Соңғы жылдары Иран шахының да Тәукеге жолдаған хаттары табылды. Мұ-ның өзі де қазақ тарихын жаңаша са-ралауға мүмкіндік береді.
Соған қарамастан, Тәуке хан заманы өзіндік қиыншылықтарға толы болды. Ол алдымен қазақтың ұлан-байтақ тер-риториясымен, өзі басқаратын 25 қала-ны сақтау мәселесімен байланысты еді. Ханның шамамен 80 мыңдай әскері болғанымен, елдің батысында қалмақтармен, солтүстігінде казак-орыстар-мен, шығысында жоңғарлармен бол-ған қанды соғыстарда қорғануға тура келді. Осындай бір шайқаста (шамамен XVII ғасырдың 80-ші жылдары) хан ба-ласы тұтқынға түсіп, Тибетке әкетіледі. Кейін Тәуке хан дипломатиялық жолмен баласын қайтарғанымен, оның соңы 1698 жылы жаңа соғысқа ұласады. 40 мың әскерін жіберген Цеван-Рабдан Шу, Талас бойларына соққы жасап, 10 мың-дай адамды тұтқынға әкеткен [2, 134-б]. Тәуке хан қазақ-жоңғар қарым-қатына-сының шиеленіскен жылдары екіжақты келіссөздер жүргізе отыра, елді қорғау мәселелеріне айрықша назар аударады. 1710 жылы Қарақұмдағы Халық ке-ңесінен кейін 50 мыңдай қазақ әскері жоңғарларды талқандағанымен, жаңа шиеленістің әлі алда екенін байқатты. Тәуке хан осы саяси мәселені шешуді кейінгі ізбасарлары Қайып хан пен Әбілқайыр ханға аманаттайды. Олар Ресеймен қарым-қатынасты дамыта отыра, айналасындағы өзге елдермен байланыстарын жалғастырады. Оған қазақ-иран қарым-қатынасы куә бола-ды.
Бұл кезеңде Иран өз тәуелсіздігі үшін ауған және түрік билеушілеріне қарсы күресіп, ІІ Тахмасп шах төңірегіне топ-тасқан-ды. Дәл осы мезгілде оған азат-тық күресте аты шыққан Афшар тайпа-сының Қырқылы руынан тарайтын Нәдір қолбасшы әскерімен қосылып, 1726 жылы түркімендер басып алған Мазандаран қаласын босатты. Сөйтіп, әлем тарихында аты қалған Нәдір тари-хының жаңа өрлеу кезеңі басталады. XVIII ғасырдағы Иран әдебиетінің ірі өкілі Табиб Исфагани Нәдірді түркімен-нің Афшар тайпасының өкілі дей оты-ра, Иранды кеңейтіп, ауған, орыс, түрік-тер тартып алған жерлерін кері қайта-рып, ұлан-байтақ жаңа мекендер қос-қан соңғы билеуші ретінде атап көрсе-теді [3, 8-9-б].
1736 жылы Иран мемлекетінің саяси бірлігі жүзеге асқан тұста ирандықтар Нәдірді «Иранды азат етуші» деп тани-ды. Мұндай жағдайдың Иран билеуші-сі тағына жол ашатынын түсінген ол осы жылы қаңтарда Муган даласындағы әскери лагерінде үлкен құрылтай өт-кізіп, оған барлық әскери, шен-шекпен-ді, діни ақсүйектер, көшпенді тайпалар басшылары мен қалалық старшындарды, ауылнайларды, армяндық – като-ликос Абраам Кретациді шақырады. Барлығы 100 мыңға жуық адам қатыс-қан құрылтайда Нәдір ІІІ Аббас шахтың жастығын еске салып, жаңа шахин-шах-ты сайлауды арнайы мәселе ретінде көтереді. Сонымен араға екі ай салып, 1736 жылы наурызда 4 жасар ІІІ Аббас шахты Хорасанға жіберген Нәдір Иран-ның жаңа шахин-шахы болып сайланады. Міне, осыдан бастап ол басты сая-си бағытын жаулапалушылыққа арнап, 1739 жылдың мамырына дейін Ауған-станды, Индияны біржолата бағындырады. Үнді жорығында Нәдір шах 90 мың әскерімен өзінен бірнеше есе мол 340 мыңдық үнді әскерін талқандап, Азиядағы ең мықты мемлекетті қалып-тастырады. Үндістандағы сұрапыл со-ғысты көзімен көрген Мырза Мехти «Ат тұяғының дүбірінен жер дірілдеп, шаң бағаны көкке жетті; оқтың зуылы, же-бенің сатыр-сұтыры, зеңбіректің күрсілі барлығы мидай араласып кетті; атыс гуілінен күн жерге құлардай; айнала толған жансыз денелер, дұшпанның барлық бас қолбасшылары өлтірілді, ақыры әскер шіміркенді. Нәдір шахтың мерейі үстем болды» деп хабарлайды [4].
