Медетқалидің «сұл-тан» атағы көрсетіп тұрғандай, оның шыққан тегі – Шыңғыс ханның ұрпағы, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың туған інісі Бұлқайыр сұлтанның шөбересі. Тарқа-тып айтатын болсақ, Бұлқайырдың ұлы Досалы сұлтанның төрт ұлы болған: Сейдалы, Тұрдалы, Серғали, Мұрзалы. Тұрдалы сұлтаннан тараған жалғыз ұл – осы Медетқали сұлтан [1, С.116.]. Қаракете руына басшылық еткен Досалы сұлтан дүниеден өткенде (1795 жылы), артында ұлдарының ішінен тек Мұрзалы мен Тұрдалы ғана қалған болатын. Ал-ғашында әке орнына Мұрзалы сұлтан ел басқаруды қолға алғанымен, біртін-деп Тұрдалы сұлтан басымдық таныт-қанын байқаймыз. Тұрдалының қара-мағында қаракете руымен қатар шөме-кейдің бір тармағы да болды [2, 1-п.]. 1803 жылғы мәліметте Тұрдалы Досалы-ұлы жалпы саны 2,2 мың түтінді бас-қарғандығы жазылған. Онымен бірге Боздақ есімді старшин болған. Олар жаз күндері Елек өзенінің жоғарғы ағы-сында, Майдан мен Талға шатқалда-рында Ор өзеніне дейінгі алқапта кө-шіп-қонып жүрсе, қыста Красногорск қамалынан Жайық бойымен жоғары қарай Верхноозерск бекінісіне дейін және Елек өзені бойымен Бестамақта қоныс тепті. Қаракетелер Орынбор мен Верхнеозерскіде саудамен айналысқан [3, 181-182-пп.]. Ал Айшуақ ханның ор-нына баласы Жантөре 1805 жылы Кіші жүз ханы болғанда Тұрдалы сұлтан-ның қарамағына жағалбайлы руы сұра-нып, оның төрелігін мойындады [2, 3-6-пп.]. Он екі атадан тұратын жағалбай-лы руы үлкен ел болатын. Жалпы саны 7 000 (жеті мың) отбасыдан құралған бұл ру жазда Қумақ өзені бойында, Қарашатаудың етегінде, Тобыл өзенінің бойында; қыста Верхнеозерск бекінісі-нен жоғары қарай Жайық өзені бойы-мен Верхнеуральскіге дейінгі аралықта көшіп-қонды. Олардың старшындары: Қалубай, Қотырбаш, Бекет, Алшымбай, Бұрамбай және Асау [3, С.182.].
Тұрдалы сұлтан Медетқалиді жаста-йынан ел басқару ісіне үйретіп, өзінің мол тәжірибесімен бөліседі, көмекшісі-не айналдырып, ізбасары ретінде оған көп үміт артады. Сөйтіп, 1807 жылдың қыркүйек айында Тұрдалы жағалбай-лының ақкөз, бескүрет, бозбет, серғо-зы, байғозы тармақтарын басқаруды баласы Медетқалиға тапсырады [4, 264-п.]. Медетқалидің билік ісіне ара-ласудың алғашқы кезеңі Жантөре хан-ның 1805-1809 жылдары билігімен тұс-па-тұс келді.
Жантөре хан өлтірілген 1809 жылы қандай жағдайда екендігі белгісіз, Тұр-далы сұлтан да қайтыс болады. Досалы әулетінің үлкені болып Мырзалы сұл-тан қалады. Тұрдалының жалғыз ұлы Медетқали сұлтан әкесінің орнына жа-ғалбайлы руының тізгінін ұстайды [5,2-п.]. Кейінгі деректерге қарағанда Мырзалы сұлтан да жағалбайлының арасында тұрған. Досалы әулеті енді «қаракете-нің емес, жағалбайлының төресіне ай-налды» деп айтуға болады. Олар ру басқарудың төңірегінде қалып, елдегі тарихи оқиғалардың бақылаушысы бо-лып қана қалмай, оның бел ортасында жүрді.
Жантөре ханның өлімінен кейін пат-ша үкіметі Кіші жүздегі хан сайлауды кешіктіріп, билікті уақытша Хан кеңесі-не жүктегенді жөн көрді [6, 73-бет.]. Алайда Хан кеңесінің төрағасы сұлтан Орман Нұралыұлы қанды оқиғаға қатыс-тылығы анықталып, оның орнына бас-қа сұлтанның кандидатурасы іздесті-рілді. Ол кезде Хан кеңесі деген аты болмаса, оның заседательдері де тарап кеткен еді. Орынбор басшылығы бұл билік құрылымының тамырына қан жү-гіртіп, жандандырғысы келді. Алғашқы-да 1810 жылы 22 сәуірде Орынбор ге-нерал-губернаторы Г. С. Волконский Орманның орнына старшын Үкі Ташпаев-ты ұсынғанмен, артынша көзі тірісінде Жантөре ханның өзі ұсынған Мырзалы (Мырзағали деп жазылған – А. А.) сұлтан-ды лайық деп біледі. Сөйтіп, Мырзалы сұлтан жайлы дереу мәлімет жинасты-рылады [7, С.282-284]. Нәтижесінде оның жасы ұлғайып бара жатқанын ес-керіп, Мырзалыны емес, оның немере інісі, жас та қабілетті сұлтан Медетқали Тұрдалыұлына таңдау түсіп, ол Хан ке-ңесінің жаңа төрағасы болып тағайын-далады. Медетқали сұлтанға жаңа қыз-меті үшін жергілікті орыс әкімшілігі осы-ған дейін Орман сұлтанға төленіп кел-ген 350 сом көлеміндегі жалақыны бел-гілейді [7, С.82.]. Хан кеңесін қалпына келтіру аздап кешіккенімен, Медетқали сұлтан басқарған бұл құрылым Кіші жүз-де халық мойындайтын ең жоғарғы формальды билік болды. Яғни Кіші жүз ханының қызметін уақытша Медетқали сұлтан атқарды деуге келеді. Хан кеңе-сінің өміршеңдігі оның мүшелерін дұ-рыс таңдап, олардың жұмысын ұйым-дастыра алу қабілетіне тікелей байла-нысты. Әрине, төраға мен кеңес мүше-лерінің қазақ даласындағы алатын бе-делі мен маңызы үлкен рөл атқарады. Патша үкіметінің Медетқалиді таңда-ғанда аталған талаптар алғышарт бол-ғанына күмән жоқ. Хан кеңесі төраға-сының лауазымы Медетқали сұлтан-ның мойнына маңызды міндеттерді жүктеді. Сол кезде қазақ даласында қалыптасқан саяси жағдайға байланыс-ты Орынбор басшылығы үшін де, қазақ үшін алға қойған басты міндет – шека-радағы тыныштықты және ішкі тұрақ-тылықты сақтау. Бассыздық шарықтау шыңына жетіп, елдің тыныштығы кет-кен күрделі саяси ахуал Медетқалидің үлесіне тиді. Кіші жүзде бір-біріне қар-сы екі оппозициялық топ күресін жүргі-зіп жатты: бірі марқұм Жантөре хан-ның бауырлары – Айшуақ әулеті болса, екіншісі – Қаратай сұлтан бастаған Нұралы ханның әулеті. Алайда 1810 жылы Қаратай сұлтан жақтастарымен Сырдың бойына ығысып, кей деректер бойынша 1811 жылы Хиуа асып кетеді [6, 74-бет.].
