Адай Құрмаш батыр

Жанар НҰРЛЫБЕКҚЫЗЫ,

Махамбет Өтемісұлы атындағы БҚМУ-дың 4-курс студенті

Сұм заман шығармақ боп жоққа бәрін,
Білемін күні кеше оттағанын.
Бас имей қызылдарға өткен Құрмаш,
Бүгінде білді ме екен ақталарын.
Өзенге барар жолда күмбез көрем,
Тұсына аят оқып тоқталамын.
Еңсесі көк тіреген сол күмбезді,
Ұлы ерліктің нышаны деп қаламын.

«Құрмаш батыр туралы жыр»

Ғайыптан сәті түсіп Маңғыстауға бара қалсаңыз, Жаңаөзен қаласына барар жолда «Шұқырой» деген ойды көресіз. Кәдімгі шұп-шұқыр боп жатқан ой. Шұқыройдың жоғарғы тұсында кө-зіңізге ақ кесене-ескерткіш шалынары хақ. Ол – құралайды көзге атқан атақты мерген, шаршы топқа түскен шешен, артына халқын ерте білген көсем тоқа-бай Құрмаш батырдың кесенесі.
Құрмаш батырды кешегі Кеңес үкі-меті 1990 жылға дейін «банды Құрмаш» деп атап келгені түбек жұртына мәлім жайт. Кеңес үкіметі «банды» дегенмен, халық оны өз батыры деп білді. Кезін-де Кеңес үкіметі Адай халқының көсе-мі, ел басшысының бірі – би Тобанияз Әлниязұлына да «Құрмашты құтқарып қалды», «Құрмашқа қолдау көрсеткен» деген айып тағып қудалаған, ақыр соңында атып тастаған.
Көшпелі ел арасында, оның ішінде әр тайпа, ру арасындағы қақтығыстар, барымта-қарымталар, жер дауы, жесір дауы ерте кезден бері жалғасқан. Маң-ғыстау өңірінде жерге меншік болма-ған, құдықтар да ортақ болған. Кім бұ-рын көшіп келсе, сол ауыл жерді, суды пайдалана берген. Дегенмен жайы-лымдар мен қыстақтар үшін су тапшы-лығының әсерінен кішігірім даулар да болмай тұрмасы анық. Мұндай жан-жалдар бұрын ел ақсақалдарының, би-лерінің араласуымен шешілген.
Кеңес үкіметі орнағаннан кейін жер, қоныс мәселесі жергілікті әкімші-ліктің қолына берілді. Олар көбіне қыз-мет бабын асыра пайдаланып, жеке басының қамын күйттеген. Дау әділ шешілмегендіктен, ел арасында араз-дық көбейіп, ұрылар мен барымташы-лар осындай келеңсіздіктерді тиімді пайдаланған.
Сол кездегі үкімет саясатына нара-зылық білдіріп, алым-салық, мал да-йындау науқанының озбырлығына көнбей, әкімшілікке жеккөрінішті бо-лып, шет жақта көшіп жүрген жанның бірі – Құрмаш Қошанов (кейбір дерек-терде Қосжанов деп беріледі). Ол – ел арасында тентек атанған, жергілікті үкі-мет басшыларымен бас араз болған адам. Ел ішінде ұры-қары, әсіресе, ба-рымташылар өздері жасаған қылмы-сын Құрмашқа жауып, құтылып кету мақсатында әкімшілікке шағым түсіріп отырған. Бұған мән беріп, дұрыс ше-шім шығарудың орнына жергілікті ке-ңестік басшылар Құрмашты «тәртіпке салу» мақсатында бірнеше рет әрекет жасайды. Осылайша, Кеңес үкіметі мен Құрмаш арасында арандатушылық кү-шейіп, бірнеше рет қарулы қақтығысқа ұласқан. Сондықтан Кеңес үкіметі Құр-машты «банды», «қарақшы», «үкімет жауы», «барымташы» қылмыскер атады.
Тоқабай Құрмаш батыр жөнінде ал-ғаш рет зерттеу жұмысын жүргізген, еңбек жазған – ғалым Әбілқайыр Спан. Ол өз еңбегінде Құрмаш қуғынға ұшы-рап жүргенінде Тобаниязбен бірнеше мәрте кездескені туралы жазады. Бірақ Тобанияз Құрмашты ұстап беруге әре-кеттенбеген. Осыған қарағанда, аран-датушылықпен «қылмыскер» атанған Құрмаштың жағдайын Тобанияз түсін-ген болу керек. Кейінірек «бандыға» қолдау жасап, әлденеше рет «Құрмаш-ты төніп тұрған қауіптен құтқарып жі-берген» деп Тобаниязға айып таққан.
