Башқұрттарға бауыр бастық

Жайнагүл ХАМИДОЛЛА,

М. Ақмолла атындағы Башқұрт мемлекеттік педагогикалық университетінің 2-курс магистранты

«Ұзын Орал – күн мен түн шекарасы,
Бір жағы – күн, бір жағы – түн баласы.
Арғы жағы – көк көзді жын ұясы,
Бергі жағы – түріктің сар даласы...»

Орал тауының баурайында бал шы-ғарып, қурай үнімен күн кешкен бауыр-лас башқұрт ұлты жайлы сөз айтарда Мағжансыз бастау мүмкін емес...
Қазақтай қонақжай, жақсылыққа жаны жақын, қиналғанға көмек қолын созатын, қамқор көңіл башқұрт елі «Абай балаларын» мейірімінен шеттет-педі. Бауырлас халықтың бас қаласын-да шығатын әдеби-мәдени «Ақеділ» журналының тілшісі, жазушы Ахмер Гумер-Утябай ағайдың: «Аллаға шөкөр! Беҙҙе аңлаған рухташтарыбыҙ, ҡаҙаҡ бауырҙаштарыбыҙ булғанда, ниңә беҙгә бошоноп ултырарға? Сәйәсмән-дәр, хандар, батшалар килә лә китә, халыҡ ҡала! (Аллаға шүкір! Бізге қара-ған рухтастарымыз, қазақ бауырлары-мыз тұрғанда, біз неге қайғырамыз? Саспаңдар, хандар, патшалар келер-кетер, ал халық қалады!)» деген сөзі төбемізді көкке жеткізді. «Алматының алмасы» әнін жатқа білетін Ахмер ағай өз сөзінде патша үкіметі кезінде қазақ-тардың башқұрт халқына жасаған жақ-сылықтарын ешқашан ұмытпайтынды-ғын, Кіші жүз ханы Әбілқайырдың баш-құрт елімен болған байланыстары бо-йынша өздеріне белгілі ақпараттардан бөлек жаңа, тың мәліметтер іздестіріп жүргендігін, тіпті сол кезгі тарихқа бай-ланысты әдеби шығармаға дайындық үстінде екендігін де айтып қалды.
Өткен жылы 16 желтоқсан – Тәуел-сіздік күніне орай университет ішінде «Түркіден тараған тәуелсіз Қазақ елі» атты қазақ-башқұрт тілінде шағын ме-рекелік шара өткіздік. Шараны өзіміз-дің Әнұранымызбен ашып, қолымызды жүрек тұсына ұстаған бізбен бірге кел-ген көрермендердің түгел орнынан тұрғанын көргенде Қазақ еліне деген сыйластықтары үшін қатты қуандық, Еуразия төріндегі қарыштап дамып ке-ле жатқан мемлекетіміз үшін мақтан-дық...
Бұл шара барысында «Мен білетін Қазақстан», «Қазақ-башқұрт бауырлас-тығы» деген тақырыптарда шығарма, дойбы сайыстарын өткіздік. Башқұрт студенттері екі ел арасындағы тарихи, әдеби-мәдени, ғылыми, тіпті саяси-экономикалық байланыстар жөнінде, қазақ ұлты туралы өздері ізденіп, шы-ғарма жарысына белсене қатысты. Дойбы сайысына университетімізге Тәжікстаннан келіп оқып жүрген магис-транттар да қатысты.
Шара барысында Қазақ хандығы-ның 550 жылдығы жайлы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы туралы мәліметтер, өлеңдер мен «Аллажар» киносынан үзінділер, бейне-слайдтар көрсетілді. Кеш соңында ұстазымыз, «Ақеділ» журналының тілшісі Зәки Арсланұлы: «Әскерде бірге болған қазақ жігіттері-нен 1986 жылғы Алматыдағы оқиға ту-ралы бірнеше рет естігем. Сол кезде қазақ ұлтының өр рухына қайран қала-тынмын», - деді.
Бауырлас халық үшін қазір башқұрт тілін сақтап қалу – ең басты, өзекті мәселе. Ана тілінің болашағына алаңдаулы Баш-құрт халық жазушысы Темірғали Абдул-ғалимұлы Кильмухаметов: «1960-шы жылдар шамасында КСРО жазушылары Алматыда бас қосты. Сол кезде Қазақ Республикасы бас қаласының көшесін-дегі барлық жазулары қазақша болды, соны көріп, бауырлас халықтың ана тіліне деген құрметіне қызыға әрі қыз-ғана қарап қайттық. Өйткені КСРО кезі тұрмақ, бізде дүкендердің маңдайша-ларына орыс тілімен қатар башқұрт ті-ліндегі аудармасының жазыла бастаға-нына көп бола қойған жоқ», - дейді.
Қазақстанда барлық бұқаралық ақ-парат құралдарында орыс тіліне тыйым салынып, шектеу қойылған деп ойлай-тын башқұрт халқы тәуелсіз ел болға-нына 25 жыл толған біздің көшелері-міздегі «сөздік» жайын қайдан білсін...
«Мен Мағжанды сүйемін, оның еуропалық әшекейін сүйемін», - деп еді «ата Мұхтар» (Ағайын қырғыз ұл-тында: «Қазақта екі үлкен тұлға бар: бірі – ата Мұхтар, бірі – бала Мұхтар», - деген сөз бар екен). «Алаштық рух, ұлт-тық таным-түсінік, түркілік тұтастық, ақыр аяғы жалпыадамзаттық гума-низммен ұштасқан Мағжанды бәрінен биік көрем», - деген сүйікті ұстазымыз Сағымбай Жұмағұловтың, Мағжанның «Жан сөзін» санаға сіңірткен асылдың тұяғы Қайырбек Кемеңгердей ағалар-дың дәрістерінен сусындаған біз үшін Мағжанның орны бір төбе. Мағжан бі-лім алған, ізі қалған Уфаны таңдаған қазақ жастары осы жылы да Башқұрт мемлекеттік педагогикалық универ-ситетінің магистранттары атанды. Со-лардың алғашқы әсерлерімен бөліссек.

