Үкі би және оның заманы

Жәнібек АЛЛАЯРҰЛЫ,

тарих ғылымдарының кандидаты

Отандық тарих ғылымын зерттеуде өлке тарихының орны ерекше. Себебі біртұтас қазақ тарихының өзі өлке тарихын танудан бастау алады. Олай болса, өлкетанудың өзекті ұстанымдарын анықтап, оның ақтаңдақ беттері-не қалам тарту – бүгінгі уақыт талабы. Соның ішінде осы өлке үшін, оны кейінгі ұрпағына мирас ету жолында жанкешті еңбек етіп, халқының талайлы тағдыры таразыға тартылғанда төрелік танытқан батыр бабаларымыз-дың, дана билеріміздің, абыз ақсақалдарымыздың, халқының қазығы болған ұлы хандарымыздың өнегелі өмір жолын, ел есінде сақталған ерлік һәм елдік істерін танып білу, оны бүгінгі ұрпаққа жеткізудің маңызы зор. 

Сөз басыСөз басыМіне, осындай тұғырлы тұлғалар қатарында Үкі би есімін ерекше айтуға болады. Ол – ХІХ ғасырдың алғашқы ширегінде Кіші жүздің қоғамдық-саяси өмірінде көзге түсіп, ел істеріне белсен-ді араласқан, сол тұстағы мұрағат де-ректеріне есімі таңбаланған тұлға. Оның қызметі атақты Сырым батыр заманынан бастау алып, Айшуақ, Жантөре, Шерғазы, Бөкей хандардың, Қаратай, Орман, Арынғазы сұлтандар-дың ел басқару кезіндегі күрделі де қым-қуыт тарихи оқиғалармен байла-ныста дамыды. Осыған орай халық жа-дында әртүрлі аңыз-әңгімелерге өзек болып келген Үкі би тарихын қағазға басылған жазба құжаттар арқылы сара-лау, оның ғұмырнамасын бір арнаға тү-сіріп, саяси келбетін, бітім-болмысын ғылыми тұрғыдан тануға ықпал етеді. Сонымен, өлке тарихында өзіндік ізін қалдырып, есімі ел есінде сақтал-ған Үкі би туралы не білеміз? Оның аты тарихта қалайша қалды?
Өскен орта, ұшқан ұяШежіре бойынша Үкі бидің ата-тегі Кіші жүздегі 12 ата Байұлының байбақ-ты руынан, оның Әлтеке бөлімінен. Кі-ші жүз руларының қоныстары келтіріл-ген Орынбор шекаралық комиссиясы-ның мәліметінде «Байбақты руының Әлтеке бөлімі жазда Өлеңті бойында, қыста оның сағаларындағы қамыстар-да көшіп-қонады» делінген. Бас штаб полковнигі И. Ф. Бларамберг Байбақты руының қыста Қалдығайты өзенінің Төлен көліне, Бұлдыртының Тұздыкөл-ге құяр жерінде, жазда Өлеңті, Шідерті, үш Аңқаты, Шыңғырлау өзендері бо-йында жайлайтынын айта келіп, Әлте-кеден Жабағы, Андас, Назарымбет, Маматты таратады. Шежіреде бидің ата-тегі Байбақты – Әлтеке – Жабағы – Қожамсүгір – Марғұл – Дәуіт – Төлеп – Үкі болып тармақталады [Ахметов К.Ғ. Кіші жүз Асқар (Байбақты, Жанбақты, Тынбақты) және Тана руларының ше-жіресі. – Орал, 2008. 83-84-бб.].Ел аузынан жеткен әңгімелерде Үкінің би, батыр, шешен, айтқыш кісі болғаны айтылады. Заманында Кіші жүзге әйгілі болған Үкі бидің сөзіне тоқтамаған кісі жоқ дейді. Өлкетанушы Ж. Әбілпейісов «Ол екі иығына екі кісі мінгендей нар тұлғалы ірі кісі болыпты. Жайыққа қазақ атаулыны жолатпай, жаналғыш әзірейілдей тап беретін ка-зак-орыстар Үкі биден қаймығып, айна-ласындағы еліне қиянат жасай алма-ған» деп сипаттайды.Үкі биге қатысты ел ішінде сақтал-ған шежірелік деректерде оның әкесі жайлы мәліметтер кездеспегенімен, Орынбор мұрағаты құжаттарына «Тө-леп би Дәуітұлы», «Төлеп батыр Дәуіт-ұлы, «старшын Төлеп Дәуітұлы» деген тұлғаның есімі тіркелген. Би, батыр, старшын атақтарын иеленудің өзі оның тұлғалық болмысынан хабар береді. Өйткені әділ билігімен төрелік етіп, ер-жүрек батырлығымен қол бастап, стар-шын ретінде ел тізгінін ұстау кезкелген жұмыр басты пенденің пешенесіне бұ-йыра бермейтін. Оның үстіне Төлеп би сол жылдары Кіші жүзде құрылған Нұр-тай расправасының төрағасы ретінде ел істеріне араласқан. Нұртай распра-васы араб қарпімен жазылған түпнұсқа хаттарда «Нұртай мәкһамасы», «Нұр-тай халқының мәкһамасы» және «Нұр-тай руы» деп беріліп отырады. Осы расправадан 1794 жылы 20 тамызда Орынбор шекаралық істер экспедиция-сына жолданған хат соңына «төраға, старшын Төлеп батыр Дәуітұлы» мөрін басқан [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 58-іс, 48-49-пп.]. Сонымен қатар 1797 жылдың 10 сәуірі мен 28 мамырында Кіші жүздің сұлтан, старшын, би, батырлары аты-нан жазылған хаттарға «Нұртай мәкһа-масының старшыны Төлеп Дәуітұлы мөрімді бастым» деген [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 63-іс, 46-49, 60-62-пп.]. Хат соңына басылған жеке мөрінде араб қарпімен «Туляб би бин Даут», яғни «Төлеп би Дәуітұлы» деген жазу бедерленген. Соңғы хатта Қаратай, Қара сұлтандар, Нұртай расправасының төрағасы Төлеп Дәуітұлы, мүшесі Толыбай Тұяқұлы, Хан кеңесшісі Әбіл Жылқыайдарұлы, стар-шын Жылгелді Жарқынұлы, Арыстан-бек Ботақараұлы, Нұртай руынан Бар-ғана батыр, Есқара батыр Дәуқараұлы, Қынық руынан Есенаман батырлар мөр, таңбаларын түсірген. Бұл тұлға-лардың Байбақты руынан тарайтынын ескерсек, «Нұртай мәкһамасының» осы руға қатысы бар екені анықтала түседі. Кейін Үкі бидің өзі де осы Нұртай рас-правасының мүшелерімен бірге Орын-бор әкімшілігіне хат жазып отырған.Сайып келгенде, мұның барлығы Төлеп Дәуітұлы Үкі бидің әкесі болуы мүмкін деген ойға жетелей түседі. Оған қоса Үкі бидің ел алдына шығып, саяси өмірге араласа бастаған тұстағы құжат-тарда Төлеп Дәуітұлының есімі Үкі Тө-лепұлымен бірге аталуының өзі жоға-рыдағы пікірді қуаттай түсетіндей.
