Білім ордасына емес, букмекерлік кеңсеге...

Меңдібек ЛҰҚПАНОВ,

журнал тілшісі

Бүгінде Қазақстанның кез келген қаласында қаптап кеткен «Интернет клуб», «Букмекерлік кеңсе» «PlayStation» сияқты жарнамасы жалпақ жұртты өзіне шақырған ғимараттарды Сіз де көріп жүрген шығарсыз?!. Мүмкін кейбіріне кіріп, бәс тігіп те көрдіңіз?! Тіпті балаңыз соның ішінде жүрген болуы мүм-кін... Айналасын арбап, құрдым құдыққа тартып жатқан осы құбы-лыстың айналасындағы сан сұраққа біз жауап іздеп көрейік.

Ойыны осылмаған
ойын автоматтары
«Әр үстелде және әр үйде – ком-пьютер» идеясын іске асырушы Билл Гейтс кейіннен «жастардың уақытын ұрлап жатырмын» деп өкінген екен. Се-бебі қазіргі уақытта компьютер мен ойын автоматтарына жіпсіз байланған жастар өте көп. Статистикаға сүйенсек, елімізде әрбір бесінші адам айына 2000 теңге бәс тігуге дайын екен. Бұл – әр отбасында бір адам құмар ойынның қызығына батуға әзір деген сөз. Әрине, кісі шошырлық мәлімет. Сыртында «интернет-клуб» деп жазылған мұндай ойын автоматтары Орал қаласында да аттап бассаң, алдыңнан шығады. Аты интернет-клуб болғанымен, ішінде тек ұтыспен ойын ойнататын «қой терісін жамылған қасқырлар» емін-еркін биз-несін жүргізіп отыр. Ол жерге келген адамға қойылатын қарапайым ереже – егер ұтысқа ойнамайтын болсаңыз, сіз-ді клуб ішіне кіргізбейді. Ешкім ешкімді қыстамайды, қайта жаны ашып, «касса-дағы ақшаны қалай тауысамыз» деген қағидамен жүреді. Егер сенің ақшаң болса, сен үшін ойнап беру олар үшін түк те емес. «Кемедегінің жаны бір» демеуші ме еді бабамыз. Осылайша, заңға да пысқырмай, ойын бизнесін жүргізіп жатыр. Ол аз десеңіз, ұзынқұ-лақтан естуімізше, кез келген қалада жасырын казино орындары да бар кө-рінеді. Жел сөз деп сенгіміз келмесе де, «жел тұрмаса, шөптің басы қимыл-дамайтыны» анық. Мұндай ойын орда-ларына заңмен тыйым салынғаны бел-гілі.

