Бұл ұлт-азаттық қозғалыс Қытай, Үндістан, Түркия мен Ирандағы отарлыққа қарсы толқулар, соғыстар, төңкерістермен бір арнада жатқан қозғалыс. Бұл қозғалыстың еліміздің тарихының кейінгі кезеңдегі тәуелсіздік жолында болған тарихи қозғалыстармен сабақтас-тығы да біраз мәселені аңғартып, оның тарихи маңызын арттыра түсіре-ді. Биылғы жылы елімізде 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100 жыл-дығымен қатар, 1986 жылғы желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығы, тәуел-сіздігіміздің 25 жылдығы ерекше аталып өтеді. Сондықтан да бұл көте-ріліс Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстарының ғасырлар бойы жүргізіл-ген заңды жалғасы деп айта аламыз.
Думадағы дүмпу
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс қазақ халқының ұлттық санасының артқандығын көрсетті. Қазақ халқы отаршылдық бұғауындағы көп жылдық езгінің нәтижесінде ұлттық мүдденің біртұтастығын ұғына білді, өздерінің күш ретіндегі маңызын түсінді.
1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс Қазақ даласының барлық аймағында, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркімен жерінде де орын алды.
Орта Азия мен Қазақстандағы 1916 жылғы оқиғалар алғашқы күннен бас-тап-ақ Ресей демократиялық күштерінің назарын аудартты. 1916 жылдың шілде айында 25 маусымдағы патша жарлығының заңды және ақылға қонымды дұрыс мағынаны бұзушылық екендігін ашып айтқан. Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясының өкілдері ішкі істер және соғыс министрлерінің көңілін аударды. Олар бұл жағдайдың халықтың ашу-ызасын туғыза отырып, толқуларды туғызатынын ескертті. Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясының өкілдерімен қоса Ха-лық бостандығы партиясының солшыл қанатының өкілдері де осы мәселеге байланысты Бас қолбасшының штаб бастығы, генерал М. В. Алексеев пен соғыс министрі, генерал Д. С. Шуваевты ескертті. Алайда оппозиция әрекеті нәтиже бермеді. 1916 жылы тамызда Мемлекеттік Дума депутаттары А. Ф. Ке-ренский мен Тевкелев өз фракцияларының тапсыруымен істің мән-жайы-мен толығырақ танысу мақсатында Түркістанға барып қайтты. Осы сапар-дан оралғаннан кейін 10 қыркүйекте
А. Ф. Керенский Мемлекеттік Думаның мүшелерінің жеке жиынында баяндама жасады. Басқосуда оппозиция мүшелерінің осы мәселе бойынша жалпы көзқарасы, стратегиясы мен әрекет ету тактикасы жасалған сияқты. 27-ші қарашада елдегі жағдай Мемлекеттік Думаның әскери-теңіз комиссиясының мәжілісінде талқыланды. Оппозиция өкілдері тыл жұмыстарына халықты жұмылдыру еңбек міндеткерлігі екенін, ал ол жағдай негізгі заңға өзгеріс енгізу арқылы (заң мекемелерінде) іске асырылуға тиісті екендігін, 25 маусым жарлығының қызметтік борышқа ғана емес, мемлекеттің сыртқы қауіпсіздігіне қарсы ауыр қылмыс екендігін дәлелдеп көрсетті. Осы кемшіліктерді атап көрсете отырып, Думалық оппозиция үкіметтен Ресей империясының заңдары мен қызметтік борышты заңдық тұрғыдан бұзған лауазым иелеріне қандай жаза қолданғанын көрсетуді талап етті. Министрлер Кеңесі жарлықтың заңдық күшінің жоқтығына емес, жергілікті жердегі басшылардың бұл шараларды іске асырудағы әрекеттегі кемшіліктеріне көбірек көңіл бөле бастады.
