Бұл ақсақалдың аты-жөні – Бекбау Ахметов.
– Балаларым, бұл өмірде ең қым-бат нәрсе адамның бір-біріне деген ақ жүрегі, дос көңілі екен. Осыны ұмыт-паңдар! Бір-біріңнің қуанышыңды кө-бейтіп, қиын күнде қайғыларыңды бө-лісіп жүріңдер! - дейді үнемі.
Бекбау ағамыз биыл 70-ке толып жатыр екен. «Балаларым қоярда-қой-май, мерейтойымды мейрамханада жасаймыз деп жатыр. Осыдан бес жыл бұрын, «65 жасымды атап өтеміз» де-ген кемпіріме ұрысып, той жасатпап едім. Соған өкінемін. Отыз бес жылдай отасқан жұбайым 2012 жылы аз күн ауырып, өмірден өтіп кетті. Сағына-мын...» дейді көзі жасаурап.
Өмірдің ыстық-суығын көрген егде адамның шынайы махаббат сезімі бізді таңғалдырды. Ағамыздың өмір жолын, өткен күндерін есіне түсіріп, әңгімеге тарттық.
– 1946 жылы Қазталовтың Бостан-дығында дүниеге келдім. Әкем Ахмет – соғыс жылдары бронмен елде қалып, мал шаруашылығын өркендеткен мал-шы еді. Ал анам Қаламқас кәдімгі те-мір тракторды тізгіндеп, Ленин колхо-зының, «Бостандық» МТС-ының шаруа-сын алға сүйреген механизатор болды. 1961 жылы Бостандық совхозы құрыл-ған кезде өз алдына отар алып, мал бағуға шықты. Ауылдағы кәдімгі қара-сирақ көп шаруаның қатарында жүрді, - дейді Бекбау аға.
Кейіпкеріміз бір үйдің жалғыз бала-сы болған соң еркін, ерке, салқам өсіп-ті. 1965 жылы Бостандық орта мектебі-нің 11-класын бітірген. 1966-1969 жыл-дары әскер қатарында болыпты. 1973 жылы Бөрлі совхоз-техникумын бітіріп, еңбекке араласқан.
– 1976 жылы Қазталов аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының мемлекеттік ауыл шаруашылығы тех-никалық бақылау инспекторы болып қызмет еттім. Астымда жаңа машина, қызметім де беделді. Әлі үйленбеген жігітпін. Бірақ әке-шешем жалғыз ұл-дың үйленбегенін қатты уайымдап жүргенін білетінмін. Өздерінен де бар, «орыс қызды алам» дегенде қарсы шыққан еді. Соған қырсығып, мен де шалқайып жүріп қалыппын, - деп күле-ді Бекбау ағамыз.
Шыны керек, ол кезде отыздан ас-қанша үйленбей жүру – жігітке үлкен сын ғой. Бекбау ағамыз да уақыт жет-кенін түсініп, жан-жағына алаңдап қа-рай бастайды. «Өзіне лайық кім бар-ау» деп айналаға сұрау салады. Сөйтіп жүріп, Жалпақтал аудандық кітапхана-сының меңгерушісі Талшын апамыз ту-ралы естиді.
Талшын апай Сұлтанғалиева Алма-тыдағы Қыздар педагогика институты-ның кітапханашы факультетін үздік бітірген мықты маман еді. 1976 жылы 25 жасында алапат көлік апатына ұшы-рап, беломыртқасына зақым келіп, бір жылдай төсек тартып қалған екен. Ке-йін бірте-бірте денсаулығы түзеліп, қызметіне араласып кеткен.
Сонымен, Қазталов «госселтех-надзордың» көлігі Жалпақталмен (ол кезде Фурманов қой) екі араны шаң қылып біраз жүріпті. Бекбау аға бола-шақ жарының бойындағы парасатты-лық пен бекзаттықты бірден танып, арбалып қалғандай. Әйтеуір, «тамшы тама берсе, тасты теседі» дегендей, қыз жүрегіне жол табылды. 1978 жыл-дың наурызында Ахмет ақсақал Сансыз-байдың үйіне құда түсуге аттанды.
– Ол заманда қызға құда түскен соң үйлену тойы болмай тұрып құда шақы-рысады. Оны «қыздың орнын көру» деп атайды. Мамыр айында қыз жағы біздің үйге келіп, қонақ болды. Мау-сымның 23-24-інде үйлену тойымыз өт-ті. Талшын Фурмандағы дөкей қызме-тін тастап, Бостандық орта мектебінің шағын кітапханасына орналасты. Осы жерден 53 жасында зейнет демалысы-на бір-ақ шықты ғой, - деп еске алады жан жарын Бекбау аға.