1811 жылы Кіші жүзде екі бірдей хан пайда болады: Ішкі Ордада Бөкей хан тағына көтерілсе, Жайықтың сол жақ бетіндегі қазақтар Серғазыны хан көтереді. Бұл жағдайдан хабардар бол-ған Қаратай сұлтан тез арада елге қай-тып, қайта атқа қонады. 1812 жылы Қаратайдың қол жинап жасаған әре-кеттері нәтиже бермеді. Оған қарсы патша үкіметінің жазалаушы отрядтары шығып, кері шегіндірді [6, 77-79-бб.]. Арқасында Ресей үкіметі бар, төңірегін-де сенімді адамдарды ұйыстыра алған Серғазы хан мен Медетқали сұлтан өз жоспарын одан ары жүзеге асыра бер-ді. Кезінде Айшуақ хан Қаратайды Бай-ұлы рулары бірлестігінің бас сұлтаны қызметінен шеттетуге тырысып, сол ар-қылы оны әлеуметтік тірегінен ажырат-қысы келген болатын [8, C.175]. Әкесі жү-зеге асыра алмаған бұл әдісті Серғазы бірден қолға алған. 1812 жылдың
1-қыркүйегінде Серғазы хан Орынбор генерал-губернаторы Г. С. Волконскийге мынадай өтініш жасайды: «...Әлімұлы мен Байұлы руларының құрметті сұл-тандары, билері, старшиндері және басқа қазақтары олардың ордасында жиі орын алатын әртүрлі істер мен же-ке талап-тілектер қарастыруға және Ре-сей басшылығының қазақ халқының іс-тері бойынша жіберген жарлығын орын-дау үшін олардың бірауыздан келісімі-мен Әлімұлына құрметті сұлтан Мырзағали Досалыұлын, ал Байұлына сұлтан Табылды Шахғазыұлын бас сұл-тан етіп сайлауды менен өтініп сұра-ды...» дей келе, аталған сұлтандарды халықтың өтінішін орындап сұраған ла-уазымға бекітуді сұрайды [9, 1-п.]. Өті-ніш қабыл болып, 1812 жылы 12 қыр-күйекте Орынбор генерал-губернаторы Г. С. Волконскийдің шекаралық комис-сияға жіберген мәліметінде Мырзалы сұлтан Әлімұлына, Табылды сұлтан Байұлына бас сұлтан лауазымдарына жіберілген [9, 7-п.]. Табылды сұлтан – Досалы сұлтанның Хиуадан іздеп кел-ген інісі Шахғазы сұлтанның ұлы [1, С.128.]. Соңғы қызметі Байұлы бірлес-тігінің беріш руына басқарушы болатын [10, С. 178.]. Мұнда Медетқали сұлтан-ның ықпалы болса керек, халық қолда-са, Досалы әулетінің беделін көтеруге ұмтылғандығы байқалады. Бірақ Серғазы хан да, Медетқали да саяси бәсекелесі Қаратайдың мүмкіндіктерін дұрыс ба-ғалай алмаған. 1813 жылы көктемде ол ел аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықтың қолдауына ие болға-ны соншалық, бүкіл Жайық бойы қазақ-тарының Ресейдің отарлық саясатына қарсы толқулары орын алады [6, 80-бет.]. Қаратайдың іс-әрекетін отарлық билік-ке қарсы күрес деп сипаттауға болғаны-мен, оның арғы жағында Қаратайдың жеке мүддесі – билікке келу тұрғаны мә-лім екендігін де ескерген жөн. Қаратай сұлтан қарсыластарына өз иеліктерінде отырғанда жеке-жеке соққы беру так-тикасын ұстанады. Медетқали және Мырзалы сұлтандардың өз ұлысын қор-ғауға шамасы келмеді. Мысалы, Қаратай-дың қолдаушылары шекті руының ба-тырлары Көтібар мен Арыстан бастаған қол жағалбайлымен бірге көшкен сұл-тан Жантөре Ералыұлының аулын ша-уып, баласын өлтіріп кетеді [11, 11-п.]. Шабуылдан үрейленген жағалбайлы-ның тағы бір төресі Ақан Ералыұлы жа-нындағы төрт старшинімен бірге Орын-бор генерал-губернаторынан Ішкі бет-ке өтіп, Магнитогорск станицасы маңы-на көшіп-қонуды сұраған. Қаратай сұл-тан Ұртазым мен Таналицк бекіністері аралығында Сандық өзені бойындағы өзіне бағынғысы келмеген жағалбайлы-лардың қонысын шабуылдап, олардың малын айдап әкеткен [6, 80-81-бб.]. Бұл әрекеттің нәтижесінде Серғазы хан аз ғана жақтасымен шетте қалып, барша халық Қаратайды қолдап шыға келеді. Серғазы хан бастаған Айшуақ әулетінің оқшауланып, тығырыққа тірелгенін көр-ген Досалы әулетінің үлкендері Мырзалы мен Медетқали сұлтандар өзара кеңес-кеніне күмән жоқ. Нұралы, Есім, Жантөре хандардың тағдыры Серғазының да ба-сына тууы мүмкін екендігін олар естен шығармады. Өзімен жиі байланысқа шығып отырған Орынбор басшылығы-ның да көңілкүйін Медетқали өте жақ-сы білетін. Ақылдаса келе, олар келесі-дей шешімге тоқтады: Орынбор басшы-лығымен байланыста отырып, көтері-лісшілерді астыртын ұйымдастырып, қолдап отыру әдісі. Медетқали өз қыз-метін атқара беріп, Мырзалы сұлтан Қаратайдың жанынан табылғанды жөн көрді. Қай жақ жеңіске жетсе де, бірін-бірі құтқарып алатынына сенді десек болар. Оған келесі оқиға дәлел бола алады. 