Самбо күресінен Ауған және басқа да жергілікті соғыстардан қаза тапқандарды еске алуға арналған 17-ші халықаралық жасөспірімдер турнирінен ІІІ орын. Рязань қаласы, 2011 ж.
Самбо күресінен 1996-1998 жылы туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жат-тықтырушы Р. Г. Валиевтың жүлдесіне арналған ҚР біріншілігі,
І орын. Астана қаласы, 2012 ж.
Самбо күресінен ҚР Парламентінің жүлдесіне арналаған
І жекпе-жек фестивалінде ІІІ орын. Астана қаласы, 2012 ж.
Жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында ІІ орын. Греция, Салоники қаласы, 2013 ж.
Самбо күресінен 1993-1994 жылы туған жастар арасында ҚР чемпионаты, ІІІ орын. Семей қаласы, 2013 ж.
Самбо күресінен Қабанбай батыр мемориалы ҚР кубогында ІІ орын. Семей қаласы, 2013 ж.
Самбо күресінен 1995-1996 жылы туылған жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы ҚР чемпионаты І орын. Жаркент қаласы 2013 ж.
Самбо күресінен 1996-1997 жылы жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында ҚР ашық чемпионаты І орын. Ақтау қаласы, 2014 ж.
Самбо күресінен 1994-1995 жылы туылған жастар арасында ҚР чемпионаты ІІ орын. Түркістан қаласы, 2014 ж.
Әлем чемпионатына қатысушы. Корея, Сеул қаласы, 2014 ж.
Азия чемпионы. Ташкент қаласы, 2014 ж.
Самбо күресінен 1995-1996 жылы туылған жастар арасындағы ҚР чемпионаты ІІ орын. Ақтау қаласы, 2015 ж.
Қазақстан Республикасының спорт шебері. Астана қаласы, 2015 ж.
– Гауһар, таяуда ғана Қазақстан Рес-публикасының спорт шебері атануың-мен шын жүректен құттықтаймын! Айтулы додаларда топ жарып жүрген спортшымыздың туған жерін бірі біл-се, бірі біле бермейді. Қай жақтың тумасысыз?
– Рақмет көп-көп! Иә, күні кеше сондай қуанышқа ие болғаным рас. 1996 жылы Сырым ауданына қарасты Жымпиты ауылында дүниеге келдім. Сол ауылдағы Қадыр Мырза Әлі атын-дағы мектепте білім алдым. Сол мек-тептің түлегімін. Бүгінгі таңда М. Өте-місов атындағы Батыс Қазақстан мем-лекеттік университетінің дене шынық-тыру және спорт мамандығының ІІІ курс студентімін.
– Самбо спортын таңдауыңызға ту-ған жердің әсері болды ма?
– Әсері, әрине, болады. Біздің өңір-ден Асқар Шайхиев, Оралбек Қожагел-дин, Азат Қасымов секілді палуан аға-ларым шыққан. Марқұм ағаларларым-ның көзін көре алмағаныма кейде өкі-нетінмін. Самбоға мен ең алғаш рет 2007 жылы келдім. Сол жылы қыздар құрамасы құрылғанында жаттықтыру-шым Ержан ағай Чукуров болатын, ке-йіннен Исатаева Альмира Серікқызы жаттықтырып, менің қанатымды қа-тайтқан сол кісі еді.
– Нәзік жанды арусыз, болашақ анасыз. Солай бола тұра, спортты таң-дауыңызға не себеп?
– Негізі, көп адамдар қыз балаға ауыр деп айтады. Мен бұған қарсы-мын. Қолынан келіп тұрса, қажыр-қай-ратың жетсе, кез келген саланы дөңге-лентіп әкетуге болады. Бүгінде оны та-лай замандастарымыз дәлелдеп келе-ді. Самбоны таңдауыма ағамның ықпа-лы болған еді. Ағам қолдау беріп, әкем де қарсы болмай, «Қызым, бар, бағың-ды сынап көр» деген болатын. Алайда басында анамның іші жыли қоймай, «не керек, одан да биге барып, тоқы-мамен айналыспайсың ба?» - деді. Мен қолымнан келмейтінін айтқан-мын. (Күлді) Кейіннен жетістікке жетке-німді көріп қуана бастады. Ең алғаш рет облыстық жарысқа қатысып, ІІІ орын алғаным самбоға деген қызығу-шылығымды одан сайын арттыра түсті. Бірақ бүгінгі таңда белгілі бір себептер-мен спортты тастадым. Бұл спортты біржола қойдым деген сөз емес. Бірақ қайтадан жалғастырғым келеді. Бәрі уақыттың еншісіндегі дүние ғой.
