Жантөренің Орынборға жолдаған үшбу хат-хабарларына қарамастан, Үкі би өз қызметін одан әрі жалғастырды. Үкі биді орнынан босату туралы хан ұсынысын Орынбор губернаторы
Г. С. Волконский Шекаралық комиссия-ға бергенімен, беделді биді қызметінен алуды комиссия қош көрмеді ме, әлде ел ішіндегі абырой-беделін ескерді ме, әйтеуір, би өз орнында қалды. 1808 жы-лы 29 ақпанда Үкі Төлепұлы Хан кеңесі-нің төрағасы Орман сұлтанмен және кеңес мүшелері Бостыбай Тіленшіұлы, Бегімбет Сүйіндікұлымен бірге губер-натор Г. С. Волконскийдің Кіші жүзде тәртіп пен тыныштықты қалпына кел-тіру үшін төменгі Орал шебіне майор Некрасовты жібергенін Жантөре ханға мәлімдейді. Оған қоса Байұлы мен Же-тірудың старшын, би, мырза, батырла-рының комиссия құрамына Орал казак әскерінің атаманы Д. М. Бородинді қо-суды сұрағанын ханның қаперіне сала-ды. Өйткені «атаман бұрыннан қазақ-тармен көршілес орналасуына байла-нысты орда тәртібін ерекше біледі, сол арқылы орда жақсы тәртіп пен тыныш-тыққа келеді» деген. Осыған орай ке-ңес бұл өтінішті ханның жақын арада губернаторға жолдауын әрі өзінің аты-нан ұсыныс жіберуін сұрады. Аталған өтінішті Хан кеңесіне сұлтандар Әлмәмбет Қарабайұлы, Табылды Шахғазыұлы бастаған Байұлының 43, Жетірудың 18 рубасы старшындары жеткізген еді. Оның ішінде Байбақты руынан Әбіл Жылқыайдарұлы, Тоқсан-бай Бұланұлы, Нәкен Жантайұлы, Ма-лайсары Байболатұлы, Айтулы Көбек-ұлы, Алшынбай Көрпебайұлы, Елші Қаратайұлы деген билер болды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 187-193-пп.].
Көп ұзамай генерал-майор Д. И. Герт-ценберг басқарған комиссияның ұйым-дастыруымен Бақсай бекінісінде өткен кездесуде Кіші жүз ханы Жантөре Айшуақұлы мен Жайықтың ішкі бетін жайлаған Бөкей Нұралыұлы, Хан кеңе-сінің төрағасы Орман Нұралыұлы, Алғазы Айшуақұлы сияқты ел тізгініне ие сұлтандар өзара келісімге келді. Кездесуге Хан кеңесінің мүшесі ретінде Үкі би де қатысты. Барымтаға қатысты орда істерін қарау үшін құрылған Ко-миссия алдында өзара ақылдасып, ке-ңесе келе, Жайықтың дала бетіндегі және ішкі тараптағы Бөкей сұлтанды қолдайтын қазақтардан қуылған мал жөнінде есептесіп, олардың әрқайсысы жәбірленуші қазақтарды толық қана-ғаттандырып, сол арқылы осыған дейін орын алған барлық талаптарды тоқтат-қан. Сонымен бірге өткен 1807 жылы және осы 1808 жылы Жантөре хан мен Орман сұлтанның Орынборға, Бөкей-дің Астрахан әкімшілігіне жолдаған ша-ғымдарын да ұмытып, араларында болған бүкіл наразылықты тоқтатып, алдағы уақытта бейбіт әрі тыныш өмір сүруге, аталған талап-шағымдарын еш-қандай басшылыққа жөнелтпеуді мін-деттеріне алған. Егер келешекте кімде-кім қайтадан барымтаға жол беріп, ты-ныштықты бұзса, ондай жағдайда әр-бір басшы мен шенеунік Құдай мен мемлекет заңы алдында жауап беруге тиісті болған. Сөйтіп, 1808 жылы 26 нау-рызда Жантөре хан, Бөкей, Бекғали, Шығай, Өзбекғали, Артыққали Нұралы-ұлдары, Әлмұхамет Қарабайұлы, Қара Есімұлы сияқты сұлтандардан кейін Үкі Төлепұлы, одан соң сұлтандар Алғазы Айшуақұлы, Әбілмүмін Ағымұлы және Жетіру мен Байұлының 20 старшыны мөр, таңбасын басып, куәлік берді [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 305-306-пп.].
Кейін 1808 жылы 9 мамырда Хан кеңесінің төрағасы Орман сұлтан мен заседатель Үкі Төлепұлы губернатор
Г. С. Волконскийге Орал казак әскерінің атаманы Д. М. Бородиннің қысы-жазы Жайықтың ішкі бетін тұрақтаған Бөкей сұлтанды өз ұлысымен және оны қол-даушы қазақтарды мал-мүлкімен Жа-йықтан көпір арқылы далалық бетке еш кедергісіз тыныш өткізгенін хабар-лайды. Яғни 19 сәуір мен 7 мамыр аралығында өзеннен өтуді атаманның жеке өзі бастап, Бөкей сұлтан мен оның қазақтары ресейлік казак-орыс-тардан ешқандай жәбір көрмей, аман-сау өткен. Сол үшін орданың белгілі би-старшындары Бородинге ризашылық білдірген. Кеңес алдағы уақытта қазақ-тар арасында қандай да бір қиын іс болса, оны тексеруді Бородинге тапсы-руды сұраған. Өйткені атаман қазақтар-дың мінез-құлқы мен әдет-ғұрпын жақ-сы білгендіктен, барлығын еш қиындық-сыз тез арада қалпына келтіре алатын [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 208-іс, 395-396-пп.].
Жантөре ханның өлімі
Кіші жүздегі ішкі келісімнің ғұмыры ұзаққа созылмады. Ел ішіндегі саяси шиеленіс ақырында Жантөре ханның өліміне алып келді. 1809 жылы 2 қара-шада Сахарный қамалы маңындағы ауылында Жантөре хан немере ағасы Қаратай сұлтанның жақтастарының қо-лынан қаза тапты. Бүгінде Жантөре ханның Теректі ауданындағы Шағатай ауылдық округіне қарасты Қызылжар ауылындағы «Хан зиратына» жерлен-гені анықталып, басындағы құлпытасы оқылды. Онда ханның 1809 жылы 49 жасында өмірден озғаны оймыштал-ған. Мұның өзі осыған дейін отандық тарихнамада жазылып жүргендей, Жан-төре ханның 1759 жылы емес, 1760 жылы дүниеге келгенін дәлелдейді. Оның үстіне, Жантөре хан тарихына қа-лам тартқан кәсіби тарихшы ғалымдар-дың барлығы дерлік оны Айшуақтың үлкен ұлы деп келді. Ал шындығында Айшуақтың тұңғышы 1751 жылдың ша-масында дүниеге келген Сүйікәлі сұл-тан болатын. Ол туралы 1768 жылы наурызда Кіші жүзге келген Я. Гуляев Нұралының үлкен ұлы Есімнің 23 жас-та, Ерәлінің үлкен ұлы Бөлекейдің 23 жаста, Айшуақтың үлкен ұлы Сүйікәлі-нің 16 жаста екенін жазып қалдырған [ОрОММ. 3-қ., 1-т., 88-іс, 133-п.]. Осы әулеттің ұрпағы Сейітжафар Асфен-диарұлы 1898 жылы 21 қазанда Таш-кентте өз қолымен жазған өмірбаянын-да өзінің туған атасы Сүйікәлі сұлтанды Айшуақ ханның үлкен ұлы деп көрсете-ді. Сейітжафардың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Санжар Ас-фендиаровтың әкесі екендігін ескер-сек, Сүйікәлі сұлтан оның тікелей ата-сы. Яғни ата-тегі Әбілқайыр хан – Айшуақ хан – Сүйікәлі сұлтан – Асфен-диар сұлтан – Сейітжафар – Санжар болып тарайды.