Оппозиция өкілдерінің үкіметке жолдаған сұранысы Мемлекеттік Дума-ның 13 және 15 желтоқсандағы (1916 жыл) жабық есік жағдайында өткен екі мәжілісінде талқыланды. Жарыссөзде А. Ф. Керенский, князь Мансырев,
М. Ю. Джафаров, М. С. Аджемов т.б. сөйледі. Парламенттік пікір алмасу ерекшелігі тек өз сұранысын тиянақтау ғана емес, осы мәселенің саяси аспектісіне көңіл аударуды күшейту болатын. Депутаттардың сөйлеген сөзі шымбайға бататындай сыни тұрғыда болды. Еңбек фракциясының басшысы А. Ф. Керенский Түркістан мен Далалық өлкеде көргендерін «жоғарыдағылардың надандығы мен ақылсыздығының» салдарларынан туындаған орыс тарихының масқара беттері деп сипат-тады. Түркістанда орын алған заңсыздықтар заңдық негізі жоқ жарлықты іске асыруға әрекет еткен орталық өкіметтің кінәсінен деп ашына айтты. А. Ф. Керенскийдің ұстанымын мұсыл-ман фракциясының атынан М. Ю. Джа-фаров та қолдады: “Жоғары өкіметтің тыңшыларының заңсыз әрекеті жергі-лікті билік өкілдерінің шексіз зорлығымен қосақтасып жүрді. Мұның барлығы халықтың пікірі мен олардың өмірлік мүддесін бұрмалауға бағытталған бұратана халыққа қарсы саясаттың нәтижесі” - деп көрсетті.
Олардың көзқарасымен шамалас сынды октябристер (граф Капнист) мен кадеттер (князь Мансырев) өкілдері де айтты. Барлығынан да «дербес» сөй-ленген сөз – Халық бостандығы партия-сының Орталық Комитетінің мүшесі
М. С. Аджемовтікі болды. Ол осы жағ-дайдың барлығына бірден-бір кінәлі адам – Министрлер Кеңесінің төрағасы Штюрмер деп көрсетті. (Восстание 1916 года в Средней Азии. – Ташкент. – 1932. – с.105-162).
Сонымен, Думада өткен пікірталас нәтижесінде Ресей парламенті оппози-ция өкілдері арқылы заңдылықты қор-ғау мәселесін көтергенімен, оның сал-танат құруына қол жеткізе алмады.
Қазақ зиялыларының
қос бағыты
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс жөнінде әңгіме қозғалғанда демократиялық қазақ интеллигенциясының осы көтеріліске байланысты көзқарасы мен іс-әрекетін қозғамауға болмайды.
Жаңадан қалыптасып келе жатқан ат төбеліндей қазақ интеллигенциясының өкілдері осы кезеңде жалпыұлт-тық сұраныстарға жауап беруге және оларды шешуге тырысты. Олар Петер-бург, Мәскеу, Қазан, Варшава, Ташкент, Уфа, Омбы, Том қалаларында білім ал-ды. Олардың басым көпшілігі тек бір ғана кәсіби мамандықтың тізгінін ұстаумен шектелмей, әмбебап маман ретінде оқу-ағарту ісімен де, қазақ тілінде кітап, газет, журнал шығарумен де, жан-жақты шығармашылық жұмыс-пен де қатар айналысты. Қазақ зиялы-лары өз көсемі Әлихан Бөкейхановтың төңірегіне жиналып, сол кезде патша үкіметіне оппозицияда болған кадеттер партиясын белгілі дәрежеде үлгі тұтты.
Қазақ зиялылары, ең алдымен, қазақ даласындағы басқару жүйесінің отарлық сипатын өзгертуді талап етті. Екіншіден, қазақ даласындағы шұрай-лы жерлерді басып алу мақсатында Ресейден орыс шаруаларын көшіру мәселесін тоқтату үшін саяси күрес жүргізуге арнады. Үшіншіден, олар өздерін ресми өкімет пен жергілікті халық бұқарасын байланыстыратын күш ретінде көрсетуге ұмтылды.
Бұл бағыттардағы өздерінің іс-қимыл әрекеттерін І Мемлекеттік Дума (Әлихан Бөкейханов – Семей өлкесі-нен, Алпысбай Қалменов – Бөкей Ордасынан, Ахмет Бірімжанов – Торғай облысынан, Шаймерден Қосшығұлов – Ақмола облысынан) және 2-ші Мемле-кеттік Думаға (Ә. Бөкейханов, Ш. Қос-шығұлов, А. Бірімжанов, Бақытжан Қаратаев – Орал облысынан, М. Ты-нышбаев – Жетісу, Норекенов – Семей облысынан) сайланған депутаттардың қызметінен көреміз. Олар жалпыдемократиялық мәндегі ұлттың тең құқы-лық, халықтың мәдениетін көтеру, әйел теңдігін қамтамасыз ету, отаршылардың жер мен суды тартып алуына наразылық білдіру сияқты мәселелерді өз шығармаларының өзекті тақырыбына айналдырды.
