«Өмірім! – Менсіз жалғасасың...»

Айжамал АБДРАХМАНОВА,

Сәкен Ғұмаров музейүйінің экскурсоводы, Орал қаласы

«Ежелгі Бөкей жерінің табиғаты әсем. Бояуы қанық. Түрленген табиғат-тың тартымы мықты. Туған жердің күні де, ыстық, жүрекке жылы». Бұл сөз-дердің авторы – танымал суретші, ерекше талант иесі Ғұмаров Сәкен Нәжімеддинұлы. Кіндік қаны тамған киелі Бөкей жеріне деген сағынышын бір-екі ауыз сөзге сыйдыра алған сурет-шінің туған жері Батыс Қазақстан облы-сының Бөкей даласы болатын, балалық және жастық шағы Орда, Жаңақала, Фурманов, Қаратөбе аудандарында, яғни барлық құмды ауданда өткен. Мәскеудегі Луначарский атындағы ГИТИС-те, Ленинградтың музыка, театр, киноматография институттарында режиссура мамандығы бойынша білім алған. 1960 жылдары Орал қаласында облыстық телевидение ашылған кезең-де режиссерлік, ал кейін А. Н. Остров-ский атындағы орыс драма театрында әртіс қызметтерін атқарғандығы баршаға мәлім.

Жастайынан өнерге бейім болған тұлғаның бейнелеу өнерінің авангард бағытында жұмыстанған 400-ге жуық еңбегі бар. Елімізде кеңінен дами қоймаған, философиялық көзқарасты қажет ететін бұл бағытты ерекше дей-тініміз – авангардизм, авангардшыл-дық қалыптасқан қағидалар мен дәстүрден, өмір бірқалыптылығынан алшақтай отырып, көркем мәдениетті жаңғыртпақ болған мәдени ағым болып табылады. Оның басты мәнісі — мәдени мирасқорлықтың маңызын кемітіп, «мәңгі құндылықтар» деген ұғымды қайта қарау.
«Мен өзімнің шығармаларымда адамдардың сыртқы бейнесін емес, олардың ішкі жан дүниесін көрсетуге тырысам. Оны жай көзбен көре алмайсың, яғни қайсымыздың болсын сыртқы келбетімізге қарап, бәріміз ақ, пәк, сұлу, тазамыз, ал ішкі дүниеміз әртүрлі. Біреулері – қу, біреу – қатыгез, біреуі мейірімді болып келеді» - де-ген суретші еңбектерінде бізге белгісіз белгілер мен хайуанаттар арқылы сол адамның қулығын, болмаса мейірімді-лігін немесе қоғамға зиян келтіретін қатыгездікті бейнелеген. «Түн. Тышқан-дар биі» (1981 ж.) жұмысы осы бір сөзге дәлел болатындай. Жарқанат фонында бейнеленген жалаңаш адам-дар, билеп жүрген тышқандар, осының бәрін құшағына алып тұрған белгісіз бір құбыжықтың қолдары мен ақсиған тістері – бұлардың барлығы қоғам үс-тіндегі түн, түсінбестік пен надандық-тан болатын қараңғылық, осыдан шы-ғып орын алатын жамандық атаулыны кескіндеген тәрізді.
Оның туындыларында терең фило-софия жатыр. «Жаратқан» (1986 ж.) картинасын Тәураттағы мына бір: «Алла жерді және ондағы барлық құ-былыстарды алты күн ішінде жаратқан. Астаң-кестең дүниеден өмір жарығы жылт етті. Жаратты және бояды. Бәрі де Құдаймен, бәрі де Құдай астында. Адамды да өзіне ұқсатып жаратқан» - деген жолдарды негізге ала отырып, суреттегі әр түрлі көріністер арқылы дүниедегі қай нәрсе де – адам болсын, жан-жануар болсын, жердің асты-үсті, аспан әлеміндегі денелер – барлығы да «Бір Жаратушының қолында» екендігін ұғындырып тұрғандай.
Талант иесі өз шығармасының эпи-графы ретінде мынадай жолдарды алады: «Әлем ана маған «Сен үш китті ауыздықтап ұста, содан айырылма,
ол – бояулар айшығы, ұйқас және сұлулық». Яғни сурет өнері, ақындық, сұлулық, әдемілік – бұл қасиеттердің барлығы бірдей екінің біріне беріле бермейтіні анық. Қылқалам иесінің өз бойынан осынау қасиеттерді табуға болады. Өзінің терең білімін де жұмыстары арқылы көрсете білді. Томсонның, Радловтың, Затаевичтің кім екенін білмеген, Күлтегін тасының, Орхон-Енисей, ғұн жазуларынан бейхабар жанға, оның туындыларын түсіну мүмкін емес.
Ғұмаровтың көпшілік еңбегінің аста-рынан суретшінің қиын да түсінбеуші-лікке толы тағдырын ұғынуға болады. Солардың бірі – музей экспозициясы-нан орын алған, 1988 жылы жазылған «Құстар» картинасы. Сәкен аға бұл шы-ғармасында өзін аңыздағы Феникс құ-сына ұқсатады. Картинада «Моя судьба велела мне как фениксу гореть в ог-не. Из пепла, словно, из гнезда он вылетает возрожденный» деген сөз-дер бар. Ұқсатады дейтінім, ол өзінің аты өлмейтініне, еңбегі еш болмай-тынына, оны түсінетін болашақ ұр-пақтың келетініне кәміл сенген. Се-німі ақталды да:
«Өмірім! – Менсіз жалғасасың,
Мен асықпаймын, Сен асығасың.
Тіпті менен алыстап,
Әлдебір майдан ашып,
Алысасың, жұлысасың,
Мен саған ілесе алмаймын.
Сен салтанат-құрметке ие боласың,
Менің қолым жетпеген
дәулет пен атаққа
Сен ие боласың!»

Қаралым саны 1719

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463