Сонымен, Жантөренің өлімі, яғни ханның кісі қолынан қаза табуы қазақ-орыс қатынасы басталғалы Кіші жүз жерінде үшінші рет қайталанды. Кезін-де немере ағасы Есім хан, атасы Әбіл-қайыр хан да өз қазағының қолынан ажал құшқан-ды. Орынбор губернато-ры И. И. Неплюев заманында Барақ сұлтанның Әбілқайыр ханды өлтіруі беделді билеушілер арасындағы тар-тысты көрсетсе, О. А. Игельстром тұ-сында Сырым батыр жақтастарының Есім ханды мерт қылуы орыстың отар-лау саясатының қолдаушысына айнал-ған ханға деген халық қарсылығы еді. Енді, міне, Г. С. Волконский кезінде Жан-төре ханды өз қандас бауырларының о дүниеге аттандыруы немере ағайын арасындағы араздықтың қандай дәре-жеге жеткенін көрсетті. Бұл қанды оқи-ға ІІ Екатерина патшайымның кезінде Орынбор генерал-губернаторына жол-даған құпия жарлығындағы «Сұлтан-дардың бірі менен бірін араз қылып, бірі менен бірін иттей тартыстырып, бірінің етін бірі жеуге себеп болардай іс қылыңыз» деп көрсетілген нұсқау-дың толық жүзеге асқанын айғақтай-ды. Осылайша, қазақ арасына от тұта-тып, береке-бірлігін бұзып, өзара азып-тоздыруды көздеген отарлық саясат өз мақсатына жетті. Сөйтіп, патша үкіметі-нің «Өз-өздері қырық пышақ болып, қырылысып, жеңілген жағы жеңген жа-ғынан өш алар үшін, күш алар үшін Рос-сия патшалығына жақындар уа патша-лыққа қорғалар. Сол уақытта Россия хү-кіметі араларына төре болып, төрелеп, ретіне қарай я анасына, я мынау жағын қуаттап тұру керек. Түрлі амалменен сұлтандарының күшін кетірсек, өзіміз-ден озып ешқайда кете алмас. Келетін, кететін жері өзіміз болып, тілегеніміз-ше қақпалап жортармыз» деген сұрқия саясаты жоспарлы түрде іске асты.
“Үш оқиғаға да қатысты айтылар жайт оған патша үкіметінің араласауы болмақ” деп жазды осы кезді жан-жақ-ты саралаған тарихшы Ә. Қ. Мұқтар. “Әбілқайырды өлтірту арқылы империя кең түрде Кіші жүзді бақылауға алып, Нұралыны өз шенеунігі етуге тырысса, ал Жантөрені шекара бойында тұрғы-зып, ел ортасына жібермей, керісінше, тұтас қазақтың өзара қатынасын шие-леністіріп, көре тұра, халықтың Қара-тайды қолдағанын ескермей, тұтас хан-дықтың тұғырын әдейі шайқалта түсті. Халық алдында хан елбасы болудан қалды. Орыс деректері қанды оқиға се-бебі хандық таққа талас дегенімен, бас-ты мәселе, біздіңше, азаттық, тәуелсіз-дік, елдік үшін күресте жатыр” [Мұқтар Ә. Қ. Азаттық таңы жолында (Қазақстан-ның батыс өңірі: XVIII ғасырдың екінші жартысы және XIX ғасырдың бірінші ширегі аралығындағы тарихи жағдай-лар). – Алматы: Ғылым, 2001. 222-б.].
Орынбор шекаралық комиссиясы Жантөре ханның өліміне Қаратайдың екі баласын, Есім ханның балалары Қара, Шожық сұлтандарды, Хан кеңе-сінің төрағасы Орманның Шыман, Шүкірәлі деген балаларын, Елтай, Тінәлі және т.б. сұлтандарды кінәлі са-нап, тұтқындау шараларын қолға алды. Комиссия 1810 жылы 11 наурызда Жантөренің өліміне қатысушы ретінде сұлтан Орман Нұралыұлы, премьер-ма-йор Қара, Шожық Есімұлдары мен Бая-зық Күшікбайұлын атақ-абыройынан айырып, Иркутск губерниясына жер ау-даруды шешкенімен, кейін 8 маусым-дағы үкімет үкімімен Санкт-Петербург-ке жер айдалды. Зерттеуші А. И. Доб-росмысловтың анықтауынша, сол жақ-тан елге орала алмаған Орман сұлтан 1813 жылы желтоқсанда дүние салып, оның артынан Қара мен Шожық сұл-тандар да өмірден өткен [Добросмыс-лов А. И. Тургайская область. Истори-ческий очерк // Известия Оренбургс-кого отдела ИРГО. Выпуск № 16. – Орен-бург: Типо-литография Тургайского Об-ластного Правления, 1901. – С. 253].
Орманның ұсталуынан кейін губер-натор Г. С. Волконский 1810 жылы 22 сәуірде Шекаралық комиссияға Хан ке-ңесін басқаруды старшын Үкі Төлеп-ұлына тапсыруды ұсынды. Мұның өзі сол кездегі Үкі бидің саяси беделін сал-мақтай түседі. Бірақ көп ұзамай губер-натор ол қызметке кезінде Жантөре ханның өзі ұсынған Мырзалы сұлтанды лайықты деп тапты [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 222-іс, 75, 100-пп.].
Жантөренің өліміне байланысты тергеу жұмыстары бойынша Орал әске-ри кеңсесі 1810 жылы 15 маусымда старшина Тюняевтың алдында билер Төлеп Дәуітұлы, Тоқтамыс Байбатыр-ұлының Құранмен ант беріп бекіткен жауаптарын Орынборға жолдады. Мұн-дағы Төлеп би Дәуітұлы Үкі бидің әкесі болуы мүмкін деген пікірімізді мақала-мыздың алғашқы бөлімінде білдірген едік. 1790 жылғы құжаттарда би, батыр, старшын болып кездесетін Нұртай рас-правасының төрағасы Төлеп би Дәуіт-ұлының шын мәнінде Үкі бидің әкесі екендігін Орынбор мұрағатынан та-былған соңғы деректер дәлелдеп отыр [ОрОММ. 5-қ., 1-т., 56-іс, 119-п.]. Ал хан өліміне қатысты істе А. Ф. Рязанов 24 қазақ ұсталды десе, Ж. Қасымбаев оның санын 21-ге қысқартты.
Хан кеңесіне қайта сайлану
Орынбор әкімшілігі Жантөренің өлімінен соң Кіші жүз бен Ішкі орданы Хан кеңесі арқылы басқаруға шешім қабылдағанымен, кейін елге жаңа хан-ның қажеттігін түсініп, оның арты 1811 жылы қыркүйекте Кіші жүзге Шерғазы Айшуақұлын, Ішкі ордаға Бөкей Нұра-лыұлын хан сайлауға ұласты. Патша-ның бекітуінен соң 1812 жылы 7 шілде-де Орал қаласында Бөкейді, 22 тамыз-да Орынборда Шерғазыны таққа отыр-ғызу салтанаты өтті. Жаңадан сайлан-ған екі хан да өз жанына Хан кеңесін жасақтауға кірісті. 1812 жылы 1 қыркү-йекте Шерғазы хан губернатор Г. С. Вол-конскийге мемлекеттік істер мен орда-ның талап-шағымдарын қарау үшін Хан кеңесін құру қажет деген. Кеңеске төр-аға етіп Жағалбайлы, Шөмекей рула-рының сұлтаны Медетқали Тұрдалы-ұлын (Әбілқайыр ханның туған інісі Бұлқайыр сұлтанның шөбересі – Ж. А.), оған көмекшілікке осы уақытқа дейін хан кеңесіне мүше болып келген Әлім-ұлынан Шекті Сарышоңай би Алыбай-ұлын, Төртқара Сапақ мырза Боранбай-ұлын, Байұлынан Беріш Жүзбатыр би Сартұлын, Байбақты Үкі би Төлепұлын, Жетірудың Әшібек бөлімінен Құлбаба Жантуұлы мен Есболай Досұлын бекіту-ді ұсынды. Мұны жоғары басшылыққа хабарлаған Г. С. Волконский 6 қыркүйек күні Шерғазыға патша бекітуіне дейін Хан кеңесіне сайланған сұлтан мен старшындарды орда істеріне пайдала-нуды тапсырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 800-801-пп.]. Тарихшы Ә. Қ. Мұқ-тар «Губернатор ұзақ толғаныстан ке-йін Шерғазы Хан кеңесін бекітті» де-генімен, зерттеуші А. И. Добросмыслов «Өлке басшысы олардың барлығын сол бойда өз міндеттерін атқаруға жіберді, бірақ Санкт-Петербургте ұсталған бұ-рынғы төраға Орман сұлтанның тірі бо-луына байланысты жаңа төраға өз қызметіне тек 1814 жылы 1 қыркүйекте ғана бекітілді» деп анықтайды. Екі зерттеуші де Орынбор мұрағаты құжат-тарын пайдаланғанымен, алғашқы ав-тор Шерғазы хан жанындағы кеңесте Үкі Төлепұлының есімін көрсетпеген [Мұқтар Ә. Қ. Көрсетілген еңбек. 228-б.].