Қазақ зиялыларының көшбастаушы-лары Орынбор қаласында 1913-1918 жылдар аралығында «Қазақ» газетін шығарып, елдегі қоғамдық-саяси, әлеу-меттік-экономикалық және рухани өмі-рінің өзекті мәселелерін көтерді, ха-лықтың ұлттық санасын оятып, жалпы-ұлттық саяси партия құру жолында ерекше жұмыс атқарды. Осы жұмыстардың нәтижесінде ұлттық-демокра-тиялық мүдделерді көздейтін «Алаш» саяси ұйымы құрылды. Оның көсем-дері – Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов,
М. Шоқай, М. Тынышбаев, М. Дулатов, Халел және Жаһанша Досмұхамедовтер қазақ халқын отарлық езгіден азат етіп, қоғамдық өркениетті елдер қата-рына жеткізуді, сондай-ақ басқа да әлеуметтік-саяси міндеттерді шешуді өздеріне басты нысана етіп алды. Дей тұрғанмен де, қазақ зиялыларының патшаның маусым жарлығы мен көте-ріліске көзқарасы бірдей болған жоқ. Зиялылардың радикалды батыл іс-қи-мылға бейім аз ғана өкілдері (Тоқаш Бокин, Жаңабай Ниязбеков, Тұрар Рысқұлов, Әубәкір Жүнісов, Әліби Жангелдин, Сейтқали Меңдешев, Бәймен Алманов т.б.) халықты қарулы көтеріліске шақырып, оған өздері бас-шылық етті. Ал «Қазақ» газетінің төңі-регіне топтасқан ұлттық-демократия-лық зиялылар өкілдерінің жетекшілері (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Ду-латов) бұл жағдайға байланысты ради-кал зиялылар сияқты батыл әрекетке бара қойған жоқ. Бұл мәселе төңіре-гіндегі олардың көзқарасы «Қазақ» га-зетінің 1916 жылғы 6, 8, 15 маусым жә-не 11 тамыздағы сандарында жария-ланды. Сайып келгенде, олар халықты патша жарлығын орындауға шақырды, олай етпеген жағдайда патша жазалаушы жасақтары елде қантөгіс туғызады деді. Олар бұл мәселені бүкілқазақстандық мәжілісте талқылау қажет деп санады. Мұндай кеңес 1916 жылы 7 тамызда Орынбор қаласында өтті. Басқаша айтқанда, қазақ зиялыларының бұл тобы күрестің бейбіт жолын таңдап, жарлыққа байланысты қантө-гісті болдырмауға тырысты. Оған дә-лел – жоғарыда аталған Орынбор Ке-ңесінің хаттамалары. Кеңеске қатысушылар 17 тармақтан тұратын талап-тілек қойды: оның негізгілері мыналар еді:
«1) Тыл жұмысына шақыруды Қа-зақстанның солтүстік уездерінде 1917 жылғы 7 қаңтарға дейін, ал оңтүстік уездерінде 1917 жылғы 15 наурызға дейін қалдыру.
2) Майдан жұмыстарына бірінші кезекте қатарында үйленгендері аз 19 бен 31 жастың аралығындағыларды шақыру.
...4) Әрбір отбасына майдан жұмы-сына шақырылуға тиістілерден бір адамнан қалдыру.
...8) Әрбір 50 түтінге бір мұғалім-нен қалдыру.
...10) Бұрынғы асығыс және дұрыс толтырылмаған тізімдердің күшін жо-йып, жаңа тізімдер жасау үшін әрбір он өкілден құрылған және ауыл тұрғындарының жалпы жиналысында бекітілген комиссияларға тапсыру.
...12) Жұмысшыларды майданға жіберу мәселесін қарайтын қабылдау комиссиялардың құрамына шешуші дауыспен әр болыстан екі өкілді енгізу.
