Маңғыстаудан табылған көне кітаптар

Осыдан біраз уақыт бұрын белгілі заңгер Абзал Құспан Ақтау қаласынан бір жәшік көне кітап көтеріп келді. Ол бұл кітаптарды Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технология және инжиниринг университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Шолпан Сапарбайқызынан алыпты. «Бұл кітаптардың не туралы, қайдан, қашан шыққанын анықтау керек. Көмектес!» – дейді ұлттық құндылық десе, ішкен асын жерге қоятын азамат.

Қарап шықтым. Барлығы да араб жа-зулы көне кітаптар екен. Негізінен, діни мәтін, Ислам тақырыбындағы еңбектер екендігі белгілі болды. Ішінде бірер мер-зімді басылым да кездесті. 4-5 қолжазба кітаптың да жұрнағы табылды.
Әрине, бұл кітаптардың қалай, қай-дан табылғандығы оқырманды да қы-зықтырып отырғаны анық. Ақтауға, Шол-пан апайға хабарласып, біраз мән-жайға қанықтық.
Шолпан Сапарбайқызының айтуын-ша, осыдан 7-8 жыл бұрын Матай есім-ді малшы Маңғыстау ауданы Ұланақ (Торыш) деген жерде кездейсоқ көмбе тауып алыпты. Басында табылған кітап саны көп, 2-3 кебежедей болған екен. Арасында ескі патша заманындағы ақ-шалар, қолжазба дәптерлер де болған. Малшы қазынаны әркімге көрсеткен, мешітке де, музейге де апарған көріне-ді. Шамасы, ақшаға сатып алатын адам табылмаған соң қызығушылық та азай-ған секілді. Ақша, заем қағаздар мен жақсы сақталған кітаптарды әркім ірік-теп алса керек. Содан қалғаны Шолпан апайдың қолына тиген. Оған да біраз уақыт өтіпті.
– Өзім педагог-ғалым болғандықтан, Совет үкіметі келгенге дейінгі қазақ да-ласындағы білім беру жүйесі, медресе-лердегі оқу бағдарламасы, пайдалан-ған кітаптар туралы білгім келетін. Өкі-нішке қарай, бұл жәйттер көп зерттел-меген. Совет билігі кезінде бұл тақы-рып мүлдем жабық болды. Енді ғана бұл тақырыпқа көңіл бөліне бастады. Бірақ қолға түскен дерек аз. Осындай кезде мына табылған қазына ерекше құнды болып тұр. Өзім араб жазуын оқи алмаймын. Қолыңыздан келсе, кө-мектесіңіз, - деді Шолпан апай.
Сонымен, бұл аманатты асықпай, бір-неше күн отырып, түгел қарап шықтым. Әрине, бір ғасырға жуық жер астында жатып, кітаптар әбден бүлінген, су сіңіп, шіри бастаған. Дегенмен олардың бі-разының мән-жайын анықтадық. Кей-бірінің деректерін білімі терең ғалым-дарға жіберіп, сипаттама дайындаттық. Әлеуметтік желіге жарияланған әңгіме-мізге де талай адам үн қосты. Олардың ішінде ҚР БҒМ ҒК «Ғылым ордасы» Рес-публикалық мемлекеттік кәсіпорнына қарасты Сирек кездесетін кітаптар мұ-ражайының ғылыми қызметкері Өмір Тұяқбай, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми қызметкері, шығыстанушы Серікбай Қосан, дінтанушы Әділхан Жақсыбеков сынды мамандар әлеуметтік желіде жарияланған суреттерге өз пікірін білдірді.
Дегенмен біз табылған кітаптардың парақтарын сканерлеп, Түркістан қала-сында тұратын шығыстанушы ғалым, Қожа Ахмет Ясауи кесенесіндегі жазба-ларды зерттеген, ғұлама Садуақас Ғыл-мани қазіреттің қолжазбаларын баспа-ға дайындаған Сейфолла Моллақанағат-ұлына жіберген едік. Маман суреттер бойынша бұл табылған көне кітаптар-дың бірқатарына ғылыми сипаттама жасап шықты.
Сонымен, шартты түрде өзіміз «Торыш медресесі» деп атаған көне кітапхана-да астрономия, ислам фәлсафасы, таса-уыф, ахлақ пен иман, мұқтасардың түрік-ше аудармасы, Әбу Ханифа мазһабын тұтынушы мұсылмандарға арналған араб және шағатай, ескі татар тіліндегі таңдамалы еңбектер жинақталған бо-лып шықты. Шығыстанушы ғалым Серікбай Қосанның айтуынша, бұл кі-таптар Совет үкіметі орнағанға дейін қазақ медреселерінде оқытылып келген.
Кітаптар тізімі:
1. «Ахтари кабир» - Қазан қаласында-ғы И. Н. Харитонов баспасынан 1902 жылы шыққан. С. Моллақанағатұлы-ның дерегінше, Ахтари Муслихиддин Мус-тафа ибн Шамсиди Ахмад - түркі-ден шыққан атақты фақиһ (Ислам құқығы-ның білгірі) және лингвист ғалым, дін-танушы, араб әдебиеті мен тіл білімін терең меңгерген білімді болған. Ол бү-гінгі Түркия Республикасындағы Афион-Қарахисар деген жерінде 1496 жылы туған, сондықтан ол кісіні кейде Қа-рахисари деп те атайды. Ғұламаның ба-лалық шағы, алғашқы ұстаздары тура-лы дерек аз, өмірінің ақырына дейін Кутахиа қаласындағы медреседе муда-ристік қызмет атқарған. Қануни Сұлтан Сүлеймен тұсында өмір сүрген. Қайтыс болған жылы 968/1560-61 деп беріле-ді. Ең маңызды шығармаларының бірі – дәл осы «Ахтари кабир» арабша-түрік-ше сөздігі. 40 мың сөзді қамтыған. Ав-тордың өз сөзінше кітап 952/1545 жы-лы Кутахиа қаласында жазылып біткен. Алғаш рет 1242/1826 жылы Стамбулда-ғы баспаханада кітап етіп басылған. Одан кейін Түркияның басқа қалаларында, Мысырда, Иранда, Қазанда т.б. елдер-де басылған. Лингвистика бойынша кө-не түркі тілдік танымдағы маңызға ие. Бұдан басқа автордың «Тарих-и Ахта-ри», «Жами ул маса-ил», «Шарх-и ри-сала әл-Кафауи фил адаб» атты еңбек-тері кең таралған.