Сонымен, Байұлы рулары атынан Үкі бидің Хан кеңесіне сайлануы ел ал-дындағы абыройын тағы бір мәрте ай-ғақтай түседі. Жаңадан жасақталған ке-ңес құрамына Әлімұлы атынан бұрын-ғыша Шекті Сарышоңай Алыбайұлы, Төртқара Сапақ мырза Боранбайұлы, Байұлынан Беріш Жүзбатыр Сартұлы, Байбақты Үкі би Төлепұлы, Жетірудан Құлбаба Жантуұлы және Есболай Дос-ұлы бекітілді. Тарихшы Ә. Қ. Мұқтар Әлімұлы руынан кеңес мүшесі болған Сарышоңай бидің 1812 жылы қайтыс болғанын жазып, құлпытасындағы 1836 жылы қайтыс болған деген мәліметті өзгертуді ұсынған еді [Мұқтар Ә. Қ. Сарышоңай бидің өмірі мен қызметі // Тарих тұңғиығындағы тұлғалар. Ғылы-ми мақалалар жинағы. 2-ші кітап. – Ал-маты: Арыс, 2013. 208-б.]. Алайда, Сарышоңай би 1812 жылдан кейін де өмір сүрген. Оған мұрағат деректері куә. 1814 жылы 17 қыркүйекте Орынбор шекаралық комиссиясы губернатор
Г. С. Волконскийге старшын Сарышо-ңай Алыбайұлының Шерғазы Айшуақ-ұлы хан сайланғаннан бері өзіне таға-йындалған жалақыны алмағанын ай-тып, соны өзіне жіберуді сұрағанын, 25 қыркүйекте оған екі жылдық 495 сом жалақысын жіберуге келісім беріп, ол жөнінде Сарышоңай биге хабарлаға-нын жеткізді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1201-іс, 1-2-пп.]. Кейін денсаулығы сыр бе-ріп, сырқатқа шалдыққан Сарышоңай би 1815 жылы 17 шілдеде ауырып дү-ние салды. Осыдан соң Шерғазы хан оның орнына Сарышоңайдың ұлы Меңдіғұл биді ұсынды. Шекаралық ко-миссияның 1815 жылы 26 қарашадағы хабарынан соң губернатор өз келісімін берді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1370-іс, 1-2 пп.; ОрОММ. 6-қ., 10-т., 716-іс, 962-п.].
Бұл кезде Қазақстанның батыс өңі-рінде жаңа жағдай қалыптасты. 1815 жылы Ішкі орда ханы Бөкей Нұралыұлы өмірден озса, орданың оңтүстігінде та-рих сахнасына беделді жас сұлтан Арынғазы Әбілғазыұлы (Қайып хан не-мересі – Ж. А.) көтерілді. Жайық бо-йындағы Байұлы рулары бұрынғыша Қаратай сұлтанның билігіне қарады. 1815 жылы ақпанда Қаратай сұлтан губернатор Г. С. Волконскийден бұрын Хан кеңесіне мүше болған Ысық руы-нан Сұлтанбектің орнына Жанбай биді және Ақкете руынан Көккөз бидің ор-нына Шыман биді тағайындауды сұрады. 19 ақпанда Шекаралық комис-сия губернаторға Шерғазы хан жанын-дағы кеңеске төраға болып Медетқали сұлтан Тұрдалыұлының, мүшелері ре-тінде Сарышоңай би Алыбайұлы, Сапақ мырза Боранбайұлы, Жүзбатыр Сарт-ұлы, Үкі Төлепұлы, Құлбаба Жантуұлы, Есболай Досұлының тағайындалғанын алға тартып, Қаратай сұлтан көрсеткен Сұлтанбек, Көккөз билердің Хан кеңе-сінде болмағанын (Қаратайдың Сұлтан-бек, Көккөз билерді Айшуақ хан тұсын-дағы кеңеске мүше болғанын меңзеп отырғанын комиссия түсінбеген – Ж. А.), сондықтан олардың орнына Жан-бай, Шыман билерді тағайындауға еш-қандай қажеттілік жоқ деді. Олардың қабілеті мен мінез-құлқы да белгісіз екенін және Қаратай сұлтанның Хан ке-ңесіне өзге заседательдерді тағайындау туралы хабарлама жолдауға ешқандай құқы жоқтығын, өйткені аталмыш таға-йындау тек қана ханға, ал жарлық беру Шекаралық комиссияға байланысты екенін ерекше шегелеп көрсетті [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1232-іс, 1-8-пп.]. Бұл арқылы комиссия Хан кеңесі құра-мын анықтап, оның мүшелерін бекіту патша бекіткен Шерғазы ханның құзы-рына қарайтынын ашық түрде мәлім етті. Ал Шерғазы хан Айшуақұлы мар-құм ағасы Жантөре секілді орыс әкім-шілігі талабымен шекара бойында тұ-рақтап, ел ортасына бара алмады, сон-дықтан ішкі қатынасты реттеуге мүм-кіндігі жетпеді. АҚШ тарихшысы,
Колгейт университетінің профессоры М. Б. Олкоттың пікірінше, «Шерғазы хан еш уақытта мықты тұлға болған емес. Он тоғызыншы ғасырдағы орыс тарихшысы (Л. Мейер – Ж. А.) оны бы-лай деп суреттейді: «Үркектеу, екі жүзді және аузын ашпайтын топтың (партия-ның) жетекшісі ретінде түкке де тұр-майтын. Оның билігі орыстардан тыс-қары жерлерден байғұстардан (қайыр сұраушылар) әрі аса алмады, ол айт-қанға көніп, айдаған жерге көшіп-қо-нып жүре берді» [Есмағамбетов Л. Қа-зақтар шетел әдебиетінде. – Алматы: Атамұра – Қазақстан, 1994. 112-б.].
Ел ішіндегі талас-тартысты мәселе-лерді реттеп, шеп бойындағы казак-орыстың озбырлығына шек қойып, қа-зақ-орыс қарым-қатынасын дұрыс жол-ға салудың орнына Шерғазы хан бас-шылыққа шағым хат жолдаудан аса ал-мады. Кезіндегі ағасы Жантөре хан се-кілді 1816 жылы 16 мамырда Үкі бидің үстінен шағым түсірді. Ол губернатор
Г. С. Волконскийге «Менің кеңесімдегі старшын Үкі Төлепұлы өзінің жаман мі-нез-құлқымен марқұм ағам Жантөре ханның кезінде бүкіл ордалықтарға бұ-зық кеңес беріп, олардың тәртібін бұ-зып, үлкен қырғын әкелді. Қазір маған орданың сенімді адамдары арқылы оның мен туралы ой жүгіртіп, сондай-ақ ұры қазақтармен қосылып, өзінің зұлым ой-пікірімен орданың тынышты-ғын бұзуда, игілікті қаламай, жаман іс-термен айналысуда деген хабар жетті» деп мәлімдеді. «Осындай жаман істері үшін» Үкі Төлепұлын қызметінен боса-тып, оның орнына старшын Тоқтамыс Байбатырұлын тағайындауды ұсынды. Осыдан соң губернатор 20 мамырда Шекаралық комиссияға тиісті қаулы шы-ғаруды тапсырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1409-іс, 1-3-пп.].
Бұл арада Шерғазы хан «бір оқпен екі қоянды атып», яғни «екі жеп, биге шығуды» көздеді. Оның ойы, алдымен, Орынбор әкімшілігі ықпалымен бедел-ді Үкі биді кеңес мүшелігінен ығыстыру, содан соң оның орнына Тоқтамыс Бай-батырұлын ұсыну арқылы Байбақты-дан тарайтын екі тұлғаның арасына от тастап, сол арқылы оларға сенім артқан ел бірлігіне сызат түсіру еді. Бірақ Шер-ғазы ханның ойлаған жоспары жүзеге аспады. Жантөре ханның кезіндегідей Орынбор шекаралық комиссиясы бұл жолы да Үкі биді өз қызметінде қалдыр-ды. Біздіңше, Шерғазы ханмен қаты-настың алшақтауына Үкі бидің Байұлы басшысы Қаратай сұлтанмен жақын сыйласып, араларында оң қарым-қа-тынас болуы салқынын тигізуі мүмкін. Сонымен бірге Шерғазы хан басқарған Жетіру мен Қаратай сұлтан билігіндегі Байұлы арасында бұрыннан келе жат-қан кейбір руаралық кикілжіңді де ескерген жөн.
