Ел аумағында тек 13 жылдан кейін ғана басқа да медициналық оқу меке-мелері ашыла бастады. Бұған дейін ма-мандар Ресейдің Саратов, Воронеж қаласындағы фельдшерлік-акушерлік мектептерінде дайындықтан өтіп, Омбы және Орынбор әскери аурухана курстарында, сондай-ақ Қазан және Саратов университеттерінің медициналық факультеттерінен оқу бітіретін.
Қазақ жерінде өз медицина қызметкерлерін дайындаудың бастауы күрделі эпидемиологиялық жағдайдың қиындығынан және өңірдегі медицина қызметкерлерінің тапшылығы апатынан туындады. Өйткені ғасырлар бойы Еділ мен Орал арасындағы аудандар обаның табиғи ошағы болды. Бұл ін-деттің өршуі эпидемия себебін зерттеу және бағалау, қарсы күрес жұмыстарын жүзеге асыру үшін бұл өңірге дәрі-герлер мен фельдшерлердің тұрақты келуіне себеп болды. Дәрігерлер оқу орнын қойып, жұмыс орнының өзінде көмекші дайындауды бастады, ал кей-біреулері Қазан, Воронеж қалаларына қысқа мерзімді оқуға жіберілді. Орта буын медицина қызметкерлерінің са-ны әр жыл сайын 15-20 шақты адаммен толығатын еді. Әрине, бұл өте жет-кіліксіз болатын.
Орал губерниясында медициналық мектеп ашылуына бастамашы болған 1912 жылдан бастап оба ошақтарында жұмыс істеп келген саратовтық дәрігер-эпидемиолог, ғалым Григорий Иванович Кольцов болды. Ол сол аймақтағы оба мен тырысқақ ауруларының алдын алу және жою үшін медициналық қыз-меткерлер саны жеткіліксіз екенін түсінді.
Орал қаласында земстволық фельд-шер-акушерлік мектеп 1916 жылы 1 қарашада ашылды. Оқу мерзімі фельд-шерлер үшін 3 жыл, фельдшер-акушер-лер үшін 4 жыл болды. Белсенді сту-денттер үшін 250 рубль стипендия бе-рілді. Бұл мектептің директоры болып Г. И. Кольцов тағайындалды.
1923 жылы ВЦИК-тің бұйрығымен Орал қаласындағы фельдшерлік-аку-шерлік мектеп жабылып, ҚАССР аста-насы Орынбор қаласына ауыстырылды. Оның атауы «Қазақ өлкесінің ме-дициналық техникумы» болып өзгер-тілді.
Техникум медициналық қызметкерлер дайындаумен қатар өзі де же-тілді. Оқудың жаңа әдістерін меңгеріп, дәрігер көмекшілерін дайындауда жа-ңа бағдарламалар құрып, ұлттық дәріс әдісімен семинарлар, зерттеу, зертханалық әдістер жаңартылып, жаңғырып отырды.
Техникумның айырмашылығы – өз түлектерін – медицина қызметкерлерін дәрігердің қол астында емес, өз беті-мен жұмыс істеу үшін дайындады, сон-дықтан оқу мерзімі 3 емес, 4 жылдық болды. Техникум тек Қазақстанда емес, РСФСР-да ерекше беделге ие болды.
1929 жылы тамыз айында астана Қызылорда қаласына көшуіне орай, техникум Орал қаласына қайта көші-рілді. 1935 жылы медициналық тех-никумның атауы фельдшерлік-аку-шерлік мектеп болып өзгерді. 1939 жылы фельдшерлік-лабораторлық бө-лімше ашылды. 1954 жылы фельдшер-лік акушерлік мектеп қайтадан меди-циналық училище болып аталды.
1960 жылы фармацевтік дипломы бар қызметкерлердің тапшылығынан медициналық училищеде фармация бөлімшесі ашылды. Ал 1975 жылы бі-рінші рет санитарлы-фельдшерлік бө-лімшеге оқушылар қабылданды. 1989 жылдан бастап орта буын қызметкерлерінің біліктілігін көтеру жұмысы басталды.
1996 жылы 14 маусымда оқу орны-ның атауы «Батыс Қазақстан медициналық колледжі» болып өзгертілді.
