ӨНЕР АДАМДАРЫ

Қайреден ЖҰМАШЕВ, 

зейнеткер, Тасқала ауылы, Батыс Қазақстан

Өткен өмірге көз салып отырсам, жасымнан қаншама өнер адамдарымен дәмдес, аралас-құралас болған екенмін. Олардың әрқайсысына арнап дастан жазуға тұрады. Менің негізгі айтқым келіп отырған адамым – Аюпов Биболат аға. 

Мен Жәнібекке 1967 жылдың қара-ша айында, 21 жасымда алғаш келіп, №9 училищеге қызметке орналастым. Училище директоры Мұғалім Хайранов менің бұрын Жаңақазандағы училище-де істегенімді сұрап білгесін, сөзге кел-местен, өндірістік оқу мастері етіп таға-йындады. Сол оқу орнындағы мәдениет жағын басқаратын қызметкер Айғаным менің домбыра тартатынымды естіп, бар білетін күйлерімді магнитофонға жазып алды. Сол жазбаны күнде ерте-мен сағат 7-ден бастап, сыртқа орна-тылған дыбыс күшейткіші бар дина-миктер арқылы қосып қояды. Қыстың күні ертеңгі ауамен біраз жерге магни-тофон дауысы естіліп тұратын. Бір күні конторға телефонға шақыртып жатыр дегесін барсам, Биболат Аюпов ағай екен. Мен ол кісіні бұрын естіп, білген емеспін. Жәнібек аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі екен, мені өзіне көмекшілікке шақырды. Мен арнайы білімімнің жоқтығын және күйді аса көп білмейтіндігімді айтып көріп едім, Алматыда жүргенде фурмандық (жал-пақталдық) Махамбет Кариннен бір күнде 4 күй үйренгенімді де естіген екен, «Мен саған білмеген күйлеріңді үйретемін, ал сен оркестр басқар, ме-нің өзімнің үйретіп, басқарып отыра-тын уақытым көбіне болмай қалады», - деді. Әртүрлі сылтау айтып, ол жолы бармай қалдым, бірақ әрбір мейрамда мені қалдырмай, концерттерге қатыс-тырып жүрді. Орал қаласында 1968 жы-лы өткен ВЛКСМ-ның 50 жылдығына ар-налған фестивальға жәнібектіктер үл-кен хормен, оркестрмен қатыстық. Мы-на екі фото сонда түсірілген (суретте).
1968 жылғы фотода төменгі қатар-да оң жақтан, алты әйелден кейінгі же-тінші отырған Биболат аға. Сол төмен-дегі сол жақ шеттегі мен – Қайреден, биші Тәтті, қобыз ұстап отырған Миуа апай, аудандық атқару комитетінің қыз-меткерлері – Әмина апай Дүйсенғалие-ва немересімен, Мырзаш Исмағұлов, оң жақ шеттен үшінші мандолинамен отырған Тәнзила Дауова, төртінші – дирижер Таисия.
Биболат аға 1969 жыл басталғасын оркестрге 80-90 адам жинап, өзі столдың үстіне орындық қойып отырып, Құрманғазының «Сарыарқа» күйін екі-үш соғыстан талдап отырып тартып, сонша адамға бір жұмаға жеткізбей үй-ретіп шығарды. Ол кезде қазіргі Орда ауданының ауылдарының көбі Жәні-бекке қарайтын.
Көп кешікпей Волгоград облысы-ның көршілес жатқан Палласовка ауда-нының совхоздарын аралап, үлкен кон-церт бердік. Сол 1969 жылы Қазталовта өткен аймақтық ауданаралық фестиваль-де Биболат аға басқарған жәнібектік-тер бірінші орынды иемдендік. Ара-арасында қонақтық сияқты басқосулар-да Биболат аға өзі көбіне Динаның «Бай-жұма» күйін орындаушы еді. Талай рет сахнаға да тартты. «Қайрат» совхозы-ның екінші бөлімшесінде бухгалтер бо-лып істейтін Қайыржан аға Айбатовқа Сейтектің «Шәрипа» деген күйін тарт-қызады. 