1817 жылы 3 наурызда Үкі Төлеп-ұлы бастаған Кіші жүз старшындары губернатор Г. С. Волконскийге Беріш руынан Өтеміс Құлманиязұлы өзінің ауылына сұлтан Сүйінішқали Жаналы-ұлының тонау жасап, заттары мен ақ-шасын тартып алды деген шағымының әділетсіз екенін жеткізді. Олардың пікі-рінше, Сүйінішқали сұлтанды жақтау-шы қазақтарға бұрын көрсеткен қысы-мынан жалтару үшін Өтеміс өтініші ой-дан шығарылған. Хан кеңесінің мүшесі Үкі Төлепұлымен бірге Бабас Көтенұлы, Шомақ Елдебайұлы, Ошырты Баймұрат-ұлы, Аллаяр Дөненұлы, Жақсыбай Естайұлы, Қабдір қожа Бабақожаұлы, Бектұрған Көбекұлы секілді старшын-дар хат соңына өз мөр, таңбаларын тү-сірген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 11-п.]. Бұл арада аталған би-старшындар Сүйінішқали сұлтан жағында болғанға ұқсайды. Өтеміс болса, өзіне тағылған жаланың негізсіз екенін алға тартқан. Алдымен Астрахан губернаторына, со-дан соң Орынбор шекара комиссиясы-на шағымданғанмен, одан ешқандай нәтиже шықпаған. Амалсыздан 1817 жылы тамызда бір керуенге ілесіп, Орынборға барып арызданған Өтеміс аманат үйінде қамауда ұсталып, тер-геуге алынған. Содан 2 қарашада оқыс жағдайда опат болады [Кенжалиев И. Мақамбет. – Орал, 2003. 35-б.].
Үкі би – Орал түрмесінде
1817 жылы наурыздың басында старшын Үкі Төлепұлы Жайықтың ішкі бетіне өту кезінде шеп бойындағы ка-зак-орыстардың қолына түсті. Мұның себебін Қаратай сұлтан 17 наурызда губернатор Г. С. Волконскийге жолда-ған хатында былайша түсіндіреді. Ол 43 адамымен ішкі бетке өту кезінде тө-менгі Орал шебіндегі дистанция коман-диріне старшын Үкі Төлепұлын ауырып қалуына байланысты Лебяжинск фор-постына жақын жерде орналасқан өзі-нің ауылына қалдырып кеткенін, ауруы-нан айыққан соң ішкі беттегі өзіне ке-летінін ескерткен. Бірнеше күннен ке-йін Үкі би төрт жолдасымен Қаратайға барған. Лебяжинск форпостына кері қайтқан кезде дистанция командирі «ішкі бетке жасырын түрде өттіңдер» дегенді айтып, қамауға алған. Бұл істің ақ-қарасын анықтау үшін Қаратай
Г. С. Волконскийден сенімді адам жібе-руді өтінді. Сол арқылы генерал-майор Бородин сөзінің жалғандығы ашылады деп сенді. Ал келесі 19 наурыздағы ха-тында Қаратай жанындағы 50 старшын және 43 биімен Лебяжинск форпосты-на келіп, оның бастығы жүзбасы Серов арқылы ішкі бетке аттанғанын айтты. Сол тұста старшын Үкі Төлепұлының ұлысы Лебяжинск форпостына жақын маңда орналасқан. Өзінің науқастанып қалуына байланысты Қаратайдан қа-лып қойған. Бұл жайлы Серовты куә-ландырған. Сырқатынан сауыққасын Үкі бидің ішкі беттегі Қаратайға баруы үшін Серовтың өзі оған жазбаша түрде рұқсат берген. Сол секілді далалық бет-те қалған Қаратайдың баласы Сығалы сұлтан да Серовтың рұқсатымен жанын-дағы жеті адамымен әкесіне барған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 1-2, 5-6-пп.].
Өз хаттарын губернатор Г. С. Вол-конскийге жазған Қаратай сұлтан Орынбор басшылығындағы өзгерістер-ді естімеген еді. Себебі 1817 жылы 15 наурызда Орынбордың әскери губер-наторы қызметіне П. К. Эссен келген-ді. Жаңа губернатор алғашқы бұйрығын-да-ақ Қаратайды кәмелетке толмаған балаларымен, Жантөре ханды өлтірген басқа да жақтастары, серіктерімен қоса тұтқындап, Орынборға жеткізуді Орал казак әскерінің атаманы Д. Бородинге арнайы жүктеді. Бірақ Қаратай сұлтан өз адамдарымен 30 наурызда Антонов форпосты тұсынан ішкі беттен далалық бетке өтіп кетеді. Атаман 4 сәуірде гу-бернаторға Қаратайды тұтқындаудың сәті түспегенін, себебі сұлтан Жайықтан өтіп, Орал қаласынан 15 шақырым жер-де орналасқанын, шақыруға келмеге-нін, оны ұстау үшін қосымша әскери күштің қажеттігін жеткізеді [Ахмет А. Қаратай хан. – Алматы: Арыс, 2007. 99-100-бб.].
Қаратайды қолға түсіре алмаған соң губернатор П. К. Эссен сұлтанмен келіс-сөз жүргізуді көздеп, Орынбордың бұ-рынғы басшысына жолдаған хаттары-мен танысқан. Содан соң 1817 жылы 14 сәуірде атаман Д. М. Бородинге Қа-ратай сұлтанның старшын Үкі Төлеп-ұлының, үш қазақ пен бір әйелдің ұста-луына, сондай-ақ өткен жылы өз иелігі-не қарасты 20 қазақтың Орал шебінде тұтқынға алынғанына шағым білдіреті-нін жеткізді. Олардың қандай себепке байланысты тұтқынға түскенін анық-тауды тапсырып, егер де олар ешқан-дай қылмыстық күнә жасамаса, онда шұғыл түрде босатқан дұрыс, «Әсіресе, старшын Төлепұлын Қаратайға бар ри-зашылықпен жіберу қажет» деп шешті [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 9-п.]. Ал Қаратай сұлтанға старшын Үкі Төлеп-ұлы бастаған қазақтарды тез арада бо-сату туралы бұйрық бергенін, егер де олар еш себепсіз тұтқынға алынса, онда ұстаған адамдардан жауап талап етілетінін хабарлады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 24-п.].
1817 жылы 9 наурызда есаул Мит-рясов Лебяжинск форпостының казак-орысынан алған хабарын Орал казак әскерінің атаманы Д. М. Бородинге жол-дайды. Ол бойынша Байбақты Әлтеке Үкі старшынның иелігіндегі 15 қазақ ішкі беттен келген. Оның жанында ішкі бетке жасырын өткен туған ұлы және 18 жылқы, түйе, екі қылыш, мылтық болған. Олармен бірге Қаратай сұлтан-ға қарайтын Кете руының 3 адамы мен 4 әйел, одан бөлек Беріш руының екі қазағы және Антонов форпостына кел-ген Алаша руының бір қазағы болған. Бұлардың ішінде Үкі старшынның ұлы Зәнтекен алғашында өзінің әкесімен бірге Лебяжинск форпостынан ішкі бет-ке өткенін айтса, кейін ол ойын өзгер-тіп, 1816 жылы Орынбор шекаралық комиссиясының мүшелері мал айдап өткен кезде келдім деген. Оның жанын-дағы 15 қазақ өз малымен алғашында Өзенге жақын маңда болса, ол жерден Жайықтың арғы бетіне аттанып, Лебя-жинск форпостынан өз ауылдарына өтуді ойластырған. Бұл хабарды атаман Д. М. Бородин 7 сәуірде губернатор
П. К. Эссенге жөнелткен. Оған қоса Орынборға барған кезінде бұрынғы гу-бернатор Г. С. Волконскийге «Старшын Үкі Төлепұлы Орал қаласында қамауда, ал өзгелері шептегі күзетте» деп мәлім-деген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 28-29-пп.]. Бұдан Үкі биді шептегі форпост-тардың бірінде ұстауға жүрегі дауала-май, арнайы Орал қаласына алдырға-нын байқаймыз. Атаман Қаратай баста-ған қазақтардың шеп күзетіне шабуыл жасауынан қауіптенсе керек.
Ал П. К. Эссен 14 сәуірде атаман
Д. М. Бородинге старшын Үкі Төлепұлы бастаған қазақтардың тек қана күдік бойынша, яғни ешқандай әшкерелеу-сіз, тіпті қандай да біреудің шағымын-сыз ұсталып отырғанын алға тартты. Осылайша Үкі Төлепұлымен бірге ұс-талған қазақтардың барлығын босатуға өзінің рұқсат бергенін тағы да қайта-лап, оларды тікелей Қаратай сұлтанға шығарып салуды тапсырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 30-п.]. Бұл арқылы Орынбордың жаңа басшысы Қаратай-дың сеніміне кіруді көздеді.