13) Жұмысқа жіберілетіндерді 30 адамнан жеке-жеке артельдерге топ-тастырып, әр артельді молдамен және тілмашпен қамтамасыз ету.
14) Майдан жұмыстарында ауыр-ғандарға жараланған жауынгерлермен бірдей дәрежеде медициналық көмек көрсету.
15) Жұмысшы қазақтар жергілікті қалалық және земстволық одақтардың қамқорында болуға тиіс...
16) Майданның қара жұмысындағыларға жер-жерден киім-кешек пен азық-түлік жеткізіп тұру үшін әр болыс-тан екі адамға теміржол вагондары те-гін берілуі қажет.
17) Сенімді себептер болғанда жұмысшы қазақтарға демалыс беру».
Патша үкіметіне тапсырылған осы құжатқа мәжіліс төрағасы Ә. Бөкей-ханов және оның хатшылары О. Алма-сов пен М. Дулатов қол қойған. Бұл құ-жатқа назар сала отырып, байыппен қарайтын болсақ, Алаш көсемдерінің патшаның 25 маусымдағы жарлығын сөз жүзінде қолдап, ал іс жүзінде қар-сы болғандығын аңғаруға болады. Қарсы жұмыс істеушілерге, олардың отбасыларына көмек көрсету, көтеріліс жеңіліс тапқаннан кейін туған жерден ауып кеткендерді елге қайтару, оларға үкімет тарапынан кешірім жасауға әре-кет жасады. Бұл жағдайларды М. Ду-латовтың 1925 жылғы 24 желтоқсанда ОГПУ тергеуіндегі жауабынан да көруге болады. Олай болса, Алаш қозғалысының көсемдері мен мүшелері 1916 жылғы көтеріліс кезінде ұлттық мүдде-ге сатқындық жасады деген пікірдің біржақты екендігін көрсетеді. Әрине, олар халықтың ұлт-азаттық көтеріліске тікелей қатысқан жоқ, солқылдақ позиция ұстап, табандылық көрсете алмады.
Сейітқали Меңдешевтің
естелігі
Енді қазақ зиялыларының ради-калды тобының өкілдерінің бірі, Батыс Қазақстан өлкесіндегі ұлт-азаттық қоз-ғалыстарының басшысы болған Сейіт-қали Меңдешевтің естеліктеріне көз салайық: «Мен 1916 жылы Астрахан губерниясының Бөкей Ордасының Қамыс-Самар бөлігінде тұрдым және Жаңа Казанка ауылында екі кластық училищеде мұғалім болып жұмыс жа-садым. Сол кезде біздің ауданда сусы-малы құмдарды нығайту шаралары жүргізілетін, бірақ жергілікті тұрғындардың шаруашылық мүдделері бұр-маланып отырды. Сусымалы құмды жерлермен қоса олардың арасында орналасқан жайылым және шабындық жерлерді де тартып алып, ондағы тұр-ғындарды күштеп көшіру әрекеті іске асырылды. Мұндай бұйрықты шығарған сол кездегі Астрахан губернаторы генерал Соколовский еді... Осы шешім-дерді шағым беріп, жою мақсатында сауатты екі мұсылман өкілдерін – Нығметула Ибрагимов пен Ғұбайдолла Ахмедовты, ал мені аудармашы және жол көрсетуші ретінде жіберді... 1916 жылы маусымда біз Ленинградқа (ес-телік 1936 жылы жазылған – Т. Р.) жол-ға шығып, онда Мемлекеттік Думаның мұсылман фракциясынан көмек сұрадық... Фракция өкілдері біздің ісімізге жанашырлықпен қарап, үлкен баяндау хат құрастыруға көмектесті. Алайда олар бұдан басқа іс жүзіндегі әрекет жасай алмады. Менің серіктестерім ескертулеріме қарамастан, сол кезде Ленинградта жүрген Орынбор мүфтиі Баязитовке өтініш жасады, алайда көп ұзамай одан көңілдері қал-ды. Ол оларды не полиция департа-ментіндегі, болмаса «Үкіметтік хабар-шы» редакциясындағы шенеуніктерге жіберіп, сыйлық жасау қажет деген ишарат білдірген көрінеді... Біз мұсыл-ман фракциясының төрағасы Тевкелев арқылы баяндау хатымызды Ішкі Істер Министрлігінің Земский бөліміне өткіз-дік және сол арқылы біздің шағымымызды қарап, жергілікті билік өкілдері арқылы жауабын беретіндігін айтты...
