Жайық қаласынан – Хан ордасына!

Қазақ хандығының 550 жыл-дық мерейтойы 25-26 тамыз күндері Батыс Қазақстан облысындағы Бөкей ордасы ауданының Хан ордасы ауылында республикалық деңгейде аталып өтті.

Осы тойдың қарсаңында «Жайық Пресс» ЖШС мен «DANA.kaz» журналы мерекенің құрметіне автошеру ұйым-дастыру туралы бастама көтерді. Авто-шерудің мақсаты Қазақ хандығының 550 жылдық тойын нағыз халықтық ме-рекеге айналдыру, өңірдегі белсенді азаматтардың басын қосып, Жайық пен Еділдің арасында көк туымызды желбіретіп, байтақ даланы дүбірлетіп салтанатпен жүріп өту, ел тойына үлес қосу болатын. Бұл ұсынысты БҚО әкім-дігі, «Нұр Отан» партиясының облыс-тық филиалы және жекелеген азамат-тар қызу қолдады.
Бір қызығы, Орал мен Хан ордасы-ның арасы шамамен 550 шақырым екен. Сөйтіп, Қазақ хандығының 550 жылдығының құрметіне Орал қаласы-нан шамамен 550 шақырым жерде ор-наласқан Хан ордасына автошеру жа-сау жобасы, мақсат-шарттары, жүретін жолы ұйымдастырушылар тарапынан мұқият ойластырылған соң әлеуметтік желілер арқылы көпшілік назарына ұсынылды. Автошеруге қатысушылар-дан сапар шығынын өзі көтеруі және көліктің жол талғамайтын, биік болуы талап етілді. Көліктің мұндай түрі, бір жағынан, керуеннің салтанатын асыр-са, екінші жағынан, сапардың басым бөлігі жолсызбен, құмды өлкемен өте-тіндігі ескерілді. Нәтижесінде аталмыш талапқа жауап беретін 9 автокөлікпен отыздан астам адам сапарға шықты. Автошеру қатысушыларын тарихшы-лар, өлкетанушылар, журналистер, блогерлер, кәсіпкерлер сияқты түрлі әлеуметтік топ пен кәсіп иелері құра-ды.
Автошеру Қадыр Мырза Әлі атында-ғы мәдениет және өнер орталығынан аттанып шықты. МАИ көліктерінің бас-тауымен Орал қаласын қақ жарып өт-кен көлік керуені Әбілқайыр хан, Сырым Датұлы, Жәңгір хан, Еуразия, Достық даңғылдарымен, Махамбет ақын, Жаһанша Досмұхамедов атындағы оқу орындарының алдымен жүріп өтіп, Хан тоғайына ат басын арнайы тіреді. Бұл жерге әдейілеп келген Орал қаласы-ның әкімі Алтай Көлгінов автошеруге қатысушыларды Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, сапарға ақ жол тіледі.