– Самбо спортының жарты ғасыр-лық тарихы бар. Әлі күнге дейін олим-пиада ойындарының қатарына ене алмай келеді. Ал кез келген спортшы-ның арманы – Олимпиада чемпионы болу. Бұл сіздің спорттағы жетістігіңіз-ге кедергі келтірмей ме?
– Олимпиада ойындарының қата-рына кіре алмай келе жатқаны, әрине, жанымызға батады. Ол қатарға енсе, талай таланттың бағы жанып, олимпиа-да чемпионы атанар еді. Мен ол жетіс-тікті арманнан көрі міндетім, мақсатым деп түсінем. Кейде неге дзюдо, грек-римді тандамасқа деген ойлар бола-тын. Мүмкін бұдан да жақсы жетістікке жетем ғой. Бірақ бәрібір бүйрегім сам-боға бұрып тұрады. Басқа күреске қа-рағанда самбо жеңіл, мүмкін, ол да бар шығар. Қазақтың көк туын самбо-мен желбіретсем, оның өзі де зор мақ-таныш. Жетістігіме еш кедергі келтір-мейді. Ол жағын ойламаппын. Мен үшін самбоның орны орасан зор.
– Қазақстандағы және әлемдегі самбоның айырмашылығы мен кем-шіл тұстары? Қаншалықты қолдауға ие?
– Мен Ташкентте, Грецияда, Сеул мен Минск сияқты қалаларда болдым. Жарыстарына қатыстым. Екі рет әлем чемпионатына барғанымда Қазақстан алдыңғы қатарлы мемлекеттердің қа-тарынан көрініп, Ресеймен, Моңғолия-мен бәсекелес болып жүрді. Бүгінгі таң-да бір қуантарлығы – самбошылардың қатарында қазақ қыздары көбейіп ке-леді. Кемшін тұсы – басқа ел самбошы-ларының қасында өзінің психологы, дәрігері бірге жүреді. Кез келген қауіпті жағдайда қасынан табылады. Жарақат алған жағдайда бізге амалсыз сол ел-дің ауруханаларына қаралуға тура ке-леді. Мүмкін үлкен, беделді самбошы-лардың қасында жүретін болар, бірақ бізге ондай мүмкіндік жасалынбай ке-леді. Ал қолдау жағына келсек, жоға-ры деңгейде, жанам деген жүрек бол-са, от беретін ел дайын тұр. Армандар көп. Тек соған жетер жолда аянып қал-масым белгілі. Бәрі өзіңе тікелей бай-ланысты.
– Келешекте бұдан да жоғары же-тістікке жетсеңіз, алпауыт елдер ша-қырту жіберсе, келісер ме едіңіз?
– Жоқ! Мен еш ойланбастан осы жауапты айтар едім. Ат басындай ал-тын беріп, хан сарайындай үй берсе де, елімді, Отанымды тастап кетпеймін. Қазақта жақсы сөз бар: «Өзге елде сұлтан болғаныңша, өз еліңде ұлтан бол» деген. Мен осыған толық келі-семін. Осы күнге жеткізген қазақ елі, қазақтың жері, соны біле тұра, басқа елдің қалайша туын желбіретіп, Ән-ұранын шырқамақпын?!
– Алғашқы жеңісіңіз есіңізде ме? Кіммен шығып едіңіз? Қарсыласты қаншалықты бағалайсыз?