Әлемдегі ахуал
Әлемнің бүкіл елінде ойын бизнесі салықтық және бақылау органдары-ның қатаң қадағалауында. Салық са-лудан жалтару және заңсыз ойын биз-несін жүргізу мүмкіндігі тұрақты түрде азайып келеді. Алайда салық пен бел-гілі бір тыйымнан ойын автоматтары-ның жағдайы нашарламасы белгілі. Бұл орайда ұрпақ тәрбиесі, оның ертеңі жөнінде сөз қозғаудың өзі артық. Көзге көрінбейтін кеселден кім тұтылып, кім құтылып жүргені де бізге беймәлім. Са-лық салу арқылы оны бизнес ретінде тануға жол ашып отырғандаймыз. Осы бір кеселден әлемнің әлі арылмай келе жатқаны қынжылтады. АҚШ-та лицен-зиялау жүйесі қатаң түрде бақыланаты-нын атап өткен жөн, оның басты мақса-ты – орынсыз бәсекелестікке жол бермеу.
Эстонияда лицензия бағасы 120 мыңнан 1 млн. еуроға дейін өсірілді, Латвияда ойын мекемелері орналасқан жерден тыс жерде оларды жарнама-лауға рұқсат жоқ. Мексикада, Сауд Ара-биясында, тағы басқа мұсылман елде-рінде ойын бизнесіне мүлде тыйым са-лынған.
1997 жылы Түркия үкіметі казино индустриясын мүлдем жою туралы ше-шім қабылдады. Кейінірек кей жерде туристерге ғана арналған казино қыз-меті мақұлданды. Қытайда ойын биз-несін жүргізуге Макао ерекше аумағы-нан басқа жерде тыйым салынған, бұл тәртіпті бұзғандарға үлкен көлемде айыппұл, үш жылға дейін бас бостан-дығынан айыру жазасы қарастырылған.
Литвада барлық лицензияны құ-мар ойындарын қадағалау жөніндегі комиссия береді. Алайда ойын кәсіп-орнын ресімдеу тәртібі тек қана лицен-зия алумен бітпейді. Мысалы, тотали-заторды немесе бәс тігуді ұйымдасты-руға лицензиясы бар нысан Қадағалау жөніндегі комиссия ойын регламентін бекіткеннен кейін ғана ойын қызметін жүзеге асыра алады. Құмар ойында-рын және бәс тігуді ұйымдастыратын нысандар басқа шаруашылық-коммер-циялық қызметпен айналысу құқығы-нан айырылады, ал олар жалға алған мекемелер тек қана құмар ойындарын ұйымдастыру үшін қолданыла алады. Литвада казиноларға, бинго салонда-рына және ойын автоматтары залда-рына қойылатын басты талаптың бірі – жеке кірісі бар бөлек үй-жайдың бо-луы. Сонымен бірге казиноларда, бин-го салондарында орналасқан жабдық-тар ойынның үздіксіз процесін жазып алады, тұрақты жарықтандырылады және ойын барысы үздіксіз жұмыс іс-тейтін сандық бейнекамераға түсіріле-ді. Талап бойынша бейнетүсірілімнің сандық жүйесі әрбір үстелге орнаты-луы керек.
Венгрияда да заңнама өте қатал. Мұнда шетелде ұйымдастырылатын құмар ойындарына делдалдық қатысу, оларды ұйымдастыру, жүзеге асыру және шетелдегі құмар ойындарын жар-намалау, насихаттауға рұқсат етілмейді.
Ресей де ойын бизнесін заңсыз ұйымдастыру үшін қылмыстың арнайы құрамын енгізуді қарастырып жатыр. Ресей Федерациясы Мемлекеттік Ду-масының қарауына букмекерлік кең-сенің (тотализатордың) ставка қабыл-дау жеріне салық салу туралы тиісті заң жобасы ұсынылды.
...Соңғы кезде құмар ойындары-ның жаңа даму кезеңі – интернет ка-зино шықты. Осылайша, Сіз кез келген жерде жүріп-ақ ойын автоматтарына немесе казиноға «кіре аласыз»...

Заң не дейді?
ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңы-ның 11-бабында «казино мен ойын ав-томаттары залдары Алматы облысын-да Қапшағай су қоймасының жағала-уында және Ақмола облысының Шор-танды ауданында жергілікті атқарушы органдар айқындайтын аумақтар ше-гінде орналастырылуға жатады» деп көрсетілген. Сонымен қатар осы заңда ойын мекемелерін тұрғын үй қорына жататын ғимараттарға орналастыруға тыйым салынатындығы да айтылған. Алайда көпқабатты тұрғын үйлердің астынан ойын ордаларын ашып, ойына келгенін істеп, заңды белінен басып жүргендер де бар. Осы ойын автомат-тары кесірінен қаншама қылмыс орын алып жатқанын біле тұра, білмеу кімге пайда, кімге зиян?! Әрине, мұндай ойын ордаларын байқамай қалу да мүмкін емес. Осы ойын автоматтары-ның өңірімізде қанша екені де белгісіз. Себебі қаланың кезкелген жерінде әп-сәтте-ақ ашыла салынады. Ешқандай күрделі құрылыстың да қажеті шама-лы. Тек ойын автоматтары болса болға-ны. Соның тұрақты «клиенттері» де қа-зақтың қара балалары болып отыр. Баяғы қазақылық пен қолды мезгілінен кеш сермеу болғалы тұр.