Билікке араласуҮкі бидің саяси қызметінің баста-лып, көзге түсуі Сырым батыр бастаған ұлт-азаттық қозғалыспен сәйкес келеді. Ол Кіші жүзде Ресей империясының отарлау саясатының көрігі қызып, ел ішіндегі жағдайдың шиеленіске ұлас-қан шағы еді. Мұның арты 1797 жылы 27 наурызда Жайық бойындағы Крас-ноярск бекінісі маңындағы Есім ханның өліміне әкелді. Осы қанды оқиғаға қа-тысты әңгіменің бірі өткен ғасырдың 70-жылдары Қаратөбе ауданындағы Жігерлен ауылының тұрғыны Науқан молданың аузынан жеткен. Оның ай-туынша, Байбақтының Әлтеке деген руынан тарайтын Үкі бидің билікпен аты шыққан.Бірде алқада Есім мақтанып: «Қазақтың ең әдемі қыздарын біздің балалар сүйіп жүр, қазақтың мінбеген тұлпарларын біздің балалар мініп жүр, қазақ ұлтының қызығын біздің балалар көріп жүр», - дейді. «Әй, Есім, не айтасың? Қайтып ал сөзіңді» дейді Масқар руынан Қабақ дейтін адам. Хан айтқасын қайтып ала ма? Алқа өзі жылында бір болады.Содан Масқар руының Қабақ пен Бөген (немесе Белең) алқада отырған күйінде ханды семсермен жарады да, екеуі елең-құлаң шығып, Есім ханның жібекпен арқандаулы тұрған көк ала бесті дейтін тұлпарын мініп, шаба жө-неледі. Айналып қайта соғып, Есімнің шаңырағын ортасына түсіріп, туырлы-ғынан кесіп алады. Хан қатыны мен қы-зының бұрымын кесіп, орданың сырты-на лақтырып кетеді.Ол екеуі әлгіндей қылғасын, Орта жүзге кетіп қалған. Төрт-бес жылдан соң жұрт батырларды елге қайыру ке-рек депті. “Қалай қайырамыз? Қайыр-ғанда Есімнің құны қалай болады?” - дейді ғой. Сонда Байбақтының Әлтеке-сінен Үкі деген би: – Жүз ақ қарабас нар – Есімнің құны, - депті. Өзі ақ, басы қара жүз нарды айтқаны. Астарлы сөз-дің мәнін іздеген жұрт Бөкенге келіп ақыл сұрайды. Сонда Бөкен: – Кіші жүз-ден атқа мінген жүз жігіт басыңды қос та, ана екі жігітті қайыр, сонда Есім құн-сыз кетеді, - депті. Кіші жүздің атқа мін-ген жігіттері басын қосып, батырларды елге қайырады. Сонымен Есім құнсыз кетті. Кіші жүзден жүз жігіт басын қос-қандай қол қайдан болсын?! [Набиоллаұлы Н. Науқан молда // Орал өңірі. – 2015. – 13 қаңтар.]. Бұл әңгімеде Есім ханды Масқар руының батырлары өлтірді дегенімен, мұрағат деректері басқаша көрсетеді. Беріш руын басқаратын Жаналы сұлтан 1797 жылы 29 наурызда Орынбор шек-аралық істер экспедициясына Есім хан өліміне Шекті руының Жекей бөлімінен Сағыр Байдосұлы, Шағатайдың ұлы се-гіз жолдасымен, Тілеуқабақ бөлімінен Жоғай бауырлары, Мүсіреп Бегетай-ұлы, Кетеден Ақжігіт бірнеше жолдасы-мен, Шөмекей тоқадан Бөрібай Жияш-ұлы, Ысық руының Ақсары бөлімінен Ақмәмет бауырлары, Кеңшалбар адай-дан бірнеше адамның қатысқанын ха-барлайды. Ал Орал шебінің жорық ата-маны, әскери старшын Акутин 15 сәуір-де Орал әскерінің атаманы Д. Д. Донс-ковқа жазған рапортында Есім хан өлі-міне Кердері руынан Тілеп Қойбасұлы басшылық етіп, Шектіден Өтеғұл, Сағыр Байдосұлдары, Кетеден Қозбай мырза, шөмекейден Баймырза, алашадан Қорамса, Шолақ, Ысық Ақмәмет Баубекұлы бастаған жүзге жуық кісінің қатысқанын алға тартады. Сол тұста Сырым Датұлы оларды қорғау үшін Жайықтан қашық емес жерде тұрған. Одан бұрын 10 сәуірде Бегәлі, Қаратай, Бөкей сұлтандар бастаған Кіші жүздің старшын, би, батырлары Орынбор шек-аралық істер экспедициясына Есім хан өлімінен соң Орданы басқару өзіне қалғанына қазақтарды сендіріп, олар-ды бас идіруге ұмтылған Сырым батыр-дың Орынбор губернаторына Масқар руынан Қожақ Аққұнанұлы мен Жанқа-был Шанпайұлы арқылы хабарлама жолдағанын жеткізді [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 63-іс, 25, 35, 48-49-пп.].Бұл жылдары елдегі саяси жағдай-дың ушығуына «бөліп ал да, билей бер» қағидасы арқылы жоспарлы түр-де жүзеге асырылып жатқан патша үкі-метінің отарлау саясаты да өз ықпалын тигізді. Мұны 1775-1780 жылдары ІІ Екатерина патшайымның Орынбор ге-нерал-губернаторына жазған мына құ-пия жарлығы толық дәлелдей түседі: «1) Қырғыз-қазақ халқының бір ру басшыларын екінші ру басшыларыме-нен араз етіп, бірі менен бірін қас етіп, бірінің етін бірі жеуге себеп болыңыз. 2) Сұлтандардың бірі менен бірін араз қылып, бірі менен бірін иттей тар-тыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз. 3) Қырғыз-қазақтың басшы адам-дарын сұлтандарымен араз қылып, сұлтандарын өз қол астындағы ақсақал адамдарымен араз қылыңыз. Арасына от түскен уақытта жанып кетердей кө-кір-сөкір даярлай беріңіз. Осылайша арасына от тұтатып, береке-бірлігін ал-сақ, өзара азып-тозғандықтарынан қа-зақ-қырғыз жұрты бөтен патшалық қол астына көшіп кетерге дәрмені болмас. Өз-өздері қырық пышақ болып, қыры-лысып, жеңілген жағы жеңген жағынан өш алар үшін, күш алар үшін Россия патшалығына жақындар уа патшалық-қа қорғалар. Сол уақытта Россия хүкі-меті араларына төре болып, төрелеп, ретіне қарай я анасына, я мынау жағын қуаттап тұру керек. Түрлі амалменен сұлтандарының күшін кетірсек, өзіміз-ден озып ешқайда кете алмас. Келетін, кететін жері өзіміз болып, тілегеніміз-ше қақпалап жортармыз» [Энциклопе-дия «Айқап» / Құрастырушылар: Ұ. Суб-ханбердина, С. Дәуітов. Бас редактор  Р. Нұрғалиев. – Алматы: «Қазақ энци-клопедиясы» Бас редакциясы, 1995. 255-б.].