Ағиба апамыз – Ресей Федерациясындағы көршілес Саратов облысының тумасы. 1957 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1969-1974 жылдары Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтында білім алған. 1990 жылдан бастап Оралдағы ауа райын бақылайтын орталықта қызмет еткен. 2011 жылдан зейнеткер.
* * *
Біздің бала кезіміз, жастық шағы-мыз, есею жылдарымыз өткен уақыт өзгешелеу еді. Небір кез өтті бастан. Алайда біздің адамгершілік тұрғысын-да өзімізді табуымыз және жоғалтпа-уымыз біздің кітапқа, жалпы руханият-қа деген құмарлығымыздан болса ке-рек. Әсіресе, мен қазақ романдарын көп оқыдым. Газет-журналдардың да әр санын асыға күтетін едім. Бірақ, бір қызығы, сол газет беттерінен не жинақ кітаптардан Жәкеңнің аты-жөнін көр-меппін. Ол кісі туралы есітпеппін. Бәл-кім, поэзияны көп оқымағандықтан шы-ғар. Жәкеңмен таныстық 1995 жылы бас-талды. Ең алғаш тілдескенде: «Аллаай, қандай қатты адам?!» деп ойладым. Бір себептерге байланысты 1996 жылы мүлде араласпадық. Содан 1997 жылы тағдыр екеумізді қайта табыстырды. Көктем мезгілі болатын. Іссапардан келіп, демалып отыр едім, үйге Жәкең келіп тұр. «Тұрмысқа шығып кеткен жоқсың ба» демесі бар ма? Мен үшін шешім қабылдау қиын болды. Бірақ тәуекел еттім... Құдайдың қалауымен 1997 жылы үйлендік.
* * *
Жәкең бірде маған кітабын көрсет-ті. Ол кезде әлі отау құрмаған кезіміз. Әлгі кітабы биттің қабығындай екен. Мен роман оқығанды ұнатушы едім. Білесіздер, роман кітаптар оншалықты жұқа болмайды. Сөйтіп, бұл кісінің кіта-бын көріп, менсінбей қалғаным бар...
* * *
Жәкеңді көзі көрген, аралас-құра-лас болған жандар асау мінезді, қатал адам дейді бірден. «Жақсының ашуы жібек орамал кепкенше» дейді қазақ. Рас, аяқ астынан шарт сынатын мінезі болды. Бірақ ашуы тез қайтатын еді. Өте талапшыл адам-тұғын... Жәкеңе жабысқан дерт бойына біртіндеп тара-ды. Сөйтіп, 2003 жылы өлеңдерін мә-шинкеге басуға қолының әлі келмей қалды. «А» әрпін басайын десе, өзге әріп түсіп кететін. Мен ол кезде ауа ра-йын бақылайтын орталықта қызмет іс-теймін. Жәкеңнің кешкі асын беріп, қайта жұмысқа баратынмын. Күзетші-ден кілт алып, өлеңін компьютерге те-ремін. «Жәкеңнің тапсырмасы ғой ма-ған берген. Сондықтан қалай да орын-дауым керек» дейтінмін. Бұл Жәкеңнің талапшылдығынан болса керек. Өзі де айтқан сөзін міндетті түрде орындай-тын. Мен соған лайық болуым керек деген шығармын...
* * *
Жәкең біраз ақын-жазушылармен хат алмасып тұрды. Ол хаттар 2011 жылы жарық көрген «Жайықта бір Жанғали» кітабына енді. Енген бойда Жәкең барлық хатты жыртып тастады. Әбділдә Тәжібаевтың 1960 жылы жол-даған хаты сақталыпты. Хатта «Жауын-гер хаты» атты очерк туралы баяндала-ды. Бұл очеркті еш жерден кездестір-мегендіктен, Жәкеңнен: “Әбділда аға-ның сын-ескертпелерін ескердің бе, жалғасы қайда?!” - деп сұрадым. Ол жалғастырмағандығын айтты. Сол 1960 жылғы «Лениншіл жас» газеті қазір сақталған болса, Жәкеңнің аяқталма-ған очеркі бар шығар...
* * *
Біз көп газет-журналға жазылатын-быз. Жәкең үйге газет-журнал келгенде балаша қуанатын. Алдымен, газеттің барлығын бір шолып өтеді де, тәуір көргенін үстелдің үстіне бөлек қойып қояды. Ұнатқан мақала немесе сурет-терді қиып алады да, өзінің папкасына жинайды. Бұл әдетін ғұмырының соңы-на дейін тастамады...
* * *
Жәкең жас ақындарды үнемі бақы-лап, өлеңдері газет бетіне шықса, қалт жібермейтін. Үміт еткен, өлеңдерін ерекше атаған ақындар Жанар Айла-шова, Талғат Мықи, Думан Ғазез деген жігіт (қазір Тасқала ауданында редак-торлық қызметте болуы керек), Ләззат Мақаш. Тағы біраз ақын болды...
* * *
Бір оқиға есімнен кетпейді. Жәкең дерті қанша жанына батса да, ешқашан жатып тамақ ішпеді. Оны жаман ырым, теріс әдет көретін. Асүйге қалай келе-тініміз екеумізге және бір Құдайға аян. Бір күні кезекті асымызды ішіп болған соң мен ыдыс-аяқты жиыстыра беріп едім. Жәкең отырған орнынан бұрыл-ғалы жатыр екен. Бұрылудың өзі ол үшін, сеніңіздер, қиямет-қайым еді. Мен: «Отыра тұрсаңшы, қазір жинап тастайын, сосын төсегіңе апарамын» - десем, «Саған көмектесіп жатырға-ным ғой» - дейді. Осылайша, екеуміз бір-бірімізді аяп, аялап күн кеше бердік...
* * *
Жаяу жүргенді ұнататын. Ол кезекті өлеңін сол серуенде ой елегінен өткізеді екен. Маған екі шумағын «Ағиба, есіңде сақташы» дейді де, үйге келгенде сұрай-тын...
* * *
«Өлке» баспасынан шыққан «Таң-дамалы шығармалар жинағын» Жәкең асыға, аңсай күтті. «Бұл менің соңғы кі-табым» деуші еді. Екеуміз зейнеткер-міз. Ақшамызды үнемдеп, осы жинақ-ты шығаруға жұмсадық. Осы орайда, Алпамыс Бектұрғановтың еңбегін атап өту керек. Алматыға барып, ұйымдас-тырушылық жұмыспен айналысқан сол адам. Ол кітап жарық көрмес бұрын, мұқабасын қағазға шығарып, бізге әке-ліп көрсетті. Жәкеңе ұнады. Әттең, кіта-бын қолына ұстай алмай кетті... Бұл оқи-ға былай болды. Шілде айының 10-ы күні Алпамыс Бектұрғанов Алматыдан жинақтың алғашқы данасын әкелген екен. Жолдан келгендіктен, аздап де-малып, Жәкеңе апарайын деп ойлаған. Сол күні түскі екілер шамасында Жәкең бақилық болды...
* * *
«Өлең үшін жұмсаймын өмірімді,
Бет қызылын жұмсамай өтем анық». Бұл Жәкеңнің халқына, оқыр-манына берген анты еді. Өз мінезіне, болмысына сай ол сертіне де адал болды...
Қазанның қасында тұрған
суретінің артында (1959 жыл,
13 тамыз, Қазандағы еттің
қадірі өтсе осылай болады
делінген)