Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Жаз – журналистер үшін аяқтағы тұсау шешіліп, даланы кезіп көсіліп көп жүретін, жұмыстың жүретін айы. Өтіп бара жатқан жаз да біз үшін солай болды.
Батыс Қазақстан облысында соңғы жылдары қарқын алған эпиграфикалық зерттеу жұмыстары бүгінде барынша жүйелі, ба-рынша көлемді сипат алған. Жаздың жарқын күндерін пайдаланып, бірнеше экспедиция ұйымдастырдық. Р. Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының мамандарының қатысуымен Бөкей ордасындағы Хан зираты кешенді зерттеуден өтті. Ақжайық ауда-нында бастамашыл маман, біздің журналдың тұрақты авторлары-ның бірі Жәнібек Әбілпейісовтың ұйымдастыруымен бірнеше көне қорым зерттелді. Одан бөлек Жәнібек, Жаңақала, Қаратөбе, Сырым, Шыңғырлау аудандарында да кең көлемді жұмыстар жүріп жатқанынан хабардармыз.
Қазақты дінінен, салт-дәстүрінен, әдет-ғұрпынан айыру арқылы қарусыз жаулау отарлаудың басты құралы болғаны белгілі. Кеңес заманында терең білімділерді, соның ішінде сауатты имам, молда, тағы басқаларын да «халық жауы» деп айыптап, қуғындаудың басты себебі де осы екені анық.
Нұрлыгүл ЕСЕНҒАЛИЕВА,
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, №42 «Ақ ниет» гимназиясы математика пәні мұғалімі, Орал қаласы
XXI ғасырда әр адам бәсекеге қабі-летті тұлға болуы тиіс. Бәсекеге қабілетті тұлға деген кім? Бұл – ақпараттық за-манда сан түрлі сандық технологиялар-мен қатар, бірнеше тілді жетік меңгер-ген тұлға. Шынында, Елбасы өзінің Қа-зақстан халқына жолдауында үштұғыр-лы білім беру саясатын енгізу заман та-лабынан туындаған қажеттілік екенін, болашақ қазақстандық бірнеше тілде еркін сөйлеп, жаза білетін, бәсекеге қа-білетті маманға айналу керек екендігін айтқан болатын. Сонымен қатар өз жолдауында: «Қазақстан халқы бүкiл әлемде үш тiлдi пайдаланатын жоғары бiлiмдi ел ретiнде танылуға тиiс. Қазақ тiлi – мемлекеттiк тiл, орыс тiлi – ұлт ара-лық қатынас тiлi және ағылшын тiлi – жаһандық экономикаға ойдағыдай кi-рiгу тiлi» деген болатын.
Совет үкіметінің даңқы дүркіреп тұрған кезде Алашорда қайраткерлері туралы аудандық газетке естелік мақала жазып, елді шулатқан ақсақал туралы бұрын да еститінбіз. Белгілі өлкетанушы, ардагер журналист ағамыз Қайыржан Хасановтың төмендегі мақаласында даңқты Хасан Дабаров туралы кеңірек баяндалған. 1917-1918 жылдарда-ғы оқиғаларды, Алашорданы, Алаш қайраткер-лерін әшкерелеп, жамандап жазғандай болғаны-мен, аты-жөнін атауға тыйым салынған ардақты-ларды аудандық газетке шығарып, ел жадында бір жаңғыртып қойғанының өзі ерлік болатын. Совет-тік цензураның жаны қалмай шошынып, «оқиғаға кінәлілерді» қатаң жазалауы сондықтан.
Райхан ТАСҚАЛИЕВА,
№18 мектеп мұғалімі, Орал қаласы
Қазақстан Республикасы аумағында медициналық білім беретін алғашқы оқу орны қашан, қай жерде ашылғанын білесіз бе? Әрине, ол – бүгінгі Батыс Қазақстан медициналық колледжі. Кәсіби дәрігерлер даярлайтын бұл білім ордасының іргетасы Орал қаласында 1916 жылы қаланған.
Нұртас САФУЛЛИН,
Орал қаласы
Әкем аңшы адам еді. Үш-төрт жасар күнімде үй алдындағы көмір қораның ішінде қызылынан көрі ақшыл түсі басымдау, ірілігі ерекше бір түлкі жатты. «Енді оны не істейді?» деп сұраймын үлкендерден. «Емші Зәру апаға береді, емге қолданады» дейді.
Бірінші сыныпқа барғанымда анам үстіме жаңа көйлек кигізіп жатып: «Зәру апа берді, киіп жүрсең жақсы боларсың, ауырмассың» деп ырымдағаны да есімде.
Меңдібек ЛҰҚПАНОВ,
журнал тілшісі
Бүгінде Қазақстанның кез келген қаласында қаптап кеткен «Интернет клуб», «Букмекерлік кеңсе» «PlayStation» сияқты жарнамасы жалпақ жұртты өзіне шақырған ғимараттарды Сіз де көріп жүрген шығарсыз?!. Мүмкін кейбіріне кіріп, бәс тігіп те көрдіңіз?! Тіпті балаңыз соның ішінде жүрген болуы мүм-кін... Айналасын арбап, құрдым құдыққа тартып жатқан осы құбы-лыстың айналасындағы сан сұраққа біз жауап іздеп көрейік.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463