1740 жылы маусым айында ол Герат-қа оралып, тамыз айында Иран иелігін-дегі жерлерге бұрын шабуыл жасаған Бұхара билеушісі Әбілпейіз ханға соғыс жариялайды. Бұхара Астрахандықтар әулетінің (кейде Джанидтер әулеті) ас-танасы еді. Оның негізі Астраханнан келген Жәнібек сұлтан кезінен қаланып, 1599 жылы Мәуреннахрда жаңа өзбек әулетінің үстемдігіне әкелген-ді.
Сонымен, Нәдір шахтың әскери қимыл-дарының солтүстікке бағыт алғаны тура-лы хабар қазақтың бас ханы Әбілқайыр-ға келіп жетеді. Жоңғар қонтайшысы Қалден Цереннің 1739 жылдың көкте-міндегі 24 мың, 1739-1740 жылдың қы-сындағы 30-35 мың қолмен, 1740 жыл-дың күзіндегі жаңа шабуылына қарсы күресіп жатқан қазақтар үшін ендігі жағ-дайда тез арада елдің оңтүстік-батысы-на да назар аударып, шешуші қадамдар қабылдауына әкеледі. Оны ескер-гендіктен де, Әбілқайыр хан 1740 жылы 19 тамыз-1 қыркүйек аралығында Орын-борда өткен қазақтың барлық белді тұлғалары (Әбілмәмбет хан, Абылай, Нұралы, Ерәлі сұлтандар, Есет, Табын Бөкенбай батырлар, Жәнібек тархан, Шақшақ Бөгенбай батыр т.б.) қатысқан қазақ-орыс келіссөзіне бармай, ал-дынала Арал теңізіне қарай аттанады. Әбілқайырдың кездесуге қатыспау ту-ралы батыл шешімін үстірт тоң пішуге үйір Ресей тарихшылары ханның жеке басынан іздеп, ішкі алауыздық әсері-нен деген қорытындыға келеді. Бірақ мәселе басқада еді. Кездесу барысында толтырылған хаттамаға назар аудар-сақ, 30 тамыз күні Нұралы, Ерәлі, Есет, Бөкенбайлар Әбілқайыр ханның хатын алып, Орынбор басшыларымен қош-таспастан кетіп қалған. Кейін байқағанымыздай, Нұралы сұлтан және батыр-лар Арал иеліктерінде жүрген Әбілқайыр ханға жол тартқан. Бұл арада Әбіл-қайыр ханның кезінде Сыр бойына үл-кен қорған қала салу туралы ойлары-ның дұрыстығы енді ғана сезіле баста-ды. 1739 жылы Әбілқайыр осы жоспа-рын орыс патшасына білдіріп, оның әс-кери көмегіне үміт артқан-ды. 1739 жы-лы 26 тамызда Орынбор комиссиясының басшысы, генерал-лейтенант
В. А. Урусов қазақ ханына әскери көмек пен артиллерия беруден бас тартқаны туралы түрлі сылтаулармен хат жолдай-ды. Әбілқайыр хан алдынала дайындалған жоспарының сәтсіз аяқталғанына көзі жетеді. Мұны толық сезініп, ен-дігі жауапкершілікті мойнына алған Әбілқайыр хан 1740 жылдың жаз айла-рында өз жайлауын Сырдарияның ар жағындағы Қуандария бойындағы Адам ата өзеніне орнықтырады [5, 177-б].