Бұл құпия тапсырманы жергілікті жердегі өкілдеріне жолдаған патша билігі қазақтарды өзара шағыстырып, іштен іріту арқылы отарлау қажет деп шешкен. Қазақтың жанын жегідей же-ген мұндай жымысқы саясат «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді» деген мақ-сатты көздеді. Ұзақ жыл бойына тә-жірибеден өтіп, қазақ қоғамының ішкі бірлігіне соққы берген империяның бұл сұрқия саясатын Орынбор ұлықта-ры әрдайым басшылыққа алып отыр-ды. Бұған сол тұста үкіметтің Кіші жүзде жүргізіп жатқан іс-қимылдары толығы-мен дәлел бола алады. Есім хан өлімі-нен соң беделді би, батырлардың қол-дауымен Бөкей, Қаратай сұлтандар хандыққа ұсынылғанымен, Орынбор әкімшілігі оған ықтиярлық танытпады. Ақырында үкімет ұйғарымымен Кіші жүздің хан тағына жасы егде тартқан Айшуақ Әбілқайырұлы тағайындалды. Бірақ қартайған ханның ел ішіндегі жағдайды реттеуге пәрмені жетпеді. Осыдан соң Сырым батыр, Қаракө-бек би, Үкі би бастаған Кіші жүздің 14 старшыны 1802 жылы Ресейдің ком-мерция министрі Н. П. Румянцевпен байланысқа шықты. Олар Орынбор басшылығынан О. А. Игельстромның кетуінен соң Боранқұл, Аққұл бастаған башқұрттардың, Жайық казак-орыста-рының әр кездері қазақ қоныстарына шабуыл жасап, шекара маңындағы қа-зақтарға жәбір көрсетіп, 65000 бас малды қуып алып, 100 қазақты өлімге жыққанын хабарлады. Билер мұндай талап-тонауды, қырып-жоюды ханның әлсіздігі мен дәрменсіздігінен, қазіргі генералдың (Орынбор губернаторы    Н. Н. Бахметев – Ж.А.) тиісті жарлық-тарды шығарып, тәртіпті сақтамауымен түсіндіріп, қазақтардың өлім құшуын, малдарының айдап алынуын патшаға жеткізуді өтінді [Материалы по исто-рии Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. / Под ред. М.П. Вяткина. – Москва-Ленинград: Изд. АН СССР, 1940. с. 201-202].Алайда Кіші жүз билері үміт артқан орыс шенеунігі Н. П. Румянцевтің ой-пі-кірі мүлдем басқа еді. Оның 1802 жы-лы 16 желтоқсанда Орынбор әскери гу-бернаторына жолдаған пікірінде: «Қа-зақтар қаусап қалжыраған Айшуаққа немесе шекаралық басшылыққа ша-ғымданса? Мейлі шағымдана берсін. Тоналған дүниелерін қайтарып бере алмай ма? Тонаушыларды ұстап берсін. Өз ортасын жаңаша құруды қаласа? Мейлі сұрасын. Ақырында, көп ханды қаласа ше? Мейлі сайлап ала берсін. Сол арқылы Орда қырық бөлікке быты-рай түседі, алауыздық олардың жауыз-дығын әлсіретеді, халық өзінің хан сай-лағанына риза болып, падишамызға тәуелді болып, Ресейдің қолдаушысы болып қала береді» [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. с. 200] деуінен-ақ империяның көздегені қазақ қоғамын жік-жікке бөлу екендігі айқын аңғарылады.Ел аузынан жеткен әңгімелерге сенсек, 1802 жылы Сырымның Хиуада қаза табуынан кейін батырдың құнын сұрауға барған Кіші жүздің белгілі тұл-ғалары қатарында Үкі би де болған. Байбақты руының ұранына шыққан атақты Дәуқара батырдың қалмақ қа-тынынан туған баласы Есқара батыр бастаған елшілік құрамына Әлтекеден Қожамсүгір Үкі би, Алаша Барамық Ошырты би, Ысық Қаратау би, Беріш Бөдене, Байбақты Күшпен Тайлақ ба-тыр бар, барлығы 7-8 адам енген. Бұ-лардың әрқайсысы бір рулы елдің тағ-дыр талайына жауап бере алатын сол кездегі Кіші жүздің айтулы азаматтары еді.Бүгінде Сырым ауданына қарасты Жамбыл ауылы маңындағы көне қо-рымнан табылған құлпытаста Байбақты Күшпен Тайлақ батырдың 1808 жылы өмірден озғаны жазылған. Олай болса, Хиуаға барған елшілік құрамында Тайлақ батырдың болуы да шындыққа келеді.Осы жылдары Үкі би старшын ре-тінде ел істеріне араласты. Патша үкі-меті хандыққа бекіткен Айшуақ ханның билігі кезінде ел ішіндегі талас-тартыс күшейіп, шиеленісті жағдай қалыптас-ты. Қаусаған Айшуаққа қарағанда ор-дада Қаратай сұлтанның беделі басы-мырақ еді. Тарихшы А. Ф. Рязанов «Өз қызметінің ел арасына кеңінен тара-луын көздеген батыл да өктем Қаратай сұлтан даладағы қазақ ауылдарын ара-лап, олардың өзара талап шағымдарын қарап, үкім кесіп, бітістірді. Бұл халық-қа ұнап, Қаратай сұлтан әділ би ретінде танылды. Одан нағыз ханды көрген қа-зақтар Айшуақ ханға қарамастан, оның ақыл-кеңесіне жүгінді» деп анықтайды [Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы. Т.1: Ря-занов А. Ф. Сорок лет борьбы за нацио-нальную независимость казакского на-рода (1797-1838 гг.). – Алматы: «Ел-ше-жіре», 2007. с. 19]. Немере інісінің ел ішіндегі абырой-беделі өз кезегінде Айшуақтың да ма-засын алды. Сол тұста Айшуақ хан Орынбор басшысы Г. С. Волконскийден Қаратай сұлтанды Байұлы руларын бас-қару қызметінен алып, орнына оның туған інісі Орман сұлтанды тағайындау-ды сұраған деген қауесет таралған. Осыған орай құрамында Үкі Төлепұлы бар Байұлы рулары атынан Орынборға келген Кіші жүздің би, батырлары бұл хабарды естіген соң өздерінің қатты қайғырғанын 1804 жылы 23 наурызда әскери губернатор Г. С. Волконскийге мәлімдейді. Олар Қаратайдың Байұлы руларына басқарушы болғаннан бері байбақты руы мен Батақ бөлімінің ара-сында тұрғанын айтып, оны бір ғана шағыммен қызметінен босатып, орны-на басқа біреуді белгілеместен бұрын кінәсін анықтауды сұрады. Қаратайды қорғаған старшын, билер «Өйткені, Қаратай марқұм әкесі Нұралы ханның көзі тірісінде, оның өлімінен кейін де біздің, байұлылардың, ешқайсысының малын тартып алып ренжітпеді, қысым көрсетпеді» дегенді алға тартты. Хат соңына Нұртай расправасының мүшесі Бәшке Тұяқұлы, Қабыл Жылқыайдар-ұлы, Арыстанбек Ботақараұлы, Түрке-бай Тұманұлы, Қазы Өтеуліұлы, Үкі Тө-лепұлы, Құрақ Жылгелдіұлы, Амандық Есенбайұлы, Алаша руынан Асан Дәуіт-ұлы мен Төлеп Бекжанұлы секілді стар-шын, билер өз мөр, таңбаларын басты [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 12-іс, 5-7-пп.].
