«Кальбит күйеу»
«...Бақытжан (Момышұлы, Зейнеп апаның күйеуі – DK) операциядан шық-қаннан кейін оған күтім керек болып, мен жүріс-тұрысы еркіндеу жұмыс қа-растыра бастадым. Бір күні тілегім қа-был болып, іздегенімдей жұмыс табы-ла кетті – Алматыдағы А. С. Пушкин атындағы республикалық кітапхана-ның (қазіргі Ұлттық кітапхана) жанын-дағы «Редкий фонд» деген мекемеге төте жазуды қазақшалайтын маман ке-рек екен және тапсырылған істі келіс-кен уақытыңда бітірсең болды, әрі қа-рай боссың, оның үстіне еңбекақысы да жаман емес. Ол кезде төте жазуды түсінетін адамдар жоқ емес еді, бірақ олардың жасы біразға келіп қалған жә-не қағазбен табандап отыра алмайды. Сөйтіп, аталған жерде қызмет етіп жүр-генімде қасымызда «Спецфонд» деген тағы бір мекеме бар екенін білдім. Бұл мекеме – арнайы қызметтің назарын-дағы ұйым, бейсауат кісі жақындай ал-майды, маңайлап кеткендер тергеліп-тексеріліп, пәлеге қалады. Күндердің бір күні осы «Спецфондтан» бір қағаз-ды қазақшалау туралы өтініш келіп түсті. Әдетімше, тиянақтылықпен атқа-рып бердім. Ұнап қалдым ба екен, әй-теуір, біршама уақыттан кейін әлгін-дей өтініш тағы қайталанды. Осылай біртіндеп бұл мекемеге де «өз адамы» болып алдым. Маған да жаман болған жоқ, Бақытжанның емі қаражатты та-лап етеді. Сөйтіп жүргенде, қолыма та-рихи бір құжат келіп түсті. Патша зама-нында шыққан бұл нұсқауда шоқын-ған татардың қыздарына қазақ арасы-на барып тұру және қазақтың болаша-ғынан үміт күттіретін жігіттеріне тұр-мысқа шығу талап етіліпті. Бұл үшін сол жанұяның бүкіл жағдайын жасау, шен-шекпен, мансап мәселелерін ше-шіп беру уәде қылынған екен. Осын-дай арнайы тапсырма алған қыздарға үйленген қазақ жігіттері қызметінде талай жетістікке жеткенмен, ұрпағы қазақ болмаған. Тіпті құжатта ұлты қа-зақ болып көрсетілгенімен, қазақтың қамын жейтін ұл мен қыздың бұндай отбасыдан шығуы аса сирек құбылыс болған. Сөйтіп, қазақтың талай қас та-лант пен қабілет иелері бойындағы барын ұрпағына бере алмай, сөздері де, өздері жер болып, өмірден қор бо-лып өткен. Патшаның заманы келмес-ке кетсе де, тапсырма енді татардың қыздарына емес, өзге ұлт өкілдеріне жүктелгені болмаса, бұл миссия Кеңес кезінде де тоқтаған жоқ. Бұндай қитұр-қы саясаттың қармағына ілінгендер өте көп болды. Мысал ретінде қоғам қай-раткері, ғалым, биология ғылымдары-ның докторы, Бүкілодақтық ауыл шар-уашылығы академиясы Шығыс бөлім-шесінің (ВАСХНИЛ) Қазақ бөлімшесінің Төралқасының төрағасы Кәрім Мыңбаев-тың трагедиясын айтуға болады. 1948 жылы 30 қыркүйекте Мәскеуге іссапар-мен бара жатқан жолда ұшақ апаты-нан небәрі 42 жасында қаза тапқан академик Кәрім Мыңбаев тірі кезінде қанша атақты әрі мықты болғанымен, ұрпақтары қазақ бола алған жоқ, Когань болып кетті. Кәрім Мыңбаевпен бірге сол кездегі білгір маман ғалымдар Қылыш Бабаев, Сапар Нұғыманов, Хасен Наурызбаев қаза тапқан бұл апаттың өзінің күмәнді тұстары өте көп. Және бұл сапарға бірге бару туралы Кәрім Мыңбаев пен ата (Бауыржан Момышұлы) алдын ала келіскен екен, бірақ нағыз ұшар алдындағы түнде Бақытжанның ыстығы күрт көтеріліп, қатты сырқаттанып қалуына байла-нысты ол бұл сапарға шықпай қалды. Сөйтіп, Бақытжан әкесінің бір ажалдан аман қалуына себепші болған. Жалпы, бұл апаттың қолдан ұйымдастырылға-ны туралы негізсіз емес әңгімелер баршылық.