Ал Нәдір шах тамыз айында өзіне бас иіп келген Әбілпейіз хан мен Мұхаммед Хакім би аталықты қабылдап, Бұ-хараны еш соғыссыз Иранға бағындырады. Осылайша, Нәдір шах Әбілқайыр-дың ұзақ жыл бойы өзіне қосып алуды армандаған жоспары Хиуа хандығына келіп тіреледі. Хиуа ханы Елбарыс тез арада қорғану шараларын қолға алады. Дегенмен өзбек билеушілеріне сенген Елбарыс хан соңында Нәдір шах-қа қарсы күресте жалғыз қалады. Әс-кер шебін Амудария бойындағы Хаза-расп қаласы түбіне орналастырып, Елба-рыс алғашқы шайқастан соң қорғанға әбден бекініп алады. Соғысқа әбден ма-шықтанған Нәдір әскерлері Хазараспты қоршап, еш шабуыл жасамай, Ханках қорғанына қарай аттанады. Мұны есті-ген Елбарыс жауынгерлері де жанталаса қорғанды тастап, өз иеліктерін қорғау үшін жеке-жеке бөлініп, еш бұйрықсыз бытырай бастайды. Ал Елбарыс болса, аз әскерімен тез арада Ханках қорғанына жетіп үлгереді. Ирандықтар тағы да шабуылға кіріспей, қорғанды бірнеше күн артиллериялық соққы астына алып, Нәдірге берілуін қамтамасыз етті. Елба-рысқа жеке басына қауіпсіздік уәде етіл-генімен, кейін шах өзінің шейхтарының ақыл-кеңестерін жөн деп тауып, ханды өлім жазасына кеседі [6, 71-б].
Қалмақ ханы Дондук Омба 1741 жы-лы 13 ақпанда граф А. И. Остерманға жазған хатында «Парсылар 1740 жылы тамызда Бұхараны бағындырса, 4 қыр-күйекте Хиуаны жаулап алды. Олар Хи-уадан 10 қыркүйекте кетті» деп хабар-лайды [7, 1-2 п].
Нәдір шах, кейін белгілі болғандай 1740 жылы 7 қазанда Бұхарадан Хиуаға бағыт алып, 3 қарашада оның шекарасындағы Дэвэ-боюн (аудармасы – «Түйе мойын») елді мекеніне келіп тоқтаған. Содан ол Хазараспты айналып өтіп, оның ізімен Ханках қорғанына жетіп бекінген Елбарысты жойқын атқылауға алады. 14 қазанда көптеген өзбек әскер-басылары қорғаннан шығып, өздігінен берілуге мәжбүр болады. Ал 15 қазан-да парсы әскері Елбарысты сарайдан алып шығады. Хиуа ханы шах Бұхараға келген кезінде Әбілпейіз хан жіберген елшілерін өлтіргені үшін жанындағы 20 әскербасымен бірге өлім жазасына ке-сіледі [8]. Бұл дерек 1793-1794 жылда-ры Орынбордан Хиуаға келген майор Бланкеннагельдің жазбасы арқылы да дәлелдене түседі. Майор жазбасында «Осыдан 50 жыл бұрын Нәдір шах Хи-уаға 30 адамнан тұратын елшілерін жі-берген-ді. Хиуалықтар өздерінің құпия-сын ашпау үшін елшіні және оның жа-нындағыларды өлтірді. Осындай зұлым-дыққа ашуланған Нәдір шах өзі бастап Хиуаға келіп, оның әскерін талқандап, Елбарыс ханын және 30-дан астам бас-ты Хиуа шенеуніктерін тірілей жерге көмді» делінген [9].