Осы сапардан, жеке өз басым, менің 1916 жылғы қозғалысқа одан әрі қатысуыма өзгеріс алып келген нәтиже алдым. Оған себеп болған Ленинградтағы осы мәселелер төңірегіндегі есті-ген әңгімелер еді. Ондағы байқағандарым мен әңгімелер, әсіресе, «патша монархиясы мен оның армиясының жеңілісі ең аз жауыздық болып табы-латындығы» жөніндегі ұрандарды көру үлкен уақиғаларға дайындық жүріп жатқандығы жөнінде ойларға себепші болды. Осы әсерлердің негізінде елге оралғаннан кейін дайындық жұмыстарын белсенді жүргізуге бел байладым. Біз шілденің бас кезінде оралдық. Саратовқа келгенде шеттен келген қырғыздардан (қазақтардан – Т.Р.) 19-32 жас арасындағы қырғыздарды қара жұмысқа жұмылдыру жөніндегі жар-лықтың шыққанын естідік. Алғашқыда сенбедім, өйткені Ленинградта ол жөнінде ештеңе естілмеп еді. Алайда қырғыз (қазақ – Т.Р.) жеріне енген кез-де оның белгілі болғаны, шынында да, патша жарлығымен тыл жұмыстарына адамдарды жұмылдыратыны белгілі болды. Бұл хабар тез тарап, тұрғындар арасында терең толқулар туғызды. Алғашқыда бұл жағдай үрей туғызса, кейін шаруашылықтан қолынан жұмыс келетін осынша көп адамның кетуі есепсіз ауыртпалық алып келетіні қауіп төндірді. Жергілікті өкімет (учаскелік басқарма) және өкілетті губернатор Аракчеев бірден жаугершілік бағыт алып, кез келген кішігірім қарсыластық ату әрекетіне дейінгі қатаң жазаға алып келетіндігін ескертті.
Жаңа Казанкаға келісімен жақын жолдастарым Мұхтар Сәрсенбиев (Аза-мат соғысы кезінде казактар қолынан қаза болды), Нұғман Залиевпен және қалың бұқара өкілдерімен келісе оты-рып, осы мобилизацияға қарсы ұйым-дасқан қарсылық көрсету жасауға кіріс-тік... Ең алдымен, уақыт ұту қажет бол-ды. Құпия жиналыстарда дайындыққа уақыт ұту үшін бірден бас тартпауды, жеңілдіктер сұрауды, келісім уақытын созуды, ал осы кезеңде жігіттерді мүм-кіндігінше қаруландырып, атқа қонды-рып, басқа аудандардың қырғыздарымен бірігуге далаға кетуді ұсындым. Ауылдардың шалғайлығына байланысты бұл жоспарларды іске асыру оңай болмады.
Жергілікті учаскелік басқарма Нұрым Қарабаев Аракчеев келу қарса-ңында болыстық старшындарды ша-қырды. Бұл жиынға халық өкілдері де келді. Осы жиында тоқсоба руының өкілі, қазақтардың жауынгерлік рухын бойына сақтаған 86 жастағы Тастанбек Желдібаев сөз сөйледі. Жергілікті басқарма мен Аракчеевтің дөрекі сөз-дерінен ашу кернеген ақсақал сөзінің соңында Аракчеевке «Патшаңа сәлем айт, біз кісі бермейміз, бізден керек болса, ақша алсын» деді. Халықтың жалпы көңілінен шыққан ақсақал сөзі қызу қолдау тапты. Ақсақалдың сөзі мені қатты алаңдатты. Оның мұндай сөзін өкімет тыңшыларының ескере-тіндігі және бізге дайындыққа мүмкін-дік бермейтіндігін түсіндім. Сондықтан да біздің аудандағы барлық қозғалысқа біртұтас басшылықтың керектігі жө-нінде ой келді. Ол ой – бастауыш ұйым құру. Осы мақсатпен 19 шілдеде Жаңа Казанкада өз жолдастарымды: оңшыл болғанмен, бізге берілген Мұхтар Сәрсенбиев пен солшыл, осы қозғалысқа ниеттес Нұғман Залиевті жасырын жиынға шақырдым. Онда Ленинградта көріп-естігендерімді, қозғалысты басқару үшін бастауыш ұйым құруды айттым. 3 күннен кейін кездесетініміз-ді, әрқайсысымыздың өз ұсыныстарымызды беруді ескерттім.