1814 жылы Орынбор генерал-губернаторы Г. С. Волконский Қаратай-мен келісімге келуді дұрыс көріп, 1-14 қазан аралығында Орынборда кездесу өтеді. Қаратай сұлтан бастап келген жалпы саны 78 адамнан құралған де-легация құрамында Қаратай мен оның балаларының есімдерінен кейін Мырзалы сұлтанның аты-жөні жазылған [6, 84-85-бб.]. Бұл Мырзалы сұлтанның Қаратай алдында абыройлы әрі құрметті болға-нын білдіреді. Әлімұлы бірлестігінің «бас сұлтан» атағынан да Мырзалыны ешкім алып тастаған жоқ еді. Мүмкін бұл дәрежесі де ескерілген шығар. Осы келіссөзден кейін Қаратай сұлтан елде-гі тыныштықты орнатуға әрекет жасайды.
1815-1816 жылдары ішкі тәртіпсіздік күшейіп, елдің берекесі кетеді. 1815 жы-лы көктемде елде бассыздық белең алып, шектінің Көтібар батыры баста-ған қол Медетқали сұлтанға қарайтын ауылдарды шабады. Олар 5 бес адам-ды өлтіріп, он адамды жарақаттап, 40 түтінді тонайды. Өздерімен бірге 300 бас түйе, 561 бас жылқы, 240 бас сиыр-ды айдап әкетеді. Сол 1815 жылы Сыр бойындағы Қайып ханның әулетінде Әбілғазы хан өліп, орнына баласы Арынғазы таққа отырады. Ол шектілер мен жақайымдарға тірек артты. Хан сайлау рәсіміне жағалбайлылар да қатысты [12, 64-65-бб.].
1817 жылы тамыздың 29-ы күні Серғазы хан, Арынғазы мен Қаратай сұлтандар бастаған басқа да қазақтың беделді әрі танымал адамдары Шека-ралық комиссияның төрағасы генерал-майор Веселицкийдің араласуымен ұйымдастырылған кездесуде өзара жауласуды қойып, достық қарым-қа-тынас орнатуға келісім жасайды [13. С.321-322]. Бұл айтулы кездесуге бар-лық белді сұлтандармен қатар, Медет-қали да болды. Аққали Ахмет өзінің «Қаратай хан» еңбегінде кездесу қар-саңында 28 тамыз күні Серғазы хан мен барлық сұлтандар бірауыздан губерна-тор П. К. Эссенге Байұлы мен Әлімұлы бірлестігіне Қаратайды бас сұлтан етіп тағайындауға өтініш білдірген. Кейіні-рек Қаратай Байұлы руына басқарушы болып бекітілген [6, 100-102-бб.]. Бірақ зерттеуші Ұ. Ахметова Қаратайды тек Байұлы руларына басшылыққа ұсын-ғандығы туралы жазады [12, 80-бет.]. Бұл еңбектен түсінетініміз, Мырзалы сұлтан мен Табылды сұлтан өздерінің бас сұлтандық атақтарынан бас тартып, Қаратайға ұсынуға дайын болған болып шығады. Тіпті осы оқиғамен бір уақыт-та 1817 жылы тамызда Орынбор бас-шылығы Медетқали сұлтанның орнына Хан кеңесінің төрағасы етіп Арынғазы сұлтанды тағайындағанда Медетқали оған қарсыласпаған [13, С.333]. Ал бұл Досалы үйінің өкілдері елдің бірлігін қалап, Арынғазыны да, Қаратайды да қолдағанын білдіреді. Патша үкіметінің Арынғазыны мұндай қызметке таға-йындауының өзіндік сыры болды. Арынғазы ханның күннен-күнге өсіп ке-ле жатқан беделінен қауіптеніп, оның әрекеттерін қадағалап отыру үшін ше-караға жақын көшіп жүргенін қалады. Бір қызығы, Хан Кеңесінің ережесіне сай Хан Ордасында тұруы тиіс Арынғазы шекарадан алыс жерде баяғыдай өз қонысында көшіп жүрді [12, 85-бет.]. Оның бұл әрекетіне Орынбор басшы-лығы көз жұма қарап, оның беделін өз мақсатында пайдалануды көздеді. Серғазы хан Медетқалидың орнына Арынғазының келгеніне қарсылық біл-діргенімен, Арынғазы мен Досалы үйі-нің бір-бірімен қарым-қатынасы жақсы болады. Медетқали сұлтан жағалбай-лы руының басқарушысы да, оның аға-сы Мырзалы сұлтан оның көмекшісі болып, Жетіру бірлестігінің бір үлкен еліне төрелігін жалғастыра береді [5, 15-п.].
