Білімді ұрпақ - тәуелсіз ел тірегі

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
педагогикалық факультетінің профессоры, т.ғ.к.,
Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Халқымыздың өз заманындағы зиялы ұлдарын ардақтап, ұлықтау Тәуелсіздік жылдары алғаш атқарған игілікті бастама болатын. ХХ ғасыр ба-сындағы Алаш қозғалысы қазақ хал-қының ұлт-азаттық күресін жаңа сапа-лық деңгейге көтеріп, ұлттық санамыз-ды жаңғыртқан, қоғамдағы санамызды сілкіндіріп, оянуына жол ашқан басты саяси оқиғалардың бірі ғана емес, біре-гейі болғаны анық.

Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2050» стратегия-лық бағдарламасында халықтың ұлт-тық санасын қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына орай біршама нәтижелі іс-шара өткізілді және әр жыл сайын маңызды тарихымыздың мән-мағына-сынан хабардар ететін игі істер атқары-луда. Осының нәтижесінде болашақта халқымыздың өткенін зерделеп, айтыл-май келген ақтаңдақ парақтар қайта-дан жазылып, келешек ұрпақ үшін құн-ды дүниелерді қалдыра алатынымызға еш күмән жоқ.
2016 жылы 26 ақпанда Астана қа-ласында «Тұран-Астана» университе-тінде «Жас ғалымдардың білім, ғылым, инновацияға қосқан үлесі» атты VII дәс-түрлі ЖОО-аралық жас ғалымдардың, магистранттардың, студенттердің ғы-лыми-практикалық конференциясы өткізілді.
Ғылыми-практикалық конферен-цияның негізгі мақсаты тарихтың жаңа беттерін ашу, бұрмаланып келген көп-теген жайларды зерделеп, зерттеп, құ-жаттармен толықтырып, жарыққа шы-ғару, Отан тарихының айналымына ен-гізу болатын. Сонымен қатар ғылым-ның әр саласы бойынша жүргізіліп жат-қан жаңа зерттеулерді, ой-пікірлерді ортаға салу, жас ғалымдарға, магист-ранттарға, студенттерге бағыт-бағдар беруге арналды.
Ғылыми-практикалық конференция бес секциялық бағытта жұмыс істеді.
№1 секция – «Экономиканың нақ-ты секторын қаржыландыру және ди-версификациялаудағы инновацияның өзекті проблемалары» деп аталады. Бұл секцияға 48 баяндама түсті;
№2 секция – «Қазіргі заманғы қо-ғамның әлеуметтік-гуманитарлық және психологиялық-педагогикалық пробле-малары» деп аталды. Бұл секцияға 35 баяндама түсті;
№2 секцияға қосымша – «Психоло-гия және педагогика» бөлімі қосылды. Бұл бөлімге тағы 36 баяндама түсті;
№3 секция – «Сапалық заңнама да-муының мәселелері мен болашағы» деп аталды. Бұл секцияға 48 баяндама түсті;
№4 секция – «Қазіргі заманғы ақпа-раттық қоғам дамуының жаратылыста-ну-ғылыми аспектілері» деп аталады. Осы секцияға 27 баяндама түсті;
№5 секция – «Қазақстандағы ту-ризм мен сервис саласының қазіргі таңдағы жай-күйі мен перспективала-ры» деп аталады. Бұл секцияға 19 баяндама түсті.
Жалпы конференцияға түскен баян-дамалар саны – 213. Конференцияға Ақтөбе, Түркістан, Омбы, Орал, Петро-павл, Шымкент, Семей, Қарағанды, Қостанай, Алматы, Арқалық қалалары-нан студенттер қатынасты.
Осы ғылыми-практикалық конфе-ренцияға Орал қаласынан Батыс Қазақ-стан инновациялық-технологиялық университетінің үш студенті баяндама жіберді. Олар: Данияр Васильев (3-курс, «Тарих» мамандығы, ғылыми же-текшісі – т.ғ.к., доцент Боранбаева Бақ-тылы Сансызбайқызы), Лунара Жексе-нова (4-курс «Тарих» мамандығы, ғы-лыми жетекшісі – т.ғ.к., профессор Сүлейменова Дәметкен Досмұханқы-зы), Надия Жастілек (1-курс «Тарих» мамандығының студенті, ғылыми же-текшісі – т.ғ.к., профессор Сүлейменова Дәметкен Досмұханқызы).