Бекбау ағаның жұбайы туралы айт-қан әр сөзінен сартап сағыныш, ыстық көңіл, шексіз құрмет байқалып тұрады.
– Шаңырағымыз достарымыздың жиі бас қосатын мекені еді. Талшын-ның бір қасиеті – ақжарқын, көпшіл еді. Ешкімді жатырқамайтын. Содан да болар, үйімізден қонақ арылған жоқ. Бүкіл ауылға сүйкімді келін атанды. Үл-кендер: «Анадай жерден көргенде ал-дымыздан кесе өтпей, күтіп тұрады» деп риза болып, батасын беретін. Кейін өзі де ел анасы атанды. Мен әуелден ерке өскен, үй шаруасына шорқақтау-мын ғой. Бәрін өзі тындыратын. Үш қыз, бір ұл сүйдік. Қазір төрт немерем, сегіз жиенім бар, Құдайға шүкір, - дей-ді сағынышы мен тәубесі қатар келген қария.
Біздің кейіпкеріміз 2011 жылы зей-нет демалысына шығыпты. Сол жылы күзде Бостандық ауылын тастап, Орал қаласына қоныс аударған. Қаладағы жалғыз ұлдың қолында, шаһардың жайлы тірлігін кешеміз дегенмен, Алла тағаланың дайындап тұрған сыйы бас-қа екен. Аты жаман ауру аз күнде Тал-шын апаны алып кетті. Өмір бойы кү-йеуінің қамын күйттеп, жарының жағ-дайын жасап өтетін қазақ әйелінің қа-рапайым мінезі бұл кісінің де бойында екен. Өз бойындағы дертті дер кезінде ескермей, ауруын асқындырып алып-ты. Жарын жылатып, балаларын еңіре-тіп кете барды...
– Талшынды ауарайының жағдай-сыздығына қарамай, ауылға, Бостан-дыққа апарып қойдық. Өзінің туған кү-ні жерге түсті... Қазір бірнәрсе жоғалт-қандай болып, Бостандыққа бүйірім тартып тұрады. Мәңгілік мекенім де сол болары анық... Талшынның қасы-нан өзіме жер дайындап, қазығын қа-ғып, иемденіп қойдым, - дейді кейіп-керіміз.
...Махаббат пен жастық егіз ұғым секілді елестейтін бұрын. Бірақ жетпіс жасаған Бекбау атамыздың шынайы сезімі де иландырмай қоймады. Өмірі-нің өрт кездерін бірге өткізген серігін жоқтаған жүректі қалайша қарт деуге болады?!
– Аға, әлі де қартайып тұрған жоқ-сыз ғой. Қала тіршілігі қым-қуыт, әркім өз шаруасымен әуре. Ұлыңыз, қызыңыз қасыңызда болғанымен, олардың өз өмірі бар. Жан-жағыңызға қарап, өзі-ңізге тең болар бір кемпір тауып ал-майсыз ба? - деймін ғой әрі сынап, әрі әзілге шаптырып.
– Қазбекжан-ау, мұны маған Тал-шынның ағайындары да айтқан. Тал-шынның қырқын өткізген соң қайын жұртым жиналып, арнайы қонаққа ша-қырды. Сосын арасындағы бір үлкені: «Ал, Бекбау, болар іс болды, Құдайдың ісіне шара жоқ. «Өлгеннің артынан өл-мек жоқ» деген аталарымыз. Ер адам-ға қартайғанда жалғыз қалған қиын ғой. Өзіңе лайық бір адамды тауып, бас қоссаң, «қой» демейміз. Дұрысы да сол ғой. Бізден рұқсат!» - деді. Мен күлдім. «Енді қалған өмірімде Талшынның ор-нын ешкімге алмастырмаспын. Балала-рым, немерелерім аман болсын! Ниет-теріңе рахмет!» дедім. Содан бері бұл тақырып жабық, - дейді Бекбау аға.
...Міне, аппақ тісін ақсита жымиып Бекбау аға «Жайық Пресс» ғимаратына тағы кіріп келеді. Төсқалтасынан таста-майтын қойындәптердегі тізімі бойын-ша тағы бір жақынының қуанышы жа-қындаған-ау, сірә! Жетпіске келгенде жүрек жылуын жоғалтпаған, өзгелер-дің қуанышын көбейтіп, қайғысын азайтып жүретін ақкөңіл ақсақал, аман болыңыз! Бауыры суық қара жерге асықпаңыз, мына өмірге Сіздей жан-дар керек-ақ!