Осы тұстағы Әбілқайыр ханның Арал иелігіндегі жоспары орыс деректері ар-қылы анықтала түседі. Оны 1740 жылы 5 қыркүйекте Орынбордан арнайы Әбілқайыр ханға жіберілген Орынбор драгун полкінің поручигі Д. Гладышев, геодезист Муравин, инженер Назимов, аудармашы Осман Араслановтар жеткі-зеді. Орыс елшілері басты мақсатымыз қазақ ханы үшін Сыр бойынан қала са-лу үшін қолайлы жер іздеу және жер қыртысын зерттеу дегенімен, күнделік-терінде барлық тыңшылық жазбаларын тізбелейді. Сол арқылы біз Әбілқа-йырдың парсы шахының әрбір қимы-лын бақылауға алғанын және ханның өзіндік саясатын анықтаймыз. Сонымен бірге Арал аймағында жүрсе де, Әбілқайыр хан орыс елшілерінің өзіне сапарын назарында ұстаған. Мұның өзі Ж. Қасымбаев жазған «Әбілқайыр іс жү-зінде Кіші жүзбен байланысын жоғалт-ты» дегенін жоққа шығарады [10, 72-б].
Д. Гладышев бастаған топ Адам Ата өзеніне орналасқан Әбілқайыр орда-сына 1740 жылы 7 қазанда жетіп, хан-ның Арал иелігіндегі Шахтемір қала-сында екенін естіген. Содан орыс елші-лері Бопай ханым рұқсатымен 15 қазан-да жолға шығып, 2 қарашада Шахтемір-ге жеткен. Келесі күні Әбілқайыр хан нөкерлерін және орыс елшілерін ертіп, хиуалықтардың шақыртуы бойынша Хиуаға аттанған. Әбілқайыр ханды 4 қа-рашада Амудария жағасында күтіп ал-ған Авест-Мираб бастаған өзбек ақса-қалдары парсы шахынан қорғану мақ-сатында оны Хиуа тағына шақырады. Содан оны қолдан шығармау үшін тә-уекелге бел буып, қазақтардың атам за-маннан Хиуа билігіне таласы бар еке-нін алға тартып, 5 қарашада Хиуа ханы болып сайланады. Д. Гладышев 7 қара-шада Хиуаға келгенде хан сарайындағы тақта Әбілқайырдың отырағанын кө-ріп, «Басына қызыл жібектен сәлде ора-ған Әбілқайыр амбвонмен (патша қақ-пасы алдындағы биіктеу жер) бекітіл-ген, парсы кілемі жабылған, ханның ор-нында қызыл барқыт жастық жастанып отырды; айналасында қырық шақты ақсүйек хиуа старшындары отыр» деп таңдана сипаттайды [5, 178-б].
Орыс елшілерінің өзіне келуін пайда-ланған Әбілқайыр 8 қарашада геодезист И. Муравинді және қазақ, қарақалпақтан бір-бірден, аралдықтардан 4 адам-ды қосып, Нәдір шахқа жібереді. 9 қа-рашада елшілер шах қабылдауында болып, орыс патшасының «Кіші жүзді боданым» деп есептейтін грамотасын және Әбілқайыр ханның, Арал билеу-шісі Артық бектің, қарақалпақтардың хаттарын тапсырады. Әбілқайыр хан өз хатында Нәдір шахты бейбіт келісімге шақыра отырып, Хиуаның болашағын анықтауға ұмтылады. Хан Иранның Ре-сеймен байланысын да еске салып, ке-лісім болмаса, «Соңғы адамымыз қал-ғанша соғысамыз» деп те ескертеді. Нәдір шах хатпен танысып, жауабын Құдайшүкір, Мырза Ақбазар, Ғабдол-шүкір арқылы қайтарып, қазақ ханын кездесуге шақырады [11]. Әбілқайыр хан шақыруды қабылдап, Нәдір шах-пен кездесуге бауыры Нияз сұлтанды түрлі сый-сияпатпен бірге «тірі барыс» беріп жіберуді жоспарлай бастайды. Бір деректер бойынша Әбілқайыр ба-руды өзі де ойластырған. Бірақ кездей-соқ хан қолына Нәдірдің Үргеніш тұр-ғындарына, Қазы Мұхаммед Латифқа, барлық би, старшын, қожаларға жолда-ған құпия хаты түскен. Шах хатында хиуалықтарды әскери күшімен қорқы-тып, талабын орындаушыларға рақым-шылық уәде беріп, «Әбілқайырды қала-дан шығармауын» талап еткен. Бұл ке-зеңде Нәдір шах Хиуадан небәрі 35 ша-қырым жерде болатын. Хиуа үшін та-ластағы жағдайдың күрт өзгеруі, өзбек әмірлерінің Нәдір жағына шығуы, Ресей-дің Әбілқайыр хан саясатын ашық қол-дамауы, Әбілқайыр жанындағы небәрі 3000 әскерінің қуатты шах әскеріне қар-сы тұра алмайтыны қазақтарды кері өз иелігіне шегінуіне мәжбүрлейді. Әбілқайыр хан 12 қарашада Хиуадан Арал иелігіне оралып, Нұралы сұлтанды хан ретінде бекітеді.