Мұрағат құжаттарында Гурьев қыл-мысты зерттеу бөлімінің бастығы Жу-ков пен нұсқаушы Сидоров «1928 жыл-дың 15 наурызы мен 1 сәуірі аралы-ғында Құныскерей Қожақметов пен Құрмаш Қошанов «бандысы» туралы мәлімет түскен жоқ, қайда жүргендері белгісіз» деп мәлімдейді. Тағы бір мә-лімдемеде «Құрмаш Қошанов – «Құр-маш бандысы» Адай даласының түкпі-ріне сіңіп кетті. Ол туралы біз Адай ок-ругтік қылмысты зерттеу бөліміне ха-барладық» дейді.
Ал белгілі ғалым, профессор Талас Омарбековтың еңбегінде мынадай мә-лімет берілген: «Гурьев (Атырау) округі-нің Маңғыстау өңірінде 1931 жылы Ке-ңес үкіметіне қарсы бірнеше бас көтеру болды. Көтерілісті ұйымдастырушылар-дың басында Құрмаш Қошанов, Естұр-ған Оразбаев, Айзақ Өмірбаев секілді адамдар болды. Өңірдегі көтерілістер 1922 жылдан бастау алған. 1931 жылы 15-16 және 20-26 сәуір аралығында, 23-25 маусым мен 7-9 шілде аралығында Маңғыстау өңірінде болған көтеріліс кезінде көптеген адам жазаланып, өлім жазасына кесілген. Тұтқынға түскендер де әртүрлі жазаға тартылды.
Жұт кезінде малдан айырылған ел-дің салық төлеу мүмкіндігі жоқтығына қарамастан, жергілікті билік тарапынан қысым күшейе түсті. Оған қарсылық көрсеткендердің бірі де бірегейі Құр-маш Қошанов болды. Ол саясатта шар-уасы жоқ, өз руы арасында сөзі өтімді, ауыл арасының қарапайым шаруасы болды. Жаңа үкіметтің саясатына қар-сы болған Құрмаш Жылыой жеріне бой тасалап барған кезінде жергілікті тәртіп органдарымен қақтығысып қалады. Осы-дан бастап Құрмаш Кеңес үкіметі тара-пынан «банды» деп аталып, оны ұстау-ға қарулы топ шығарылды. Бұл кезде жер-жерде «Төңкеріске (революцияға) қауіп төндіруші күштер бар» деген пікір орныққан еді. Біріккен мемлекеттік саяси басқарманың (БМСБ – ОГПУ) дәл осы кезде шыққан «Шұғыл түрде бар-лық контрреволюциялық ұйымдарды, топтарды, жекелеген контрреволюцио-нерлерді жоюды аяқтау; әрекет етіп жүрген бандыны жою...» деген №44/21 бұйрығы болды. Тарихшы ғалым Т. Омар-бековтың 1931 жылғы Адай көтерілісі-нің алғышарттарының бірі ретінде «Құр-маш Қошанов бастаған қарулы топтың барымтамен айналысып, Кеңес үкіме-тінің жаңа саясатын орнықтыруға ора-сан зор кедергі келтіріп келгенін» айта-ды. Бұл жердегі «жаңа саясат» деп отырғаны елді отырықшыландыру бо-латын. Сөйтіп, билік тарапынан аран-датушылыққа ұшыраған Құрмаш бір-жола «банды» атанып, оған іздеу салы-нады. Құрмаштың бұдан кейінгі өмірі қашумен өткені мәлім.
Халық арасында батырдың қайтыс болуы туралы мынадай аңыз-әңгіме сақталып қалған: «Тоқабай Құрмаштың атында да, өзінде де әл қалмай, әбден титығып, бір жерге келіп құлайды. Ана-дайдан қарауытып қызыл әскердің қо-лы көрінеді. Кенет солардың арасынан бір атты адамның келе жатқанын аңға-рады. Әлгі атты адам жақындағасын оның Қаңғабай екенін таниды. Қаңға-бай Құрмаштың қасына кеп, сусын бе-реді. Сонда Құрмаш өзінің соңғы сөзін Қаңғабайға былай деп айтқан екен:
– Қаңғабай, жатқаным жоқ
жерде бөтен,
Демесін мына Құрмаш көнген екен.
Ат мені! Өлтір қазір осы арада,
Күнәңді Алла алдында мен көтерем.

