Өз сәтінде Ақ Сарбаз қабаттас дү-ниелерге тап болды да, өз болашағын көрді...
Келесі күні Ұстазына келіп, өз есебін алға тартты:
‒ Мен өзімнің көргенімді ғана айтып бере аламын! Өлгеннен соң, қырқыншы күні адамдар Жоғарғы Сот алдына ке-леді. Нәзік Дүниеде адам қалай және қайда өмір сүретінін сол айқындайды. Мен қарапайым адал еңбеккерлермен бірге жерасты вокзалында пайда бол-дым. Пойыз бізді әр вагонның жеке эс-калаторларға шығаратын қоршауы бар станцияға жеткізді. Менің вагонымнан ғалымдар, ақындар, композиторлар, тех-никалық интеллигенция шыққан еді. Эс-калатор бізді қолдарында тақтайшала-ры бар адамдар тұрған, күмбез залға көтерді. Тақтайшада келушінің аты мен мамандығы жазылған екен.
Бұдан әрі бір келеңсіз көрініс болды. Үстіне кең күртеше киген, жұмсақ бұй-ра сақалды жас жігіт еуропалық типті айқын «оқымысты» әйелге сұрақ қой-ды:
‒ Тибет монастырлеріндегі қолжаз-баларды зерттеген сіз бе?
‒ Ия! Мен онда көп уақытымды өт-кіздім, қоймадан тақтайшалардың бір бөлігін алып шығу құқығына ие бол-дым!
‒ Ал онда оларды маған беріңіз! Мен жақында физикалық дүниеге қай-тамын. Сіздің зерттеулеріңізді ары қа-рай жалғастыру үшін тақтайшалары-ңызбен жақсылап жұмыстануым қа-жет!
‒ Жоқ! Мен бұл білімдерді іздеуге бүкіл өмірімді сарп еттім. Отбасы құр-мастан, қалған ғұмырымды жападан-жалғыз өткіздім. Сондықтан бұл – менің дәрежем және оны ешкіммен бөлісуге ықыласты емеспін!
Осы сәтте күмбез астынан күркіреп Дауыс естілді:
‒ Әкелгендеріңіздің бәрін бағыты бойынша тапсырыңыздар да, оқуды әрі қарай жалғастыру үшін өз залдарыңыз-ға барыңыздар!
Ақ Сарбаз бұл залдарды аралап жү-ріп, бұрынғы керемет композитордың жоғарғы математиканы игеріп жатқа-нын көрді! Музыкалық композиция мен математиканың өзара ортақтығы өте көп екен.
Одан әрі ол бекзат ақынның аспаз-дық өнерді шыңдап жатқанын, ал им-прессионист-суретші болса енді мак-раме тоқуды үйреніп отырғанын, тас-тарды бедерлеуші зергердің енді сәу-лет кәсібін меңгеріп жатқанын, атышу-лы авиаконструктордың киім үлгілерін жасау өнерін оқып-үйреніп жатқанын, жалпы алғанда, бойындағы өнердің бір қырын әбден жетілдірген әркім өзінің Универсал Ғарыш Модулінің (УҒМ) ке-лесі қырын ажарлап өңдеуге тиіс еке-нін көрді.
Ақ Сарбаз «ерте піскен данышпан» ақын Ника Турбинаның, суретші Надя Рушеваның, үлкен үміт күттіріп, бірақ әлдебір деңгейде тоқтап қалған балғын лингвистердің, математик пен физик-тердің қайғылы тағдырларының себе-бін түсінді. Олар жай ғана бұрынғы жи-ақталған тәжірибесін пайдаланған, ал жаңасын игере алмаған. Немесе дәлі-регі ‒ бұрынғы ғұмырларында жинаған «теріасты майын» қорек етіп, жаңа тә-жірибе жинақтағысы келмеген. Бүгінде «индиго»-балалар феномені пайда бол-ған кезде бұны білу ерекше маңыз-ды. Қайта Құбылу заңын оқып зерттеу осындай балалар арасындағы өзін-өзі өлтіру індетінен құтылуға көмектесер еді. Өздерінің УҒМ-ының кезекті қырын ажарлап өңдеуге кірісуі үшін олардың күш-қуатын жаңа білімге аударып ба-ғыттау керек.