Соған қарамастан Әбілқайыр ханның Хиуаны өзіне қосу жоспары жүзеге аспаса да, шах елшілерімен бетпе-бет кездесіп, келіссөз жүргізіп, парсы әске-рінің солтүстікке қарай жылжуына тоқ-тау салды. Нәтижесінде қазақтардың басты әскери күштерін Жоңғарияға қар-сы бағыттауға қол жеткізеді. Сонымен бірге қазақтардың Хиуа тағына дәме-лері бар екенін ашық дәлелдейді. Нәдір шах Хиуада аздаған хан тағына да отыр-ған Әбілқайыр хан орнына Тахирды қой-ғаннан кейін көп ұзамай оған Нұралы сұлтан шабуылдап, оны өлімші етеді. 1742 жылдың аяғында парсылар шабуы-лынан сақтанған хиуалықтар Нұралыны хандықтан айырып, хан тағына қа-зақ сұлтаны, Елбарыс хан баласы Әбіл-ғазыны сайлайды.
Бұдан кейін де Әбілқайыр Хиуа бағы-тындағы саясатын жалғастырып, Нәдір шахпен байланысын үзбейді. Өйткені елдің оңтүстігіндегі тыныштық, өзбек-тер мен түркімендердің қазақпен қа-рым-қатынасы Иранға тәуелді болатын. 1745 жылы 22 қарашада Хиуадан кел-ген татар Нияз Мед Астрахань губернаторы Брылкинге «Парсы шахы 5 жыл бұ-рын Хиуаны алып, ханы Елбарысты өл-тірді. Орнына баласы Әбілғазыны отыр-ғызып, содан бастап Хиуа шах қамқор-лығына өтті. Өткен жылы (1744 жыл) түркімендер шабуылы күшейіп, Хиуа маңындағы ауылдарды тонап, Хиуаны 8 ай қоршауға алды. Содан Әбілғазы шахтан көмек сұрады. Көмекке шах Али Гули ханды (Хорасан губернаторы) жі-берді. Ол 30 мың әскермен биыл жаз-да келіп, түркімендерді талқандады» деп хабарлады [12, 1-20 п.]. Осы тұста хиуалықтар тағы да Нұралы сұлтанды өздеріне жіберу туралы мәселе көтере-ді. П. И. Рычковтың анықтауынша, Нұ-ралыға Нәдір шахтың баласы да қолдау көрсетемін дегенімен, оның артында сұлтанды өлтіру жоспары жатқан. Бұл хабарды Нұралының Хиуада хан кезін-де үйленген әйелі арнайы хатпен жет-кізген [13, 81-б]. Нәдір шах кеңсесінің Нұралы cұлтанға назар аударуы Ресей саясаткерлерін қатты алаңдатады. Әсі-ресе, Орынбор губернаторы И. И. Неп-люев Нұралыны Хиуа ханы тағын қабыл-дамауға ашық үгіттейді [14, 129-132-б].