Бұл жерге тіреп өлем табанымды-ай,
Кеудемнен қалмас, сірә,
жан арылмай.
Ат мені, өлтір қазір өз қолыңмен,
Қызылға анау тұрған таба қылмай.

Басқаны мен өзіңнен сұрамаймын,
Жатпасын жау алдында құлап айбын.
Олардың жүректерін жасқандырсын,
Ерлерінің өлімі бұл Адайдың!

Қаңғабай, сауап саған, күнә маған,
Жараспас мұндай істе тұралаған.
Дәл қазір достың оғы жау алдында
Гүлдей боп қадалады мына маған.»
Осылай Құрмаш батыр жау қолы-нан аман қалмасын біліп, өзін Қаңға-байға аттырады. Арада сан жылдар өтіп, ата-бабамыз армандап, сан ғасыр күрескен киелі Тәуелсіздікке қол жеткі-зіп, өшкеніміз жанып, өлгеніміз тіріліп жатқан жәйі бар. Сондықтан да Құр-маш туралы айтар екенбіз, одан кеңес-тік жүйе таққан «банды», «қарақшы болды», «барымташы» деген жаладан аршып тазартуымыз керек және ұрпақ-қа дұрыс насихаттай білу – біздің аза-маттық парызымыз.
Құрмаш тек қана құралайды көзге атқан мерген емес, өлең шығаратын сері адам болған деседі. Оның ел ара-сында кең тараған өлең жолдары мы-надай:
«Мен өзім Тоқабайдың
Құрмашы едім,
Той болса қыз-жігіттің
жорғасы едім...»
Құрмаш қайтыс болғалы арадан 60 жылдай уақыт өтіп, 1990 жылдар басын-да Тоқабай руының азаматтары батыр-дың басына үлкен кесене-ескерткіш орнатты. Ал 2010 жылдың 13 маусы-мында Құрмаштың дүниеден озғанына 80 жыл толып, жаңаөзендік мұнайшы-лар мен зиялы қауым өкілдері және әкімшілік қызметкерлерінің ұйымдас-тыруымен батырдың рухына арнап үл-кен ас берді. Сөз соңында Мағжан ақынның мына өлең жолдары еріксіз ойға орала береді:
...Ерлерді ұмытса да ел,
сел ұмытпас,
Ерлерді ұмытса да ел, жел ұмытпас,
Ел үшін жанын қиып, жауды қуған,
Ерлерді ұмытса да ел, бел ұмытпас,
Ел үшін төккен ерлер қанын жұтып,
Ерлерді ұмытса да ел,
жер ұмытпас...

Қаралым саны 3987

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463