Астана қаласында өткен конфе-ренцияға қатысып келген Надия Жасті-лек осы ғылыми басқосудан алған әсе-рі жөнінде: «Мен балалық арманым орындалып, Астана қаласын – Еліміздің бас қаласын көргеніме өте қуанышты-мын! Екіншіден, ірі оқу орнында бол-дым, студенттер қауымымен таныс-тым, өзге оқу орнынан келгендермен сұхбаттастым, бұл маған үлкен сабақ болды. Үшіншіден, өзімнің ХХ ғасыр ба-сындағы халқы үшін қалтқысыз қызмет еткен, өз өмірін осы жолда қиған аяулы азаматтардың атқарған істерін зерттей бастағаныма, соның ішінде Батыс Алаш-орда жетекшісі – Жаһанша Досмұхамедов-тың сүбелі еңбегімен жақын танысқа-ныма разымын», - деп өз ойымен бө-лісті.
Жас ғалым Надияның баяндамасы «Батыс Алашорда үкіметінің басшысы – Жаһанша Досмұхамедовтың 1911-1917 жылдардағы атқарған қызметі мен шы-ғармашылығы» деп аталады. Баяндама барысында Надия Жаһанша Досмұха-медовтың 1911 жылы «Уральский лис-ток» газетінің қаңтар айында шыққан №9, №14, №20 сандарында жариялан-ған «Несколько слов о киргизском обычном праве и народном суде» деп аталатын ғылыми еңбегіне жан-жақты тоқталып, қазақ-орыс тілдерінде баян-дама жасады. 1-курс студенті Надия Жастілектің бұл баяндамасы ғылыми-практикалық конференцияға қатысу-шыларға қатты әсер қалдырған. Баян-дама барысында көптеген сұрақ қо-йылғанын айта келіп, «Мен басында қатты қобалжыдым, бірақ өз тақыры-бымның өзгелерді қызықтырғанына қуандым, сөйтіп, ойымды жинақтап, сөзімді жүйелеп, әр сауалға жауап бер-дім», - дейді Надия. Конференциядан Надия олжалы оралды. Батыс Қазақ-стан инновациялық-технологиялық университет ректоры, экономика ғы-лымдарының профессоры Раушан Сма-диқызы Габдуалиеваның атына алғыс хат, ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., профес-сор Сүлейменова Дәметкен Досмұхан-қызына мадақтама, ал баяндама жаса-ған Жастілек Надияға алғыс хат және ғылыми жетістігін растайтын сертифи-кат табыс етілді.
«Қазақстанның болашағы – бүгінгі жастар. Сіздер оларға қалай білім бер-сеңіздер, Қазақстан сол деңгейде бо-лады» - деп Елбасымыздың айтқан сөзі айнымас ақиқат екендігіне тағы да көз жеткіздік. Алаш қозғалысының басшы-лары өздерінің басты мұраты – қазақ халқының ұлттық төлтумалығын сақ-тау, сонымен бірге оның тарихи мұра-сын қалпына келтіріп, ұлттық санасын шыңдау деп санады. Осындай халқына қызмет еткен ұлдарын ардақтаған бү-гінгі тәуелсіз еліміздің болашағы жар-қын, кемелді болатынына сеніміміз мол.
Студенттердің ғылыми жобаларын, іссапар шығындарын қаржыландырып отырған Педагогикалық факультетінің менеджері Ләззат Тұяқбайқызы Рысбе-коваға зор алғыс айтамыз.
Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығы қар-саңында, Әлихан Бөкейхановтың дү-ниеге келгеніне 150 жылдығы тойла-нуына сәйкес оқу орнымыздың осын-дай жетістігі бізді жаңа табыстарға же-телейді.

Қаралым саны 1504

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463