Әли ҒАББАСҰЛЫ: «Мен Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Сатыбалды ауылында дүниеге келдім. Осы туған ауылымда Сатыбалды жал-пы орта білім беретін мектебін тәмам-дап, Орал қаласындағы Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ филология факультетінің «Филология: қазақ тілі» мамандығына оқуға түстім. «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы» демекші, мектепте де, университетте де шәкірт үшін жанын аямаған, білімді, ұлағатты ұстаздардан білім нәрімен сусында-дым, тәлім-тәрбиесін алдым. Жоғары оқу орнында оқып жүрген кезде «ма-гистратураны оқимын, профессор ұс-таздарымдай боламын» деген мақсат қойдым. Өйткені көптеген ұстаздарым болашағымнан зор үміт күтетін, сол се-бепті отбасымның, ұстаздарымның се-німін мойныма артып, білім жолына бет бұрдым. Өзге елдің тілін, мәдение-тін үйрену мақсатында Уфа қаласына оқуға тапсырдым.
Бүгінде, міне, Ресей Федерациясы Башқұртстан Республикасының астана-сы Уфа қаласында М. Ақмулла атында-ғы Башқұрт Мемлекеттік педагогика университетінде башқұрт филология-сының лингвомәдениеттану маманды-ғында магистратурада 1-курста оқып жүрмін. Уфа қаласы ежелден ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің қаласы екені тарихтан мәлім. ХІХ ғасыр аяғы мен ХХ ғасыр басында қазақ хал-қының көптеген зиялылары: Ғұмар Қараш, Әбушахман Бөкеев, Ғабдрах-ман Сұлтанов, Бейімбет Майлин, Мағ-жан Жұмабаев, Ахмет Мәметов (Мән-шүктің әкесі), Сәдуақас Жандосұлы, Кенжеғали Ғабдуллин (ақын, ерте қай-тыс болған), Бекмұхамет Серкебаев (әйгілі әнші Ермек Серкебаевтың әкесі), Төреахмет Қожымов, Жармұхамет Тіленшин Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінде оқыған. Қазіргі таңда «Ғалия» медресесі Ресей Ислам уни-верситеті ретінде жұмыс жасап тұр. Осы зиялы ғалымдарымыздай елдің азаматы болу – арманым.
Уфа қаласы салтанаты мен сәулеті келіскен, Орал тауының баурайында, Ақеділ өзенінің жағасында орналасқан. Табиғаты тамаша, ауасы таза, күн райы құбылмалы. Көптеген білім ордалары мен ірі сауда орталықтары бар үлкен мегаполис. Білім іздеп, ел асып келген көптеген өзге ұлт өкілдері бар. Солар-дың ішінде қазақ жастары да баршы-лық. Башқұрт халқы түркі тілдес халық-тарға жататындықтан, тілі, мәдениеті, әдебиеті қазақ халқына етене жақын. Уфа қаласының басым бөлігін орыстар, татарлар, башқұрттар құрайды. Баш-құрттар мен татарлар мұсылман дінін ұстанады. Дінге берік, істеріне адал. Олай деуімнің себебі, «Құрбан байрам» (бізде «Құрбан айт» мерекесі) таң ат-қаннан кеш батқанға дейін тойланады екен. Наурыз мейрамы, Ораза айт той-ланады.
Бүгінгі күнде орыс және башқұрт тілдерін үйренудемін. Магистр болған-дықтан, көп уақытымыз ғылыми іздену жұмыстарымен өтеді. Болашақта елі-міздің бір шетіне кірпіш болып қала-нып, тіліміз бен әдебиетіміздің, мәде-ниетіміздің дамуына үлес қосар маман боламын.
«Қазіргі заман бой жарыстыратын емес, ой жарыстыратын заман» деп Ел-басымыз Н. Ә. Назарбаев айтпақшы, ХХІ ғасыр – ғылым мен техниканың өте қарқынды дамыған кезеңі. «Заманына қарай адамы» демекші, бүгінгі қазақ жастары өркениеттің дамуына, еліміз-дің болашағын гүлденуіне өз үлесін қосуы тиіс деп ойлаймын».

