– Талғат, әңгімемізді өзіңіз туып-өскен жер туралы бастасақ...
– Мен Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданында дүниеге келдім. Сол жерде мектеп бітіріп, Астана қала-сындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еура-зия ұлттық университетіне биотехноло-гия мамандығына оқуға түстім. Бака-лаврда оқып жүрген кезден ғылым жо-лына қызықтым. «Семей өңірін ауыр металдардан тазалау» тақырыбындағы дипломдық жұмысымызды одан әрі дамытқымыз келгенмен, ешқандай қолдау таппады. Оқуды бітіргесін ма-гистратураға түспес бұрын ауылға ба-рып, жарты жылдай жұмыс істедім. 2013 жылы магистратураға түстім. Сол уақытта біраз шет мемлекетке шықтық. Атап айтқанда, Франция, Испания, Италия, Литва, Түркия, Ресей сияқты мемлекеттерде болдық.
– Қай мемлекет ерекше әсер қал-дырды?
– Франция. Ғылымы өте жақсы да-мыған. Біз Гюстав Русси атындағы он-кологиялық институтта тәжірибеден өттік. Шағын ғана зертхана. Ішінде ке-рек құрылғының бәрі бар. Бұндай зерт-ханалар бізде де жоқ емес. Бірақ, біз байлықтың қадірін білмейміз. Мыса-лы, өзіміздің Мойынқұмда қаптап өсе-тін женьшеньді алсақ. Ол жабайы таби-ғатта өсіріледі. Бұл өсімдік Қытайда да бар. Тек шектеулі. Біздің халық аула-сында өскен байлығын өз қолымен Қы-тайға тасиды. Қытайлықтар да ақымақ емес. Жақсысын сараптап алып, жама-нын өзіңе қайтарып береді. «Қолда барда алтынның қадірі жоқ» деген осы.
– Шетелде оқып келген жас азамат елге оралғанда қандай көзқарас, қан-дай идеямен келеді?
– Алғаш келгенде міндетті түрде екі жақты салыстырады. Түрлі идея бола-ды. Қарқынды жұмыс істеп, соны жүзе-ге асырғың келеді. Тың дүниелер жа-сауға тырысасың. Тың дүние бір адам-ның қолынан келетін нәрсе емес. Көп жұмыла істеген кезде ғана іске асады. Бізде мынадай психология қалыптасып қалған: «осында және қазір». Олар сияқты жоғарыдан қарап, «Менің елім, Қазақстаным не боп жатыр, оның бола-шағына қосар менің үлесім қандай?» деген сауалдар бізді онша мазалай бермейді.
– Шет мемлекетте бәрі тамаша ма?
– Ол жақта өмір сүруге ыңғайлы. Тек керек нәрсесін алу керек. Біз жылтыра-ғанға қызығамыз. «Жылтырағанның бәрі алтын емес». Мен қазақты жаман-даудан аулақпын. Біз мықты халықпыз. Ата-бабамыздың даналығының, батыр-лығының арқасында бүгінге жеттік. Қа-зір жастар ұсақталып барады. Әкенің қанымен, ананың сүтімен дарыған тек-тілік тамырын тереңге жая алмай тұр. Бәрі көз көргенге еліктеушіліктің кесі-рінен... Тұтас халық емес, бір адамның өзі өмірінде 1 жылдық, не 10 жылдық жоспар құрады.
– Сіздің өзіңізде мұндай жоспар бар ма? Мысалы, алдағы 10 жылдық жоспарыңыз қандай?
– Өз жерімде өзімнің зертханамды ашқым келеді. Білікті профессор бол-сам деймін.
– Зертханаңыз қандай салада жұ-мыс жасайды?
– Геомедицина яғни, геоөнімдік медицина. «Буындарды, бас сүйектің жақ бөлігін пластик немесе платин бөл-шектермен алмастыру» – «Замена сус-тавных, замена челюстных частей на пластиковый или на платиновый час-ти». Түсінікті тілмен айтқанда, протез. Статистика бойынша, Қазақстанда жол апаты өте көп. Соның салдарынан немесе қартайғандықтың әсерінен буын қисаяды. Соларды ауыстыруға мүмкіндік жасағым келеді. Тек дәрімен емес, мен инженерия мен биологияны қосып, біртұтас жүйе ретінде жасағым келеді. Австралияда «Монаш» универ-ситетінде бір таныс профессор бар. Ол қазір наноробот ойлап табуда. «Ол не-ге керек?» десеңіз, адамдарда болатын инсультті болдырмаудың алдын алу үшін ойлап шығарылып жатыр. Нано-робот тамаққа шашатын құрылғы ре-тінде шығарылатын болады.