Орынбордағы хан сайлауКөп ұзамай өз билігінің дәрменсіз-дігін сезінген Айшуақ хан 1805 жылы 17 ақпанда Орынбор әкімшілігіне хан-дық биліктен бас тартатынын жеткізді. Губернатор Г. С. Волконский Айшуақ ханның мұндай өтініш жасауына қазақ рубасыларының арасында бұрыннан келе жатқан дау-жанжалдың шырқау шегіне жетіп, қол астындағылардың оларға мойынсұнбауы, даладағы бей-берекетсіздіктің күшейіп, әрдайымғы ұрыс-керістің себеп болғанын, қазақ халқының ішкі тыныштығын бұзған бар жауыздықтың бастау көзін барымта-мен байланыстырды. Сөйтіп, мұның барлығы қаусап қартайған, күш-қуаты әлсіреген Айшуақ ханның елде тәртіп пен тыныштықты қалпына келтіре ал-мауына әкелді. Осыдан соң патша үкі-меті 1000 сом жылдық зейнетақымен Айшуақты қызметінен босатып, оның орнына ұлы Жантөрені хан көтеруді жөн көрді [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. с. 230-231]. Сол тұста Орынбор мүфтиі М. Хұса-йынов «Жантөре сұлтан жауыздық пен барымтаға әуес, әкесі Айшуақ хан ор-нына лайықты емес, Ордада ұнамсыз, Орал шебінен 10 шақырымға ұзап, ел ішіне ішкерілеп ене алмайды, қазақтар үшін төзгісіз» деген қорытынды шыға-рып, «хандыққа нағыз қадірлі адам Бөкей сұлтан, бұрын да көпшілік оны ұсынғанымен, өз орнын немере ағасы Айшуаққа берген-ді» деп анықтаған. Алайда губернатор Г. С. Волконский Жантөре сұлтанды «орта жастағы адам, орда істерін қарауда әділ, пайдакүнем емес, Ресейге ниеттес, барлық халыққа әділдігімен сыйлы» деп бағалай оты-рып, сұлтанның 1792 жылға дейін «жас-тықпен және біреулердің айдастыруы-мен» кейбір тәртіпсіздіктерге, Сырым бастаған қозғалысқа қатысты деген сы-быс болғанымен, 1792 жылдан кейін Ресейге ниеттес болған, өзім байқаға-ным және рубасылары мен сұлтандар-дан естігенім – орыс үкіметінің пайда-сына қызмет ете алады» деп түйіндеді. Оның үстіне мүфти М. Хұсайыновтың «жаңа хан сайлау ел ішінде өтуі тиіс, Орынборда сайланған Есім хан өлтіріл-ді, Ерәлі хан шекарадан 8 шақырым жерде, ал Айшуақ пен Бөкей Орда ішін-де сайланды, сондықтан халықтың өзі таңдауы тиіс және ханның ел ортасын-да тұрғаны дұрыс» деген пікіріне қара-мастан, хан сайлау 1805 жылы 1 қыркү-йекте Орынбордан 8 шақырым жерде өтті [Мұқтар Ә. Қ. Азаттық таңы жолын-да (Қазақстанның батыс өңірі: XVIII ға-сырдың екінші жартысы және XIX ға-сырдың бірінші ширегі аралығындағы тарихи жағдайлар). – Алматы: Ғылым, 2001. 210-б.]. Бір қызығы, мүфтидің ес-керткеніндей, Орынборда хан сайлан-ған Жантөре де кейін өз қандастары-ның қолынан қаза тапты. Жантөрені хан сайлауға Байұлы руларының басшысы Қаратай сұлтан бастаған белгілі сұлтандар, билер, ру-басы старшындар қатысты. Олармен бірге Үкі би де Орынбордағы хан сай-лауға қатысқан болуы керек. Губерна-тор Г. С. Волконский «Хан сайлаудан бір күн бұрын Қаратай басқарған Байұлы рулары мен Жантөре билігіндегі Жетіру рулары өзара келісімге келді. Немере бауырлар мәңгіге шын дос болуға ант берді» [Материалы по истории Казах-ской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. с. 231] де-генімен, өзін Кіші жүз хан тағының заң-ды мұрагері санайтын қайсар Қаратай үшін ел тізгінінің Ресей шешімімен не-мере інісінің қолына өтуін мойындау оңай емес-ті. «Жантөре сұлтанның хан сайлануы - деп жазды А. Ф. Рязанов – Қаратайдың ар-намысы үшін қатты соққы болды, ол әрдайым хандық билікке қол жеткізуге үміт етіп, сол үшін орыс үкіметі алдын-да барынша еңбек сіңіруге тырысты» [Рязанов А. Ф. Көрсетілген еңбек. 30-31-бб]. Көп ұзамай жаңа ханның сайлануы-на Қаратайдың көңілі толмайтыны бел-гілі болды. Ол 25 қыркүйекте Хан кеңе-сінің төрағасы Бөкей сұлтанға өзі мен Байұлының 10 руы, Кете, Уақ рулары-ның атынан Жантөренің хан сайлануы-на наразылық білдірді. Бұл шағым Шек-аралық комиссияға жетіп, содан ко-миссия мұның алдын алу үшін Жантө-ренің бүкіл халық қалауымен хан сай-ланып, оған Қаратай мен өзге де сұл-тан, старшын, билердің қатысқандығы туралы қаулысын жариялады. Ел ішіндегі жағдайдың одан әрі шиеленісуінен қауіптенген Орынбор әкімшілігі майор Шерғазы Қайыпұлын арнайы тапсырмамен Қаратайға аттан-дырды. Шерғазы сұлтан 1805 жылы 20 қазанда Калмыков бекінісінен 20 ша-қырым жерде орналасқан Қаратаймен кездеседі. Кездесу барысында Қаратай өзінің үкіметке наразылығын білдіріп, Орынбордағы хан сайлаудың бұрынғы-ша өздерінің ерік-қалауымен емес, сон-дағы басшылықтың ерекше ықыласы-мен ғана өткенін алға тартты. Оның үс-тіне өзіндік ізгі ниетімен танымал Бөкей сұлтанның ендігі жерде хан кеңесшісі болмайтыны, оның орнына Орман сұл-танның тағайындалғаны туралы хабар-дар болып, бұған Байұлылар наразы-лық танытып, Орманның хан кеңесшісі болуын қаламаған дейді. Қаратайдан кейін Бөкей сұлтанның ауылына барған Шерғазы сұлтан Қаратай мен өзге де қа-зақтардың Орынборда өткен хан сай-лаудың дұрыс еместігі жөнінде Бөкей-ге айтқандарының мүлде теріс екенді-гіне сендірген. Бөкей болса, басшылық-тың өзін қазіргі қызметінен босатуды қалайтыны жөнінде қазақтардан естіге-нін айта келіп, «оның қандай себепке байланысты екендігі маған беймәлім» деген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 243а-іс, 14-15-пп.]. «Халық айтса, қалып айтпайды» де-мекші, ұзынқұлақтан жеткен хабар ке-йін шындыққа айналды. Орыс үкіметі Айшуақ ханның кезінен Хан кеңесін басқарып келген Бөкей сұлтанды қыз-метінен алып, орнына Орман сұлтанды тағайындады. Бұл өзгерістің астарында да бір гәп бар секілді. Себебі Бөкейдің орнына Орманды тағайындау туралы мәселе Айшуақтың, ия болмаса Жантө-ре ханның ойынан туды ма, әлде «бө-ліп ал да, билей бер» саясаты арқылы Нұралы хан ұлдарының араларына от тастап, ағайындарды араздастыруды көздеген Орынбордың мақсат-мүдде-сімен үндесті ме? Қалай десек те, олар-дың әрқайсысының өзіндік ішкі есебі болғанын жоққа шығара алмаймыз.