Қаратай сұлтанның губернаторға жолдаған өтініштері ақырында өз нәти-жесін беріп, атаман Д. М. Бородин Оралда қамауда отырған сұлтан Сыға-лы Қаратайұлы мен старшын Үкі Төлеп-ұлын босатты. Мұны атаман 1817 жы-лы 20 сәуірде губернатор П. К. Эссенге хабарлап, олармен бірге келген қазақ-тарды да босатып, жылқылары мен заттарын қайтаруды есаул Митрясовқа бұйырған. Ол бұрынғы губернатор
Г. С. Волконскийге старшын Үкі Төлеп-ұлы мен өзге де қазақтар ішкі бетке жа-сырын өтті дегенімен, ал қазір Қаратай-дың 4 наурызда Г. С. Волконскийге жолдаған хатының көшірмесінен стар-шын Үкі Төлепұлы жанындағы төрт қа-зағымен Лебяжинск форпостының бас-тығы, жүзбасы Серовтың рұқсатымен өткенін, одан Төлепұлының жол жүруі-не жазбаша түрде рұқсат берілгенін білген. Оны Сығалы сұлтан мен Үкі стар-шынның жауаптары да растаған. Жүз-басы Серовтың жол жүруге берген жаз-баша қағазын Үкі бидің өзіне көрсетпе-уіне байланысты Д. М. Бородин Сығалы сұлтан мен Үкі бидің ішкі бетке өткенін қызметте жүрген казактардың бірі не-месе сол форпосттың тұрғындары іші-нен көргендер жоқ па екен деп, соны анықтауды бұйырған [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 35-36-пп.]. Мұның өзі атаман-ның әлі де болса Үкі би бастаған қазақ-тарға сенбейтінін, оларды тек губерна-тор әмірінен соң амалсыздан босатқан-дай әсер қалдырады.
Орал қаласындағы қамаудан боса-ған соң Үкі би өз ауылына қайтты. Қа-ратай сұлтан 1817 жылы 21 мамырда губернатор П. К. Эссенге төменгі Орал шебінде ешқандай себепсіз ұсталған ұлы Сығалы сұлтан мен Үкі старшын-ның өзге де қазақтармен бірге қамау-дан босап, 11 мамырда аман-есен оралғанын хабарлады. Сонымен бірге сұлтан өзіне жалған жала таққандарды заңға тартуды сұрауды ұмытпады. 29 мамырда П. К. Эссен старшынды ұстау-ға кінәлілердің және Қаратайдың ұлы-на қате айып таққандардың жазасыз қалмайтынын ескертті [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1558-іс, 40, 45-пп.].
Жайық бойындағы қамалдар
Үкі бидің ауылы Жайық бойындағы Лебяжинск форпостына қарсы бетте орналасқан. Антонов пен Каленов фор-постарының аралығындағы Лебяжинск форпостын жергілікті халық Лебедок атаған. Бұл форпостың екінші атауы еді. Гуляев құрастырған 1875 жылғы Орал казак әскері жерінің картасында ол Лебедок деп белгіленсе, 1890 жыл-ғы картаға Лебяжинский болып түскен. Кейбір деректерде Лебяжий делінген. Жайық бойындағы бекініс, қамалдар жайлы Саратов көпесі Я. П. Жарковтың қазақтарға арналған 1852 жылғы жаз-басында қызықты мәліметтер келтіріл-ген. Оның пікірінше, қазақтар Елек өзе-нін жайылым қонысы мол орынды біл-діруге байланысты атаған. Орал өзенін Жайық немес Яйак деген, өйткені бұл сөзбе-сөз «жаз-өзен», яғни жазғы көші-қон орындары үшін өте жақсы жер де-генді білдіреді. Жайық сөзі, ал басқаша айтылуы Яик, орыстар ертеде Яик деп өзгертіп алған. Оған қоса Орал сөзі орысша «бекіністі ал» дегенді білдіре-тінін, ал ура сөзінің қазақтарда «басу» дегенді білдіретіндіктен, белгілі тау жо-тасының Орал деп аталуы мүмкін. Гурьев қалашығын «Үйшік қала» деп атаған, өйткені мұнда ертеде балықтың өзен-нен теңізге өтер жолын бекітетін казак-тардың учугтары (қызыл балық аулау үшін Жайық өзенінде салынған шарбақ-тан аталған – Ж. А.) болған. Кондауровск форпостын ертеде тұрғыза бастаған кез-де «Жаңа қала» деп атаған. Бірақ кейін бұл атау көптеген орыс қоныстарына беріліп, енді Кондауровскімен бірге оралдықтардың Сорочинск, Кармановск, Орловск және Лебяжий форпосттары да сондай атауға ие болған. Редутск форпостын «Жерүй қала» деп атаған. Жерүй «жертөле» дегенді білдірген. Бұл атауды қазақтар ертеде ол жерде бір жертөледен басқа ештеңе салынба-ған кезде берген. Сарайшық бекінісі өзі-нің Сарайшық деген көне атауымен аталған. Баксаевск – Шой қала, Тополинск – Топалы қала, Кулагин – Андрей қала, яғни ертеде қазақтарға жасаған жорықтарымен атағы шыққан оралдық казак-орыс Андрейдің есіміне байланысты берілген. Гребенщиковск форпостын ондағы «щ» әрпін айтудың қиындығына орай қазақтар оны «Қы-рымшық» деп өзгертіп алған. Индер тауындағы Горская қамалын Аққала десе, Харькин форпосты «Шабдаржаб қала» аталған, ал шабдар жирен деген-ді білдірген. Красноярск форпосты Том-пақ делініп, орысша «тупой конец» де-генді білдіреді дейді. Калмыков бекіні-сі алғашқы коменданты «князь» Ура-ковтың есте қалуы үшін «Князь қала» аталған. Кругловский форпостын «Қы-рық арба» деп атаған. Өйткені ертеде Жайық бойындағы бұл бекіністі салу кезінде алғашқы қоныстанушылар қы-рық арбамен келген. Антонов форпос-тын қазақтар жай ғана Антон деген. Орал қаласын Теке немесе Такия деп атаған, бұл орысша «қой» дегенді біл-діреді, мұнда әрдайым маңызды қой саудасы болған. Елек қалашығын «Киік қала» дейді, өйткені оның төңірегінен киіктер аулаған. Елек қорғаны Тұзтөбе аталса, Орск бекінісін «Жаман қала» деген. Дегенмен осындай атаумен өзге де орындар аталған. Мысалы, орал-дықтарда осы атауға Яманхалинский, Зеленовский, Гребенщиковский, Котель-ный, Каленовский форпостары ие. Яманхалинскийді өздері «Жаман қала-дан» өзгертіп алған. Верхнеуральск қа-ласын қазақтар «Тал» деген. Өйткені орманмен қоршалып жатыр, ал татар-ша тал сөзі және орысша да «тал» – тал ағашы, тал тоғайы дегенді білдіреді. Усть-Уйск бекінісін «Қырық бойдақ», Звериноголовск бекінісін Бағлан, Пет-ропавл қаласын Қызылжар деп атаған [Путевые дневники и записки россий-ских чиновников и исследователей о казахской степи XVIII – середины XIX ве-ка: Сб. док. и мат-лов / Сост. И. В. Еро-феева, Б. Т. Жанаев, И. М. Самигуллин. – Астана: ТОО «Общество инвалидов – Чернобылец», 2012. – С. 477-478]. Ел аузынан естігенін жазып алған көпес мәліметтері өлке тарихы үшін өзіндік маңыздылығымен ерекшеленгенімен, кейбір тұстары күмән тудырады. Мыса-лы, қазақтар Електі «Киік қала» емес, «Күйік қала» деп атаған. Бұл жерде орыс көпесі күйік пен киік сөзін шатас-тырған болуы керек. Ал Орал қаласы-ның көне Тәкие атауы, оның тәу, мінә-жат ететін діни орынмен байланысты екенін зерттеушілер алға тартуда.