22 шілдеде Жаңа Казанкаға Хан Ордасынан тергеу жұмысымен Яков Крицкий келді. Мені ауылдан шақырып, Астраханнан берілген бұйрыққа сәйкес тұтқындалғанымды жариялады. Ол сонымен бірге Тастайбек Желдібаев ақсақал мен ауданда белгілі Сүндет-ғали Нұрсаринді (ол қозғалысқа бел-сенді қатыспағанымен, жергілікті бас-қармаға қарсы райда болатын) де тұт-қындады. 23 шілдеде үшеумізді күзет-ші айдауымен Хан Ордасына жіберді. Халық менің тұтқындалғанымды естіп, қатты ашуға келді...
Хан Ордасында бізге Астрахан гу-бернаторының қаулысымен түрмеге қамалатынымызды жариялады. Бізді әбден тінтіп, төрт казактың күзетімен Астраханға жіберді. Онда полиция бас-қармасында тіркеуден өткізіп, губерниялық түрмеге жіберіп, мұнарадағы оқ-шауланған камераларға отырғызды. Алғашқыда біз не үшін және қандай мерзімге отырғызғанын білмедік. Біраз уақыт өткеннен кейін казак-қырғыздар (қазақтар – Т.Р.) арасындағы араздық туғызған және өкіметке бағынбаған үшін 3 айға түрмеге жабылғандығымыз жөнінде айтты.
Халықтың мобилизация жұмысына теріс қатынастар барлық жерде орын алғанымен, ашық сипатқа біздің ауданнан бөлек Бөкей Ордасының І теңіз аймағының округі (Теңіз ауданы) ие болды. Бұл арадағы қозғалысты Исатай батырдың ұрпағы Өтепқали Дүмбаянов басқарды. Алайда олар да салмақты күреске дайындық жасап үлгірмеді. Көп ұзамай Өтепқалиды да тұтқындап, бізбен бірге отырғызды.
Өкімет өкілдерінің алдында бұл мобилизацияға қарсылық білдіріп шыққандардың бірі – Бөкей Ордасында танымал және беделді, 2-ші Мемле-кеттік Думаның мүшесі болған Бақыт-герей Ахметұлы Құлманов болды. Ол осы әрекеттері үшін губернатордың қаулысымен мобилизация жүргізілген мерзім аралығында Астрахан губерниясынан тыс жерге жер аударылды...
Бұқара халық өз жастарын жасыра бастады. Тізімге әркімнің өзінің айтуы-мен, болмаса, жергілікті басшылардың құрастыруымен енгізілді. Бертін келе бұл парақорлық пен бопсалаушылықты туғызды... Байлар жағы пара беріп, жасын өзгертіп алды... Соның нәтижесінде мобилизацияға алынғандардың тізімі қысқарды... Жоғарыдағылардың қаһарына ілікпеу үшін тізімге жасы жет-пейтін, болмаса, асып кеткендер енгі-зілді. Қысқасы, қабылдау орындарына өтеуін беріп құтылуға шамасы келмей-тіндер, ауру-сырқаулар ғана жиналды. Қабылдау бекеттері 3-4 жерде болды... Солардың ішінде өзінің ашкөздігімен Таловка комиссиясы ерекшеленді. Олар Қамыс-Самар және Таловка учас-келерінен қабылдады. Бұл комиссияның құрамында Нұрым Қарабаев (Қа-мыс-Самар басқармасы), Мералы Қа-рабаев (Таловка), Аракчеев, дәрігер Тихомиров және әскери билік өкілі (фа-милиясы есімде жоқ) болды. Бұл ко-миссияның мүшелері өздерінің жақын-дары мен жандайшаптарынан делдалдық жүйе жасап, сол арқылы пара алды.