Бөкейді кеңес төрағалығынан ке-тіруге Жантөренің өзі де мүдделі бол-ған секілді. Оған араларында бұрын-нан келе жатқан өзара келіспеушілік те әсер етуі мүмкін. Мәселен, 1803 жылы 15 тамызда Айшуақ хан Орынборға «Балам Жантөре сұлтанның иелігінен Бөкей сұлтан қазақтары жылқы барым-талады. Сұрап қайтара алмадық, содан Жантөре қарамағындағылар 650 жыл-қы қуып алып келді» деп хабарлаған. Кейін 1804 жылы 26 қазанда Орынбор-да өткен кездесу барысында Хан кеңе-сінің төрағасы Бөкей мен Жетіру рула-рының басшысы Жантөренің арасын-да өзара келіспеушілік болғаны анық-талған. Соған қарамастан, губернатор   Г. С. Волконский «мен оларды татулас-тырдым» деген. Кездесуге Нұралының ұлдарынан Қаратай, Бекқали, Шығай, Орман және Алғазы Айшуақұлы, Әбді-мүкмин Ағымұлы сияқты сұлтандар қа-тысты [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 109-іс, 5-6, 16 пп.; Мұқтар Ә.Қ. Көрсетілген еңбек. 208-б.]. Осылайша Орынбор ұлықтары Байұлы руларын басқарған Нұралы ұл-дары мен Жетіруды билеген Айшуақ ұрпақтары арасындағы кикілжіңді өз саясатына шебер пайдаланды. Ортада төреші секілді болып көрінгенімен, им-перия қазақ қауымының бірлігін емес, керісінше, оның ыдырай түсуін қалады. Дегенмен Бөкейдің орнына Орманның тағайындалуы Орынбор әкімшілігі үшін кейіннен үлкен қателік болғандығын тарихтың өзі дәлелдеді.Кіші жүздегі Хан Диуанының мүше-сі Бөкей сұлтан 1806 жылы ақпанда әс-кери министр С. К. Вязмитиновқа жаңа-дан бекітілген ханның Жайықтың ар жағындағы ұрлық-қарлықты тоқтата алмайтынын, оны қалағанымен, одан түсетін пайда оған кедергі келтіреді, ақырында, оның ынта-жігері ашылады деп жеткізді. Сонымен бірге Бөкей өзі-нің басқа хандармен тең дәрежеде екендігін, өз тегінің таза ақсүйек бо-луымен олардан тіпті жоғары тұраты-нын, өзімен бірге туған ағайынды 3 ба-уырының әкесі хан, ал анасының хан қызынан шыққанына ерекше мән бе-ріп, аналары хан тұқымынан тарамай-тын өзге сұлтандардың қазір артықшы-лыққа ие екеніне тоқталды [Материа-лы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.).Т. IV. с. 268]. Бұл арада Бөкей Хан кеңесінің жаңа төрағасы Орман сұлтанды меңзеген болуы керек. Өйт-кені Қаратайдың туған інісі болып та-былатын Орманның анасы Нұралы ханның қалмақ әйелі Рыс болатын. Ал Жантөре ханның анасының ата тегін анықтау әзірге белгісіз болып тұр. 
Үкі би – хан кеңесшісіЖантөре хан тұсында жасақталған Хан кеңесі құрамына Үкі би Байұлы ру-ларының атынан кеңесші болып сай-ланды. Мұның өзі оның ел ішіндегі жағдайды тәртіпке келтіріп, талас-тар-тысты істерге әділ төрелік жасай білген қабілет-қарымына, абырой-беделіне байланысты еді. Сол тұста Сыртқы істер коллегиясында Кіші жүздегі Хан кеңесі-нің ережесі құрастырылған. Ереженің соңына император І Александр «Солай болсын. 31 мамыр 1806 жыл» деп өз қолын қойып, бекіткен. 10 тармақтан тұратын бұл ережеде кеңестің әрда-йым хан жанында болуы, сот пен жаза ордада хан мен оның кеңесіне ұсыны-латыны, бүкіл рубасылар мен оған қа-расты халық ханға сөзсіз бағынып, ара-ларындағы өзара жаулық пен барымта-ға тыйым салуы, кез келген адамның хан мен кеңестен өз талабына қанағат-танарлық жауап іздей алатындығы т.б. тізіп көрсетілді. Ереженің 3-ші тарма-ғында «батырлардың пайда болып, кү-шеюіне жол берілмеу керек» [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 207-іс, 173-176 пп.; Казахско-русские отношения в XVIII-ХІХ вв. (1771-1867 годы). (Сборник документов и ма-териалов). – Алма-Ата: АН КазССР, 1964. № 90 құжат] деген нұсқаудың берілуі елі мен жерінің азаттығы үшін атойлап атқа қонған қазақ батырларынан алып империяның өзі сескенгенін дәлелдей-ді. Өйткені үкімет батырлардың отар-шылдық саясатқа барынша кедергі кел-тіретінін осыған дейін Кіші жүзде жүзе-ге асырып келген іс-тәжірибесінен жақ-сы білетін. Хан кеңесінің ережесі мен қызметі А. И. Добросмыслов, Ж. Қа-сымбаев ең бектерінде талдауға алын-ған.Хан кеңесінің штаты хан, оның жа-нындағы хатшыдан, кеңес төрағасы мен 6 кеңесшіден, хатшыдан тұрды. Хан кеңесшілерін Шекаралық комиссия әскери губернатордың келісімімен бе-кітіп отырды. Сонымен Кіші жүздегі жа-ңа Хан кеңесінің төрағасы болып сұл-тан Орман Нұралыұлы, ал кеңесшілері болып Әлімұлынан Сарышоңай би Алыбайұлы, Сапақ мырза Боранбай-ұлы, Байұлынан Тоқтамыс би Байбатыр-ұлы, Үкі би Төлепұлы, Жетірудан Бегім-бет Сүйіндікұлы, Бостыбай Тіленшіұлы секілді белгілі тұлғалар бекітілді. Патша үкіметі 1806 жылы 31 мамырдан бас-тап Хан кеңесінің төрағасына 346 сом 50 тиын, ал 6 кеңесшінің әрқайсысына 247 сом жылдық жалақы тағайындады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 962-963-пп.].Өткен ғасырдың соңғы ширегінен бастап қоғамдық-саяси өмірде көзге түскен бұл азаматтардың ата-бабалары да өлкеміздің дамуына өз үлесін қо-сып, айшықты қолтаңбасын қалдырған тұлғалар. Мәселен, Тоқтамыс би Бай-батырұлы әйгілі Әбілқайыр хан, одан соң Нұралы хан тұсындағы ел істерінде белсенділік танытқан Байбақты Жар-қын бидің немересі болса, Бостыбай Ті-леншіұлы – атақты Табын Бөкенбай ба-тырдың немересі, Тіленші тарханның баласы. 