Мектепте, ең алдымен, балалардың рухани білім алуына назар аударылуы қажет, сонда олар ерте жастан Эволю-ция заңын игеріп, өз өмірін өзгертетін және жаңа мамандықтың есігін ашып беретін Ұстазын, шеберін, режиссёрін, продюсерін, тәлімгерін кездестіруі үшін алдында оқу, еңбектену және мейірім-ді адам болып өсудің тек бір ғана жолы бар екенін білер еді.
Заманындағы ең мықты еңкіш құ-рыш «Т-34» танкілерінің негізін конди-тер М. Кошкин қалағаны – факт. Диірмен жабдықтарының инженері Н. Кондра-тюк адамдардың Айға ұшуын және қо-нуын негіздеген және есептеп шығар-ған. Бұл жобаның орындалуын НАСА инженерлері қолға алды да, 1969 жы-лы адам алғаш рет басқа ғарыштық де-ненің үстіне аяқ басты.
Бұл осындай жоспарланбаған «да-нышпандар» өздерінің бұрынғы өмі-рінде жинақтаған эволюциялық қорын келесі өмірінде іске асыруға дайындал-ғанын айқындайды. Тек эволюциялық қажеттілік қана керек болды да, олар-дың алдын ала белгіленген тағдыры айқындалды.
Әрі қарай жүре отырып, Ақ Сарбаз вокзал алдындағы алаңға шықты да, фуникулёрге жету үшін автобусқа отыр-ды.
Автобус жүріп кетті. Бір мезгілде жүр-гізуші:
– №28 орындықтағы жолаушы қо-ғамдық жұмыстан жалтарып отыр. Сіз-ден, жұмысқа қосылуыңызды өтінемін! – деп жариялады.
Жан-жағына көз салған Ол бәрінің педаль басып отырғанын көрді. Бұл инер-циялық типтегі экологиялық таза авто-мобиль екен. Ақ Сарбаз жолаушылар-дың ауыр сермерді айналдырып отыр-ғанын түсінді. Ол да педальды бар пәр-менімен баса бастады да, жүргізуші:
‒ №28-ші орындықтағы жолаушыға алғысымды білдіремін және барлығы-ңызға біздің қаламыздың көшелерімен қызықты сапар шегуіңізге тілектеспін! – деді.
Соңғы аялдамада Ақ Сарбаз автобус-тан шығып, даңғыл бойымен фунику-лёрге қарай беттеді.
Жанынан дәл осындай қозғалтқы-шы бар, төбесі ашық көлік өтіп бара жат-ты. Оның ішінде педаль басып отырған-дар сырт қарағанда ақ халат киген сту-дент-медиктерге ұқсайтын. Жол жиегі-мен келе жатқан жаяу жүргіншіні көр-ген олар кідіріп, қызыға сұрады:
‒ Сіз қайда барасыз?
Баратын бағыты бір болып шықты. Жастарға тән мінезбен олар жолсері-гінің киген киімін сөз етіп, қалжыңдай бастады. Әсіресе, оларды иесінің жарты бойына тең дәу иыққабы қызықтырды.
‒ Мен мұнда бұрынғы ғұмырларым-да жинаған барлық ізденістерімді ізба-сарларыма арнап Қоймаға тапсыру үшін алып келе жатырмын!
‒ Біз де ішіне өз қолжазбаларымыз, ойлап тапқан хирургиялық құралдары-мыз және физикалық дүниеге қайтушы-ларға арналған дәрі-дәрмегіміз салын-ған медициналық дорбамызды сонда апарып тапсырғанбыз! Ал бұл шама-дан тыс үлкен «білім қабы» кімге арнал-ған екен?
‒ Ол шамамен өздерің сияқты сту-денттерге, тек қана басқа мектепте оқу курсына енгізуге арналған.
‒ Осындай орасан зор білім беретін ол қандай мектеп?
‒ Уақыты келгенде сендердің де кей-біреуің сол мектепке оқуға түсерсіңдер, сол кезде осы қаптың ішіндегі білімге қолдарың жетеді!
Осы сәтте Ақ Сарбаз межелі орынға жетті де, студенттермен қоштаса баста-ды. Кенет олардың біреуі айқайлап жі-берді:
‒ Бұл бізге лекцияда оқыған Ғарыш Сарбазы ғой! Тұра тұрыңыз! Кетпеңіз-ші! Біздің сізге қояр сұрағымыз толып тұр.
‒ Мен білімнің бір бөлігін сендер-дің дүниелеріңнің Қоймасында қалдыр-дым! Сондықтан оқыңдар, тоқыңдар, ал маған жылжу керек, сау болыңдар!
