Армысыздар, ағайын!

Бүгінгі санда тарих ғылымдарының кандидаты, журналымыз-дың алқа мүшесі Жәнібек Аллаярұлының «Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?» тарихи-танымдық мақаласының түйінін жариялап отырмыз. Есенгелді бай Жанмырзаұлының журналға басылған құлпытасынан басталып кеткен көлемді зерттеу еңбек бір жыл бойы жазылды, журналымыздың 6 санында жарық көрді.

XVIII-ХІХ ғасырдағы Кіші жүз тарихында, қазақ-орыс қатынасында ерекше орны болған тарихи тұлға, мыңды айдаған байлығымен күні бүгінге дейін ел аузында аңыз болып қалған Есенгелдінің өмірі мен қызметі тұңғыш рет нақты құжаттар негізінде жан-жақты сараланды. Автор осы ізденісте арнайы Орынбор архивіне барып келді, жүздеген құжаттар мен кітаптарды ақтарды. Қаншама адамдармен, кейіпкерлерінің бүгінгі ұрпақтарымен сөйлесті. Осылайша, бір кітапқа жүк болар дүние туды! Өлке, жалпы ел тарихы үшін аса маңызды әрі көлемді жұмысты атқарып шыққан тұрақты авторымыз, еңбекқор ғалым Жәнібек Аллаярұлына «DANAkaz» журналының мыңдаған оқырмандары атынан алғыс айтамыз. Жазарыңыз көп болсын!

Ал оқырмандарымызға айтарымыз – журнал бетінде бола-шақта да мұндай тың да тосын дүниелер тұрақты жариялана береді. Кездескенше!

Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы

Қаралым саны 1427

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463