2. «Әл-жуз ус-салис мин китаби Жами ур-рмуз уа Ғаууасул бахраин» –1898 жы-лы Қазан университетінің баспахана-сында басылған кітап. С. Моллақанағат-ұлының дерегінше, бұл «Жамиур румуз» (Сырлар/белгілер жинағы) деп атала-тын кітаптың үшінші бөлігі және қосым-ша трактат. Кітаптың авторы: Шамсуд-дин Мухаммад ибн Хусамуддин әл-Хо-расани әл-Қуһестани – 962/1555 жылы қайтыс болған мұсылман фаһиқі. Хора-санның Қуһестан деген жерінде туған. Шайхул Ислам әл-Херауидің шәкірті. Кі-тап көшіруді кәсіп етіп күнін көреді, ке-йін фиһқ ілімін терең меңгеріп, фәтуа бере бастайды. 916/1510 жылы қызыл-бас Шах Ысмайыл Хорасанды басып ал-ғанда сүнни ғалымдарға қысым көрсе-тіледі. Сол кезде Қуһестани Бұхараға ке-леді. «Жамиур румуз» кітабын сол кез-дері тәмамдаған. Бұхара сұлтаны Убай-дулла хан (Қожа Ахмет Ясауи сарыны-мен хикмет өлең жазған, Құл Убайди лақап атымен мәшһүр ақын қолбасшы, Ясауи хикметтерінің қолжазбаларында Құл Убайди хикметтерін көптеп кездес-тіруге болады) 918/1512 жылы Қуһеста-ниді Бұхараға муфти етіп тағайындады. Қуһестани 962/1555 жылдары Бұхара-да қайтыс болады. 950/1543, 953/1546 және 963/1566 жылдары қайтыс бол-ған деген пікірлер де бар. «Жамиур ру-муз» 1858 жылы Калькутта қаласында басылған, кейін Қазан т.б. қалаларда қайталап шыққан. Қосымша трактат «Ғаууасул бахрайн фи мизан аш шар-хайн» – төрт имам туралы өмірдерек-тік трактат. Авторы – Фахриддин ибн Ибра-һим афанди әл-Қазафи (әл-Қазани).