Әділет ДӘУЛЕТҰЛЫ: «М. Өтемісов атындағы БҚМУ мәдениет және өнер факультеті, музыкалық білім маманды-ғының 2016 жылғы түлегімін. Универ-ситет қабырғасында бірнеше шара ұйымдастырып, университеттің қоғам-дық өміріне өз үлесімді қостым. 2013 оқу жылында Самара қаласының Мем-лекеттік Өнер Институтында және 4-курстың бірінші жарты оқу жылында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Уфа қаласындағы М. Ақмулла атындағы БМПУ-да оқып, университет-тің білімді, ұлағатты оқытушыларынан тәлім алдым.
Әміре Қашаубаев өзінің даусымен Парижды, әлемді таң қалдырса, мен қазақтың қара домбырасымен баш-құрт елінің сахнасына шығып, домбы-раның қоңыр үнін паш етіп, барша елді бір таң қалдырған едім. Бойымызда жастық шақтың жалыны жанып тұрға-нының арқасында болар, қазақ жаста-ры бұрын-соңды Уфа қаласында бол-маған студенттерге арналған Вена Ба-лын жасап, есте қалатын кеш сыйла-дық. Соның арқасында қазақ жастары-ның көздеріндегі жанып тұрған отты, қазақ жастарының сегіз қырлы, бір сырлы екенін тағы бір дәлелдедік. Со-нымен қатар университет ректоры
Р. М. Ассадулиннің алғысхаты мен ма-гистратураға шақырту алдым. Бүгінде Ресей Федерациясы Башқұртстан Рес-публикасының астанасы Уфа қаласын-дағы М. Ақмулла атындағы БМПУ-да музыкалық білім мамандығы бойынша магистратурада білімімді жалғастырып жүрмін.
Университет ғылым мен білімге де-ген құлшынысы, ізденісі ерекше жас-тарға толы. Башқұрт халқының шығар-машылық жанры әр алуан: жырлар мен ертегілер, аңыз-әңгімелер, жұм-бақтар, өлеңдер т.б. Тілі мен мәдение-ті, қоршаған ортасы татарларға жақын болғанымен, ұлттық тұрмыс-тіршілігі мен дәстүрлері қазақ халқына ұқсастық басым. Мысалы, теріден жасалған бұ-йымдары, ер-тұрман, киіз басу, кілем мен алаша тоқу, ыдыс-аяғы қазақ қол-өнеріне ұқсас. Жыл сайын ораза мен құрбан айт, Наурыз мейрамын тойлай-ды. Үрмелі аспаптар арасында қурай халық үшін ең сүйікті аспап болып та-былады. Ол халықтық музыкалық өнердің ажырамас бөлігіне айналған. Қурай шопандардың отар бағып жүр-ген кезде жалғыздығын жебейтін аспап ретінде, ал кешкі демалыс мезгілінде музыканттар ол арқылы ескі аңыз-жырларды айтқан екен.
Қазіргі уақытта ағылшын және башқұрт тілдерін үйренудемін. Көп уақытым қалалық және университет-ішілік әртүрлі концерттік бағдарлама-лар ұйымдастырумен және ғылыми іздену жұмыстарымен өтуде.
Бүгінгі жас – ертеңгі осы қоғамның иесі. Біз қазіргі таңда егемен елімізді жан-жақты дамытудың жаңа кезеңінде өмір сүріп жатырмыз. Елбасының са-рабдал саясатын қолдап, еліміздің өр-кендеп дамуына үлесімізді қосу елін сүйетін, оның құндылықтарын құрмет-тей білетін әрбір азаматтың парызы деп есептеймін».

Қарашы төңірекке мойның бұрып,
Алтай, Орал бойында тұрған түрік.
Аты да, заты да жоқ, дыбысы жоқ,
Жоғалған әлдеқайда іріп-шіріп.

Осындай атамекен жерлеріне,
Қасиетті атаның көрлеріне
Аузы түкті шетелдер ие болып,
Көрсетіп тұр қысымды ерлеріне...

Өфө қаласы

Қаралым саны 1470

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463