Тарихи зерттеу жұмыстары олардың сармат тайпалары екендігін дәлелдеп отыр. Олардың қалдырған ескерткіштері Солтүстік Каспий маңын-да, Еділ мен Жайық өзендерінің төмен-гі ағыстарында және Қобда, Елек, Ор, Жем өзендерінің бойында табылған. Олар бір-біріне ұқсас болып келген. Обалардың биіктігі әрқалай 1,5-2 м, кө-лемі – 20-26 м, олар жерленген адам-дардың әлеуметтік жағдайына байла-нысты болған. Осы уақытқа дейін сар-мат тайпаларының ескерткіштері толық зерттеле қоймаса да, қазылған обалар-дан алынған материалдар оларда әлеуметтік теңсіздіктің орын алғанын көрсетеді. Сынтас обасынан табылған, ерекше атап өтетін бұйымның бірі – сүйектен жасалған қа-сықтар, мұндай қасықтарды күнделікті та-мақ ішуге пай-даланбаған. Сыйлы қо-нақтар келген-де ас ішуге берілуі мүмкін. Қасықтың сабын-дағы ойып жасалған суреттер сармат шеберлерінен кейінгі ұрпақтарға қал-ған өшпес-өлмес өнердің бір туындысы іспетті. Суреттің мағынасы өз дәуірін-дегі қиял-ғажайып аңызды хабарлап тұрғандай. Мұндай қымбат бағалы зат-тар барлық обаларда кездесе бермей-ді. Сондықтан да жерленген адамдар-дың бай, кедей немесе ру ақсақалы, тайпа көсемдері екендіктері бірден байқалады. Ал адамдарды дүние-мү-ліктерімен бірге жерлеу олардың о дү-ниедегі өмірге сену, ата-баба аруағына сыйыну сияқты діни наным-сенімдер-дің сармат тайпаларында да болғанды-ғын дәлелдейді. Сармат тайпаларының мекендерінен табылған әшекей, сәндік бұйымдар оларда шебер зергерлердің болғандығын көрсетсе, темірден жа-салған үзеңгі, ауыздық және оның су-лықтары, тағы да басқа металл бұйым-дар – бұл тайпаларда он саусағынан өнер тамған тамаша темір ұсталары-ның болғандығының айғағы.
Батыс Қазақстан облысы террито-риясынан сармат кезеңіне жататын көптеген оба, қорғандар зерттелді. Сол қорған, обалардан табылған адамдардың жерленуі де әр түрлі. Мысалы, 2012 жылы Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығының археологтары Теректі ауданындағы Долинное елді мекенінің маңында археоло-гиялық қазба жұмыстарын жүргізуі нәтижесінде табылған “Алтын әйел адамның” жерлену орны ерекше қызы-ғушылық туғызады. Мүрденің басы батысқа, беті оңтүстікке қарап жерлен-ген және қабір өртелген. Жерленген әйел адам аса қымбат әшекейлі киім киген. Міне, осы “Алтын әйел адам-ның” бұйымдары: айнасы, әшекейлері, ыдыстары, тарағы және өртеген кезде жанған ағаш бөренелер бүгінде музей-ге қойылған.
Зерттелген обалардың қайсысынан болмасын, ер-тұрман жабдықтары табылады. Бұдан шығатын қорытынды: сармат тайпалары мал шаруашылығы-мен шұғылданған. Осыған қарағанда, сарматтарда жартылай көшпелі мал шаруашылығы басым болған. Сонымен қатар Таяу Шығыстан, Орта Азиядан немесе Римнен әкелін-ген ғажайып саймандар салынған едә-уір бай қабірлер табылып отыр. Олар-дың біреуі екі қабат етіп жерленген Володарка №4 обаның үлкен обасынан табылды. Бір қабір түгелдей дерлік қи-раған, шұңқырлардың оңтүстік жарты-сындағы екіншісі тонаушылардан аман қалыпты. Жерленген адамның сол жақ жамбасында ұзын семсер, сол қолы-ның білезігінде сырт жағында білігі және шығыңқы сабы бар қола айна жатыр. Өлген адамның оң жағында жылқы сүйектері сақталған. Аяқтары-ның арасынан оң жақ тізесінен күміс-тен жасалып, алтын жалатылған екі фалар (аттың сәндік бұйымы) табылды. Фаларлар эллин дәуірі торевтикасының тамаша үлгісі болып табылады. Бұлар алтын қаңылтырмен оралған және сырт жағында бекітуге арналған үш-үш-тен құлағы бар. Қазба жұмыстарының авторы фаларларда гректің тажал тү-ріндегі зұлымдыққа қарсы күресуші Беллерфонт пен Пегас туралы аңызы-ның сюжеті бейнеленген деп санайды.
Мысалы, Елек өзені бойындағы Сынтас обасына жерленген адамның жанынан табылған қару-жарақ, құрал-саймандар, түрлі қымбат бұйымдар оның белгілі әскери қолбасшы болған-дығын көрсетеді. Жерленген адамдар-дың бас жағы оңтүстікке немесе оңтүс-тік-батысқа қаратылған. Мәйіттер қо-йылған жердің үстінен ағаш шатырлар жасалған. Оның үсті жеңіл-желпі бұта-лармен жабылып, одан соң топырақ құм, таспен оба тұрғызылған. Жерлеу-дің мұндай әр түрлі болып келуі, сар-мат тайпаларының өздеріне тән жергі-лікті әдет-ғұрып, салт-сананың өзгеше-леу екендігін байқатады. Сарматтар-дың қалдырған обаларынан қару-жа-рақтан көбінесе қанжар, семсер, садақ-тың ұштары, әшекейлік бұйымдардан – әр түрлі аңдардың суреттері бейнелен-ген асыл тастар, қапсырмалар, түрлі-түсті моншақтар, қола айналар, садақ-тың қырлы ұштары табылған. Аяқта-рында басын жерге салып тұрған жыртқыш аңдар бейнеленген, күнге немесе отқа табынуды көрсететін тас шырақтар кездеседі. Обаларда көп кездесетін кұрал-саймандардың бір түрі – ат-әбзелдері, оның ішінде үзеңгі, ауыздық пен оның сулығы, сондай-ақ әр түрлі пошымды жасалған көзелер, қасықтар.
Бұл археологиялық қазба жұмыста-рының нәтижелері савромат-сармат кезеңіндегі тарихи үрдістерді білуде біздің түсінігімізді кеңейтуге мүмкіндік берері сөзсіз.