– Орал – талай тарихқа куә болған өте көне қала. Хан тоғайы – 1812 жылы Бөкейдің, 1824 жылы Жәңгірдің хан кө-терілу салтанаты өткен жер. Бұл атаме-кенді еділ қалмақтарынан қорғаған Әбілқайыр ханның «Жайық кеуіп қал-ғанша, тіпті ақырзаман келгенше қазақ бұл жерін тастап ешқайда кетпейді» деген сөзі бар. Сол сөзді мирас еткен ұрпағы Бөкейдің тарихымыздағы орны ерекше. 1797 жылғы Есім ханның өлі-мінен кейін хан сайлануға Кіші жүз ру-ларының толық қолдауына ие болған Бөкейді Патша үкіметі хан сайлаған жоқ. 1805 жылғы Айшуақтың орнына Жантөрені хан сайлау кезінде де Бөкей халық қолдауына ие болды. 1801 жы-лы Ішкі ордаға бет бұрып, Бөкей орда-сының негізін салды. Ішкі орда – Қазақ хандығының соңғы мұрагері саналатын мемлекеттік құрылым. Тап осы Хан то-ғайындағы Кіші жүздің игі жақсылары жиналып, Бөкей ақ киізге көтеріліп, хан сайланған ресми жиында патша үкіметі империялық саясатының күшін көрсету үшін 12 дүркін зеңбірек атқан. Жәңгір-дің тап осы жердегі хан көтерілуіне де 420-дай сұлтан, би, старшын қатысып, үлкен жиын өткен. Осындай тарихи орынды ұрпаққа насихаттау үшін ескерт-кіш белгі орнату қажет. ХІХ ғасырда Оралда орыс ақын-жазушыларының жүріп өткен жерлерінде ескерткіш тақ-та көп, ал хандарымыз ұлықталған, ел билеген тұлғаларымыздың табаны ти-ген жерінде еш белгі болмауы өкінішті. Бұл мәселе биылғы Қазақ хандығының 550 жылдығында ескерусіз қалмауы тиіс. Сондай-ақ осы жылы Бөкейдің дү-ниеден өткеніне 200 жыл, алдағы жы-лы Бөкей ордасының құрылғанына 215 жыл толмақ, - деді Хан тоғайында та-рих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзин.
Кезінде отаршыл империяның зең-бірегі жаңғырықтырған Хан тоғайында жыр-терме, домбыра үнін әуелеткен, патриоттық әндермен дүрілдеткен ав-тошеру ортағасырлық Жайық қалашы-ғына соқты. Одан кейін Зеленов ауда-нының Щапов ауылына ат басын тіреді. Автошеруді ауыл халқы салтанатпен шашу шашып қарсы алды. Зеленов ау-данының әкімі Кәрім Жақыпов баста-маның маңыздылығына, келешек ұр-пақ үшін керектігіне тоқталды. Жинал-ған халықты құттықтаған «Жайық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллин ауданда қазақтың белгілі батыр-билерінің қорымдары көптеп жатқанын, бұл ежелгі бабалар мекені екенін дәлелдейтінін айта келіп, мектеп оқушыларына хандарымыздың суреттері бейнеленген дәптерлерді сыйға тартты. Зеленов аудандық мәс-лихатының депутаты, «Ауыл тынысы» аудандық газетінің редакторы Нұржан Дүзбатыр осындағы жер-су аттарын қа-зақыландыру сынды ономастикалық мә-селелердің маңыздылығына тоқталды.
– Қазақтың жоғын жоқтап, 1918 жы-лы өздерінің мемлекетін құрған Алаш қайраткерлері еді. Батыс Алашорда же-текшісі Жаһанша Досмұхамедұлы сту-дент кезінде-ақ Қазақ хандығы жөнін-де зерттеу еңбек жазған. Оралдан шық-қан газеттің үш санына басылған «Нес-колько слов о обычном праве и народ-ном суде» деген мақаласы Мәскеу қа-ласының мұрағатынан табылды. Осы мақалада «Қазақ халқы мемлекет бо-лып қалыптасты. Оның негізгі заңы болды. Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дала конституциясы деуге лайық» деп көрсетті. Қазақ мемлекеттілігінің мере-кесі құтты болсын! Тарихымызды ек-шейтін ұрпағымыз аман болсын, - деді тарихшы ғалым Дәметкен Сүлеймено-ва.