1968 жылғы ВЛКСМ-ның 50 жылдығына түскен фотодағы түрегеліп тұрғандардың қақ ортасындағы, оң жақ омырауында ромбик таққан – сол Қайыржан аға! Қайыржан аға ол күйді бабына келтіріп орындаушы еді. Біз-бен жүргендердің арасында басқа еш-кім ол күйді білмейді. Маған үнемі Құр-манғазының «Кішкентайын» орындат-тыратын. Биболат ағада Құрманғазы-ның Ахмет Жұбанов құрастырған, 51 күйі нотамен басылған кітабы бар екен, маған өзі беріп, «Осыдан керек күйле-ріңді үйреніп ал» деген болатын. Мен нотаны Әзидолла Есқалиевтің «Домбы-ра үйрену мектебі» деген кітабынан аз-дап үйренгенмін. Сол нотамен басыл-ған Құрманғазының кітабынан «Төре-мұрат», «Саранжап», «Не кричи, не шу-ми!», «Кішкентай», «Көбік шашқан», «Ертең кетем», «Перовский марш», «Аман бол, шешем, аман бол!» т.с.с. біраз күйлерін үйренген едім. Биболат аға өзі жоғары оқу орнын физика-ма-тематика мамандығы бойынша Алма-тының ҚазГУ-інен бітіріпті, бірақ туа біткен талант өнер жолына қайта алып келген ғой!
Жүрген жерінде, жиындарда адам-дардың көңілін көтеріп, әзіл-қалжың-мен думандатып жүретін адам еді мар-құм! Ешкімге ешуақытта қатты сөйле-мейтін.
Сол 1969 жылдың жазында еңбек демалысын алып, Фурманов ауданын-дағы ағайындарына барып келе жат-қан жолда ыстықта өзенге шомылуға суға түскенде сіңірі тартылып қалып, мерт болды. Бар болғаны 36 жасында қайтыс болды, тіптен балалық жас екен ғой. Марқұмның жатқан жері жарық, топырағы торқа болғай! Ол кісі тірі бол-ғанда менің өмірім өнер жолында өтер ме еді, кім білген?..
Әкесі Әйіп қарт, жолдасы Надежда апай, балалары аңырап қалды да бар-ды. Дегенмен «Орнында бар оңалар» деген ғой, Надежда апай шаңырағын шайқалтқан жоқ, балаларын адам етіп тәрбиеледі, өзі педагог еді, әлі сол Жә-нібекте тұратын көрінеді.
Биболат аға құраған домбыра ор-кестрі де ісін жалғастырып, дирижері-міз Еділман деген жігіт, Жәнібек аудан-дық мәдениет бөлімін Болат аға Әжиев басқарып, 1972 жылдың 5-ші қаңтарын-да республикалық фестивальде, Алма-тыдағы Абай проспектісінде жаңадан салынған Лермонтов атындағы театрда оркестрмен Сыдық Мұқамеджановтың «Шаттық Отаны» симфониясын, Мәкә-лім Қойшыбаевтың «Советтік Қазақ-стан» симфониясынан фрагмент, Құр-манғазының «Адай», «Сарыарқа», «Кө-бік шашқан», «Түрмеден қашқан» күй-лерін, Ахмет Жұбановтың «Би күйін», 1-2 шетелдік шығарманы орындадық. Оркестр құрамындағы ордалық Асқар Зарипов примамен «талтақтатқанда», бүкіл оркестр соған құлағымызды түріп ілесуші едік. Дирижерлеріміздің өздері де сол Асекеңнің тартысына қарап қол сілтейтін сияқты болып көрінуші еді маған! 1968 жылғы ВЛКСМ-ның 50 жыл-дығындағы фотода ең артта, сол жақ-тан екінші тұрған, аздап қасқа бастау келген – сол Асқар Зарипов аға. Бұл кісі Қазталовта 10-шы класта оқығанда бізге машинатану сабағынан дәріс берген болатын.