Медицина не дейді?
Ешқандай жарақат белгісі түспей-ақ ешқандай дәрінің күші жетпейтін де науқасқа шалдығуға болады. «Ауру» деп аяныш танытпай, «дерт» деп дөп басқан жөн болар. Ойынқұмарлықты медицинада «лудомания» деп атайды. Бүгінгі күні тәуелділігі жағынан наша-қорлықпен тең дәрежеге қойылып отырған лудоманиямен көбіне жастар «ауырады». Бұл дерттің Қазақстанда таралуы, тәуелділердің нақты саны жө-нінде мәлімет жоқ. Себебі бұл – қарқы-ны күннен күнге өсіп келе жатқан қо-ғамның қауіпті дерті.
Лудомания дертінің деңгейі маскү-немдік және нашақорлықпен теңестірі-леді. Аталған екі дерттен айырмашы-лығы – ауру белгісі біразға дейін бай-қалмайды. Дерттің алғашқы белгісі – құмар ойыншының көңіл-күйі болмай-ды. Ойыннан ұтылғанда өзін тастап жі-береді. Бұдан кейін ойынға тәуелді адамның өмірінде ең ауыр кезең бас-талады. Ол жас болса, ата-анасының қалтасынан, ересек адамдар отбасы-нан, жұмысынан ақша ұрлауды бастай-ды. Құмарлықтың соңы дертке ұласа-ды. Қарыз бен өтірік оның серігіне айналады. Диспансерге «лудомания» дертімен өз еркімен емделуге келетін-дер аз. Туған-туыстарының көмегімен алып келгенде нарколог, психотера-певт, психолог-дәрігердің бірлескен көмегімен ғана емдейді. Науқас дис-пансерде стационарлық ем алады. Дә-рігерлер олармен жеке сөйлеседі, тре-нингтер өткізеді, отбасылық,
топтық терапия жүргізеді.
Лудоманияның «гэмблинг»
деген тағы бір атауы бар. Жалпы,
бұл ауру үш деңгейден тұрады.
Бірінші, жеңіл түрінде адам өз-өзін басқара алады. Олар – әлі ойынқұмар-лыққа толық берілмегендер.
Екінші, орташа түрінде адамдар уа-қытының көп бөлігін ойынқұмарлыққа арнайды.
Үшінші, ауыр түрінде бұлар түгел-дей уақытын сонда өткізеді. Олардың бүкіл санасы ойынға ауып, одан шыға алмай қалады. Мұндайлар психикалық әлсіздік кесірінен өз-өзіне қол жұмсау-ға да дайын тұрады екен.
Көбіне лудоманияға шалдығатын-дар – бірдеңеден ләззат алғысы келе-тіндер немесе сүйіспеншіліктен жұрдай адамдар. Мұндай адамдардың алдын-да ешқандай мақсат болмайды.
Зардап шегуші не дейді?

Бақтыбайдың әңгімесі
(Аты-жөні өзгертілді)
Мен мұндай жағдайға түсерімді еш ойламаппын. Бәрі басқаша болу керек еді. Кімді кінәларымды да білмеймін?! Мен мектеп бітіргесін арнайы білім ал-мадым. Атырау, Орал қалаларында құ-рылыс нысандарын салумен айналыс-тым. Бастапқыда табысымның біраз бөлігін ата-анама салып жіберетінмін. Күндердің күні достарыммен бірге бук-мекерлік кеңсеге барып, қызықтап жүр-дім. Әрине, оның зиян екенін біліп, тартынып жүрдім. Бірде аяқ астынан ақшадан тарылып, қалтамдағы 5 мың теңгелік ақшамды салып ойнағанымда үстіне ақша қосып, 17 мың «көтеріп» алдым. Қиналып жүрген кезім, қатты қуанып, керек-жарағымды алдым. Со-дан не керек? Сәл ақшадан тарықсам, букмекерлік кеңсе жаққа жақындап жүрдім. Қолым жақсы жүріп тұрды. Ке-йіннен үйдің түрін ұмыта бастадым. Ауылға бармай, тапқан табысымды ойынға жұмсадым, тіпті жұмысымды бастамай жатып, алдын ала ақша алып та ойнап жүрдім. Арты не боларын сез-сем де, қол үзе алмадым. Телефоным-ды, бар мүлкімді сатып, ақшасын соған жұмсадым. (Өз атымда ешқандай жыл-жымайтын мүлік болмады, болса, одан да айырылатын едім) Ата-анамнан қа-рыз да алдым. Өзімнің тұрақты жұмы-сым болмағасын несие ала алмадым. Туыстарыма өтініш жасап, алып беруін талай мәрте өтінгем. «Неге?» деп сұра-са, «бизнес бастаймын, мал сатумен айналысамын» деп өтірік айтатынмын. Бәріне қарыз, бәріне өтірікші болдым. Жүйкем қатты жұқарып, жындана жаз-дадым. Бірде ретін шығарып, несие де алғам, оны да ойынға тігіп жібердім. Өзімнің мүсәпір күйге түскенімді сез-беппін-ау. Ақыры істің соңы қылмыс жасауыма әкеліп соқты. Алған несием-ді жабу үшін қорқытып ақша талап ету-ге бардым. Ол ісім жүзе аспай, тұты-лып, темір торға қамалдым. Жазамды өтеп шықтым. Өз-өзіме қол жұмсауға да барып көрдім, бата алмадым. Қатты өкінемін. Сөзбен қалай жеткізу керекті-гін де білмей отырмын.
Түрмеде жатқанымда тағдырласта-рым көп кездесті. Көбі студент, жас ба-лалар. Ата-анасы берген оқу ақысын ойынға тігіп жіберіп, «ақының орынын толтырамыз» деп ұрлық жасаған... адам тонаған...
Қатты қиналдым. Қазір ақыл тоқта-тып, саналы болып отырғаным күлкілі шығар, алайда шын сөзім, ондай ойын-ханалар – адам жолайтын жер емес! Оларды сен еш уақытта ұта алмайсың, сені олар тақырға отырғызады!
Қазіргі таңда отбасылымын, балам бар. Олардың ертеңіне қатты алаңдай-мын. Көшелерде, дүкендерде ойын ав-томаттарын көрсем, көзіме жас келеді. Өкініштің жасы ғой, өкініштің...