Жұбан елі – Ақжайық ауданына аял-даған автошерушілерді бұл жердің тұр-ғындары да ыстық ықыласпен күтіп ал-ды. Аудан орталығы Чапаев ауылының басты көшелерімен ұрандата жүрген автокеруенді көруге Жұбан ақын ала-ңына еңбектеген сәбиден еңкейген қа-рияға дейін жиналды. Аудан әкімі Әділ Жоламанов шара ұйымдастырушыла-рына ризашылығын білдіріп, ақ жол ті-леді. Кейін автошеруге қатысушы, та-рихшы Жаңабек Жақсығалиев сөз алып, «Үнді көсемі Джавахарлал Неру-дың қызына жазған хаты бар. Онда «Егер біз тарихымызды біле бастасақ, көтеріле бастайтын едік. Сондықтан отаршылдар біздің тарихымызды жаз-дырмауға тырысты. Отар болған елдің тарихын қашан да отарлаушылар жаза-ды» деген. Біз де бірнеше ғасыр бодан-дықта, езгіде болған елміз. Біз ұлттық тарихи сананы жаңғыртуымыз қажет», - деді. Тарихшының терең әңгімесіне ха-лық ұзақ қошемет көрсетті. Жергілікті өнерпаздардың концертін тамашалап, «Мен – қазақпын, мың өліп, мың тіріл-ген» деп кеңестік кезеңде жас қазаққа ой салған Жұбан ақын ескерткішіне гүл шоқтарын қойған керуен Жаңақала ау-данын бетке алды.
Күй астанасы – Қамыс-Самар елінде автошеру Мәмен Мұратұлы мен Тұяқберді Шәмелов күйшілердің кесе-нелеріне арнайы аялдап, Құран бағыш-тады. Жаңақалалықтар да көк Туды жел-біреткен көлік керуенін шашумен қар-сы алды. Аудан орталығының басты кө-шелерімен шерулетіп, «Тастөбе» шай-қасы мен саяси қуғын-сүргін құрбанда-рына қойылған ескерткіштерге тәу ет-кен автошеру орталық алаңда елмен жүздесті. Аудан әкімі Лавр Хайретденов ұлы мерекені ұлықтау мақсатында жолға шыққан жандарға аудан халқы атынан ақ жол тіледі. Алаңдағы жиын-да әйгілі композитор Ілия Жақанов: «Сонау Қаратауда тусам да, түбімнің Кіші жүз екенін білген соң, 1981 жылы Мұрат ақынның «Еділді келіп алғаны – Етекке қолды салғаны, Жайықты келіп алғаны – Жағаға қолды салғаны» деп басталатын жырынан оқып, әсерленіп, өмірімде көрмеген атамекен Еділ-Жа-йық жайлы ән шығарғанмын. Ұрпақ біз көрген соғыс жылдарының қиындығын көрмесін. Елдің еңсесін, рухын көтере-тін осындай шерулер Қазақстанның барлық аймағында болса ғой» - деп те-біренді.
Хан ордасы ауылына жеткен керуен алдымен Жәңгір ханның, дәулескер күйші Дәулеткерей Шығайұлының, көр-некті өлкетанушы ғалым Мұхамед-Салық Бабажановтың кесенелеріне ба-рып, рухтарына Құран бағыштады. Ке-йін автошерушілер Хан сарайының ал-дына жиналған халықпен жүздесті. Ау-дан әкімі «Қош келдіңіз» айтқан соң шеру ұйымдастырушысы Жантас Сафуллин Орынбор қаласынан табыл-ған 1811 жылғы Кіші жүз старшындары мен жүзбасылары қол қойған құнды құжат көшірмесін мұражайға тарту етті.
– XX ғасырдың басында Ғұмар Қараш бабамыз «Әр істе қазақ исінің аңқығанын түбінде көзімізбен көреміз бе?» деген еді. Міне, біз сол бабалары-мыздың аңсаған арманына жетіп отыр-мыз. Ендігі уақытта осыны көздің қара-шығындай сақтап, оны болашақ ұрпақ-қа аманаттауымыз керек. Осы жерге 550 шақырым жол жүріп келген авто-шерушілер атынан Қазақ хандығының 550 жылдығымен бөкейордалықтарды, жиналған жұртшылықты құттықтай-мын!