3. «Мұхтасар әл-уиқаиа тәржумәсі Түркше» 1895 жылы Б.Л. Домбровский баспасында басылған. С. Моллақанағат-ұлының дерегінше, «Мухтасар әл-уиқа-иа таржумасы» деп аталатын кітап – ха-нафи масхабын ұстанатындар үшін өте үлкен маңызға ие шығарма. Сондықтан Қазан қаласында түркі тіліне аудары-лып басылған. Аударған – Шахабуддин ибн Мулла Абдулазиз именли башы. Араб тіліндегі мәтін беріле отырып, түр-кі тіліндегі аудармасы қатар жазылған. Атақты «Жамиур румуз», «Хидаиа», «Шарх-и уиқаиа» кітаптарынан пайда-ланылған. «Мухтасар әл-уиқая фи ма-саилил хидая» кітабының авторы Убай-дулла ибн Масууд ибн Махмуд ибн Ахмад ал-Махбуби Таж уш шариаат 747/1346 жылы қайтыс болған.

4. «Китаб ул карахиат» (Жиіркенішті іс-тер туралы кітап), араб тілінде. С. Молла-қанағатұлының дерегінше, араб тілінде-гі бұл шығармада сауда-саттықтың дұ-рыстығы және дұрыс емес сауда тура-лы, әйелдердің етеккір кездеріндегі қа-рым-қатынас жағдайлары т.б. нәрселер туралы мәселелер қамтылған.

5. «Қиссасу-л Әнбиа» Рабғузи. Қазан қаласында 1881 жылы татар тілінде ба-сылған кітап. Қазан төңкерісіне дейін қазақ арасында өте танымал болған шығармалардың бірі. Бұны 1311 жылы Рабғузи (Рабат оғызи деген екі сөзден қысқартып алынған) жазған. Рабғузи – автордың бүркеншік аты, шын аты-
жөні – Насредин Бурһанетдин.

6. Араб тілінің грамматикасы. Түркі ті-лінде. Қазанда басылған кітап. Медре-се оқулығы. Жадид үлгісімен жазылған.

7. Діни мәселелер. Қазан баспасында басылған кітап. Түркі тілінде. С. Мол-лақанағатұлының дерегінше, кітап сұ-рақ-жауап түрінде дайындалған. «Біс-мілла...» сөзімен басталады, «таммат биауниллаһил маликил уаһһаб» деген сөзбен аяқталады. Жамағат намазы, па-рыз намазға үлгеру, ораза туралы, зе-кет мәселелері және қажылық туралы мәселелерді, яғни исламның бес пары-зының соңғы төртеуін қамтыған. Кей-бір дұғалар араб тілінде берілген.

8. «Калам Шариф» тәпсірі. «Тәфсири фауаидтің (Құран аяттарынан алынған пайдалар)» екінші томы. 1889 жылы Қазанда басылған. Мұқабасында: «Бұл тәпсіріміздің екінші рет басылуы. Шама-шарқымызша түзеттік. Қателескендігі-міз сауапқа айналатындай дәрежеде қатеге жол берілмеді. Бұл тәпсір әш-Шәриф Мұхаммед Зарим махдумның қаражатымен басылды. Осы тәпсірдің басылуына рұхсат етілді, Петір Бурхда. 3 май 1889 жылы» деген жазулар бар.

9. «Хауас Асмауллаһул Хусна» – Шам-суддин Хусайнұлының қаражатымен 1313 (1895) жылы Қазан қаласында ба-сылған кітап.