Медетқали жағалбайлы руын басқа-руға кірісе салысымен-ақ мәселелерді шешуде кедергілерге тап болады. 1817 жылдың қыркүйек айында 6-Кантон башқұрттарының бұрын әртүрлі уақыт-та айдалып әкетілген малдарын қазақ-тардан өндіріп алу мәселесі тұрады. Мал жоқтаушы башқұрттар Медетқалидың Ордасына келіп жетеді. Медетқали сұл-тан жанына туыстары – сұлтан Абдолла Сейдалыұлы мен сұлтан Рысжан Әбіл-ғазыұлы бастаған бір топ адамды алып, жолға шығады. Топ ішінде Медетқали-дың хатшысы (письмоводителі) Харун Абдрахман Рахманкулов, старшын Сютай Исентаев және Бучубай би бастаған та-ғы бірнеше адам болды. Олар жағал-байлының башкурек, ақкөзі, құтманай тармақтарының ауылдарына барып, ұрлыққа қатысқан қазақтар: Малқара, Абай, Букенбай, Керун, Сұлтанбай, Шорман, Төлен, Кутлук, Дауіт, Қазығұл, Өгізбай және тағы бірнеше адамның айтқан сылтауына қарамастан, башқұрт-тың төрт бас жылқысын тартып алып, егелеріне қайтарады. Одан кейін қазан айында қайта келіп, сол қазақтардан 37 (отыз жеті) бас жылқыны өндіріп алып жатқан жерінен шектілердің сұлтаны Серғазы Қайыпұлы келіп кедергі жа-сайды. Ол жылқыларды бергізбей, өзі-не қалдырып, башқұрттарды қорқытып, қуып жібереді де, сұлтандарға мұндай мәселелерді шешу тек оның өзінен басқа сұлтандарға рұқсат етілмейтінін айтқан. Медетқали жағалбайлының бас сұлтаны бола тұра, мәселені шешуде Серғазымен тіл табыса алмаған. «Сер-ғазының әркетіне қандай шара қолда-нуды ұсынасыз» деп Медетқали сұлтан қазан айының 27-і күні Орынбор әскери губернаторы П. К. Эссенге хат жазған [14, 5-5 об-п.]. Бұл оқиғада жағалбай-лылар Медетқалидың шешіміне риза болмай, оның келе жатқанын естіп, жа-қын жерде көшіп жүрген шектінің төре-сі Серғазыдан көмек сұраған сияқты. Медетқалидың тобы ешнәрсе істей ал-мағанына қарағанда, Серғазы сұлтан аз адаммен келмеген. Сонымен қатар шектімен іргелес көшкен жағалбайлы-лардың бұл ауылдарына көптен бері келмеген Медетқалидан гөрі жақын маң-да көшкен шектінің сұлтаны Серғазы-ның ықпалы болғанын аңғарамыз. Серғазы сұлтан бұл мәселеде үнемі Медетқалиды емес, Мырзалы сұлтанды көріп үйреніп қалған да еді. Біразға де-йін ұлысын араламаған Медетқалидың мұнда беделі де түсіп қалған сияқты. Дәл осы және кейінгі жылдардағы оқи-ғалардан Мырзалы сұлтанның есімі кездеспейді. Меніңше, 1817 жылы күз-де Мырзалы қарттығына байланысты ел басқару ісінен шет қалған немесе қайтыс болған. Медетқалидың жанында көмекші ретінде Абдолла мен Рысжан-ның жүруі осыны дәлелдейді. Жағал-байлының ішіндегі мәселелерді шешу-де туындаған қиындықтар Серғазы хан-ның құлағына тез жетеді. 1818 жылы ақпанның басында Серғазы хан баласы Ешқазы сұлтанды Медетқалидың орда-сына арнайы тапсырмамен жібереді. Онда жағалбайлының бүкіл би, стар-шындары қатарлы басқа да құрметті азаматтарға ханның жарлығын жеткізе-ді. Жарлықта жағалбайлының барлық әртүрлі шендегі игі-жақсылары бірігіп, ру ішіндегі дауларды шешу тапсырыл-ған. Соған сәйкес Медетқали сұлтан Ешқазыны бірге ертіп, линия бойында-ғы халықпен кездесіп, далалы жердегі ауылдарды да аралап, біраз мәселе шешіледі. 6-Кантон башқұрттарының да дауласып жүрген малдарын кінәлі қазақтардан өндіріп береді [14, 6-п.]. Жағалбайлының ішкі тәртібі біршама ретке келген соң Медетқали беделін қайта қалпына келтіру үшін қажымай жұмыстанады. Айтарлықтай тындыр-ған ісі 1818 жылдың аяғында линия бойындағы Ресей тұрғындары мен башқұрттардың бұрын-соңды ұрланған малдарын ірі көлемде өндіре алғанды-ғы болды. Атап айтсақ: 634 бас жылқы, 21 бас сиыр, 958 бас қой және ақшалай 153 рубль 50 копеек қайтарыпты. Негі-зі, жалпы 856 бас жылқы қайтару керек болған екен. Малын жоқтаушылар тү-гел қанағаттанған. Сөйтіп, 1819 жылы Медетқали сұлтан елдегі дауларды әділ шеше алғандығы мен қол астындағы-ларды тыныштықта ұстай алғандығы үшін марапатқа лайық деп танылған. Нәтижесінде Медетқали сұлтан 1819 жылы 15 сәуірде Аннинск лентасына тағылған алтын медальға ие болды. Орынбор әскери-губернаторы
П. К. Эссен Медетқалиға көп көмектес-кен туыстары сұлтан Абдолла Сейдал-ұлы мен сұлтан Рысжан Әбілғазыұлын және старшын Сютай Исентаевты мақ-тау қағаздарымен марапаттайды [14, 51-92-пп]. 1819 жылы Серғазы ханның ел алдында беделі құлдырап, 27 шіл-деде халық оның орнына Кіші жүз ханы етіп Арынғазыны бекітуді Орынбор әс-кери-губернаторы П. К. Эссен арқылы император Александрдан сұрайды. Қол қойғандар тізімінде жағалбайлының сұлтандары: Жантөре Ералыұлы, Данияр Ғұбайдоллаұлы, Әбілғазы Пірәліұлы, Мекебай Әбілғазизұлы, Ескендір Қазыұлы бар [13, С.322-323]. Көріп отырғанымыздай, Медетқали мен оның ең жақын туыстары жоқ. Бұл Медетқалидың «Арынғазы ханға қарсы болды» дегенін білдірмейді. Медетқали сұлтан онсыз да қиын жағдайда қалған Серғазы ханның көңіліне дақ түсіргісі келмеді. Керек болса, «туыстықтың туын жыққысы келмеді» деп айту ке-рек. Отанды құрметтеу жақын туы-сыңды құрметтеуден, қорғаудан баста-латынындай, Серғазы хан – Медетқали сұлтанға жай туыс емес, туған қайын атасы, үйдегі жары – Жанбөбек ханым-ның әкесі [15, 494-497 об-пп.].