Елбасымыз Ұлытауда Қазақ ханды-ғының 550 жылдығын жоғары деңгей-де атап өту турасында бастама көтер-ген кезде барлық исі қазақтың қуанға-ны айқын. Бұл мерейтойдың респуб-лика көлемінде Бөкей ордасынан бас-талуы – бұл тарихи әділеттілік. Елбасы-ның тағы бір көрегенділігі. Еділ мен Жайықтың арасы – қазақтың алтын бе-сігі. Осы жерді билеген хандар, оларға қолдау білдірген қараша халық бұл ме-кенді сақтап қалды. Соның арқасында емен-жарқын өмір сүрудеміз. Біздің бәріміздің мойнымызда аманат бар. Аманатқа қиянат жасауға болмайды. Ол аманат – ата-бабамыздың алтын бе-сігі, қазақ жері. Оны келер ұрпаққа та-быстау – қасиетті парызымыз, мерейлі міндетіміз, - деп әріден толғаған «Жа-йық Пресс» ЖШС-ның бас директоры Жантас Сафуллиннің сөзінде де терең мағына жатты.
Одан кейін Хан ордасы ауылын ұрандата аралаған автошеру ат басын 1917-1918 жылдары шыққан «Ұран» газетінің баспаханасы болған үйге бұр-ды. Ол жерде «Дана.kaz» тарихи-таным-дық журналының бас редакторы Қазбек Құттымұратұлы жиналғандар-ды баспасөз және «Ұран» газетінің та-рихымен таныстырды. Одан соң хан то-ғайына барған автошерушілер өлкета-нушы Жайсаң Ақбайдың Бөкей ордасы, Жәңгір хан туралы тарихи әңгімесін тыңдады.
Автошеру қатысушылары Ордадағы мереке қызықтарынан құр қалмай, республикалық ақындар айтысын, кеш-кісін өңіріміздің барлық аудандарынан келген өнерпаздар концертін, мереке-лік отшашуды тамашалады. Келесі күні айтулы мерекеге орай құрылған ақшаң-қан киіз үйден бой көтерген ауылды аралап, қазақ күресі, теңге алу, қыз қуу, аламан бәйге сынды дала қызықтары мен қазақ тарихы туралы театрланды-рылған қойылымды көрді. Автошеру құрамындағы тарихшы ғалымдар Хан ордасы ауылында ҚР Премьер-минис-трінің орынбасары Бердібек Сапарбаев, облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың қаты-суымен өткен «Тарих қойнауынан қа-зіргі заманға дейін» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты.
Ордадағы дүбірлі думаннан соң ай-тулы мерекені ұлықтауды жалғастыр-ған автошеру Жәнібек ауданы аумағы-мен өтіп, Қазталов ауданына аялдады. Керуенді Тереңкөл ауылы маңынан қазталовтық өрендер қарсы алды. Әдеттегідей аудан орталығының басты көшелерімен ұрандата жүріп, «Достық» саябағына тоқтады. Ыстық ықыласпен қарсы алған қазталовтық ағайын аты-нан аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр риза-шылығын білдіріп, кездесу Жайсаң Ақбай, Жантас Набиоллаұлы мен Жаңабек Жақсығалиевтардың қазақ-тың терең тарихынан сыр шертер әңгі-мелеріне ұласты.
Автошерудің соңғы аялдамасы бол-ған Жалпақтал елді мекенінде азаттық-тың ақ таңын аңсап, астыртын да бел-сенді әрекет еткен «Қазақ халқын қор-ғаушылар одағы» ұйымына (жетекшісі – Ғұбайдолла Әнесов) қойылған ескерт-кіш алдында тарихшы Жаңабек Жақсы-ғалиев бұл ұйымның мән-маңызы жай-лы әңгіме қозғай отырып, азаттық жо-лында өздерін құрбандыққа шалған жалынды жастардың ісін әлі де кеңірек насихаттау, құрмет көрсету, олар лайық тиісті дәрежеге көтеру керектігі жайлы тілек-ұсынысымен бөлісті.