Дегенмен ұрпақ қамын ойлап, құ-рулы тұзақтан құтылудың қамын жа-сап, бұл талпынысы нәтижесіз болма-ған да азаматтар да сирек болса бар. Мысалы, Қазақстан Коммунистік пар-тиясының Орталық комитетінің бөлім меңгерушісі болып жұмыс жасаған Өтебай Қанахин осы лауазымынан өз еркімен бас тартты. Ол кезде ОК-ның бөлім меңгерушісі деген – атынан ат үркетін, облыстың бірінші хатшысымен пара-пар өте үлкен лауазым. Бұндай лауазымнан бас тартуға себепші болған Өтебайдың отбасындағы адам төзгісіз жағдай екен, өздеріңізге белгілі партия жұмысы – үй көрмейтін жұмыс. Сон-дықтан бала тәрбиесіне мүлде дерлік араласа алмаған Өтебай балаларының ана тілінен жұрдай, салт-дәстүрден мүл-де бейхабар, орыс болып бара жатқа-нын байқап, іші қан жылап жүреді екен. Сөйтіп жүргенде – үлкен ұлы орыстың қызына үйленеді, ал екінші ұлы Өтебай сапарда жүрген кезде орыстың қызын алып келеді. Осыған жаны күйген (артынан бұл туралы өзі «иманым ұшып кетті» деп еске алады) Өтекең «Ау, қазақтың қызы құрып қал-ды ма?!» - деген әңгіме айтпай ма. Сон-да бұрын онша сыр алдыртпай жүрген әйелі ашу үстінде «Бір үйге бір кальбит жарайды» деп шынын айтып қалады. Бұны естіген Өтебай бір қолына киім-кешегі бар чемоданын, екінші қолына жазу машинкасын ұстаған күйі үйден шығып кетеді. Содан шығып, ОК-ға ба-рып: «Мені атқарып отырған лауазым-нан босатып, шығармашылық жұмыс-пен айналысуыма рұқсат беріңіз», - де-ген арызын тапсырады. І хатшы Қонаев-тың өзінің қабылдауында болып, оған жылап отырып жағдайын түсіндіріпті деген де әңгіме бар. Бұл да шындыққа жанасады, себебі әйелі кетіп қалған кү-йеуінің артына шам алып түсіп, «Верни-те мне Утебая» деген арыз-шағымды Жазушылар oдағынан бастап Орталық Комитетке дейін боратып жазғанымен, Ө. Қанахинге қарсы ондай қатты шара қолданылмайды. Артынан Өтебай Сағира деген келіншекпен жарасып, шаңырақ көтереді. Екі ұлы орысқа кет-кенімен, солардан кейінгі ұлы Саялбек-ті қазақ қызына үйлендіреді, сол Саялбектің қазір бес баласы бар.
Қазақ қызы – құрметті атақ
Қазір қазаққа, оның салт-дәстүріне, діні мен діліне жан-жақтан шабуыл жа-салып жатыр. Кеңестік идеологияның құрсауы сәл босаған кезде бері қарай ағылған дін біз күткендей береке емес, пәле алып келді. Қазақтың үкісі мен домбырасын, бесігі мен беташарын жау көретін бұл дін өлген шешесін үйі-не бір қондырмай, жүгіріп барып жер-леп тастайтын тасжүрек діндарларды пайда қылды. Сәлем салудың өзін «ширк» деп атап, қазақтың бүкіл салт-дәстүрлерін іске алғысыз қылып тастау-дың амалдары қазіргі күні де жалғасып жатыр. Және кеше ғана дінге келген-мыс жандар бүгін келіп өздерінен бас-қаны күнәһар санап, едірейе қарайды. Былтыр театрдан шығып тұрсам, маған басынан аяғына дейін қара жамылып алған бір топ қыз келіп, біртүрлі қыңсы-лағанға келетін дауыспен «Апай, мұсыл-ман қыздармен фото түсіңізші» дейді. Айдың күні аманда қара жамылған қыздардың түріне де, айтып тұрған сө-зіне де жыным келіп, «Кәпір апаларың-мен фотоға түсіп не қыласыңдар» деп едім, әлгілер алды-артына қарамай бе-зіп кетті. Егер олар адам сияқты келіп, «Апа, фотоға түсейікші» десе, сөзсіз ке-лісе салар едім ғой, бірақ өздерін «мұ-сылман қыздармыз» деп ерекшелеп, бөлініп тұрған халдерін көріп, қасыма жолатқым келмеді. Себебі бұндай қыз-дардың талайын көріп жүрмін, олар-дың ішінде үш айда бір байға, үш ай-дан кейін екіншіге қатын болып, бала-сын кімнен көтергенін білмей жүрген-дер жетеді. «Талақ» деген бір ауыз сөз-дің құрбаны болып, қолдан-қолға өт-кен бейбақтардың жезөкшеден қандай айырмасы бар екенін түсінбеймін. Қа-зақтың қыздары бұрын еркін өскен, тұрмысқа шыққанға дейін басына ора-мал салмаған, үкілі тақия, сораба сияқ-ты сәнді бас киімдер киген. Осының бәрін жоққа шығарып, әсіре діншілер қазір қатты қағынып тұр.