10. «Мұхтасар әл-Уиқая тәржумасы» 1902 жылы Қазанда басылған кітап. Мұқабада «Аударған: Қазан қаласы-ның ұлы ғұламаларынан Дамолла Му-хаммади ас-Салихи, 1307/1889 жылы қайтыс болған. Саратанның бірінші кү-ні. Бірінші басылымы. Каримиа баспа-ханасында. Қазан қаласы. 1320 жылы. Демеуші Мұхаммеджан мен оның ба-уырлары» деген жазулары көрінеді.

11. «Ислам ғибадаттары» деп атала-тын кітаптың жыртылған парақтары. Та-тар тілінде. С. Моллақанағатұлының зерттеуінше, бұл парақтарда «мүфсид», «мубаһ» сөздері мен басқа да діни мә-селелер туралы айтылған.

12. Белгісіз кітаптың парақтары. С. Мол-лақанағатұлының анықтауынша, мұнда тазалық мәселелері қозғалған. 25 қатар-дан «фасулул биир» яғни «Құдық тура-лы бөлім» басталады. Мысалы: бір құ-дыққа нәжіс (лас) зат түссе, яки онда бір жануар өлген болса, ісінген немесе жарылған болса, адам яки мал (ешкі, қой т.б.) өлген болса, ол құдықтың суы толық тартылады». Беттің жиегінде қол-мен жазылған ескертпе сөздер бар. Ес-кертпеде «Нұқая» кітабында қосмекен-ді жануарлар туралы жазылғандығы, яғни жылан мен шаян тәрізді жануар-лар суға түсіп өліп қалса не болатыны туралы жазылғанын түртіп қойған. Жа-зу түркі тілінде.
13. Қолжазба кітап. Түркі тілінде.
С. Моллақанағатұлының пікірінше, та-залық мәселелеріне байланысты жаз-балар жинақталған. «Мұхит», «Захи-ра», «Хуласа», «Қазихан» т.б. атақты кі-таптарда да жазылғандығын атап көр-сеткен. Кейін «талқын», яғни төсек тар-тып жатқан адамның иманын үйіру мә-селесін жазған. Жазбадағы кейбір сөз-дер өшіп қалған, қатарлардың соңғы жақтағы кейбір сөздері көрінбейді.

14. «Жолаушы туралы», араб тілінде. Жиегіндегі ашықтамада (комментарий) арабша сөздер түркі тілінде түсіндіріл-ген. Беттің төменгі жағында «тұра алмай-тын аурулар туралы бөлім» жалғасады.

15. «Шарх ул уиқая». С. Моллақанағат-ұлының пікірінше, бұл ханафи фиһқ кі-табының жыртылған парақтары болса керек. Мұнда Рамазан оразасын ұстау-шыларға қатысты мәселелер жазылған.

16. Қолжазба кітап. С. Моллақанағат-ұлының зерттеуінше, жазудың тілі түр-кі, арабша дұға сөздері мен тұмарға ар-налған дұғалық бөлшектерден әріптер жазылған. Жалпы, тұмар кітаптан көші-рілген «дұғалар». Мысалы: түйеге тіл-көз тимеу үшін жазып, тағу керек дұға; туатын кезде қиналса, жазып, ішкізетін дұға; ақсап қалса, жазып, мойнына іле-тін дұға; түйе, қой, сиыр баласын алма-са, жазып, мойнына ілетін дұға т.с.с.

17. Қолжазба кітап. Парсы тілінде. Настағылық жазу түрімен жазылған.
С. Моллақанағатұлының анықтауынша, бұл – араб грамматикасы, «Наху» саба-ғынан үзінді. «Фарра - қашты» сөзін талдаған.

18. Қолжазба кітап. Араб тілінде. Нас-тағылықпен жазылған. Мазмұны «Наху» сабағы, яғни араб тілінің грамматика-сы. Бесінші бетіндегі қолжазба араб ті-лінде, «Мафатихул Жинан» кітабынан алынған «әдеби» мәселелер.
19. Қолжазба – «Радд ал-мухтар 'ала дурр ал-мухтар» деген шариғат кітабы. Ө. Тұяқбайдың айтуынша, бұл кітаптың авторы – Ибн Абидин деген атпен таны-мал Мухаммад Әмин ибн Омар ад-Ди-машқи деген Ханафит факих. Ол кісіге бұл лақап атты Зейн ал-Абидин Хусейн-нің ұлы, Әли р.а. халифтың немересі құрметіне (Әлидің тікелей ұрпағынан болғаннан соң) берген. Бұл факих Да-масктегі нақшбанди сопылық мектебі-нің ірі өкілі болған.