* * *
Автошеру өз мақсатына жетті десек болады. Басты мақсаты сәтті орындал-ды – автошеру жүріп өткен жерлердің халқы жақсы әсер алды. Рухтанды. Алаңдардағы кездесулерге мыңдаған тұрғын атсалысып, тарихымыздың то-йын шын мәніндегі халықтық мерекеге айналдырды. Әсіресе, жас буынның есінде ұзақ сақталары сөзсіз. Өйткені халықпен кездесулерде тарихшылары-мыз, өлкетанушыларымыз елдікті та-рихпен терең байланыстыра, мағыналы әңгімелер айтты. Көптеген ұсыныс да биліктің назарына ілікті. Мәселен, ал-ғашқы аялдама – Хан тоғайында тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Исмурзиннің «Бір емес, қос ханды ұлық-тау рәсімі өткен бұл жерде бір ескерт-кіш белгі тұруы керек» деген пікірі.
Экспедиция мүшелері Хан ордасы ауылындағы 1917-1918 жылдары шық-қан “Ұран” газетінің баспаxанасы бол-ған үйге ат басын бұрды. Бұл — кезінде Ғұмар Қараш, Ғабдолғазиз Мұсағалиев, Нұғман Манаев, Ғали Бегалиев, Ғабит Сарыбаев сынды азаматтар еңбек ет-кен қастерлі мекен. Ұлылардың алақан-дарының табы қалған есік тұтқалары, табандары тиген еден қаз-қалпында сақ-таулы, өзгертілмеген. Қазіргі үй иесі – 1917 жылы баспахана қызметкері бол-ған Абдолла Денгизбаевтың немересі Рафаэль Денгизбаев. Үйдің сыртында-ғы тақтайшада «Бұл үйде 1919 жылы тұңғыш қазақ совет баспаханасы орна-ласқан» деп жазылып тұр. Автошеру мүшелері бұл қателікті түзеп, өз күште-рімен жаңа тақтайша орнататын болып шешім қабылдады.
Автошеру жүріп өткен жолындағы кездесулер мен отырыстар терме-күй төккен Фархад Оразов сынды талантты жандардың арқасында тіпті құлпырды. Автошеру құрамындағы тілшілер мен блогерлер жолшыбай сапар жайлы сайт-тарға, әлеуметтік желілерге шұғыл ақ-парат жіберіп отырды. Сол арқылы Қазақ хандығының тойын батысқазақ-стандықтар қалай атап өтіп жатқанын айдай әлемге паш етті. Автошеруші азаматтар үш күн бойы қолдарынан көк Туымызды тастамады. Полиция қызметкерлері Оралдың ішінен бастап, үш күн бойы керуенді бастап жүрді. Сол барлық ұлтжанды азаматтарға ал-ғыс айтамыз.
Мемлекетшіл азаматтардың бір жерде бас қосып, жүздесуіне мүмкіндік сыйлаған автошеруде бұрын бірін-бірі біліңкіремеген жандарды 3 күн бірге жүргізіп, ортақ іске бір кісідей жұмыл-дырған – тек қана Отанға деген құрмет. Рух көтерер сөздері мен әндерін ды-быс ұлғайтқышпен әуелете төккен ав-тошеру өткен кезде үйлерінен жүгіріп шығып, көлікпен қабаттаса жүгірген балдырғандардың жанарындағы қуа-нышты көрдік. Сол кішкене жүректерге от беріп, олардан келешекте мықты ел-сүйер азаматтар шығып жатса – бұл шерудің сапарға текке шықпағаны. Ав-тошеруге қол бұлғаған халық арасын-дағы қариялардан байсалдылықты, елдің бүгінгі күйіне шүкіршілікті, жас-тардан сенімді көрдік. Желбіреген көк Туды көргендегі күлімсіреген қуаныш-ты қазақтың жүзінен аттандамай-ақ елді іштей шексіз сүйетін елшілдігін сезіндік. Уайымсыз тыныш елді көріп, тәубе дедік. Рух көтерілді. Иә, шыны-мен де бұл той — қазақ рухының тойы.
Нұрлыбек РАХМАНОВ,
Орал – Чапаев – Жаңақала – Хан ордасы – Қазталов – Орал

Қаралым саны 1648

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463