«Экономика саласының хас маманы болсам деймін»

Арыстанбек ОРЫНБАСАРОВ,

Warszawa университетінің магистранты:

Арыстанбекті біздің журналдың тұрақты оқырмандары жақсы білуі тиіс. «DANAkaz» журналының 2013 жылғы қыркүйек айындағы №7(8) санында Варшава қаласының Вистула университетінде «Халықаралық қатынастар және экономика» саласы бойынша білім алып жатқан студенттен тұңғыш сұқбат алған едік. Міне, жақында Арыстанбек аталған ЖОО-ны үздік бітіріп, магистратураға түсті. Бірнеше тілді жетік мең-герген, оқудан қолы босағанда Еуропаны шарлап, ой-өрісін, таным-түйсігін кеңейтіп жүрген жалынды жастың Францияға, ұлт көсемі Мұстафа Шоқайдың басына арнайы зиярат етіп, біздің журналымызға мақала жібергені де есімізде. Бүгінде Арыстанбектің facebook-тегі парағының фонында Бауыржан Момышұлының «Жиырма жас – ерлік жасар жас» деген сөзі тұр. Біз оған бейбіт күннің батыры, еңбек майданының, өзі қалаған экономика саласының ері болуын тілейміз!

– Арыстанбек, ассалаумағалейкум! Оқуыңды ойдағыдай аяқтап, үздік диплом алғаныңды естідік, құтты болсын! Енді қандай жоспарың бар?
– Уағалейкүмассалам, Қазбек аға! Иә, биыл маусым айында «Жаңа Жібек Жолы бастамаларының Қазақстан үшін маңызы» атты дипломдық жұмысым-ды қорғап, үздік диплом иегері болу-дың сәті түсті. Қазір найза мен қылыш-тың орнын қалам мен сия басқан за-ман. Сол себептен алдағы қысқа мер-зімді жоспарымда экономика саласы-ның хас маманы атану үшін оқуымды жалғастыру бар.
– Польшада оқып жүріп-ақ еңбек-ке араласқаныңнан, Еуропа Одағы-ның кеңсесінде қызмет еткеніңнен ха-бардармыз. Ол қалай болды? Өзің бі-лім алған Вистула университеті де жұ-мысқа шақырып, түрлі ұсыныс жаса-ған секілді. Бұл жөнінде кеңірек ай-тып жіберсең?
– 2015 жылдың 2-семестріне дейін мен білім алған Вистула университеті-нің ректоры әрі Польша Халық Банкінің вице-президенті болған Krzysztof Rybiński (Кжыштов Рыбиньски, қазіргі таңда Алма-тыдағы Жаңа Экономикалық Универси-тетінің (бұрынғы НарХоз) ректоры) – студенттердің теориялық білімін Еуро-паның үздік мекемелерінде қолдануын құптайтын кісі. Жыл сайын үздік сту-денттерді оқитын саласына байланыс-ты түрлі мекемелер мен компаниялар-ға, конференцияларға, практикаға әрі қызметке де шақырып жатады. Соңғы қатысқан конференциям 19-28 шілде аралығында Аустрияның Сальцбург қа-ласында Еуропа Одағының бастамасы-мен жүзеге асқан «GLOPOLINT Salzburg» еді. Конференцияда басты талқылан-ған мәселелер арасында демократия, жаһандану, адам құқықтары әрі саяси жүйелер болды. Аустрия, Германия секілді Еуропаның озық мемлекеттері-нің мамандарымен тәжірибе алмасу елге оралып қызмет еткенде пайдалы болатынына нық сенімдімін.
Жұмысқа шақыртуларға келсек, же-ке өзіме Вистула университетінен және 5-6 халықаралық компаниядан ұсыныс түскен болатын. Алдағы жылдарға қой-ған мақсатың белгілі болғандықтан, шешім қабылдау қиынға соқпайды.
– Магистратураға түсу үшін бірден бірнеше ЖОО-ның грантын жеңіп алыпсың. Ол қандай ЖОО-лар? Қай-сысын таңдадың? Неліктен?
– Иә, рас, Польшада алған білімімді жетілдіру үшін магистратураға тапсыр-ған болатынмын. Таңдауларым арасын-да Назарбаев Университеті, Варшава Университеті және Германияның бір-неше алдыңғы қатарлы университетте-рі болды. Көңілімнен шыққан ЖОО Варшава Университеті болып тұр. Неге десеңіз, бұл университетте Польшаның ғана емес, XX ғасырдың басынан бері қазақ халқының да дарынды, ұлтжан-ды ұл-қыздары оқыған, Польша мен басқа да елдердің ең үздік профессор-лары дәріс береді, әрі магистратура-мен қоса экономика саласында қызмет етуге мүмкіндік жасайды бұл ЖОО.
– Өзің білім алған Польша мемле-кеті, Вистула университеті туралы пі-кірің қандай? Бұл жер саған не берді? Үйренерлік қандай жақсы жақтары бар? Білімді, болашағы бар жастарға бұл жерде қандай жеңілдік, жағдай жасалады? Кеңірек айтып өтсең?
– Вистула университеті Польшаның жаңа буын университеті саналады. Жыл сайын қарқынмен дамып келе жа-тырған университет 7 жыл бұрын Польша рейтингінде 53-орында тұрса, қазіргі таңда үздік төрттікте. Өзім 2012 жылы университетке келгенде қазақ-стандық студенттерге 1 жылдық оқу құны 3500 евро еді, қазір оның бағасы 2500-ге түсті. Вистула университетінде студенттерге сабақ үлгерімінің орташа бағасына, отбасы жағдайына байла-нысты жасалатын жеңілдіктер бар.
Іні-қарындастарыма айтарым: білім алуға ынтасы бар жастарға Польшада және жалпы Еуропада керемет мүмкін-діктер көп. Бастысы – талпыныс, ізденіс және шыдамдылық. Себебі “Оқу – ине-мен құдық қазғандай”. Еуропада үйре-нетін көп нәрсе бар, бірақ солардың арасында ең маңыздысы – Отанды сүю, қадірлеу.
– Арыстанбек, елге келгенде сені Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Ноғаев бірнеше рет қабылдап, әңгімелескен екен. Бұл қалай болды? Құпия болмаса, не туралы сөйлестіңіз-дер? Осы жөнінде кеңірек айтып бер-сең?
– Батыс Қазақстан облысының әкімі Нұрлан Асқарұлы Ноғаев мырзамен кез-десу жылдың 2014 жазында өткен бола-тын. Қазақстанның болашағы жаңа буын – жастардың қолында. Ел ағала-рының талапты жастарды осындай кез-десулермен жігерлендіруі жастарға аса маңызды. Әңгімеміз поляк халқы мен қазақ халқының қарым-қатынасы жай-лы, еліміздегі әр салаға білікті де білім-ді жастар керек екендігі жөнінде өрбі-ді. Нұрлан Асқарұлының өзі де шетел-де оқыған екен. Өмірлік тәжірибесі мол Нұрлан Асқарұлынан көп пайдалы нәрсе үйрендім. Қызықты да жемісті кездесу болды.
– Әңгімеңе көп рахмет! Ойға алған арман-мақсатыңа алқынбай жетуіңе тілекшіміз. Сәттілік тілейміз!

Сұқбаттасқан
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Қаралым саны 1204

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463