Журналымыздың осы санында белгілі Сүгір жырау Мырзалы-ұлының құлпытасы табылғанын айтып, сүйіншілеп отырмыз. Алда-ғы нөмірде Сүгір жыраудың өмірі мен қызметіне, шығармашылық мұрасына жеке тоқталмақпыз.
Батыс Қазақстан өңіріндегі қазақ баспасөзінің даму тарихы да әрқашан оң назарымызда болғанынан оқырмандарымыз хабардар ғой. 2017 жылдың шілде айында облыстық басылымдардың бір ғасырлық мерейтойы келе жатыр. «Жайық Пресс» ЖШС осы датаға орай кешенді шаралар жоспарын жасады. Сонымен бірге күллі қазаққа ортақ тұлға, ағартушы, ақын Ғұмар Қараштың барынша то-лық шығармалар жинағы дайындалу үстінде.
Ақ Жайық өңіріндегі әдеби-мәдени жаңалықтар, оң бастама-лар да әрдайым «DANAkaz» журналының назарында. Жақында дүниеге келген «Біздің елдің жігіттері» атты серияның тарихы, «Оралбек батыр» кітабынан үзінділер беру де жоспарымызда тұр. Бұйырса, журналымыздың алдағы сандарының сыртқы сапасы да, ішкі мазмұны да биіктей түсері анық. Бірге болайық!
Қазбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ,
журналдың бас редакторы