Орынбордағы кездесу
Бұл жылдары Үкі би Кіші жүздің бел-гілі старшын, билерімен сенімді қарым-қатынаста болды. Атақты Сырым батыр-дың баласы Жүсіп тарханмен арада жақсы байланыс орнаған. Осы жылда-ры Хиуамен және Бұхарамен арада керуенбасы қызметін атқарған Жүсіп тархан сол жақтағы орыс тұтқындарын еліне қайтарумен жұмыстанды. Ол 1817 жылы шілдеде Орынбор шекара-лық комиссиясынан Хиуадан әкелген орыс тұтқындарына жұмсаған қаража-тын қазынадан қайтаруды сұрайды. Бі-рақ жақын арада Хиуа қаласына атта-нып бара жатуына байланысты Шекара-лық комиссияға егер үш орыс тұтқыны үшін өзіне қаржы берілетін болса, «Он-да менің орныма қазақ старшыны Үкі Төлепұлына берілсін» деген өтінішін жол-дайды [ҚРОММ. 4-қ., 1-т., 1195-іс, 5-п.].
Көп ұзамай Үкі би губернатор
П. К. Эссеннің ұйымдастыруымен Кіші жүз ханы Шерғазы мен Арынғазы, Қа-ратай сұлтандар араларындағы мәсе-лелерді шешу үшін Орынбордағы айыр-бас сарайында өткен кездесуге қаты-сады. Шекаралық комиссия төрағасы
Г. П. Веселицкий қатысуымен 1817 жы-лы 29 тамызда болған кездесуде Шер-ғазы хан мен Арынғазы сұлтан арала-рындағы араздықты тоқтатып, өзара келісімге келді. Олар қол астындағы сұлтан, би, старшындар мен қазақтарға үлгі көрсетіп, Кіші жүзге тәртіп пен ты-ныштық орнатуға үміттенген. Достық қатынастары берік әрі тұрақты болуы үшін Қаратайдың да осылай істеуін сұ-раған. Сұлтан да бұған дайын екендігін білдіріп, өз келісімін берген. Сөйтіп, олар өз уәделерін ешқашан бұзбауды, тәртіп пен тыныштықты сақтауды мін-деттеріне алған. Орданың біраз бедел-ді тұлғалары қатысқан кездесу бары-сында он екі ата Байұлы мен Әлімұлы-нан Ақкетенің тоғыз бөлімі, Шүреннің бес бөлімінің старшын-билері 30 та-мызда губернатор П. К. Эссенге «1785 жылдан Кіші жүздегі әртүрлі рулар ара-сында орын алған бүкіл қиянат етуші-ліктің басты көзі болып табылған ба-рымта орданы әбден күйзеліске әкелді, осыған орай өлкеге келген жаңа басшы өзінің әділдігімен қаскүнемдік қылық-тарға қатысты барлық істерді қарасты-рып, қатаң заңмен жазалап, дұрыс адам-дарға қамқор, қорған болатынын естіп, бәріміз жиналып осында, Орынборға келдік. Орданың әртүрлі талап-шағым-дарын қарап, тоқтату үшін біздің бүкіл сұлтандар әділ әрі ізгі ақылды адам ре-тінде Нұралы ханның ұлы Қаратай сұл-танды мақұлдап, лайық тапты. Сондық-тан біз аталған рулардың старшын, би-лері мен өзге де қазақтар осы руларға Қаратай сұлтанның бас басқарушы бо-луын қалаймыз. Осыған орай біз сізден Қаратай сұлтанды осы лауазымға бекі-туді сұраймыз» деген өтініштерін жол-дайды. Оған Байұлы руынан тархан Есенгелді Жанмырзаұлы, Алаша Қоңыз тархан Сыпыраұлы, Масқар Аллаяр Дө-ненұлы, Тана Ізбасар Санмырзаұлы, Қызылқұрт Жақсыбай Естайұлы, Бай-бақты Байқадам Байтөреұлы, Таз Қал-мұхамет Сапыұлы, Бабас Көтенұлы, Адай Айғынбай Шыртайұлы, Беріш Жүзбатыр Сартұлы, Ықсан Балталыұлы, Шекті шүреннің бес бөлімінен Шонты Жамантайұлы, Ақкете руының бес бө-лімінен бас старшын Ермұхамет Еділ-байұлы, Хан кеңесінің заседателі Үкі Төлепұлы секілді старшындар өздері-нің мөр, таңбаларын басып, куәлан-дырды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1774-іс, 1-2-пп.]. Ел игілері сенім артқан Қаратай сұлтанға Орынбор басшысы қолдау білдіруге асықпады. Губернатор стар-шын, билерге берген 2 қыркүйектегі жауабында «Сіздер мақтап отырған Қаратай патша ағзамға қызмет көрсе-тіп, жігерлілік танытып, шын мәнінде өзіне үкіметтің лайықты сенімі мен ра-қымына ие болған кезде ғана назар ау-дарылады» деумен шектелді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 1774-іс, 4а-п.].
Арынғазыны қолдау
Қаратай сұлтанның Орынбор әкім-шілігі тарапынан қолдау таба алмай, патша үкіметінің сенімсіздік танытуы-нан соң ел игілері ендігі кезекте Кіші жүз хан тағына Арынғазы Әбілғазы-ұлын ұсынды. Халық қолдауына ие болған жас сұлтанның ел ішіндегі абы-рой-беделі артып, 1819 жылы 27 шіл-деде Кіші жүздің белгілі тұлғалары гу-бернатор П. К. Эссенге хат жолдады. Арынғазыны хан сайлауды сұраған 388 беделді азаматтың қатарында он екі ата Байұлының да танымал тұлғалары болды. Олардың арасында Хан кеңесі заседателі Үкі Төлепұлы бастаған Бай-бақты руынан керуенбасы Жүсіп тархан Сырымұлы, Тоқтамыс Байбатырұлы, Қазы Сырымұлы, Қынық Ерубайұлы, Өтеген Ерубайұлы, Сасық Көшербай-ұлы сияқты белгілі старшындарды бай-қауға болады [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2076-іс, 10-п.; Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. – С. 325].
Көп ұзамай 1819 жылы 14 тамызда Орынбор губернаторы П. К. Эссен қа-зақтар өтінішін І Александр патшаға жолдады. Бұған себеп болған жағдай-ды губернатор, бір жағынан, Арынғазы сұлтанның қатаң да әділ басшылығы-мен, өте жақсы қадір-қасиетімен және ата-тегінің ақсүйектігімен, далада жап-пай құрметке ие болуымен, екінші жа-ғынан, Шерғазы хан Айшуақұлының ел басқарудағы әлсіздігімен, негізсіз әрі жөн-жосықсыз іс-әрекеттерімен, халық алдында беделін жоғалтуымен және хандық атағын төмендетуімен байла-ныстырады. Қазақ сұлтандары мен старшындарының өтінішіне қозғау сал-ған себептердің дұрыс екеніне көзі же-тіп, әрі қазақ даласындағы тыныштық пен тәртіпті қолдау патша тарапынан өзіне қойылған басты міндеттердің бірі болып табылатынын алға тартқан
П. К. Эссен Шерғазы ханды шақырып алып, қазіргі зейнетақысын өзіне қал-дыру арқылы қызметінен босатып, Уфа қаласына жіберуді, орнына Хан кеңесі-нің төрағасы Арынғазы Әбілғазыұлын хандыққа көтеріп, оған Кіші жүзді бас-қаруды тапсыру керектігін ұсынды [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2076-іс, 29-30 пп.; Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. – С. 327].
Үкі би бастаған беделді тұлғалар-дың қолдауына ие болған Арынғазы сұлтан олардың ел алдындағы абырой-беделін ескере білген. Ол өзіне сенім артқан азаматтарды ел басқару ісінде жаңа қызметке, яғни өз жанына тарту-ды көздеп, 1819 жылы 8 қыркүйекте гу-бернатор П. К. Эссеннен Байұлы рула-рын басқаруды Жүсіп тархан Сырым-ұлына, Масқар руын Аллаяр Дөненұлы-на және Байбақты руын басқаруды Үкі Төлепұлына тапсыруды сұрайды. Ол осы жылдың көктемінде Орта және Кіші жүздің сұлтан, старшын, билеріне, өзге де үлкен-кішілеріне хат жолдап, олардың өзара шағым-талаптарын тал-қылау үшін кеңеске шақырған. Барлығы жиналып келген соң Арынғазы сұлтан олардың талап шағымдарын заң арқы-лы шешкен. «Бұған қоса, - деп жазды Арынғазы сұлтан, - менің байқауымша, Хан кеңесінің заседателі Үкі Төлепұлы – ақылды, әділ әрі ынталы адам. Осыған орай аталмыш Төлепұлына Байбақты руы қазақтарын басқаруды беруді өті-немін. Ол олардың өзара шағым-талап-тарын қарауға міндетті, сол үшін оны жарлықпен қамтамасыз етіңіз, сол ар-қылы көбірек бақытқа бөлейсіз, өйт-кені ол менің жанымнан табылып, те-ріс ниетті, ұшқалақ қазақтарға үлгі бо-лады». Арынғазы тарапынан Жүсіп Сы-рымұлы мен Аллаяр Дөненұлына да осындай мінездеме берілген [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2122-іс, 4-9-пп.].