Жалпы, қазақ халқында әйел заты-на қатты құрметпен қараған. Бала кө-тергені белгілі болғаннан кейін «құр-сақ той» жасалып, оған жиналған абы-сын-ажын, келін-кепшікке осы айтулы оқиға құрметіне көтерілген дастарқан үстінде осыдан әрі құрсақ көтерген жанды ауыр жұмыстарға салмау, жері-гін тауып беру туралы әңгіме, нұсқау айтылған. Бала дүниеге келгеннен ке-йін де жас анаға жүктелетін басты мін-дет нәрестенің бабын табу болған. Әсі-ресе, баланың қырқынан шыққанға де-йінгі мерзіміне қатты көңіл бөлінген. Қазір бір қайдағы жоқ, ел естімеген «кі-ші шілде» деген салт пайда болып, ба-лаларды қырқынан дәстүрлі қырық күн-де емес, жиырма күнде шығарып жат-қандарды да естіп қаламыз. Ондайда әлгі жаңалықшылдарға “Баланы қыр-қынан жиырма күннен шығарсаңыздар, оны неге тоғыз айда емес, төрт жарым айда босанбадыңдар?!” деймін, енді басқа не айта аламын. Бала тапқан ана міндетті түрде қалжасын жеуі керек, шашы түспеу үшін шашын тастай қы-лып өріп тастаған жөн. Алғашқы қырық күнде тек балаға ғана емес, анаға да күшті күтім керек. Өзім келінім бала тапқаннан кейін оған қырық күн еште-ңе істетпедім, барымша күттім. “Бала ұйықтаса, сен де ұйықта” деп ұйқысы-ның қанық болуын қадағаладым.
Қазақтың салт-дәстүрі өте өміршең. Киген киімі мен таққан сырға-сақина-ларына дейін сырға толып тұр. Мен Оралдың өлкетану мұражайынан «жыр-ға» деген сирек сән бұйымын көрдім. Жырға – әйелдердің асыл тас, ақық моншақтарды тізіп әшекейлеген сәнді бас киімі. Жырға әдетте, көп салпын-шақты әр түсті меруерт тастардың жар-қырауық сәулесімен құбылып, адам-ның бет-бейнесін ажарландырып, бет моншақ, шұбыртпа, жақ алқа тәрізді ті-зіліп, бас киімнің етегін шашақтап тұра-ды. Бұл «жырға» өзін таққан қыз-ке-ліншектің жүріс-тұрысына ерекше сән-салтанат береді. Өте баппен сәнденуді білдіретін қазақтың «ырғалып-жырға-лып» деген сөзі осыдан шыққан.
Атам Махамбетті жатқа білетін
Қай жерге барсам да, ел-жұрт ала-қанына салып қарсы алады. Бірақ бұл көрсетіліп жатқан құрметті атаға (Бауыржан Момышұлына) көрсетілген құрмет деп қабылдаймын, айтылып жатқан мақтауды да атаға қарай асы-рып жіберемін. Мен атаның «Қайда барсаңдар да, алдарыңнан шығамын» деген сөзіне кезінде онша терең мән бермеген екенмін. Қазір қай жерге барсақ та, мына қасиетіңнен айнала-йын Ақ Жайықта да үлкен сый-құрмет-пен қарсы алып жатыр, осының бәрі атаның өзі айтып кеткендей, алдымыз-дан шығып жатқаны. Ақжайық – Исатай-Махамбеттей арыстар өткен киелі ме-кен. Ата Махамбет батырды ерекше құрметтеді, ол қазақтың екі ақынының, осы Махамбет Өтемісұлы мен Мағжан Жұмабаевтың барлық өлеңін жатқа білді. Оралдың аспанының көкпеңбек болған ашықтығы мен (бұндай аспан-ды, мысалы, біздің Алматыдан көре ал-майсың) бұл жақта бұрымды қыздар-дың көптігін «болашағы бар жер» деп жақсы ырымға балап отырмын.
Мен бірде кішкентай кезімде май шайқап жатқан екі келіншектің жаны-нан шықпай қойыппын. Сол кезде біре-уінің қолы желкеме тиіп кетіп, бір табақ майға бетіммен құлап, тұншығып қала жаздаппын. Содан бастап сары майға қатты аллергиямын. Бірақ Оралдың қаймағынан бас тарта алмадым, кере-мет екен! Тамақты шұқып жейтін кір-пияз басым, сүйсініп жедім. Дәм бұ-йырса, Оралға әлі келермін...»