Біз не дейміз?
Ойын автоматтары – қоғамның тіл-сіз жауындай, қатерлі дертіндей. Үкі-меттің салғырттығы, заңның осалдығы, ата-ананың аңғалдығы, ойын автомат-тарының мықтылығы, қоғамның со-қырлығы бүгінде жастарымыздың бұрыш-бұрыш пен жертөледе, дүкен-дер мен ойын орталықтарында таңын атырып, күнін батырып жүруіне себеп-ші болып отыр. Сұрақ көп, жауап жоқ. Маскүнем мен нашақордың қатарын толықтырып жүрген жастарымызға кім жауапты?! Ашынған ана, бетімен кет-кен бала кімді болмасын ойландыруы тиіс. Кез келген уақытта заңды алға тартып, түбіне жететін әкімшілік пен құқық қорғау қызметкерлері неге осындайға келгенде тілін тістеген бала-дай үнсіз қалады? Бақтыбайдың бағы ашылып, дер кезінде тәубесіне келді, ал Құдайын ұмытып, автоматтың құлы болғандар қаншама?! Ақ параққа емес, автоматқа, білім ордасына емес, бук-мекерлік кеңсеге, пәтеріне емес, «Play-Station» ішіне түнеп жүргендерді кім тоқтатады?!. Біздің, сіздің сұрақтар осылай өрби береді, ал жауабын кім беретіні белгісіз. Осы орайда Абай хәкімнің осы бір шумағы жастарды ойландырып ой салса игі:

Жасымда ғылым бар деп
ескермедім,
Пайдасын көре тұра тексермедім.
Ержеткен соң түспеді уысыма,
Қолымды мезгілінен кеш
сермедім...

 

«Соңғы екі жылда Батыс Қазақстан облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырғаны үшін 26 қылмыстық іс көтерілген» деп хабарлайды Батыс Қа-зақстан облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі.
БҚО прокуратурасының бөлім про-куроры Медет Әміралиновтың айтуына қарағанда, 2015-2016 жылдары БҚО аймағында заңсыз ойын бизнесін ұйым-дастырды деген ақпарат 34 мәрте тір-келген. Тексеріс ойын автоматтары кө-біне кафе, сауда орталықтары мен дү-кендерде заңсыз орнатылатынын көр-сетті. Арнайы лицензия алмай тұрып ашылған 6 букмекер кеңсе анықталды. 2015 жылы Орал қаласында астыртын казино жабылды. Мәметова көшесінде жалға алған пәтерінде ақша тігіп, покер ойнайтын құмар үйін ашқан Ғаббасов деген азамат сотталған. Оның дүние-мүлкі тәркіленіп, бір жылға бас бостан-дығы шектелген екен.
Прокурордың айтуынша, 2015-2016 жылдары ойын бизнесін заңсыз ұйым-дастырушыларға қарсы 26 қылмыстық іс көтеріліп, сотқа жіберілген. Құқық қорғаушылар 126 ойын автоматы мен лоторея терминалын, сондай-ақ 3 млн. теңге қаржы тәркілепті. «Сонымен бір-ге интернет желісінде ашылған 12 кази-но сайтты жабу туралы шағым сотқа жолданып, 8 сайт жабылған, тағы 4 іс қаралу үстінде», - дейді Медет Әміралинов.

Қаралым саны 1954

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463