Медетқали сұлтан туған қайын ата-сын «әкесіндей қадірледі» деп түсіну қажет. Патша үкіметі Арынғазыны Кіші жүздің ханы қылмады. Бірақ дәл сол уақытта Серғазы хан қажылыққа сұра-нып кетіп, оның міндеттерін Хан Кеңе-сінің төрағасы Арынғазы сұлтан 1819 жылдың 9 желтоқсанынан 1820 жыл-дың 8 шілдесі аралығына дейін атқар-ды [6, 108-б]. Бұл кезде Арынғазы мен Медетқали арасы бұрыннан да жақын болып, бір-біріне түсінушілікпен қара-ған сыңайлы. Оның дәлелі – Арынғазы сұлтанның 1820 жылдың 1 сәуіріндегі Орынбор әскери-губернаторы П. К. Эс-сенге жазған хаты. Ондағы мәліметте Арынғазы сұлтан Медетқали мен оның бауыры Абдолла Сейдалыұлына оң ба-ға береді. Медетқалиды ерекше мақ-тап, өзінің орнына Хан Кеңесінің төра-ғасы қызметіне тағайындауға ұсыныс жасайды [16, 1-4-пп].
Арынғазы сұлтанның елдегі беделі-нен қауіптенген Патша үкіметі оны Пе-терборға шақыртады. 1821 жылы 9 шіл-де күні аттанған Арынғазы сұлтанның елшілігі астанада біраз кідіріп, 1822 жылы елшілері кері жіберілгенімен, сұлтан сол кеткеннен қайтып оралмай-ды [17, 141-бет]. Аққали Ахметтің жа-зуынша, Арынғазы Петерборға кеткен-де оның орнына Хан Кеңесінің төраға-сы болып сұлтан Елтай Нұралыұлы қал-ған. Серғазы хан оның кандидатурасын қолдамайды [6, 114-бет]. Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы
В. Ф. Тимовскийдің 1821 жылдың
29-мамырындағы мәліметіне сүйенсек, Арынғазы кеткен соң Хан Кеңесінен қауқар кетіп, өміршеңдігі шамалы болған [13, С. 369]. Арынғазының қай-тарылмай қоюына байланысты Кіші жүзде наразылық әрекеттер жүре бас-тайды. Наразылықты ұйымдастырушы-лардың бір легі Арынғазының жанында елшілік құрамында болып, елге қайтқан молда Қаражігіт Бектауұлы, қожа Шүкәрілі Әлмұхаммедұлы, старшын Бармақ Пулпачев. Соңғысы Медетқали сұлтанға қараған жағалбайлы руының біліс тармағынан болатын [17, 141-142-бб]. Олар Арынғазы ханды босатпайын-ша халықты Ресейге тұтқындар мен айдап әкетілген жылқыны қайтармауға үгіттеді. Қазақтың ішінде де өзара қыр-қысып, тыныштық шырқы бұзылды. 1822 жылы күзде жағалбайлылардың бай-бақтыдан айдап әкеткен жылқысын қай-тарып бермек болып сұлтандар Жүсіп Нұралыұлы, Медетқали Тұрдалыұлы, Мендияр Әбілғазыұлы әрекеттенеді. Бірақ араға Бармақ старшын түсіп, ха-лықты жинап үгіттеп, Арынғазы сұлтан келмейінше малды қайтармауға көн-дірген. Олар рубасыларын тыңдағасы келмей, жазадан құтылу үшін линия-дан алысырақ далаға қарай көшіп ке-теді [13, С. 414-415]. Әйткенмен де осы сәттен бастап Бармақ бидің ықпалы-мен жағалбайлыда толқу басталады. Серғазы хан 1823 жылдың басында министр К. В. Нессельродеге хабарла-ғанда былай дейді: «...қайтып келген-дердің ішінде (Петербордан келгендер – А.А.) Бармақ би ерекше бұзық міне-зімен көзге түседі. Ол өз руластарынан көп адамды бұзды. Олар (жағалбайлы-лар – А. А.) қашанда елдің тыныштығын бәрінен көп бұзатын еді». 1822 жыл-дың күзінде Серғазы ханның ауылына қауіп төнгенде баласы Есқазы сұлтан «әкесін қорғаймын» деп, қақтығыста қазаға ұшырайды [13, С. 427-428]. Қыл-мысқа тағы да жағалбайлы руы қатыс-ты болып шығады. Серғазы хан мен жа-ғалбайлы арасы ушыға түседі. 1823 жы-лы 16 қаңтарда Верхнозерскіден 15 ша-қырым жерде Жайық жағасында хан екі жағалбайлыны өлім жазасына кесіп, талға дарға астыртады [18, 61-п, 74-п.].
