«ХVІІІ ғасырдың соңы мен ХІХ ға-сырдың ортасында өмір сүрген Ұзақ күйші – төкпе күйлердің орындалу мә-нерінің негізін қалаушылардың бірі. Күй атасы Құрманғазының ұстазы. Тегі – Кіші жүз Байұлы бірлестігіне кіретін Сұлтансиық Алаша руындағы Барамық-тың Сырлыбайы. Ұзақ күйші Сағырбай-дың үйінде болғанда кішкене Құрман 13-14 жаста болған дейді. Ұзақ өзінің «Ұзақ Ақжелең» күйін тартқанда жас Құрманғазы сол күйді аудармай тар-тып беріп, Ұзақтан бата алған. Кейін күйші ұстазына арнап «Ақжелең» күйін шығарған. Бізге жеткен «Ұзақ Ақже-лең» күйінің авторы. А. Жұбанов бұл күйді нотаға Дина Нұрпейісованың тартуында түсіріп, «Құрманғазы» атты кітапқа енгізген. Ұзақтың зираты Қара-төбе ауданының Аққозы ауылдық ок-ругі аумағындағы Ақтұлым қорымын-да. Округ орталығы – Қоржын ауылын-да ұрпақтары тұрады» делінген Қаратөбе ауданының тарихи-таным-дық анықтамалығы кітабында.
Баба мұрасын ұлықтау, есімін елге мәлім ету мақсатында ауданда 2014 жылы аймақтық «Ұзақ күйші» қоғам-дық қоры құрылған еді. Ұзақ бабамыз-ға тұрғызылған кесене – қазақтың күйі-не, қазақтың домбырасына тұрғызыл-ған кесене. Алыстан көз тартар кесене-ні көрген ұрпақ қолына домбыра алып өсетін болады.
Бүгінгі игілікті іс – қазақ рухания-тындағы үлкен құбылыс.
Кесененің ашылу салтанатында БҚО мәдениет, мұрағаттар және құ-жаттама басқармасының басшысы Дәулеткерей Құсайынов, Қаратөбе ауданының әкімі Асхат Шахаров, Ұзақ күйшінің ұрпағы Нұрболат Қазбаев, «Ұзақ күйші» қоғамдық қорының ди-ректоры Мұрат Әлжанов, Қаратөбе ауданының құрметті азаматы, өлкета-нушы Қайыржан Хасанов, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәде-ниет қызметкері, айтыскер ақын Шолпан Қыдырниязова т.б. белгілі тұл-ғалар қатысып, сөз сөйледі. Аудандық мешіттің бас имамы Әділжан Бекқазиев баба рухына бағыштап құран оқыды.
Бұдан соң Қоржын ауылдық мәде-ниет үйінде «Ұлы даланың тарихы – ұлы халықтың тарихы» атты практика-лық конференция өтті. Онда М. Өте-місұлы атындағы БҚМУ «Қазақстан та-рихы және өлкетану» ғылыми орталы-ғының жетекшісі, тарих ғылымдары-ның кандидаты Жаңабек Жақсығалиев, Батыс Қазақстан инновациялық-техно-логиялық университетінің педагогика факультетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабыр баяндама жасады.
Ертай БИМҰХАНОВ,
Батыс Қазақстан облысы