Хан кеңесінің төрағасы Арынғазы сұлтанның бұл өтінішін губернатор
П. К. Эссен 21 қазанда Шекаралық ко-миссияның қарауына ұсынды. Комис-сия әр рудағы басты және жеке билеу-шіні таңдау 1806 жылғы 31 мамырдағы патша бекіткен Хан кеңесінің ережесі бойынша қазақ халқына байланысты деді. Сондықтан Байұлы рулары, Мас-қар руы және Байбақты бөлімі қазақ-тары Жүсіп, Аллаяр, Үкі старшындарды билеуші етуге келісетін болса, онда өз-дерінің мөр, таңбаларын басып қуат-таған ұсыныстарын жіберуді, мұның сол старшындарға қазақтардың бағы-нуы мен құрметтеуін куәландыру үшін қажет екендігін Арынғазы сұлтанға ха-барлауды ұсынды. Комиссияның бұл шешімін губернатор П. К. Эссен негізді санап, орындауға рұқсат берді [ОрОММ. 6-қ., 10-т., 2122-іс, 1, 3, 10-пп.].
Елдегі беделді сұлтан, би, батыр-лардың Арынғазы Әбілғазыұлын ашық қолдауы әрі губернатор П. К. Эссен та-рапынан қолдауға ие болуы патша үкі-меті бекіткен Кіші жүз ханы Шерғазы Айшуақұлының мүддесіне қайшы кел-ді. Бұл кезде елдегі шиеленісті шешудің дұрыс жолын таба алмаған Шерғазы хан 1821 жылы 14 сәуірде Шекаралық комиссияға сұлтандар Шөкі Нұралы-ұлы, Елтай Нұралыұлы, Хан кеңесінің кеңесшісі Үкі Төлепұлы, старшындар Жүсіп Сырымұлы мен Есенгелді Жан-мырзаұлының өзіне қауіп төндіріп отырғанын хабарлайды. Өзіне қарсы қастандық ұйымдастыру күдігі барын жеткізген Шерғазы хан Елтай сұлтанды Хан кеңесінің төрағалығынан алып, өзі-нің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін әскери жасақ сұратқан. Шерғазы шағы-мын қараған Шекаралық комиссия 27 сәуірде П. К. Эссенге Елтай Нұралыұлы бастаған сұлтандар мен қарапайым қа-зақтарды қудалай берудің қажеттігі жоқ-тығын ескерткен. Оның үстіне осы жыл-дың шілде айында Арынғазы хан пат-шамен кездесу үшін Санкт-Петербургке аттанды. Арынғазы жанындағы елшілік құрамына Байұлы руларынан Жүсіп тар-хан енді. Бұл жөнінде тарихшы А. Ахмет «Патша үкіметінің Арынғазы ханды Кіші жүзден арнайы шақырып, мәңгі-лікке Ресейде қалдыруы, елі мен жері-нің бірлігі үшін күрескен Қаратай, Темір, Қарабай сұлтандар мен Үкі Төлепов, Есенгелді Жанмұрзин, Жүсіп Сырымов, Бармақ Бұлпақов сынды старшындар-дың тағдыры да патша үкіметінің қан-ды шеңгелінде болатынын тағы да ай-ғақтай түсті» [Ахмет А. Көрсетілген ең-бек. 114-115, 147-бб.] деп қорытады. Сөйтіп, Үкі би елінің ертеңі үшін күрес-кен елжанды азаматтар қатарынан кө-ріне білді. Аталған тұлғалар ішінде Қарабай сұлтанның 1810 жылы жазда өмірден озғанын ескеру қажет.
Үкі бидің кейінгі тағдыры
Үкі бидің осыдан кейінгі қызметіне қатысты деректер мұрағаттан әзірге кездесе қоймады. 1822 жылы 20 жел-тоқсанда Байұлы руының старшын-дары Орал казак әскерінің атаманы
Д. М. Бородинге Арынғазы сұлтанның елге қажеттігін дәлелдеп, хат жазған. Сол кезге дейін Кіші жүздегі маңызды оқиғалардың ортасында бірге жүріп, үзеңгілес болған Байұлы старшыны Есенгелді Жанмырзаұлы, Тана руынан Қанай би Қожамжарұлы, Масқар стар-шындары Әбіл Сәтемірұлы, Мырзагел-ді Аралұлы, Байбақты старшыны Бес Қадырұлы, Қазы тархан Сырымұлы, Қы-зылқұрт старшыны Айса Сарқытұлы, Жақсыбай би Жиенбайұлы, Тана Сүлей-мен би Қадырұлы, Байбақты Тілеубай мырза Әйтімбетұлы, старшын Бисел-бай Тоғанұлы тәрізді танымал тұлғалар қатарында Үкі бидің есімі көрінбейді. Ел игілерінің өзі сыйлап әрі қолдап өт-кен Арынғазыны елге қайтаруды сұрап жатқан тұста Үкі бидің үн-түнсіз қалуы түсініксіз. Оның үстіне 1824 жылы 3 қаңтарда Жәңгірді хандыққа бекітуді сұрап Кіші жүздің сұлтан, старшын, би-лері жазған хаттың соңында Байбақты руынан Аллаяр Үкіұлының мөрі басыл-ған. Мөрде «Старшын Аллажар Үкі ұлы» деп жазылған [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. – С. 417, 461]. Біздіңше, бұл Үкі бидің бала-сы болуы керек. Өйткені осыған дейін-гі уақытта Үкі би дүниеден озған неме-се жасы ұлғайып, ел істеріне араласпа-ған. Аталған хат соңына мөр, таңбасын түсірген тұлғалардың біразы – Үкі би-мен бірге қызмет еткен замандастары. Олардың арасынан бидің көрінбей, ұлының аталуы әрі сол тұстағы құжат-тардан есімінің кездеспеуі де соған иландыра түседі. Яғни Үкі би бақилық болған соң орнына баласы Аллаяр кө-терілген. Кейін 1825 жылы 8 қазанда Батыс бөліктің билеушісі Қаратай сұл-танның Tабын, Тама руы қазақтары кө-терілісін басуға қатысқан Байбақты руының старшындарын келтірген тізім-де Аллажар Үкіұлы да бар [Материалы по истории Казахской ССР (1785-1828 гг.). Т. IV. – С. 477].
Байбақты шежіресі Үкі биден тек қана Даниярды таратқанымен, мұрағат деректері олардың қатарына Зәнтекен, Аллаяр деген ұлдарын қосып отыр.
Халық жадында сақталған аңыз-әң-гімеде Үкі бидің ажалы Жайық бойын-дағы казак-орыстардан болғаны айты-лады. Жайықтың Самар бетіндегі Лебе-док ауылында тұратын орыс досы Үкі биді алдап қонаққа шақырып, кетерін-де үзеңгісіне у жағып жіберген. Үкі би Жайықтан өткен соң қастандықты се-зіп, жанындағы жолдасына: «Мына қы-лышпен аяғымды тізеден төмен шап!» дейді. Серігі қимай, бата алмайды. Та-ғы біраз жүрген соң удың зәрі күшейіп, жоғарылай береді. Сол кезде Үкі: «Шап қара саннан!» дейді. Серіктерінің қолы бармайды. Сол кезде Үкі би «Енді көп ұзамай менің ажалым жетеді. Мені осы жерге жерлеңдер!» деген екен.
Тағы бір әңгімеде кесененің кірпі-шін Үкі бидің қазақ ішіндегі беделінен қорқып, бидің құнын сұрап көтерілген елдің көңілін табу үшін орыс өкіметі берген екен делінеді. “Шынында да, өт-кен ғасырдағы қазақ тұрмысында күй-дірген кірпішті пайдаланғаны туралы дерек естімедік” деп баяндайды
Қ. Құттымұратұлы өз мақаласында [Құттымұратұлы Қ. Тарихың терең нет-кен, туған өлкем! // Айна. – 2010. – 3 маусым. – № 22.]. Оның айтуынша, Ба-зартөбе ауылдық округіне қарасты Қы-зылжар елді мекеніндегі Үкі би мазары деп аталатын сегіз қырлы кесененің ерекшелігі – үлкен киіз үйдің көлемін-дей, күйдірілген қызыл кірпіштен тұр-ғызылған. Бірақ кірпіші қазіргідей емес, көлемі сәл үлкендеу әрі жұқалау.