Училище қызметкерлері Ұлы Отан соғысының отты жылдарында майдан шебінде өлім мен өмірдің арасында жатқан жауынгерлерге қалтқысыз кө-мек көрсетіп, өз міндетін абыроймен атқарды. Ауызбен айтып жеткізіп бол-майтын өлшеусіз еңбектерінің арқасында Жеңіс күні бір табан жақындай түсті.
Бүгінде басы ауырып, балтыры сыз-дамайтын адам кемде-кем болар. Ол кезде шыбын жанымызға араша іздеп дәрігерге жүгінетініміз рас. Ал осы ақ халатты абзал жандарға бүгінгі заман талабына сай жаңа ақпараттық техно-логиялармен дәріс беріп, сан түлекті үлкен өмір айдынына қанаттандырып ұшыратын қасиетті қара шаңырақ бір ғасыр уақыт ішінде 23 мың жас маман-ды дайындапты.
Училище түлектерінің арасында Қа-зақ КСРО-ының Денсаулық сақтау ми-нистрі болған, бірнеше ғылыми кітап ав-торы Ишанбай Қарақұлов, КСРО медици-налық Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, вирусолог Хамза Жұматов, қазақ қыздарының арасында медицина ғылымдарының докторы, профессор, алғаш рет «балалар пси-хиатры» атағын алған Розалия Илешова секілді майталмандар да бар.
Медициналық білімнің қалыптасуы-на негіз болған колледж тарихы осын-дай.
Бүгінгі таңда колледж – ел ішіндегі алдыңғы қатарлы заманауи сұранысқа ие оқу орнының бірі. Колледж түлекте-рі еліміздің барлық өңірінде және ше-телдерде абыройлы еңбек етіп жүр. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің 6 мамандық пен біліктілік, денсаулық сақтау қыз-меткерлерінің жоғары білікті және құ-зыретті кадрларды даярлайтын негізгі оқу орны болып табылады. Колледж түлектерінің 92-93%-ы тұрақты жұмыс-пен қамтылса, қалған пайызы шетелдерде қызмет етуде.
Колледждің өзіндік ішкі тәртібі, тәрбиелік шаралары, үйірмелері, оқу жоспарлары – бәрі-бәрі бір жүйемен, білім стандартына сай жоспарланған. Ұлы ойшыл бабамыз Әл-Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс, онсыз берілген білім адамзаттың қас жауы» деп айтқандай, жас ұрпаққа берер тәрбиесі мен тағы-лымы мол ардагерлермен кездесу, «Медицина қызметкерінің этикасы», нашақорлық және шылым шегудің ал-дын алу апталықтары т.б. салауатты өмір сүруді насихаттайтын іс-шаралар – осының нақты дәлелі.
2016 жылы Батыс Қазақстан меди-циналық колледжі «Жоғары Медициналық мектеп» мәртебесіне ие болды. Бұл – көп жылғы қыруар еңбектің арқа-сы. Бұл – дәріс беретін ұстаздар қауы-мының тынымсыз еңбегі. Колледжде білім беру ісін жоғары білікті оқытушылар құрамы жүзеге асырады, олардың көпшілігі жоғары және бірінші санатты. Алматы, Астана, Түркия, Ресей, Фин-ляндия, Испания, АҚШ, Германияда бі-лімдерін жетілдіріп, тағылымдамадан өткен ұстаздар бар. Жыл сайын оқыту-шылардың 96%-ы тәжірибе алмасу үшін біліктілігін арттыру курстарына тұрақты барып тұрады. Нәтижесінде колледж оқытушылары соңғы инновациялық технологияларды (дуальды оқыту және кредиттік технология эле-менттері, симуляциялық оқыту, білім бал-рейтингтік т.б. студенттердің бі-лімін сынау әдістері, қашықтықтан оқыту элементтерін пайдалану, рет-роспективті бағалау...) оқу процесіне енгізді.
Тап-тұйнақтай ғимарат ауласында аппақ халат киген білімгерлерді көр-генде көңілің өсіп, бір марқайып қала-сың. Адам жанының арашасы атануды жүрегімен қалап, жауапкершілікті мой-нына алған жас буынға сәттілік тілей-міз!
Жүз жылдық тарихы бар білім оша-ғын бір мақалаға арқау ету мүмкін емес. Мерейтой қарсаңында Гиппократ антына адал, еліміздің өркендеуіне сү-белі үлес қосқан, ғасыр жасаған ұжым-ға шығармашылықтың шыңына өрлей беріңіздер демекпіз.