1806 жылы 28 шілдеде князь А. Чар-торыйскийден Орынбор шекаралық ко-миссиясына Хан кеңесінің ережесіне қосымша ескертпелер келіп түседі. Сол күні Жантөре ханның атына да хат кел-ген. Ханның айтуынша, «Хан кеңесі қа-зақтар ортасында болу керек» деген патша жарлығын халық зор ризашы-лықпен қабылдаған. Шекаралық ко-миссия ұсынысымен Жантөре хан Кіші жүз руларының сұлтан, билерін шұғыл түрде 20 тамызда Қобда бойына жина-луға шақырды. Сол тұста Орынборда болған Әлімұлы мен Жетірудың бедел-ді старшын, билері Қобдаға баруға ке-лісім берген. Қазақтар арасындағы та-лап, шағымдарды шешу үшін хан да өз ұлысымен сонда баруға жиналған. Алайда «қазақтың старшын, билері патша әскерінсіз ел ішін тәртіпке кел-тіріп, дұрыс жолға салу, тыныштық ор-нату мүмкін емес екендігін жеткізді» дегенді желеу еткен хан өзіне 1500 әс-кер жіберуді, ал егер олай ету мүмкін болмаса, онда 1000 қолмен жасақтау-ды өтінді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 259-іс, 4-6-пп.]. Жантөре ханның шақыруын құп ал-ған Кіші жүздің игі жақсылары ел ішін-дегі талас-тартысты, әртүрлі барымта мен талап-шағымдарды кеңеске салу-ды, яғни ордада тыныштық пен тәртіп орнатуды басты мақсат етті. Осындай қалыптасқан күрделі ахуалда Үкі би ке-ңес мүшесі ретінде елдің саяси өмірін-дегі маңызды істерге өз үлесін қосты. Ол Әлімұлы, Байұлы және Жетіру қа-зақтарының жиналып, Қобда бойында-ғы кеңеске баратынын Кіші жүздің бел-гілі би, старшындарымен бірге 1806 жылы 5 тамызда Жантөре ханға хабар-лайды. Хат жазғандар арасында Әлім-ұлы руларынан хан кеңесшісі Шоңай би, Байұлы руларынан Үкі Төлепұлы, Жетіру руларынан Бегімбет Сүйіндік-ұлы бастаған барлығы 32 старшын, би өз мөр, таңбаларын түсірген. Оның ішінде Үкі биден бөлек Жабал Бегәлі-ұлы, Асан Балталыұлы, Есенаман Еділ-байұлы, Алшынбай Көрпебайұлы секіл-ді Байұлының танымал 13 би, старшы-ны бар. Дегенмен елдегі жағдайды талқыға салуды көздеген кеңеске Жан-төре хан Айшуақұлы келе алмады. Оның себебін Орынбор коменданты А. С. Та-рарыкин 10 тамызда ханның қатты қы-зуы көтеріліп, ауырып қалуымен түсін-дірді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 259-іс, 1-3, 11, 19-21-пп.]. Осыдан соң Хан кеңесі гу-бернатор Г. С. Волконскийге «Жантөре Қобдаға келемін дегенімен, уәдесінде тұрмады. Мұны көзімен көрген халық Қаратайды хан атай бастады» деп ха-барлайды [Мұқтар Ә. Қ. Тарих айдынын-дағы тұлғалар. Ғылыми мақалалар жи-нағы. 2-ші кітап. – Алматы: Арыс, 2013. 206-б.].Сөйтіп, Жантөре хан орыс шекара-сы маңынан әрі аса алмайтын, ел орта-сына бара алмайтын басшыға айнал-ды. Қаратай сұлтанның Орынбордағы хан сайлау кезінде губернатор Г. С. Вол-конскийге Жантөре «далада емес, сан-дықта ғана жақсы әрі аман-сау хан бо-ла алады» деген пікірі шындыққа ай-налды [Мейер Л. Киргизская степь Оренбургского ведомоства. – Санкт-Петербург: Типография Э. Веймара и   Ф. Персона, 1865. с. 27]. Күн тәртібіне көтерілген күрделі мәселелердің дер кезінде шешімін та-ба алмауы Жантөре ханға қарайтын Жетіру рулары мен Ішкі орда билеушісі Бөкей сұлтанның, Хан кеңесінің төраға-сы Орман сұлтанның басқаруындағы Байұлы рулары арасындағы барымта-ның одан әрі күшейе түсуіне әкелді. 1806 жылдың күзінде Бөкейдің иелігін-дегі қазақтар Жантөре ханға қарасты қазақ руларынан біраз жылқы барым-талаған. Осыған орай Жантөре хан Орал әскери кеңсесінен Мергеновск форпос-ты маңында көшіп-қонған Байбақты руының Қынық бөлімінен Жантелі Жанғұттыұлын, Бармақ Жанғұттыұлын, Жантөре Есенаманұлын, Сапи Жомарт-ұлын, Елші Қаратайұлын, Батақ бөлімі-нен Маяқұл мен Мәкен Жантайұлда-рын, Жарбол Жарлықамысұлын, Қар-қамыс, Төлеп, Шоланды бауырлары-мен бірге тұтқындауды және қуып алынған жылқыларды кері қайтарған-ша оларды ұстап тұруды сұрады. Оның бұл ісін дұрысқа санаған Орал казак-орыстарының әскери кеңсесі 1807 жы-лы 27 ақпанда хан талабын тез арада орындауды ұсынды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 4-п.]. Байбақты Қынықтан тарайтын Жан-ғұтты ұлдары Жантелі мен Бармақ – аға-лы-інілі бауырлар. Олар Жантөре Есен-аманұлымен, Елші Қаратайұлымен не-мере ағайын. Шежіреге зер салсақ, Бай-бақты Қынықтан – Андағұл, Байжиен, Жолдығұл (Атамбаласы), Қалқаман та-райды. Байжиеннен Бәубек, Бәубектен Еділбай дүниеге келген. Еділбайдың Жанғұтты деген баласынан Бармақ пен Жантелі, Есенаман атты баласынан Жантөре туған. Ал Елші Қаратайұлы Қынықтың Жолдығұлынан өрбиді [Ахметов К. Ғ. Көрсетілген еңбек. 109-110, 116, 120, 123, 140-141-бб.]. 
Ханмен арадағы шиеленіс1807 жылы 5 маусымда Лебяжинск форпостынан Орынбор губернаторы  Г. С. Волконскийге жолдаған хатында Жантөре хан Хан кеңесінің төрағасы Орман сұлтан мен кеңес мүшесі Үкі би-дің үстінен шағым түсірді. Ханның ай-туынша, өткен қыста Хан кеңесінің төр-ағасы Орман сұлтанның ұлы Шыман сұлтан төлеңгіттерімен және кеңес мү-шесі Үкі Төлепұлының туған бауырлары жетірулықтардың бірнеше жылқысын қуып алып, өзінің шақыруына келме-ген. Орман сұлтан мен Үкі Төлепұлы жетірулықтардан айдап алған жылқы-ларын өзін қолдайтын қазақтар арқы-лы құпия түрде Нарын құмға жөнелт-кен. Осыдан соң Орман сұлтанның жа-нында қалған Байбақты руының Батақ бөлімін басқаратын Шөкі сұлтан, Хан кеңесінің мүшесі Тоқтамыс Байбатыр-ұлы, Тоқсанбай Бұланұлы, Өтеміс Жыл-гелдіұлы, Әбіл Жылқыайдарұлы секілді старшындар ханға келіп, «Орман сұлтан мен заседатель Үкі Төлепұлы қуып алын-ған жылқыларды қайтармай, халық ара-сында үлкен бүлік жасады, олардың мұндай өрескел іс-әрекетін тоқтата ал-маймыз» деген. Шөкі сұлтан аталған старшындармен өзіне қарасты қазақ-тар қолында жетірулықтардан қуып алынған қанша жылқы табылса, соны қайтаруға уәде еткен. Содан соң Жан-төре ханды шептен 25 шақырым жерде орналасқан ішкі беттегі өзінің ауылына алған. Сонда екі күн бойына ақылдаса келіп, табылған жылқыларды жинап, жетірулықтарға қайтаруға келіскен. Бірақ сол кезде Орман сұлтан Нарын құмда мыңнан аса қол жинап, сол ар-қылы жетірулықтардан қуып алынған малды жөнелтіп жіберген. Соның ішін-де бауырлары Бөлке, Елтай сұлтандар мен өзінің ұлдары Мүшеғали, Шыман