Ақ Сарбаз фуникулёрге отырды да, иен таулы қыратқа дейін жетті. Сынақ-тан өтуі тиіс Білім Ғибадатханасы тұрған таулы қыраттан осы дүниені бөліп тұр-ған шыңырауға апаратын бұл жолды ол білетін...
Қараңғы түсе бастады. Жол елсіз жә-не ұзақ еді. Жүгі иығына батып, Ақ Сар-баз қатты шаршады. «Осындай жүкпен түбі шексіз шыңыраудан қалай секіре-мін?» деген ой Оны бәрінен де қатты мазалады. Ол бұрын да ғұмырдан ғұмырға оның үстінен секіріп өтетін. Соңғы өмірінде де Ол әрең дегенде шетіне ілініп барып, жоғары қарай қи-нала көтерілген-тін. Ол кезде оның білі-мі жоқтың қасы еді. Ал оның еңсесін әуе шайқастарында неміс ұшқыштарын өлтіргені үшін аса ауыр жүк басып тұр-ған болатын. Бірақ та Ол бұны өз Ота-нын, өз елін және өзінің жараланған командирін қорғау үшін жасады. Сон-дықтан сол жүгі оны қанша басқанмен, тым ауыр да емес болатын.
Ақ Сарбаз ойша өзінің Тәлімгеріне сыйынды:
‒ Қарсылаушыны жіберіңізші! Мен оған осы аса ауыр қапты шыңырау үс-тінен лақтырып көремін, одан соң же-ңілденген күйде бұл қарғыс атқыр шы-ңыраудан өзім де өтермін!
Қарсылаушы өте шапшаң жетті. Ол қапты қабылдап алды да, Ақ Сарбаз же-ңілдене күрсініп, ары қарай жылжыды. Біраздан соң Ақ Сарбаз:
‒ Шыңырауға қашан жетеміз және оның үстінен біз қалай өтетін боламыз? – деп сұрады.
‒ Ал сіз оның үстінен баяғыда аттап өтіп кеткенсіз!
‒ Бұл қалай? Ол өзі ‒ сондай кең және қорқынышты емес пе еді?
‒ Ал сіздің өсіп кеткеніңіз сондай, ол сіз үшін кішкентай жыра болып қалды! Сондықтан алаңдамаңыз, одан да Ға-рыш мектебіне оқуға түсу кезінде сізді күтіп тұрған сынақтарға дайындала бе-ріңіз.
Осылай әңгімелесе олар Ғарыш Мек-тебі орналасқан жерге жетті. Осы жер-де Ақ Сарбаздың Ғарыш Құрылысшысы болуы үшін тым қиын да қызу оқуы бас-талып кетті...
Ұстазы Ақ Сарбазды зейін салып тың-дап шықты. Оның қатты толқығаны жә-не түрінің салтанатты екені көрініп тұр-ды. Ол шәкіртіне қайта беруіне рұқсат етіп, басын изеді. Келесі жексенбіде Ұс-таздың үйінде оның барлық шәкірті жи-налған кезде ол:
‒ Мен Жоғарыдан белгілер алдым және бұдан былай Ақ Сарбаздың Ұста-зы бола алмайтынымды жариялаймын! Ол өз деңгейіне өту үстінде және ары қарай оны Жоғары Күштер жетелейді! Ал сіздің бәріңіз де енді Ақ Сарбаздың басшылығы астына өтесіздер, ары қа-рай барлығыңызды ол өзі алып жүретін болады! – деп салтанатты түрде мә-лімдеді.
Осы сәттен бастап барлығы жексен-бі күндерінде Ақ Сарбаздың үйіне жи-налатын болды, ал Ұстаз анда-санда қо-нақ ретінде ғана келетін.
Бір жылдан кейін Ұстаз зейнет дема-лысына шықты да, ежелгі ескерткіштер сақталған көне орыс шаһарына көшіп кетті.
Ол өзі жайлы ешқандай хабар бер-меді. Не хат жазбады, не телефон шал-мады!
Демек, оның еркі осылай болғаны, ал Шығыста Ұстаздың шешімі талқы-ланбайды, тек үнсіз орындалады!
Шығыс адамдары нақты ойлайтын еуропалықтардан осы қасиетімен ерек-шеленеді. Еліне, Ұстазына деген «беріл-гендік пен адалдық» алтыншы саты хал-қының рухани негізі болмақ!