Жалпақтал өңірі, қасиетті Қараөзен мен Сарыөзеннің арасы – талай-талай тарихтың куәсі. Есте жоқ ерте заманды айтпағанның өзінде бұл жерде Алтын Орданың шулы шаһарлары шаруасын шалқытқан. Бұл далаға жорық жыршылары – Қазтуған мен Доспамбеттің тұлпарларының тұяғы тиген. Еділбай қойы мен қазақ жылқысы осы жерден жалпақ жұртқа таралған. Бұл жерде кеудесі басылмаған, намысын жатқа бермейтін қазақтар тұрады. Жайсаң ағамыздың кітабы осынау қасиетті өңірдің кешегісі мен бүгінгісі, тарихы мен тағдыры, тұлғалары мен елеулі оқиғаларына арналған.
- «Жалпақтал» кітабы – гуманитарлық ілім саласына қосылған жаңаша туынды, тек тарихи ғана емес, елтану, ғылыми-танымдық сипаты бар, жастарға оқу-әдістемелік қосымша құрал ретінде де пайдалануға болатын, іс-тәжірибелік мәнділігі бар құнды еңбек деп бағалауға болады, - дейді Абылай хан атындағы Қазақ Халықаралық қатынастар және әлем тілдер университетінің профессоры, экономика ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Меңдеш Исқалиев.
«Жалпақтал» кітабын Орал қаласында тұратын автордың өзінен сатып алам деушілер болса, 87056619460 телефонына хабарласуға болады.