Мені Биболат аға өзі сол қанатқа алдан бірінші орынға отырғызған бо-латын, шамалылау білетіндері сенің қолыңа қарап тартатын болады деп, үнемі солай болды. Домбырашылар-дан есімде қалғандары: Ордадан – Айғали, Биғали, Мұрат, Газзитовтар; Жанғазы Темірәлиев баласымен (Жан-ғазының сол баласы бүгінде мемлекет-тік Құрманғазы оркестрінде ойнайды!) Каспи Жақатов, Ермек Қазиев, Жанбо-лат Аюпов. Жәнібектен – Қадер, Бәкар, Орақбаевтар; Ерназар, Сәбит Ғұба-шевтар; Тельман Каримов інілерімен, Меңдіхан Каримов, Мақсот Машаев, Бақтыбай Бахитов, Шайхолла Мұхам-бетқалиев, Жолмұхан Қауденов, Ербо-лат Түйебаев, Бияқай Есмурзин, Жәді-гер Мұстафин, Хисмет Шаққалиев қа-рындасымен, Мұрат Әбділманов, Мұ-рат Мұхамбетқалиев, Нұрым Сидаға-лиев, Қалиасқар. Әр кезде қатысқан-дардан: оныншы класты қатарлас оқы-ған Рая Шынтемірова, баяншылар Бақыт Ғұсманов, Садық Ерғалиев, Ғиылмаш Артықов, соңынан бар өнерін фокусқа ауыстырып кеткен Қанат Қа-жымұратов, бірде баянда, бірде при-мада ойнаған жәнібектік композитор Уахит Сариев, ордалық баяншы Ербо-лат Ғаниев, виолончельде жәнібектік Мәди Хамзин, қобызда Ғалымжан Қа-ташев, Бақтыбайдың зайыбы Миуа апай, бас домбырада Халиолла Мұ-қанов, примада Базарбай Жұманиязов-тың інілері Қабер мен Талғат, мандоли-нада Тәнзила Дауова, биші Тәтті, әнші-лер Кенжеғали Балабасов, Меңдіхан Бәсеров, Базар Жетпісов, Бекболат Машканов, тағы басқа қатысушылар: Зұлхарнай Қарамундинов, Ғайнөш Де-гетаев әйелі Маржанмен, Сағындықов Максим, Айдын, Күләш, Нәсіпқаным, әр кезде дирижер болған Күләш, Таи-сия, Еділман т.с.с, көбін ұмыттым! Би-сен ауылында кезінде мықты домбы-рашы болған Қазиев Еселдің баласы Ермек, жасынан домбыра тартқан вир-туоз орындаушы, күйлерді аса шапшаң тартқанды ұнатады, сондықтан оны «Сен оркестрді шатастырасың» деп, бас-қарушы дирижерларымыз қолына бас домбыра ұстатып, арт жаққа тұрғы-зып қоятын. Сол Ермек әлі қойған жоқ, Оралда әлі өнер жолында жүр, баласы өзінен де артық тарта ма деп қалдым. Жәнібектік қарт домбырашы Өтеген аға Жұмашев бар, бірақ ол кісі мен қа-тысқан концерттерде болған жоқ.
Алматыда бізді жаңадан салынған «Алматы» қонақүйіне орналастырды. Мені бастығымыз Болат аға Әжиев қа-сына алып, 6-шы қабаттағы 636-бөлме-де жаттық. Көрші бөлмеде ордалық Әбілхатин Темірболатқа (Темеш) екі-үш күн қатарынан қалалық жігіттер келіп жүретін еді, солардың бірі аранжиров-ка жасадым деген желеумен, атын ав-торлардың қатарына үшінші етіп қосып жаздырып, Сырбай Мәуленовтің өле-ңіне Темеш Әбілхатин шығарған «Со-ғыстан қайтқан солдаттар» деген әнді «Мәдениет және тұрмыс» журналы-ның мұқабасының соңғы бетінің ішкі жағына бастырды. Ол әнді ауық-ауық телевидение, радиодан естіп жүрмін.
Темеш Әбілхатинмен 1963 жылдың март айында Бисен ауылындағы бір тойда көріп, алғаш таныстым. Өзі баян-да ойнап, Шәмелов Аспандияр деген жігіт екеуі әндерді ақыртып айтып отырды, дауыстары саңқылдаған, күшті болатын марқұмдардың!

Қаралым саны 3026

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463