Академиялық ұтқырлық бағдарла-масы – М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың дамуының негізгі басым бағытта-рының бірі. Қазіргі таңда университет жақын және алыс шетелдегі 50-ден ас-там ЖОО-мен байланыс жасайды.
Негізгі мақсат – еуропалық қазіргі заманғы үлгілерді ескере отырып, пе-дагогикалық білім берудің ұлттық жү-йесіндегі негізгі бағыттарын айқындай түсу. Елбасының Жолдауына сәйкес, білім беру жүйесін жаңғырту, атап айт-қанда, қазіргі заманғы әдістеме мен технологияларды енгізу, педагогтар-дың сапалық деңгейін көтеру.
Осы мақсатта академиялық ұтқыр-лық бағдарламасы аясында 10 студент Қалмақ автономиялық республикасы-ның астанасы Элиста қаласында орна-ласқан Ресей Федерациясының үздік ондығына енетін, 45 жылдық тарихы бар Б. Б. Городовиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінде білім алып жатырмыз.
Мұнда мұхит асып, жаһанның жау-һар білімін жинауға келген студенттер саны өте көп. 38-ден астам өзге ұлт өкілдері, соның ішінде Қазақстаннан 48 студент тұрақты білім алуда.
Бұл университетте көптеген шара өтіп тұрады. «Құтты қонақ келсе, қой егіз табады» демекші, біз қос бірдей мерекенің куәсі болдық. Бірі – Б. Б. Го-родовиков атындағы Қалмақ мемле-кеттік университетіне 45 жыл толу ме-рейтойы болса, екіншісі – Халықаралық Форум.
Алдымен Қалмақ және шығыс фи-лологиясы факультетінің қалмақ әде-биеті және журналистика кафедрасы-ның ұйымдастыруымен керемет кеш өтті. Мұнда қалмақ тілінің шығу төркіні, қалыптасуы, қазіргі деңгейі туралы мол мағлұмат алдық. Қалмақ тілін қазіргі таңда үлкендер, аға буын өкілдері ғана біледі, ал жастар жағы (басым көпші-лігі) бұл тілде сөйлей де, жаза да ал-майды екен. Дәл осы уақытта егеменді елімнің тіліп түсер темірдей тегеурінді, саф алтындай таза, дауға салса, алмас-тай қиған, сезімге салса, қырандай қал-қыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған әрі байыр-ғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақ ана тілінің барына, оның азаттығына және өз тілімізде еркін сөйлей алатындығы-мызға ішімнен «тәубе!» дедім...
Тағы бір мерейлі мереке – Халық-аралық Форум. Форумда әр ұлт өкілде-рі өздерінің ұлттық тағамдарын әзір-леп, форумға келген қонақтарға тағам-дарынан дәм татқызды. Одан әрі сал-танатты кешке ұласты. Кеш шымылды-ғы сахна төріне Б. Б. Городовиков атын-дағы ҚалмГУ-да білім алып жатқан сту-денттердің өз елінің байрақтарын алып шығуымен ашылды. Одан әрі Қалмақ автономиялы республикасының бас-шысы А. М. Орлов Б. Б. Городовиков атындағы ҚалмГУ-да оқып жатқан сту-денттерге, форум қонақтарына «қош келдіңіз» айтып, елдер арасындағы достығымыз ешқашан үзілмеуін, берік болуын, Элиста қаласы қашанда «дос-тық қаласы» болып, әрқайсымыздың санамызда мәңгілік жаңғырып тұрға-нын қалайтындығын және адал достық пейілін білдіріп, жігер берерлік алғы-сөзін жолдады. Келесі болып Б. Б. Горо-довиков атындағы ҚалмГУ ректоры
Б. К. Салаев, Бенин Республикасының елшісі А. Г. Качофа, Джибути Респуб-ликасының елшісі Мохамед Али сөз кезегін алып, Қалмақ автономиялы республикасына, Б. Б. Городовиков атындағы ҚалмГУ ұжымына алғыста-рын білдіріп, арадағы достық жібінің берік болуын олар да құптайтындықта-рын ризашылықпен жеткізді. Бұл форумға келген қонақтар қатарынан қара шаңырақ М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дан ғылыми жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор, п.ғ.д. Ғ. И. Имашев пен мәдениет және өнер факультетінің деканы М. И. Исатайұлын кездестіріп, бір марқайып қалдық.
Форумда әрі қарай тәжік, түрік, ұйғыр, қырғыз, қалмақ сынды ұлт өкілдері ұлттық билерін мың бұрала билесе, қытай, моңғол, үнді, қазақ халқының қыз-жігіттері тамылжыта әндерін шырқады.
«Бәрін айт та, бірін айт...» Қазақстан атынан Б. Б. Городовиков атындағы ҚалмГУ-дың студенті Нұрсұлтан Аймұ-қашев шығып, қазақи рух пен жігерге толы әнін шырқағанда көрермендер қосыла айтып, тіпті өзге ұлт өкілдері сөзіне түсінбесе де, ән ырғағына қосы-лып, тербеле би биледі. Ал нағыз қаза-ғымыз шыққанда көрермен қатарында отырған біздің төбеміз көкке бір елі жетпей қалды десем, артық айтқаным болмас. Тіпті қазақтың сол сахнаны мо-йындатқаны соншалық, бәрі орнынан тұрып, қошеметтерін аямай, залды жаңғыртып әкеткен қол шапалақтары-мен алаш жұртына деген ризашылық-тарын айтпай-ақ ұқтырды.
Әр ел байрағын желбірете сахнаға көтерілген уақытта көк аспанмен тіл-дескен, қанатын еркін қаққан қыран құсты көріп, елдігіміз, тәуелсіздігіміз, азаматтығымыз арқасында қияға еркін самғап бара жатқан қазақ халқын, қа-зақ жастарын көз алдыма елестеттім. Қуаныштан көзіме еріксіз жас та үйіріл-ді...
Академиялық ұтқырлық бағдарла-масы студенттерге шетелде білім алуға толық мүмкіндік береді. Сонымен қа-тар өзге елдің тілін, мәдениетін, әде-биетін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын үй-ренеміз. Мұнда өзге ұлт өкілдерінен көптеген дос таптық, үйренгенімізде, үйренеріміз де көп болды. Осындай мүмкіншілікке ие болып бір ай жарым көлемінде шет елде жүріп білім алуы-мызға себепші болған М. Өтемісов атындағы БҚМУ ұжымына алғысым шексіз. Мәңгілік елдің мәңгілік ұрпағы ретінде аз да болса, шетелде жүріп жи-нақтаған тәжірибемді алға қарай жетіл-діріп, елімнің болашағы бағдарлы, ке-лешегі кемел болуы жолында талмай еңбектенемін деп уәде беремін.