партитуралар жазып беріп жүргені есімде. Сол кезде жақсы дос еді.
1954 жылы қызымыз Тәнзила дүниеге келді. 1957 жылы ұлымыз Тайман көрінді. Екеуміз де жаспыз, ақыл айтар адам жоқ. 1959 жылдары ақыры өзара түсініспеушіліктен ажы-расып кеттік. Ол Алматыға кетті, мен Қарағандыда қалдым. Мұхит одан ке-йін Шымкентте болды, Оралда жүр деп естідім. Кейін қайтқанын да естіп, білдім.
Қызымыз Тәнзила 1974 жылы Қарағанды музыкалық училищесін аяқтаған соң 1982 жылы Алматы мем-лекеттік консерваториясын фортепиа-но класынан бітіріп шықты. 1999 жыл-дан бастап Канада елінің азаматтығын алды. Қазір екі ұлымен, немерелері-мен Торонто қаласында тұрады. Мен оларға жыл сайын барып, олар бізге келіп, араласып тұрамыз.
Ұлымыз Тайман Қарағанды музы-калық училищесінің теория бөлімін 1977 жылы, Алматы мемлекеттік кон-серваториясын музыкатанушы маман-дығы бойынша өнертанушы доктор, профессор А. И. Мұхамбетовадан 1982 жылы бітірді. 1998-2000 жылдары Қарағанды музыка училищесінің ди-ректоры болды. Қазір сол училищеде теория бөлімінің аға оқытушысы.
Өзім көп жыл осы училищеде фортепиано бөлімінің меңгерушісі болып қызмет жасадым. 1980 жылы зейнеткерлікке шықтым. Күні кешеге дейін Канадаға барып жүрдім. Қазір тоқсанға таядым. Осы тамызда қызым және немере-шөберелерім келеді. Соларды сағындым. Соған дейін аман болсам деймін, - деген екен Зылиха Мүсірәліқызы.

Өмірінің соңғы жылдарында инсульт алып, бір аяқ, бір қолынан жан кетіп, домбыра тартудан қалған Мұхит Айтқалиев Оралдағы қарттар үйінде тәрбиеленген. Шәкірті Ырысты Жақоп-қызы хал-жағдайын біліп тұрған екен. Есіл ер 1992 жылы сәуір айының 14-і күні Оралдағы қарттар үйінде 65 жа-сында қайтыс болып, 16-сы күні жер-ленген. 2001 жылдың тамыз айында Мұхит Айтқалиевтің қабіріне Ырысты Ахтанова мен жолдасы, әкелі-балалы Серік пен Бейбіт Ибатовтар оралдық домбырашы шәкірттері Бейбіт Кенжесұлы Ақошев, Әсет Махатовтер-дің көмегімен зират көтеріп, құлпытас орнатты. Құлпытаста «Руы – ысық, Баймұрат. Айтқалиұлы Мұхит 1927. 1.01.-1992.16.04. Белгі қойған шәкірті Ырысты» деп жазылған.

 

Қаралым саны 1904

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463