Сырт көзге Медетқали жағалбайлы-ның бас сұлтаны бола отырып, қоластын-дағыларды тыныштандыруға шамасы келмеген сияқты. Меніңше, Арынғазы-мен сыйлас болған ол наразылықты іш-тей қолдап, әдейі әрекетсіздік танытқан. Әрине, қайын інісі Есқазы сұлтанның қазасына апаратындай жағдайға дейін ушығады деп ойламаған. Патша үкіме-тінің сенімді шенеунігі ретінде Медетқали сұлтан мемлекеттік қызметте бола тұра, немере бауыры Қыдыр сұлтан арқылы даланың жағдайын біліп, Арынғазы ханның отбасымен де байланыста бо-лады. Мысалы, 1821 жылы 27 қараша-да Арынғазы ханның немере бауыры сұлтан Әбілпейіз Жолбарысұлы мен Арынғазының бәйбішесі Жақсы ханым Орынбор әскери-губернаторы П. К. Эс-сенге хат жазып, онда 20 жылқыны ай-дап әкеткен ұрылардың соңынан түсіп, қайтарып берген Қыдыр сұлтанды ма-рапаттауға ұсынады. Бірақ ешқандай ұрлықтың болмағаны анықталып, оны марапаттау негізсіз деп танылған [19, 1-6-пп]. Ал 1823 жылы 17 наурызда Серғазы хан Орынбор әскери-губерна-торы П. К. Эссенге хабар жеткізеді. Он-дағы мәлімет бойынша, Медетқали сұлтан Қыдыр сұлтанды далалық жер-дегі қыстақта отырған залым ниетті жа-ғалбайлының тармақтарына жіберіп, ондағы ұрылар мен залымдарға хабар-лама жеткізуді бұйырған. Ал Қыдыр сұл-тан олай жасаудың орнына Арынғазы сұлтанның ауылына ат басын бұрып, он-дағы Жақсы ханыммен ақылдасып, жо-ғарыда аталған «ұры» деп отырған жағал-байлылармен сөйлесіп, олардың атқа қонып, табын мен тама руларының қо-нысына қарсы аттануға көндірген. Сөй-тіп, 1500-ге жуық жағалбайлы жігіттері Ново-Илецк линиясының түбінде қыс-тап отырған табын мен тама ауылдары-на шабуыл жасап, түпкілікті күйзеліске ұшыратқан. Олардың 500 жігіті Серғазы ханның өміріне, мал-мүлкіне, имение-сіне қауіп төндірген. Серғазы хан «...Ол ұрылар осындай зұлым пиғылмен ма-ған қарай жылжып келеді» деп үрейле-ніп, губернатордан Қыдыр сұлтан мен Жақсы ханымға қарсы шара қолдануды өтінеді [20, 1-2-пп]. П. К. Эссен бұл істі қарастыруды Орынбор Шекаралық ко-миссиясына жүктейді [18, 198-п]. Бұл оқиғадан аталған табын мен тама ауыл-дары Серғазы ханға қараған ел екенін байқаймыз. Ал Серғазы – Арынғазы ханның тұтқындалуына бірден-бір се-бепкер болған адам. Жақсы ханым хан-нан күйеуінің кегін алғысы келіп, қолай-лы сәтті жібергісі келмегендей. Деген-мен оған дейін-ақ табын мен тамалар-да кеткен есесі де болуы мүмкін. Медетқалидың бұл іске қатыстылығына тағы бір дәлел айтуға болады. Медетқали-дың бауырынан бөлек оның жанында жүрген ең жақын старшыны Сютей мен бауыры Яматар Исентаев табын мен та-маны шабуға барған жағалбайлыларды атпен, киіммен және азық-түлікпен қам-тамасыз еткен екен [18, 318-п]. 1823 жылдың 21 сәуірінде Серғазы хан Орын-бор Шекаралық комиссияның төрағасы С. И. Траскинге ханның ұлы Есқазы өл-геннен соң әбден күрделеніп кеткен жағалбайлы мәселесін шешуде Медетқали сұлтанның саусағын да қи-мылдатпағанын хабарлайды. Онда жа-ғалбайлының құрметті азаматтарын жинап алып, олармен руындағы зиян келтірушілерін жөнге салу мен елін ты-ныштандырудың жолын іздестіріп, со-сын билермен бірге ханға келуді тапсы-рып бірнеше хат жазса да, Медетқали оның біреуін де орындамағаны айты-лады. Одан кейінгі орын алған Медет-қалидың немере ағасы Қыдыр сұлтан-ның біз айтып өткен әрекеттері сынға алынады. Ішкі жаққа өткен «залым» қазақтардың Ресей тұрғындарына ша-буылдап келтірген шығындарын өтеу, кінәлілерді ұстап беру Медетқалиға жүктелгенімен, оны орындамаған. Серғазы хан хатында Медетқалиды «...