Оқырман байқаған шығар, журналымыздың өткен саны әдеттегідей Алматы қаласында емес, Оралда басылды. Соған сәйкес полиграфиялық сапасы да сәл-пәл төмендегені байқалады. Алайда бір қиындықтың бір жақсылығы бар деген ғой. Бұрын Алматы қаласында басылған журналымыздың Оралға жетуін бір апта, кейде одан да көп уақыт күтіп қалатын болсақ, бұл жолы редакция дайындаған журналдың жаңа саны сол бойында қолымызға тиеді. Тиісінше, «Қазпошта» мекемесіне де дер кезінде жеткізіліп, өздеріңіздің – журналға жазылушы оқырман қауымның қолына тезірек жететін болды. Міне, біз сол үшін қуаныштымыз.

Қазақ поэзиясы мен прозасындағы алыптардың ортамыздан күн санап мәң-гілікке аттануы қатты алаңдатады. Әрине, олардың еңбектері ұрпағына әлі талай азық болары анық. Бірақ осылардың орнын басатын ақын-жазушы, зиялыларымыз бар ма?! «Жоқ» деп ауызды қу шөппен сүрткен жөн болмас. Бірақ, жағдайдың мәз емес екендігі анық. Мемлекет бұл саланы жүйелі қолдап, нақты жұмыстанбаса, уа-қыт өте «әй, қап» деп сан соғар кез де алыс емес.

Нұржан ҚАЛДЫБЕКОВ,

ҚР Ұлттық банкі БҚОФ директорының орынбасары, «Болашақ» халықаралық шәкіртақысы иегерлері Қауымдастығының өкілі

Кез келген мемлекетте әлемдік ауқымдағы жобаны жүзеге асыру үшін мемлекет басшысы мен халықтың ерік-жігері бір арнаға тоғысуы тиіс. Сонда ғана дамудың жаңа деңгейіне қол жетеді. Қазақстанда мұндай әлемдік жоба бар ма?
«Бар!» - дейді сенімді дауыспен ҚР Ұлттық банкі БҚОФ директорының орынбасары Нұржан Қалдыбеков. – Қазақстан Президентінің «Болашақ» бағдарламасы – тарихи ауқымдағы ерекше жоба!

Елдос ТОҚТАРБАЙ,

Алматы қаласы

ХХ ғасыр – қазақтың ояну ғасыры. Жаңа ғасырдың 1917-1920 жылдарын-да қазақтың тұңғыш заманауи үкіметі құрылып, Алаш әскері жасақталып, ав-тономияның ұлттық мемлекеттік даму бағдарламасы бекітілді. ХХ ғасыр ба-сындағы қазақ оқығандарының құрған Алашорда үкіметі – ұлт-азаттық қозға-лыс тарихындағы елеулі, маңызды оқиға. Себебі Алаш сол «ояну» ғасы-рындағы ерекше тарихи құбылыс болып саналады.

«Dana kаz» журналының 2013 жылғы №7 (8) санында «Жеңісіне жер алған Жетпіс палуан» атты мақала жарияланған еді. Аталмыш мақалада XIX ғасырда өмір сүрген, Қалқаман Тана руынан шыққан атақты Жетпіс палуан жайында жазып, оның жерленген жерін, бүгінгі ұрпақтарын білетін адамдар болса, хабарласуын өтінген болатынбыз.

Қайыржан ХАСАНОВ,

ардагер журналист, өлкетанушы

Белгілі өлкетанушы Қайыржан Хасанов ағамыздың «Соналы көтерілісі» кітабынан ықшамдап беріліп отыр.

Лаура ТАЙЫРОВА,

Бөкей ордасы тарихи-музей кешенінің аға ғылыми қызметкері

ХVІІІ ғасырдың бірінші жартысында Кіші жүз Ресейдің қол астына өткеннен кейін патшалық Ресей өз үстемдігін орнату мақсатында отарлау саясатын кең түрде қолдана бастады.

Дәметкен СҮЛЕЙМЕНОВА,

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті
педагогикалық факультетінің профессоры, т.ғ.к.,
Ж. Досмұхамедов атындағы «Қайраткер» қоғамдық қорының президенті

Халқымыздың өз заманындағы зиялы ұлдарын ардақтап, ұлықтау Тәуелсіздік жылдары алғаш атқарған игілікті бастама болатын. ХХ ғасыр ба-сындағы Алаш қозғалысы қазақ хал-қының ұлт-азаттық күресін жаңа сапа-лық деңгейге көтеріп, ұлттық санамыз-ды жаңғыртқан, қоғамдағы санамызды сілкіндіріп, оянуына жол ашқан басты саяси оқиғалардың бірі ғана емес, біре-гейі болғаны анық.

Аққали АХМЕТ,

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті Гуманитарлық ғылымдар және шетел тілдері факультетінің деканы, тарих ғылымдарының докторы

Совет үкіметі кезін қазіргі жас ұрпақ Қазақстанның басы бұғауда, бай-лығы талауда болған кезең деп біледі. Алайда сол уақыттың өзінде ел үшін еңіреп қызмет еткен ағаларымыз аз болмаған. Солардың бірі – қа-зіргі Атырау облысы Исатай (бұрынғы Новобогат) ауданын ұзақ жыл бас-қарған Мадияр Қостамбаев.

Ақ Жайық өңірі – тарихи жәдігерлерге бай, қасиетті өлке. Біздің заманымызға дейінгі І мыңжылдықтарда осы далада көшпенділердің алғашқы тобы пайда болды. Батыс Қазақстан ғұндардың, печенег-тердің, оғыздардың, қыпшақтардың, қимақтардың өмір сүріп, өзінің көне мәдениетінің іргетасын қалаған жерлері болатын. Ал осы Ұлы даланың тарихын, мәдениетін, халықтың тұрмыс-тіршілігін баяндап, мол мағлұмат беретін шежірелі орын – Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейі.

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463