20. «Бад'ул-амали» деген қасидасына парсыша, шағатайша жиырмаға жуық түсіндірме жазылған. Авторы – Сирадж ад-Дин 'Али ибн Усман ибн Мухаммад. Қысқаша Сирадж ад-Дин Оши деп ата-лады (1205 ж. ө.). Ө. Тұяқбайдың мәлі-метінше, кезінде Орта Азияда көп оқы-тылған кітап.

21. «Кафия». Араб грамматикасы жай-лы кітап. Ө. Тұяқбайдың айтуынша, за-манында бұл кітаптың танымал болған-дығы сонша, неміс шығыстанушысы Карл Броккельман «Араб әдебиеті тарихы» кітабында Ибн Хаджибтің «Кафиясы» төңірегінде 186 кітап жазылған деген дерек келтіреді.

22. «Еңбекші қазақ» газетінің жыртын-дысы. №154 (882), 1927 жыл, 10 июль, жексембі – мекенжайы Қызылорда қа-ласы деп көрсетілген, шыға бастағаны-на 6 жыл болғаны айтылған. 1-2 беттер-дің жоғарғы сол жақ бұрышы. Газеттің жиегіне қарындашпен жазылған «Ысма-ғұл Дүйсенбіұлы, адай...» деген сөздер-ді оқуға болады.

23. «Риселе Ғазизе» шарх сабат әл-ғажрин, 1874 жылы Қазанда Мұхамед-жан Муфтахаддинұлының қаражаты-мен басылған. Татар тілінде.

24. «Құран Кәрім». Мұқабасы жоқ, бастапқы беттері ылғалдан бір-біріне жабысып, ашылмай қалған. 76-беттен ары қарай беттері парақталады, кей беттің жиегіне көк сиямен, қарындаш-пен жазулар жазылған, кейбір аяттар-ды сиямен қоршап, белгілеп қойған. Сақталған соңғы парағы – 526–бет, осы бетте Құран Кәрімнің 79-ншы «Ән-назиғат» сүресі орналасқан.

25. «Нәджм әл-ғылым шарх ғайн-әл-ғылым». Араб тілінде.

26. «Һәза китаб тухфат әл-млук». Та-тар тілінде. 1909 жылы Қазан қаласын-дағы Каримовтар баспаханасынан ба-сылған, шамамен 50 беттен тұратын кітапша.

27. «Ислам мәжілісі» журналы. №2, 1924 жыл, 15 қараша. 1343 жыл, 18-ра-биғал ахыр. Татар тіліндегі ислам жур-налы. 82 беттен тұрады. ЦДУМ (Централь-ное духовное управление мусульман) – КСРО мұсылмандарының орталық діни басқармасының органы.

28. «Һаза хасие дұға дәулет». Татар тілінде. 1900 жылы Қазан қаласында Мұхамедғали Минхажаддинұлының ұр-пақтарының қаражатына басылған кітап.

29. «Дұға исм ағзам уә һәм». Татар тілінде. 1901 жылы Қазан қаласында Мұхамедғали Минхажаддинұлының ұр-пақтарының қаражатына басылған кітап.

30. «Жаңа үлгіде басылып, мұғалім-дер тарапынан мақұлданған» мектеп оқулықтарының тізімі. (барлығы 29 кі-тап) Қазан қаласындағы «Ағайынды Ка-римовтер» баспаханасында басылған кітаптар.

Жоғарыда айтылғандай, әу баста та-былған кітап саны көп болған. Бірақ біз-дің қолымызға жоғарыдағы кітаптар-дың кейбір бөліктері ғана тиді. Бірнеше айға созылған зерттеу, іздену жұмыста-рының нәтижесі осындай, құрметті оқырман!
Қазыбек ҚҰТТЫМҰРАТҰЛЫ

Қаралым саны 2203

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463