сонымен бірге далада кезіп жүріп ме-нің өміріме қауіп төндірген зұлым қа-зақтар Қаржас пен Түйтені комендант-тармен келісіп, тұтқыннан босаттырып жіберді...» деп кінәлайды. Осыған бай-ланысты Серғазы хан Медетқалиды әл-сіз басқарушы деп танып, оны қызметі-нен шеттетіп, орнына басқа сұлтанды тапқанша қалаған жерінде көшіп жү-руіне рұқсат берген [21, 14-15-пп]. Де-генмен 1823 жылы наурызда жағал-байлының игі жақсылары жиналып, Медетқалиға келіп, өздерін баяғыша басқаруын сұрайды. Олар оған мүлтік-сіз бағынуға, бұзақыларын ұстап беру-ге, елде тыныштықты қалпына келтіру-ді бірігіп жүзеге асыруға сөз берген. Бі-рақ Серғазы хан оған келісімін бермей-ді. Хан оның себебін Кіші жүз қазақта-рына бекітілген пристав Горихвостовқа басқаша түсіндірген. Ол Медетқалидың өзінен күшейіп кетіп, Басшылықтың барлық тапсырмаларын ханды айна-лып өтіп, тікелей өзі орындауы мүмкін екендігін, нәтижесінде хан билігінің тіпті әлсіреп кетуінен қауіптенетінін айтқан екен [21, 3-4-пп]. Медетқали сұлтан пристав Горихвостовтың көмегі-мен Шекаралық комиссия басшылығы-ның, тіпті Орынбор әскери-губернато-ры П. К. Эссеннің жасырын қолдауына ие болған соң ханның қарсылығына қарамастан, далаға қарай жүріп кетеді [21, 1-13-пп]. Медетқали сұлтан 1823 жылы 25 сәуір күні Бас Басшылықтың рұқсатымен линиядан 8 шақырым жер-дегі Қарғалы өзені бойында Ордадағы ауыр жағдайдың мәселелерін қарас-тыруға жағалбайлының 20 ауылынан беделді деген 50-ге жуық азаматын ша-қыртып, Құрылтай ұйымдастырады. Ер-тесіне, 26 сәуірде таңсәріде ол жерге олардың ауылдарына табын мен тама-ның қарулы 300 жігіті шабуыл жасап, қырғынға ұшыратады. Қарақшылар 400 бас жылқы, 200 бас түйе, 1000 бас қой-ларын айдап әкетеді [18, 267-267об-пп]. Бұл кеше шабылған табын мен та-маның қарымта шабуылы екені анық. Әйтсе де, дәл жиналыс болатын күні жиналған адамдардың үстінен түсуі қасақана ұйымдастырылған әрекет екені нақты көрінеді. Бұл актінің мақ-сатын кек алу ғана емес, жағалбайлы-ның бейбіт келісімге келуіне жол бер-меу деп ұғыну керек сияқты. Ең бірінші күдік ұялататын адам – Медетқалидың жағалбайлыға басқарушы болғанына үзілді-кесілді қарсы шыққан Серғазы хан. Себебі дәл жиналыс болатын кү-нінен де, өтетін орнынан да хабардар сол Серғазы. Табын мен тама – Серғазы ханның қоластындағы халқы. Оқиға-ның қалай аяқталғаны бізге беймәлім болғанымен, Медетқали саяси арена-да Патша үкіметі мен қазақтар алдын-да жаңаша сенімге ие болды. 1823 жыл-дың қараша айында Орынборда қазақ ісін қарастырып, тыныштық орнату мақ-сатында Серғазы ханның төрағалығы-мен арнайы Комиссия құрылады. Ко-миссия құрамында екі сұлтан: сұлтан Темір Ералыұлынан соң Медетқали Тұрдалыұлының есімі жазылған [13, С. 427-428]. Биліктің бұл жаңа құрылымы нәтижелі жұмысқа қол жеткізді деп ай-туға келмейді. Себебі одан бір жыл ал-дын басталып кеткен Жоламан Тіленші-ұлы басқарған табындардың ұлт-азат-тық көтерілісі жаңа қарқынмен үдей түсті.
Патшалы Ресейдің қазақ елін отар-лау саясатындағы ішінара бір-біріне ай-дап салу, қарсы қою әдістері жоспарлы түрде іске асып, нәтижесінде ханның қара халықтан алшақтап, әбден беделі түсті. Осы сәтті ұтымды пайдаланып, қазақтың дәстүрлі хандық басқару жү-йесін жойып, орнына Ресейдің ішкі бас-қару жүйесін ендіру батыл қолға алын-ды. Алдымен 1822 жылы «Сібір қазақ-тары туралы Жарғысы» бойынша Орта жүздегі хандық жойылып, орнына ок-ругтерге бөліп басқару ендірілді. Сосын 1824 жылы Кіші жүздегі Бөкей Ордасын сол күйі қалдырып, қалған күллі дала-лы аумақты үш бөлікке бөліп, олардың басына билеуші сұлтандарды тағайын-дады. Сөйтіп, 1824 жылдың 1 тамы-зында Орынбор қаласы маңында бол-ған жиында Батыс бөлікке сұлтан Қаратай Нұралыұлы, Орта бөлікке сұл-тан Темір Ералыұлы, Шығыс бөлікке сұлтан Жұма Құдаймендеұлы билеуші аға сұлтандар болып бекітілді. Басқа-рудың жаңа жүйесінен Серғазы хан бастаған Айшуақ ханның әулеті шет қалғанымен, Досалы сұлтан үйінен сұл-тан Медетқали өз орнын таба білді. Би-леуші сұлтандардың өтінішімен Қара-тай сұлтанға немере інісі, сұлтан Шың-ғали Орманұлы, Жұма сұлтанға туған інісі Жаншуақ сұлтан, ал Темір сұлтанға Медетқали сұлтан көмекші болып таға-йындалды [6, 126-129-бб]. Орта Бөлік билеушісі Темір сұлтанның көмекшісі қызметінде Медетқали басшылықтың назарына ілігіп, 1825 жылы ол Темір сұлтанның орнына Орта Бөлік қазақта-рының билеуші сұлтаны қызметіне жо-ғарылайды [22, 19-п.].