– Алғаш облыстық кезеңде алған жүлдемнің орны орасан зор. Сол кез-де Астана қаласында жарысқа қаты-сып, төрт кезең бойы топ жарып, алтынмен қанжығамды майлағам. Сол жолы Қызылорданың Гүлім деген спортшысын ұтқаным есімде қалыпты. Менің үлкен қателігім – қарсыласты ба-ғалай алмайтыным. Қазақстан чемпио-натында екі жыл жеңіске жетіп, 2015 жылы тағы да жолдама алып тұрып, дұрыс дайындықтың жоқтығынан әрі өзіме деген жоғары сенімділіктің кесі-рінен ұтылып қалдым. (Күлді) Осы сияқты жағдайлар көп кездеседі. Қазір шекеме тигесін, түсініп жатырмын. Қайтадан спортты жалғастырғанымда міндетті түрде жоғары деңгейде да-йындықпен баратын боламын.
– Самбодан қай елдердің бәсі биік? Қандай спортшылармен бел-дескіңіз келеді?
– Шыны керек, Ресейдің асығы ал-шысынан түсіп тұр. Мүмкін отаны бол-ғасын шығар, мүмкін қолдау жағы, спортшыларының тәжірибесі мықты шығар. Бірақ Қазақстан, Моңғолия да қалыспайды. Ер-азаматтардың арасын-да Грузия болса, әйелдер арасында Беларусия Ресейден кейін көш бас-тап келеді. Қарсыласқа келсем, белгілі бір адамды атап, болмаса, соны мақсат тұтқан емеспін. Бірақ Ресейдің Ирина Харитона атты самбошысынан ұтылға-ным есімде. Сонымен қайта белдесіп, есемді қайтарғым келеді. Бұйырса, ол да бола жатар.
– Спортты тастаған жағдайда қан-дай саламен айналысу ойыңызда бар?
– Ол жағын, шыны керек, ойламап-пын. Менің спортты қойғаныма жылға жуықтады. Көптеген додалардан қол үзіп қалғаныма өкінемін. Жыл ішінде университетте бірге оқып жүрген қа-тарластарым – Аида Садықова, Құралай Қабрайқызы, Айзан Отарбай, Гаухар Серікова сияқты дарынды да жалынды жастардың жетістіктеріне қуанып, кейде неге қойдым деген өкі-ніш тұратыны рас. Бірақ, бұйырса, биыл міндетті түрде қолға алып, жаттығуым-ды жалғастыратын боламын. Бірақ спортты қойған жағдайда, маманды-ғым бойынша жұмыс жасайтын шығар-мын. Магистратураны жалғастыру да ойымда бар. Кез келген саланың тасын өрге домалатуға қауқарым жетеді. Ананың ақылы, әкенің тәрбиесі далаға тастамайтынына сенімім мол.
– Кез келген ер-азамат өзінің жа-рын, отанасын спорт саласында бол-ғанын қалай бермейді. Әсіресе, боз кілемде. Сіздің ойыңыз?
– Неге? Одан не зиян шегіпті? Қайта жақсы емес пе? Жолдасының жетістігі-не қуанып, қолдау көрсетпей ме?! Мен қанша жерден спортты таңдасам да, үй шаруасын, әйел адам жасауға тиіс қыз-метті жасау қолымнан келеді. Асты да пісірем, үйді де жинаймын. Тамақты да жақсы даярлаймын. Тек түсіністік таны-тып, үнемі қасымнан табылса, маған одан артық қажеті жоқ.
– Ұл-қыздарыңыздың осы салада болғанын қалар ма едіңіз?
– Қуана-қуана қалар едім. Егер олар таңдаған жағдайда, менің жіберген қа-телігімді, жасай алмай кеткенімді со-лар жасайтын болады. Таңдаған екен, қиындығын да, қуанышын да басынан өткеруі тиіс. Онсыз ол саланың еш құ-ны болмайтыны белгілі. Білмеймін, ма-ған тартса, спортшы болуы керек.
– Біздің журнал оқырмандарына тілегіңіз?
– Тілегім – «DANAkaz» журналының оқырманы көп болсын! Негізі, бұл жур-налды әжем жібермей оқиды. Сол сияқты оқырмандар да қалт жібермей, саны мен сапасы келісті болуына тілек-шімін. Саңлақтардың тілеулесі, ұлттың жанашыры бола берсін.
Меңдібек ЛҰҚПАНОВ,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ студенті