Шара аясында меймандар Хан ор-дасы ауылындағы Бауырластар зираты-на, Кеңес Одағының Батыры М. Мәме-това, Жәңгір хан, Ұлы Отан соғысында қаза болған және хабарсыз кеткен боз-дақтар ескерткіштеріне гүл шоқтарын қойды. Мектептің тұңғыш мұғалімі Кон-стантин Петрович Ольдекопке ескерт-кіш тақта ашылды.
Ауылдық мәдениет үйінде «Шежі-ре тұнған құт мекен» атты халықара-лық ғылыми-практикалық конферен-ция өтті. Конференцияда Астана қала-сындағы Ұлттық музейдің ғылыми қыз-меткері, 2013 жылы Сорбонна универ-ситетінде (Франция) тұсауы кесілген «Всемирная генеология Чингизидов» монографиясының авторы Ғиззат Та-булдин, Татарстанның Қазан қаласынан «Есеп техникасы тарихы» музейінің ди-ректоры Маргарита Бадрутдинова, Ба-тыс Қазақстан инновациялық техноло-гиялық университетінің доценті, ғұмар-танушы Бақтылы Боранбаева, «Бөкей ордасындағы жер үшін күрес» моно-графиясының авторы, тарих ғылымда-рының кандидаты Саялбек Ғиззатов баяндама жасады. Әсіресе, Маргарита Шамсутдинқызының «Императорлық Қазан университеті ғылыми қоғамы-ның құрметті мүшесі, Бөкей ордасы-ның ханы Жәңгір туралы» және «Араб тілінде жазатын жазу машинасын ал-ғаш ойлап тапқан, хан Жәңгірдің шөбе-ресі Асқар Әлиұлы Шейх-Әли» тақы-рыптарындағы баяндамасы қызығушы-лық тудырды.
Астаналық ғалым Ғ. Табулдин Орда музейіне «Қазақ хандарының шежіре-сі» атты карта мен Шыңғысхан әулеті туралы жоғарыда аталған монография-сын табыс етті. Ақын Ғ. Сейтақ мектеп-ке бір топ кітап сыйлады. Конферен-цияны ашып, жүргізген модератор Айболат Құрымбаев аталмыш шара-ның өтуіне рухани қолдау білдірген облыс, аудан басшыларына, ғылыми баяндамалар жасаған ғалымдарға және белсенділік танытқан барша қатысушыларға рақмет айтты. Конференция материалдары алдын ала арнайы жинақ болып шығарылып, ғалымдарға таратылды. Бұл осы шараны ұйымдастырушылардың тыңғылықты даярлығын көрсетті.
Мерекелік шаралар аясында ақын-дар айтысы ұйымдастырылып, белгілі ақын, Бөкей ордасы түлегі Жансая Мусинаға «Бөкей ордасы ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.