Базартөбе ауылының тумасы, бүгін-де Жаңақаладағы Д. Нұрпейісова атын-дағы өнер мұражайының меңгерушісі А. Сәлімов Үкі би кесенесін салуға пай-даланылған қызыл кірпіштің Жаңақала ауданына қарасты Мәстексай селолық округінің жеріндегі Төребай мазары-ның қызыл кірпішімен өзара ұқсастығы жағынан бірдей екендігін айтады. «Мұн-дай тастар, - дейді Амантай ағамыз, - біздің жақта басқа еш жерде кездес-пейді, формалары әртүрлі, әрі жұқа, қызыл кірпіштің ортасы күйдірілген қа-ра болып келеді. Антонов (қазіргі Ата-мекен) ауылындағы патша дәуіріндегі қызыл кірпіштерге мүлдем ұқсамайды. Сармат дәуіріндегі құмыра, кірпіштерге ұқсас болуы мүмкін».
Ал Батыс Қазақстан архитектура-лық ескерткіштерін зерттеген этнограф ғалым С. Әжіғали Төребай мазарына: «Бұл осы аудандағы қазақ мемориал-ды құрылыстары үшін өте сирек кезде-сетін материал – күйдірілген кірпіштен салынған. Құрылыс қабырғасының (қа-лыңдығы – 0,8-1,0 м) көлемі 27-28×27-28×4-5 см және 31-32×31-32×6 см (қа-бырғаның төменгі бөлігі) болатын кір-піштерден әрі өте қалың саз балшықты құймадан тұрғызылған. Жалпы алғанда кірпіштің күйдірілуі жаман емес, қан-дай да бір ертеректегі құрылыстан алын-ған және мұнда «үнемді» пайдаланыл-ған деген әсер қалыптасады» [Ажигали С. Е. Архитектура кочевников – фено-мен истории и культуры Евразии (памят-ники Арало-Каспийского региона). – Алматы: Ғылым, 2002. с. 569]” деген сипаттама береді.
Ел жадында әйгілі Есенгелді бай-дың баласы деп сақталғанымен, мұ-рағат деректері мен ұрпақтарының мә-ліметтері бойынша Есенгелдінің туған бауыры Сүтемгеннің баласы болып та-былатын Төребайдың Орынбор мұра-ғатында 1817 жылдың шамасында дү-ние салғаны жазылған. Олай болса, Тө-ребайдан шамамен 5-6 жылдан кейін дүниеден өткен Үкі бидің басындағы кесенені тұрғызуға да сол Төребай ма-зарына пайдаланылған қызыл кірпіш-тер әкелінген жерден алынуы ғажап емес деген ой келеді. Дегенмен мұ-ның әзірге болжам екенін атап өту лә-зім. Жайық бойында қызыл кірпіштен салынған Үкі бидің кесенесіне ұқсас өз-ге де құрылыстың кездеспеуі оның өз дәуіріндегі тұлғалық бітім-болмысы мен саяси беделінен хабар бергендей.
Түйін
Отандық тарихнамада өмірі мен қыз-меті арнайы зерттеу нысанына алын-баған Үкі би – атақты Сырым батырмен бірге ел істеріне араласып, сол кездегі жағдайды реттеуге атсалысқан біртуар тұлға. Ол Айшуақ хан тұсында старшын ретінде көзге түсіп, Жантөре хан тұсын-да Орман сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесіне мүше болып, ел басқаруға тартылды. Яғни сол тұста Кіші жүзде қалыптасқан шиеленісті оқиғалардың ортасынан көрініп, ел ішіндегі қарым-қатынасты қалпына келтіруге ұмтылды. Орыс үкіметінің отарлау шырғалаңына ұшыраған қазақ жұрты шырмауықша шырмалған империяның құйтұрқы саясатына қарсы қояр әдіс-амалын өзінше түсініп, өзінше пайымдады. Ре-сей әмірінен шыға алмаған Жантөре ханның өз қазағының қолынан ажал құшуы соның көрінісі. Ал Жантөренің өлімінен соң Үкі биді уақытша Хан ке-ңесінің төрағасына ұсынудың өзі оның тұлғалық болмысын мойындау еді. Орынбор әкімшілігі Кіші жүзге Шерға-зыны хан сайлаған кезде де Үкі би жа-ңадан жасақталған кеңеске мүше бо-лып қалды. Хан кеңесшісі бола тұра, Үкі бидің Жантөре, Шерғазы хандармен арадағы кейбір кикілжіңдердің орын алуы сол кездегі саяси көзқарастары-ның арасындағы алшақтыққа байла-нысты. Патша үкіметі бекіткен Кіші жүз хандары өз үстінен Орынбор басшылы-ғына бірнеше рет шағым түсірсе де, Үкі би өмірінің соңына дейін Хан кеңесшісі қызметін атқарды. Хан кеңесінің құра-мын Шекаралық комиссия ұсынысы-мен Орынбор губернаторы бекітетін. Міне, осыған қарамастан, Үкі би сол тұс-тағы саяси жағдайлар шеңберінде хал-қы үшін қалтқысыз қызмет етті. Орман сұлтан, халық қолдауына ие болған Қа-ратай, Арынғазы сұлтандармен өте жақ-сы қатынаста болды. Орыстың отарла-уына ұшыраған ел ішіндегі ішкі талас-тартыс пен барымтаға тыйым салып, қа-зақ-орыс қатынасын ретке келтіріп, дәс-түрлі хандық басқару жүйесін нығайтып, Орданы қатаң тәртіпке салу үшін Қара-тай, одан соң Арынғазы сұлтанға қол-дау білдірді. Олардың бойындағы ел басқару қабілет-қарымын көре білді. Алайда Қаратай, Арынғазы сияқты дер-бес ұлттық саясатты жүргізе алатын ық-палды да қуатты сұлтандар Ресей үшін тиімсіз еді, сондықтан да олар хандық билікке жіберілмеді. Сөйтіп империя өзін еркін ұстап, мемлекеттік тәуелсіз-дік жөнінде ойлайтын жігерлі билеуші-лерді тежеп, кейінге ысырып отырды. Өз кезегінде Қаратай, Арынғазы сұлтан-дар да Үкі бимен тығыз байланыста бо-лып, оны сыйлап, құрметтеп өтті. Оның үстіне Сырым батырмен, Жүсіп тархан-мен, Байұлының бас старшыны Есен-гелді Жанмырзаұлымен т.б. белгілі би, батыр, старшындармен сенімді қаты-нас орнады.
Қалай десек те, Үкі би өз дәуірінде-гі белгілі һәм беделді тұлғалар қатары-нан көріне білді. Оған сол заманнан жеткен мұрағаттық құжаттар толық дә-лел бола алады. Сонымен қатар Үкі би-ге қатысты ел ішінде әрқилы аңыз-әңгі-мелер сақталған. Солардың бірінде Үкі бидің соншалықты қарапайым өмір сүр-гені мынадай өлең жолдарымен өрнектелген.
Рызағали, Рамазан, Рақтарым,
Әрқайсың бір-бір қойлық
шырақтарым,
Үкі ағаң биыл соғым соя алмады
Барына риза бол, қарақтарым, - дегенде қонақ інілері:
Біз келдік Қожамсүгір Үкісіне,
Үкінің күлмейміз ғой мүкісіне,
Бір таңға шыдайды ғой қарақтары,
Ант ұрып, сүрінбесе шүкісіне, - де-ген екен.
Мұнда есімдері аталған азаматтар Қожамсүгірден барып қосылатын Үкі би-дің аталас ағайындары болып келеді.
Түйіндеп айтқанда, Үкі би – қазақ та-рихында өзіндік орны бар тұлға. Оның Орынбор әкімшілігімен, Орал казак-орыстарымен байланысы, Кіші жүзді басқарған хан сұлтандармен, белгілі би, батыр, старшындармен арадағы қа-рым-қатынасы, бірнеше жыл үзіліссіз Хан кеңесшісі ретінде ел алдына шы-ғып, билік жүргізуі қайраткерлік қары-мын, өлке тарихынан ойып орын алуға лайықты тұлға екенін айшықтай түседі. Ал бүгінгі ұрпақтың парызы Үкі би се-кілді елі үшін елеулі еңбек еткен тарихи тұлғалар тағдырын таным таразысына тартып, жаңаша пайымдап, келешек жас буынға кеңінен насихаттап, сол арқылы өткен тарихымыздан тағылым алу болмақ.