1972 жылы Жымпитыда болған дүрбелең

Совет үкіметінің даңқы дүркіреп тұрған кезде Алашорда қайраткерлері туралы аудандық газетке естелік мақала жазып, елді шулатқан ақсақал туралы бұрын да еститінбіз. Белгілі өлкетанушы, ардагер журналист ағамыз Қайыржан Хасановтың төмендегі мақаласында даңқты Хасан Дабаров туралы кеңірек баяндалған. 1917-1918 жылдарда-ғы оқиғаларды, Алашорданы, Алаш қайраткер-лерін әшкерелеп, жамандап жазғандай болғаны-мен, аты-жөнін атауға тыйым салынған ардақты-ларды аудандық газетке шығарып, ел жадында бір жаңғыртып қойғанының өзі ерлік болатын. Совет-тік цензураның жаны қалмай шошынып, «оқиғаға кінәлілерді» қатаң жазалауы сондықтан.

Айтпақшы, Хасан Дабаров ағамыз сол заманда сирек кездесетін кітаптарға толы, аса бай кітап-ханасымен де әйгілі болған жан екен. Белгілі ғалым Мұстафа Ысмағұлов 1979 жылы Қазақ ССР мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамының жолдамасымен 6 маусым-29 шілде аралығында ел ішіне жасаған экспедициясында Орал облысы Жымпиты ауданы-ның Бұлдырты кеңшарына арнайы барып, Хасан Дабаровтың кітап қорын көргенін жазыпты:
«Дабаров Хасанның жеке кітапханасында 20 мыңнан аса кітап, газет пен журнал бар. Ол өте кітапсүйгіш адам. Бірақ, оның кітаптары қауіпті жағдайда. Үйінің төбесі қамыспен жабылған әрі Бұлдыртының бір шетінде орна-ласқан. Өрт бола қалса, ешкім оған көмектесіп, кітапханасын сақтап қала алмайды. Ал ақсақалдың кітапханасы – даланың сирек қазынасы деуге лайық! Алайда Хасан Дабаров құнды кітапханасымен құм ішінде отыр» депті Мұстафа Шәмбілұлы.

 

Қаралым саны 1098

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463