Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Бүгінгі санда тарих ғылымдарының кандидаты, журналымыз-дың алқа мүшесі Жәнібек Аллаярұлының «Есенгелді бай тарихы толық танылды ма?» тарихи-танымдық мақаласының түйінін жариялап отырмыз. Есенгелді бай Жанмырзаұлының журналға басылған құлпытасынан басталып кеткен көлемді зерттеу еңбек бір жыл бойы жазылды, журналымыздың 6 санында жарық көрді.
Бұрын балабақша, мәдениет үйі, полиция, қарттар үйі, түрме, тағы басқалары бүгінгідей мемлекеттен қыруар қаржы бөліп, қызмет көрсететін орындар болған жоқ. Ағайын-туманың топтасып бірге өмір сүруі осы мәселені оң шешуге мүмкіндік берді. Әр адам өзінің жеті атасына дейін жетік біліп, жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасын қатаң сақтады. Бүгінде қазақ тектілігіне ата-бабасына қарыздар. Енді біз ұрпағымыздың алдында осы қарызымызды орнымен өтеуіміз қажет. Қазіргі кезде заманның ағымына қарай ағайын адамдар бір жерде отырмайды. Әрқайсысы өзіне қолайлы жерге қоныстанады. Себебі оның қауіпсіздігін мемлекет толық қамтамасыз етуде. Күйбің тіршілікпен жүріп көп-шілік ағайынмен араласпайды, кейбірі аталастарынан тараған замандастарын тіпті жақын санамайды. Осыдан-ақ әр ұрпаққа алыстаған сайын қаны туыс адамдар жат болуда.
Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ,
Warszawa университетінің магистранты:
Арыстанбекті біздің журналдың тұрақты оқырмандары жақсы білуі тиіс. «DANAkaz» журналының 2013 жылғы қыркүйек айындағы №7(8) санында Варшава қаласының Вистула университетінде «Халықаралық қатынастар және экономика» саласы бойынша білім алып жатқан студенттен тұңғыш сұқбат алған едік. Міне, жақында Арыстанбек аталған ЖОО-ны үздік бітіріп, магистратураға түсті. Бірнеше тілді жетік мең-герген, оқудан қолы босағанда Еуропаны шарлап, ой-өрісін, таным-түйсігін кеңейтіп жүрген жалынды жастың Францияға, ұлт көсемі Мұстафа Шоқайдың басына арнайы зиярат етіп, біздің журналымызға мақала жібергені де есімізде. Бүгінде Арыстанбектің facebook-тегі парағының фонында Бауыржан Момышұлының «Жиырма жас – ерлік жасар жас» деген сөзі тұр. Біз оған бейбіт күннің батыры, еңбек майданының, өзі қалаған экономика саласының ері болуын тілейміз!
Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,
тарих ғылымдарының кандидаты
(Жалғасы. Басы журналдың өткен сандарында)
Есенгелдінің кейінгі тағдыры
1831 жылы 5 қыркүйектегі Бекейдің өлімінен кейін Орынбор әкімшілігі Есенгелді старшынды 4-дистанция бас-тығы қызметінен босатқан. Сонымен бірге Калмыков бекінісі мен Кателинск (Котельное – қазіргі Алмалы болса ке-рек – Ж. А.), Круглый, Антонов форпост-тарына қарсы беттегі жергілікті бастық-тар да орнынан кеткен. Осыған қара-ғанда олар да Есенгелді байдың аға-йындары болуы мүмкін. Ал Лебяжинск пен Каленов форпосттарына қарсы беттегі жергілікті бастықтар – Тоқтан Қосдәулетұлы, Жиембай Құтымбайұлы өз қызметтерінде қалған. Бұл жөнінде полковник Г. Ф. Генстің 1831 жылы қараша айындағы Орынбор иелігіне қарасты шеп бойындағы қазақтарды қадағалайтын 22 дистанциялық және жергілікті бастықтардың тізімінде көр-сетілген [РИССМ. Бас мұрағат 1-9, 1830-1833, 4-іс, 30-п.].
Арман АХМЕТОВ,
гуманитарлық ғылымдар магистрі, Орал қаласы
ХVIII ғасырдың аяғы мен ХІХ ғасыр-дың бірінші жартысында ғұмыр кешіп, сол кезеңдегі тарихи оқиғалардың бел ортасында жүрген, Кіші жүз қазақтары-ның тарихында өзіндік орынға ие, бү-гінге дейін көпшілікке беймәлім болып келген тарихи тұлғалардың бірі – Медетқали сұлтан. Ол туралы Орынбор облысының мемлекеттік мұрағаты мен Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағаты қорларынан та-былған тың құжаттардағы мәліметтер-ден таба аламыз.
Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы – Жәңгір хан атындағы тарихи-этнографиялық музейінің экспозициясында келушілер назарына ұсынылған жәдігердің бірі – қалқан.
Белгілі өлкетанушы, мәдениет қайраткері, Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры Жайсаң Ақбай ағамыздың «Жалпақтал» атты ақпараттық-сараптамалық еңбегі баспадан шықты.
Абзал ҚҰСПАН,
заңгер, Батыс Қазақстан облыстық адвокаттар алқасының мүшесі
Редакциямызға хат келді. Мән-мазмұны басқа-лардан өзгешелеу болғандықтан, бірден назар аударды. Автор – белгілі заңгер, біздің журналдың тұрақты оқырманы Абзал Құспан өзінің ұстазы, орта мектепте сабақ берген сынып жетекшісі Жансалқам Рахымғалиқызы туралы толғанған екен. «Бұл мақаланы жазғандағы мақсатым өзім туралы емес, ұстазымның адамгершілігі, ұстаздық шеберлігі, өз ісіне, балаға деген махаббаты туралы айту еді. Мен шын мәнінде тентек болдым, ол кісі тентекті тезге салып, адам қылды. Бұл әңгімемнің еш өтірік, қоспасы жоқ» - дейді Абзал.
Батыс Қазақстан облысында мемлекеттік органдардың, билік мекемелерінің араласуын-сыз, халықтың өз қолдауымен жасалатын игі-лікті шаралар көбейіп келеді. Осыдан бірер жыл бұрын Ақжайық ауданы Базаршолан ауылдық округінде Байбарақ батыр Құдайқұлұлына кесе-не орнатылған болатын. Енді, міне, жақында Дәуқара батыр Қарақожаұлы мен Науша батыр Қаржауұлының зиратына ескерткіш тұрғызыла-тыны мәлім болды. Белгілі жырау, 1868-1873 жылдары болған «Ел ауа» көтерілісіне қатысу-шы Сүгір Мырзалыұлының қабіріне де ұрпақта-ры белгі қоюға талпынып жатыр.
Белгілі орыс суретшісі Сергей Васильевич Ивановтың (1864-1910) соңғы жұмыстарының бірі. 1909 жылы салынған. Бүгінде РФ астанасы Мәскеу қаласының тарихы музейінде сақтаулы тұр.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463