– Шетелдегі таныстарыңыз жайлы сөз еттіңіз, жалпы қандай тілдерді меңгердіңіз?
– Ағылшын тілін аздап ұмытыңқы-рап қалыппын. Қытай тілін білемін.
– Біздің тілдің жағдайы сізді алаңдата ма?
– Әрине. Бізде намыс жоқ. Қазақ-станда екі шетелдік тұрса, олар өз тілін-де сөйлейді. Біз өз елімізде тұрып қа-зақша сөйлеуге ұяламыз. Ағылшынша, орысша сөйлеуге ұялмаймыз. Тіл мәсе-лесін қанша көтерсе де, халықтың, әсі-ресе, жастардың көбі шала қазақ боп кетті. Бұл бәрі айналып тағы еліктеуге тіреледі...
– Достарыңыз көп пе?
– Менің әр жерде таныстарым өте көп. Бірақ менде дос жоқ. Саусақпен санарлық қана достарым бар. Солар-дың барына шүкір.
– Өзіңізге ұнамайтын қасиетіңіз бар ма?
– Адамдардың бәріне көмектескім келеді. Содан қанша таяқ жедім... Әр нәрсенің өз орны бар екен.
– Әдеби шығармаларды қаншалықты жиі оқисыз?
– Іскерлік әдебиетті көп оқимын. Қазақ әдебиетінен де, шетел әдебие-тінен де бір кісідей хабарым бар. Абай-дың қара сөздері санамда сақталған сәуле секілді. Орыс классиктерінің өлеңдерін әлі күнге жатқа білемін.
– «Жастар ұсақталып бара жатыр» дедіңіз. Осы жалқаулықтан құтылу үшін қазіргі жастарға не керек?
– Үлкендердің айтқанын тыңдау ке-рек. Үлкеннен бата алған дұрыс. Үлкен-нің жолын кеспеу керек. Еңбек ету қа-жет. «1% талант, 99% еңбек» деген қа-ғиданы ұстанған абзал. 40-тан асқан адам шаршамайды, ол тек жалқау бола бастайды. Жұмыс істеу керек, соған ты-рысу керек. Ешкім данышпан боп ту-майды ғой. Жақсы болсын, жаман бол-сын, сенің өз ойың болуы керек. Сен – мен емессің, мен – сен емеспін. Егер сен ақын болғың келсе – ақынмен, бай болғың келсе – байлармен аралас. Се-нің етегіңнен тартып, көре алмайтын адамдармен араласпағаның жөн. Он-дай адамдар сені мақсатыңнан адасты-рады. Көп іздену мен көп оқу қажет. Романды көп оқымау қажет дер ем. Біздің қыздардың психологиясы қы-зық: кішкентай кезінде романды көп оқиды да, сосын ақ боз ат мінген ханзаданы күтіп жүреді. Жерге түсу керек қой, адам топырақтан жаралған. Менің әйелім де іскерлік әдебиетке жақын.
– Отбасыңыз туралы айтсаңыз...
– Үйлендім. Әсем деген жарым, Інжу деген қызымыз бар.
– «Жігіттің үш жұрты бар» дейміз. Қай жұртқа жақынсыз?
– «Жігіттің жақсысы – нағашыдан» деген. Нағашыларыма жақынмын. Ба-ланы сүйейтін де осы нағашы жұрт шы-ғар. Бірақ бәрі де әуелі Алланың, со-дан кейін әкем мен анамның арқасы. Әкем сабырлы адам болатын. Ананың мықтылығы сол – баласы үшін қандай азап болса да, қаймықпай көтереді. Біз ержеткенше олар тыным таппады, енді олардың қартайған шағында төрімізге шығарып, көңілін тыныш қылу – біздің парыз.
– Ойлаған мақсаттарыңыз жүзеге асып, Алла маңдайыңызға үбірлі-шү-бірлі, ғұмырлы отбасы болуды нәсіп етсін!
Адамдармен сөйлесу, пікір алысу қаншалықты қызық болса, соншалық-ты қиын. Ол адаммен сіздің ойлау дә-режеңіз сәйкес келмесе, өзіңіздің ақы-лыңыздың таяздығын түсінесіз. Осы келеңсіздік сіздің келешектің жарқын бастауы болуы керек. Мен осы сұхбат-тан кейін сондай ой түйдім. «Жақсы-лармен өткізген жарты сағат – жаман-ның өтіп кеткен ғұмырындай» деген осы. Қуандым. Тіледім. Сендім.
Ләззат МАҚАШ,
«Евразия» ҰУ студенті,
Астана қаласы