сұлтандарды алып, оларға Хан кеңесі-нің заседателі Үкі Төлепұлын басшы етіп, Байбақтының Батақ бөлімінен старшын Құбай Жылқыайдарұлын, Сапақ Қошағалұлын, Толыбай Тайлақ-ұлын, Қонажан Сапақұлын, Төлеп Дә-уітұлын, Тоқсоба бөлімінен Алшынбай Көрпебайұлын қарулы қолмен Жантө-ре ханға аттандырған. Жантөре болса «Олар келген соң алдымен біздің жыл-қыларды айдап алып, содан соң ханды, яғни мені өлтіруді көздеді» деп көрсе-теді. Старшын Тоқсанбай Бұланұлы ар-қылы Орманның іс-қимылынан алдын ала хабардар болған Жантөре хан қам-данып үлгерген. Яғни Шөкі сұлтан, Хан кеңесінің мүшесі Тоқтамыс Байбатыр-ұлы, Тоқсанбай Бұланұлы, Әбіл Жылқы-айдарұлы бастаған қазақтар қарсы жү-ріп, оларды әрең деп тоқтатқан. Орман сұлтан ағасы Қаратай сұлтанға жасы-рын кісі шаптырған. Содан Қаратай мың-ға жуық қолмен Котельный форпосты-на келіп, Орманмен кездескен. Олар өзара кеңесе келе, Жантөреге келуді шешкен. Хан болса, «Адамдарымның аздығынан қауіптеніп, Лебяжинск фор-постына қайтуға мәжбүр болдым» деп, есаул Токсановты губернатор Г. С. Вол-конскийге жіберген [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 12-15-пп.].Жантөре ханның хатында аталған Байбақты Батақтың старшын, билері – сол кездегі елдің саяси өмірінде көзге түскен белгілі тұлғалар. Мәселен, Тоқ-тамыс Байбатырұлы мен Өтеміс Жыл-гелдіұлы – атақты Жарқын бидің туған немерелері. Олардың ата-тегі «Байбақ-ты – Батақ – Әйтемен (Итемген) – Қара – Жарас – Жарқын» болып тарайды. Жар-қынның Жылгелдісінен Өтеміс, Байба-тырынан Тоқтамыс туған. Атақты Бұлан бидің баласы Тоқсанбайдың шежіресі «Байбақты – Батақ – Әйтемен (Итем-ген) – Қара – Құтай – Бұлан – Тоқсан-бай» болып тарқатылса, Әбіл бидің ата тегі «Байбақты – Батақ – Әйтемен (Итем-ген) – Әйтімбет – Ақберлі – Жылқыай-дар – Әбіл» деп берілген. Ал Қонажан би Сапақұлы Батақтың Бұғанайынан, оның Жангелдісінен өрбиді [Ахметов К. Ғ. Көрсетілген еңбек. 11-13, 19, 32, 54, 56, 65-бб.].Жантөре хан атап өткен Толыбай батыр – әйгілі Тайлақ батырдың баласы. Оның шығу тегі «Байбақты – Батақ – Күшпен – Үсен – Мәметай (Мәмбетай) – Тайлақ – Толыбай» болып тарайды. Осы Тайлақ батырдың және оның ұл-дары Толыбай мен Өгіздің басына қо-йылған құлпытастар Сырым ауданына қарасты Жамбыл ауылының іргесіндегі көне қорымнан табылып, мәтіндері оқылды. Оған қоса Ақжайық ауданы-ның Базартөбе ауылдық округінен шы-ғысқа қарай 18 шақырым жерде орна-ласқан, жергілікті халық «Таймас батыр күмбезі» деп атайтын шикі кірпіштен қа-ланған шошақ төбелі кесене Тайлақ ба-тырдың немересі, Өгіздің баласы Тай-масқа арналған. Осы күмбезден төрт метрдей жердегі құлпытас Тайлақ ба-тырдың тағы бір немересі, Есеттің ба-ласы Мыңжасардың басына тұрғызыл-ған [Құттымұратұлы Қ. Құлпытас сырын ашайық. – Орал: ЖК «ADIL PARASAT», 2014. 28-29, 79-82-бб.].Жантөре ханның жоғарыдағы хаба-рынан соң Орынбор губернаторы 1807 жылы 21 маусымда Хан кеңесінің төр-ағасы Орман сұлтанға «Қазақтар арасын-дағы өзара талап-шағымдарды қарау-дан жалтару, мыңға жуық дұшпан қа-зақтардан қол жинау, Қаратай сұлтан-мен арадағы жасырын келіссөздер, елірген іс-әрекетің, ханның келісімінсіз Бөкей сұлтанға кетіп қалуың, мұның барлығы сенің теріс ниетіңді дәлелдей-ді және сізді қатаң жазаға тартқызады» деген хат жолдады. Одан әрі Г. С. Вол-конский «Егер сіз келешекте осындай батылдыққа барып, күш көрсетсеңіз, онда маған сеніңіз, сізді ешқандай да-ла да, ешқандай құм да ұлы монарх-тың қаһарынан жасырып қала алмай-ды, айбатты әскеріміз сізді және сіздің жақтастарыңызды қатаң түрде жаза-лайды. Ол кезде өкінуге кеш болады. Сондықтан мен осы өлкенің негізгі бас-шысы әрі досыңыз ретінде сізге зұлым ой-ниетіңізді тоқтатуға, ханның алдын-да кешірім сұрап, онымен келісіп өмір сүруге кеңес беремін және бұйыра-мын. Егер де менің ұсыныстарымды орындамасаң, онда Құдай мен ақ пат-шаның қаһарына ілігесің» деп ашу-ызасын төкті [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 22-п.]. Ал Жантөре хан 27 маусымда Шек-аралық комиссияға Хан кеңесінің мү-шесі Үкі бидің іс-әрекетін орданың ты-ныштығына қарсылық ретінде бағалап, оны өзге лайықты тұлғамен, яғни Беріш руының белгілі биі, старшын Асан Бал-талыұлымен ауыстыруды ұсынып жат-ты [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 212-іс, 194-п.].Сол тұста Байұлы мен Жетіру рула-ры арасында қалыптасқан жағдайды Орман сұлтанның 1807 жылы 10 шілде-де губернатор Г. С. Волконскийге жазған жауабынан да байқауға болады. Орын-бор басшысының ұсыныстарын ренішті көңіл күймен қарап шыққан Орман сұлтан өз тарапынан мұндай істің еш-қашан жасалмағанын айтып, мұндай жаланың өзіне ханның айтуымен та-ғылғанын біліп, қатты намыстанған. Оның пікірінше, хан қазақтар арасын-дағы барымтаға қатысты дау-дамайды, өзге де айтыс-тартысты, келіспеушілікті анықтамады, сондықтан елде тыныш-тық орнамады. Бүкіл қазақ малының ұсталғанына қарамай, оған тиісті есеп жасамай, хан өзіне тек Жетіру халқын бөліп алып, олардың малымен Жайық-тың далалық бетіне кетіп қалды. Ол жаққа Байұлы руларының бірде-бір ма-лы жіберілмеді. Сол кезде Жайықтың жаппай тасып кетуіне байланысты бекі-ніс, форпостардан астық сатып алу үшін ішкі бетке өту мүмкін болмады. Бұл көптеген қазақтың аштыққа ұшырап қырылуына, өзінен көмек сұрауға мәжбүр еткен. Осыдан соң Орман Орынбор губернаторымен, Шекаралық комиссиямен байланысқа шыққан. Хан оған «Бұл жағдайды менің рұқсатым-сыз жоғары жаққа жеткіздің» деп, ре-ніш білдірген. Жанына жетірулықтар-ды, екі жүздік башқұрттарды ертіп, Жа-йықтан төмен қарай аттанған Жантөре ханды Орман сұлтан қарсы алып, Жа-йықтың тасуына байланысты ішкі бет-тегі Байбақтылар арасындағы