Соңғы жылдары еліміздің әр өңірінде діни сауатсыздықтың кесірінен орын алған қанды оқиғалар – осы көп жылдық солақай саясаттың жемісі. Жақында ғана Ақтөбеде болған жантүршігерлік оқиға тіпті тәуелсіздігімізге қатер екендігін көрсетті. Қатердің алдын алып, тамырымызды тауып, қазіргі буынмен қайта жалғау үшін ағартушылықпен айналысып, халыққа білім шашқан діни терең білімді тұлғаларымызды зерттеуді қолға алу – күн тәртібіндегі басты мәселенің бірі.
Ақбай БАРЖЫҰЛЫ