Ресейдің құйтырқы саясатына қара-мастан, Әбілқайыр хан қазақ-иран қарым-қатынасын жалғастырады. Оны Н. П. Рычков: «Парсының патшасы Хиуа иелігіне дейінгі жерлерді жеңіп келіп, бұл жердің астанасы Хиуа қаласын да алған. Осы кезде батырды қамқорлығына алуды сұрап, қазақ ханы Әбілқайыр Қайыпты Нәдір шахқа елші қылып жіберген» деп толықтыра түседі [15, 85-86-б.]. Сонымен, Қайып Батырұлы Әбілқайыр тапсырмасымен, біздіңше, 1745 жылдың көктемінде Нәдір шахқа аттанған. Оны осы жылы жазда Әбілқа-йыр ханға Хиуа елшілері Құдайберді инақ пен Құтлы молда әкелген шах, пар-сы әскербасы, хиуалық Уәйісқұл михтяр-дың хаттары айғақтайды. Нәдір шах 1745 жылы 5 мамырда Әбілқайыр хан-ға «Бізбен келісе отырып, иомут халқы-на соққы беруді сұрайсыз, сонымен бір-ге марқұм Шерғазы ханды мысалға ала отырып, Қайып сұлтанды және басқа-ларын қоюға болатындығына үміттене-сіз, біздің әуелден сізге қайырым көр-сету ойымыз бар» десе, хиуалық Уәйіс-құл «Сіздің жіберген елшілеріңіз шах қызметінде болып, шахтардың шахы оларға көптеген мейірім көрсетті» деп хабарлайды [16, 132,142 п.]. Қайып бас-таған елшіліктің сәтті қабылданғанына куә болған Әбілқайыр хан 1746 жылы Ақмырза арқылы парсы шахына тағы хат жолдайды. Хан «Егер орыстар тара-пынан қысымға түссе, олардан қорғану мақсатында Хиуа иелігіндегі Бесқала қа-лашығын өзіне беруді» өтінеді. Сапарын-да Ақмырза Қайып сұлтанның шах сені-міне ие болғандығын анықтады. Бұха-ра хандары Үбайдолла (1702-1711), Әбіл-пейіз (1711-1747) сарайында кітапханашы болған Мұхаммед Вафа ибн Мұхам-мед Захир Карминаги (Казы Вафа) «Тух-фат ал-хани» («Хан сыйлығы» немесе «Тарихи Рахим хан») еңбегі де Қайыптың осы кезеңдегі өмірі мен қызметін толықтыра түседі. Еңбектен Қайыптың шах бұйрығы бойынша атақты Фирдоуси ақынның отаны Хорасандағы (Иран) Туе қаласында қызметте болып, сенімі-не ие болғанын байқаймыз. Еңбектің бір бөлімі Қайыптың Дешті Қыпшаққа оралуына да арналған [17, 45-50-б].
Қайыптың Хиуа тағына отырып, Хора-сан қолдауына ие болуы Әбілқайыр хан саясатының жеңісі еді. Мұндай жағдай қазақ ханының оңтүстігіндегі елдің ірге-сін бекітіп, Нәдір басқарған Иран мем-лекетімен қарым-қатынасын жаңа дең-гейге көтергендей болды. Оның нәти-желі дамуын Нәдір шахтың 1747 жылы 20 шілдедегі, ал Әбілқайыр ханның 1748 жылы 15 тамыздағы өлімі ғана тоқтатады.
Иран мемлекетінің әлсіреуімен көп ұзамай Азияда Ахмет шах басқарған қуатты Ауған мемлекеті құрылып, Иран-ды, үнді жерлерін, көршілес тайпаларды бағындырады. Мұның өзі Қазақ хан-дығының онымен қарым-қатынасының жандануына әкеледі. Жоңғария тарих сахнасынан кетіп, Цинь патшалығына ба-ғынған тұста онымен көршілес мұсыл-ман елдері Ахмет шахпен бірігіп, Циньге қарсы одақ та құрады. Басты мақсат Цинь-нің өзге елдерді жаулап алуына кедергі жасау болатын. Тарих Қазақ хандығының бас ханы Әбілмәмбеттің бастауымен Абылай, Нұралы хандардың Ахмет шахпен өзара келісімді жүзеге асырғанын біледі [18]. Мұның өзі Қазақ хан-дығының сыртқы саясатында Ресеймен ғана шектелмей, сол тұста әлем мойын-даған Жоңғария, Қытай, Иран және Ауғанстанмен қарым-қатынас орнатқанын дәлелдейді.