«Басқақтар»

Белгілі орыс суретшісі Сергей Васильевич Ивановтың (1864-1910) соңғы жұмыстарының бірі. 1909 жылы салынған. Бүгінде РФ астанасы Мәскеу қаласының тарихы музейінде сақтаулы тұр.

Басқақ (түркі тілінен) — Алтын Орда хандарының өзі жаулап алған аймақтан алым-салық жинайтын өкілі. Бұл атаудың түбірі ғалымдар И. Н. Берёзин және П. Пеллионың пікірінше, «бас» етістігінен (1. «ба-сып алу»; 2. «мөр басу») шыққан делінеді. Бұхара басқақтары туралы еңбек жазған Джувейнинің пікірін алға тартқан ғалым А. А. Семёнов «басқақ» атауы «қорғаушы», «қамқоршы», «хан шабарманы» деген мағына беретінін айтады.
Орыс деректерінде «басқақ» ұғымы 1250-1260 жылдары пайда болған. Әрбір орыс кінәздығында бір-бір басқақ тағайындалған. Ең үлкен дәрежелі «Ұлы басқақтың» резиденциясы Владимир қаласында болыпты. Басқақтар XIII-XIV ғасырларда жергілікті билікті қадағалап, Алтын Орда хандарына тиісті са-лықтың уақтылы жиналуына жауапты болған. Сондай-ақ басып алынған жердегі халық санағын жүргізіп отырған. Басқақтардың қарауында қарулы жасақтар болғаны да түсінікті.
Жоғарыдағы суретте қарапайым орыс шаруаларының бағынышты күйде басын иіп, алаңға жайыл-ған алаша үстіне бағалы заттарды – алтын-күміс, шыны ыдыс, ақша секілді құнды нәрселерін әкеліп жатқаны бейнеленген. Дәл ортада, қаратөбел тұлпардың үстінде айыр қалпақ пен шапан киіп, қасқайып отырған басқақтың түр-тұлғасы да, киім киісі де бізге өте таныс, көзімізге жылы ұшырайды. Қазақ хан-дығының 550 жылдығы қарсаңында «DANAkaz» журналының оқырмандарына орыс суретшісі салған осы көне картинаны ұсынып отырмыз.

Қаралым саны 4470

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463