Жан азығы

Бұрын балабақша, мәдениет үйі, полиция, қарттар үйі, түрме, тағы басқалары бүгінгідей мемлекеттен қыруар қаржы бөліп, қызмет көрсететін орындар болған жоқ. Ағайын-туманың топтасып бірге өмір сүруі осы мәселені оң шешуге мүмкіндік берді. Әр адам өзінің жеті атасына дейін жетік біліп, жеті атаға дейін қыз алыспау қағидасын қатаң сақтады. Бүгінде қазақ тектілігіне ата-бабасына қарыздар. Енді біз ұрпағымыздың алдында осы қарызымызды орнымен өтеуіміз қажет. Қазіргі кезде заманның ағымына қарай ағайын адамдар бір жерде отырмайды. Әрқайсысы өзіне қолайлы жерге қоныстанады. Себебі оның қауіпсіздігін мемлекет толық қамтамасыз етуде. Күйбің тіршілікпен жүріп көп-шілік ағайынмен араласпайды, кейбірі аталастарынан тараған замандастарын тіпті жақын санамайды. Осыдан-ақ әр ұрпаққа алыстаған сайын қаны туыс адамдар жат болуда.

Сондықтан әр әулеттің үлкені ата-баба шежіресін білгенінше жүйелі жазса, егер терең білмесе, бүгінгі тараған ұрпақтарын таратып қағазға түсірсе, жөн болады.
Әр адам өзінің тікелей ата-бабасының тарихын білмесе немесе білуге ұмтылмаса, ол елдің тарихын терең түсініп, елге шынайы адал қызмет етеді дегенге сенбеймін.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Қаралым саны 1029

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463