Бірақ Орынбор басшылығы 1827 жылы қаңтар айында Медетқали сұл-тан әдеттегі кезекті іссапарымен дала-ға шығып кеткен тұста, 1 ақпан күні Ор-та Бөлік қазақтарының билеуші сұлта-ны қызметінен босатады. Орнына сұл-тан Мәті Мұқаметқалиұлы (Нұралы хан-ның немересі – А. А.) билеуші болып тағайындалады [22, 100-101 обор-пп.]. Архив құжаттарынан Медет сұлтанның ел басқаруда туындаған мәселелерді күш қолданбай, бейбіт келісіммен ше-шуді алға тартқанын байқай аламыз. Сондықтан да толқыған халықты түбе-гейлі бағынышты ұстау қиынға соқты. Ал бұл «өз кезегінде Ресей үкіметі ал-дында оған жүктелген міндетті орын-дай алмағандық» деп бағаланса керек, оның қызметтен босату себебін Орын-бор басшылығы «әрекетсіздіктен» деп тапқан [23, C.25]. Бұдан кейінгі жылда-ры Медетқали ру басқару ісінде де көз-ге түсе қоймайды. Ал жағалбайлы елі Ресей отаршылдығына қарсы бас көте-ріп, Ресейге қызмет еткен сұлтандар мен би-старшындардың ауылдарын шапқанда 1831 жылы 5 маусым күні Медет ауылын ойрандап, оның өзі мен әйелін өлтіріп, мал-мүлкін тонап әкете-ді [15, 18-19-пп.].
Ресей отаршылдық саясатына қарсы ұлт-азаттық толқуды іштей қолдап, оған кедергі жасамай, «Ресей үкіметі алдын-да да өз қызметін абыроймен атқарып шығамын» деген екіұшты саясатты ұс-танған Медетқали осылайша қапыда қазаға ұшырайды. Оның бүкіл өмір жо-лын бақылай келе, біз оны Ресей үкіме-тіне қызмет еткен шенеунігі болғаны-мен, өз халқына қарсы қолшоқпар бо-лудан бас тартқан сұлтан екендігіне көз жеткізе аламыз. Халықтың құрметіне ие болған Арынғазы ханның өзі Хан кеңе-сінің төрағасы қызметіне Медетқалиды ұсынуы тегін емес-ті...
Медетқали сұлтанның бір әйелі өзі-мен бірге өлтірілсе, тірі қалған әйелі Жанбөбек – Кіші жүз ханы Серғазының қызы. Артында қалған үлкен қызы – Сары, ұлы – Сүйіншәлі сұлтан [15, 497-п.]. Құжаттардан Медетқалидың есімі аталмаған тағы бір қызы болғанын бі-леміз [15, 18-п.].
Медетқали сұлтанның ұлы Сүйіншәлі сұлтан өз уақтысында ел басқару ісіне араласып, биік дәрежеден көріне ал-ды. Немерелері Сейдахмет пен Сейт-мұхаммед сұлтандар Орынбор ерлер гимназиясында оқып, кейін Қазан Уни-верситетінде білімін жалғастырды. Қа-зіргі таңда Медетқалидің ұрпағы Ақтан Сүйіншәлин – шоу-бизнес саласына «SUPER STAR.KZ» жобасын алғашқы бо-лып Қазақстанға әкелсе, оның қызы Бибігүл Сүйіншәлина – Қазақстан мен Ресей кино саласында бірқатар көркем фильмдердің басты рөлдерін сомдап жүрген жас жұлдыз.
Түйін сөздер: Хан кеңесі, Орта Бөлік, жағалбайлы, қаракете, көтеріліс, пристав.
РЕЗЮМЕ
Данная статья раскрывает жизнь и деятельность султана Медетгалия, игравшего немаловажную роль в политической арене Младшего Жуза в первой половине XIX века.
* * *
The article discovers the life and activity of Medetgaly sultan, who played an important role in political power of Yung Jhuz on the 1-st part of XIХ century.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ерофеева И. В. «Родословные казахских ханов и кожа XVIII-XIXвв». – Алматы: ТОО «Print-S», 2003. – 178 стр
2. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 236/а-іс.
3. «Из историй Казахов», құрастырған С.Ешмұхамедов, С.Жекеев. Алматы: «Жалын» баспасы, 1999. – 528 бет.
4. ҚР ОММ 4-қор, 1-тізбе, 212-іс.
5. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 1783/а -іс.
6. Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2007. – 176 бет.
7. Касымбаев Ж. К. Государственные деятели казахских ханств в ХVIII – первой четверти XIX вв. Хан Жантөре (1759-1809) – Т.3. Алматы: «Білім», 2001. – 364 стр.
8. Касымбаев Ж. Государственные дея-тели казахских ханств в ХVIII – первой чет-верти XIX в. Хан Айшуак (1719-1810) – Т.2. Алматы: «Жеті жарғы», 2001. – 254 стр.
9. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 899-іс.
10. КРО-2. Казахско-русские отношения в XVIII-XIX веках (1771–1867 годы) (Сборник документов и материалов), Издательство «Наука». Алма-Ата 1964.
11. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 1026-іс.
12. Ахметова Ұ. Арынғазы хан (1786-1833) (жоғары оқу орындарының студент-теріне арналған оқу құралы). – Ақтөбе: «А-Полиграфия» ЖШС, 2004. – 168 бет.
13. Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.) – Т.IV. Издательство Академии Наук СССР. Москва. Ленинград. 1940.
14. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 1763-іс.
15. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 3732-іс.
16. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 2199-іс.
17. Мұқтар Ә. Тарих тұңғиығындағы тұлғалар (XVIII-XIX ғғ.). Ғылыми мақалалар жинағы. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2008. – 240 бет.
18. ҚР ОММ 4-қор, 1-тізбе, 1803-іс.
19. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 2592-іс.
20. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 3023-іс.
21. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 3089-іс.
22. РФ ОрОММ 6-қор, 10-тізбе, 3245/1-іс.
23. Абдрахманова Б. М. История Казахстана: власть, система управления, территориальное устройство в ХІХ веке. – Караганда: типография «Гласир», 2010 – 380 стр.