Комиссия мүшелері мен олардың делдалдары бұл қиянаттардың жаза-сыз өтетіндігіне сенімі мол болды, өйт-кені бұл әрекеттерді әшкерелей алатын саналы адамдар репрессиялармен шеттетілді, болмаса, үрей туғызылды, ал қараңғы тұрғындар барлық қадамдарға бара берді. Сонымен, Талов қа-былдау бекетіндегі қылмыстық алып-сатарлық ашық түрде жүрді... Адам-дарды мобилизациядан босатудың ар-найы бағасы болды. Бұл комиссияға тән тағы бір жағдай – «мобилизациялау» немесе «шақыру» деген сөздің орнына «реквизиция» (мүлікті өз меншігіне алу) деген сөз пайдаланылды. Кейде олар қолма-қол алған ақшаларға қана-ғаттанбай, халықтан қымбат заттарды бопсалаушылық жасады (белдіктер, шапандар, тондар және т.б.), оны ашық киюден ұялмады.
Комиссия мүшелері ақшасы жоқ-тарға мейірімсіздігімен ерекшеленді. Екі дәрігердің комиссия мүшелерінің көзінше бір кедей бүкір қазақты керіп, ол әдейі бүкір болып отыр дегенді дә-лелдегісі келгені әлі көз алдымнан кет-пейді. Керісінше, ақша берген жас жі-гіттерді тексерусіз босатып жатты... Алайда оларды жауапқа тартуға қол жеткізген адам да табылды. Ол Қамыс-Самар ауданының тұрғыны Ишан-Ғали Меңдіханов (1918 жылы қайтыс болды) болатын. Ол қазақтың өзіндік ерекше-лігін көрсете білетін, зиялы азамат еді. Ашық қарсылыққа шығу әрекеті сәтсіз-дікке ұшырағанын көрген ол Астрахан губерниясынан тыс жерге шығып, қара жұмысқа жұмылдырылған жігіттерге жеңілдік жасауға жетуге тырысты. Ол Саратовтағы Мемлекеттік Думадағы мұсылман фракциясына Талов комис-сиясындағы сорақылықтар жөнінде баянхат жолдады. Осының негізінде тексеру әрекеттері басталды. Нәтижесінде комиссия мүшелері жауапқа тартылып, тұтқындалды...
Қырғыздардың (қазақтардың – Т.Р.) патша мен оның шенеуніктерін тақтан түсірген 1917 жылғы Ақпан ре-волюциясын ерекше құлшыныспен және үмітпен қарсы алғанын осы құбы-лыспен түсіндіруге болады» («Екпінді құрылыс». – 1936. – 18 қыркүйек).
Түйінсөз
Қорыта келе айтқанда:
Біріншіден, 1916 жылғы ұлт-азат-тық көтеріліс Ресей империясының отарлық саясатына қарсы ұзақ жылға созылған күрестің жалғасы, әрі нәти-жесі еді.
Екіншіден, Абылай заманынан бері болған қозғалыстар кезіндегі ұрандар мен тулар көтеріліп, қазақ даласының тәуелсіздігі мен егемендігі үшін күрестердің жалғасы ретінде өз сабақтастығын тапты.
Үшіншіден, көтеріліске байланысты демократиялық күштер мен қазақ зиялыларының арасындағы көзқарас пен қолдау біркелкі сипатта болмады.
Төртіншіден, 1916 жылғы ұлт-азат-тық көтеріліс жеңіліс тапқанымен, қа-зақ халқының ұлттық сана-сезімінің өскендігін көрсетті.
Бесіншіден, бұл ұлт-азаттық көте-рілістің 100 жылдығы қазақ жастарының тәуелсіздік жолындағы 1986 жыл-ғы желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығымен, Қазақстан Республикасының 25 жылдық мерейтойымен сәйкес келуі-мен ерекшелене түседі.
Тәуелсіздік – халқымыздың қол жеткізген басты құндылықтарының бі-рі. Өткеннің тағылымынсыз келешектің жасалмайтындығын есте сақтап, қастерлей білуіміз қажет.