өз ауы-лына әкеліп, қонақ еткен. Хан жанын-дағы башқұрттардың Байбақты руы-ның қойларын ұрлап, сойып алуы ара-ларында тағы да біраз дау-дамай ту-ғызған. Сол тұста көптеген қазақтың аштықтан қырылуына байланысты Ор-ман сұлтан кедей қазақтарды құтқару үшін ханнан Жайықтың арғы жағына өзі мен хан кеңесшісі Үкі Төлепұлына қарасты 11 түтінді немесе жанұяны са-уын сиырларымен, қойларымен өткізу-ді сұрайды. Жантөре хан бұған келісім бергенімен, қой, сиырлар өзеннен өте алмай жатқан кезде есаул Токсанов «хан бірде-бір малды Жайықтың арғы жағына өткізуге рұқсат берген жоқ» деп, барлық малды кері ішкі бетке қу-ған. Сол сәтте Жетірудағы Әшібек та-бынның старшыны Жарылқап Сүйіндік-ұлы, Есболай Дауысбайұлы, Имансары батыр Алшынбайұлы бастаған жүзге жуық қазақтар келіп, озбырлы түрде Хан кеңесінің мүшесі Үкі Төлепұлы мен оның бауырларының ер-тоқым, жүгені-мен 10 атын, 5 қойын және 13 сиырын тартып алған. Содан соң далалық бетке бірде-бір мал жіберілмеген. Ал хан болса, өзінің мекенінен Байбақтылар ұлысындағы Абызлы деген ауылға ат-танған. Сол кезде ағасы Бөкей сұлтан-нан шұғыл түрде шақыру алған Орман сұлтан ханның рұқсатымен жол жүріп кетеді. Ол кеткен соң төртінші күні же-тірулықтар Байбақты жылқыларын ба-рымталаған. Олардың соңынан қуғын салған Байбақтылар тікелей хан ұлы-сына қашқан ұрыларды қуып жетіп, жылқыларын кері тартып алады. Өзде-рін қолға түсіруге тырысқанымен, ұры-лар хан ұлысына жетіп, құтылып кет-кен. Осыған орай ұрыларды қолға түсі-ре алмай, ханнан күшпен тартып алуды әбестікке балаған Байбақты қазақтары ауылдарына кері қайтып, Әбіл би Жыл-қыайдарұлы мен старшын Қазы Өтеулі-ұлын Жантөре ханға жіберген. Байбақ-тыларға негізсіз кінә таққан Жантөре ханға ағасы Бөкей сұлтанды алып кел-ген Орман сұлтан «үшеуміз бір-бірі-мізге деген наразылықтарымызды ашық айтып, тіл табыстық» деп хабар-лайды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 32-35 пп.].Көп ұзамай Жантөре Айшуақұлы Хан кеңесінің төрағасы Орман сұлтан мен Қара Есімұлының, сол секілді засе-дательдер Үкі Төлепұлы мен Төлеп Дә-уітұлының үстінен Орынбор әкімшілігі-не тағы да шағым түсірді. Осыдан соң губернатор Г. С. Волконский 1807 жылы 3 тамызда Орынбор шекаралық комис-сиясына оларға берілетін жалақыны тоқтатуды ұсынды. Бұл жайлы Жантөре ханға хабар берген губернатор Орал әскери кеңсесіне қарасты дистанция және форпост бастықтары ханның келі-сімінсіз ешқандай сұлтандар мен жеке рубасылардың екі жақты талап-шағым-дарын қарауға араласпауын тапсырды. Ханның шағымын қарастырған Шек-аралық комиссия 13 тамызда Г. С. Вол-конскийге барымта үшін өзара есеп айырысып, басшылықтың араласуы-мен араларындағы араздықты тоқта-тып, келісімге келуі үшін Жантөре хан-ды, сұлтандар Орман, Бөкей Нұралыұл-дарын және Қара Есімұлын, сондай-ақ старшын Үкі Төлепұлы мен Төлеп Дә-уітұлын Орынборға шақыруды қажет деп тапты [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 41-42, 45-пп.]. Жантөре хан 1807 жылы 10 тамыз-дағы көшқұлаш жазбасында Орман сұлтан мен Үкі биге кінә тағуды ұмыт-пады. Ол губернаторға: «Төраға Орман сұлтан мен заседатель Үкі Төлепұлы өз арам ниеттерінен бас тартып, адал жү-ректерімен тәубесіне келетініне үміт-тенемін, маған бағына отырып, ордаға тыныштық пен жайлылық орнатуға ты-рыссын, егер де олар айрықша игі ниет-ті адамдар болса, онда, әрине, менің рұқсатымсыз өз ұлыстарынан кетіп қа-лып, өздерін қолдаушы қазақтарды Та-бын, Тамалардың жылқыларын қуып алуға жөнелтпес еді. Олардың осындай жаман ой-ниеттерін мен сізге 13 шілде-де егжей-тегжейлі мәлімдегендіктен, қайталап жатпаймын, олардың ойында пасық ниеттерінің болғаны анық әрі еш күмәнсіз» деп көрсетті. Содан хан олардың сол ой-ниетімен төменгі Орал шебіндегі Красноярск форпосты маңы-на келіп орналасқанын алға тартып, өзіне шабуыл жасауды ойлайтын қас-көй қазақтардың бастаушылары мен жетекшілерін шалғай жерге кетіп қал-мастан бұрын тұтқындауға бұйрық бе-руді және осы істің тергеуі біткенше кү-зетте ұстауды өтінді. Сол арқылы орда-лықтар алдында өз атақ-абыройының бұрынғыдан да жоғарылауы үшін Жан-төре хан Г. С. Волконскийдің айрықша қамқорлығына сенім артты [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 51-52-пп.]. 11 тамызда Жантөре хан Орынбор губернаторына өзіне теріс ниетті Бай-бақтылар мен кеңес мүшесі Үкі бидің дұшпандық әрі жауыздық ниетімен ша-буыл жасағанын айта келіп, «Үкі Төлеп-ұлы өзінің пасық та қастық ниетінен бас тартып, тәубесіне келді, маған бас иіп, мойынсұнды» деп жеткізді. Одан соң Үкі биді Хан кеңесінің мүшесі, яғни заседатель лауазымынан босатып, ор-нына Беріш руының сенімді қазағы Асан би Балталинді ұсынды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 63-64 пп.].Жантөреден бір мезетте сегіз хат алған Г. С. Волконский 1807 жылы 1 қыркүйекте Үкі Төлепұлын беріш Асан Балталыұлымен ауыстыру туралы ұсы-нысын Шекаралық комиссияға жолда-ды. Ал қазақтардың шағым, талапта-рын қарау үшін ханның орда ішіне бару ниетіне «шалғайдағы қазақтардың жағ-дайы жөнінде мәліметтер алғанға де-йін» дегенді сылтау етіп, келісім берме-ді. Келесі күні губернатор комиссияға Асан Балталин аталған қызметті атқа-руға қабілетті болса, онда Төлепұлын ауыстырып, оның орнына бекітуді, ол жөнінде өзі мен Жантөре ханға хабар-лауды тапсырды. Осыдан соң Кіші жүз ханына Үкі Төлепұлын қызметінен ауыстыруды Шекаралық комиссияға ұсынғанын, оның нәтижесі туралы ха-бар берілетінін ескертті [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 55-56, 66-п.].
Жалғасы журналдың келесі санында

Қаралым саны 3543

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463