Осы тарауда: «Қашан біздің өлкеміз казактардан тазарғанша біз олармен соғыса береміз. Соғыс аяқталғаннан кейін қай жерге бар десеңдер де, біз мақұл көреміз. Тек сіздерден Орал май-данын тезірек жоюларыңызды өтіне-міз... Сондай-ақ біз қолға түсіріп, Орын-бордағы Кирревкомның қарауына жі-берілген қару-жарақ қызыл әскерді жа-сақтауға жұмсалуын өтінеміз. Төраға – Ж. Досмұхамедов, мүшелер – Т. Меде-тов, (астын сызған - Қ.Х.) Т. Тұрмағам-бетов», - деп жеделхат жолдады» деген жолдар бар.
Тілеп Медетов деген кім?
Медетов Тілеп Ығылманұлы 1883 жылы туған. Ол – Ығылманның бесінші баласы (Жұмағали, Сүлеймен, Кемал, Сары, Тілеп, Жанғали).
Кейіпкеріміздің ата-тегін жіктесек, Кіші жүздің ішіндегі Байұлының Алаша руынан болады. Алашаның Қарабура-сы, Қарабурадан – Әйтілес, Божан. Әй-тілестен – Өтес, Өтестен – Шолан. Шо-ланнан – Құрманқұл. Құрманқұлдан – Медет, Ықылас, Бисенбай. Медеттен – Ығылман. Ығылманнан – Жұмағали, Сү-леймен, Кемал, Сары, Тілеп, Жанғали.
Тілеп ауыл молдасынан білім алған-нан кейін Күйік қаласындағы (Илецк) екі жылдық орыс-қырғыз (қазақ – Қ.Х.) мек-тебінде оқып, оны үздік бітіреді. 1904-1912 жылдар аралығында сегізжылдық мектепті тәмамдаған. Кейін екі жылдай Орынбор қаласындағы мектеп семина-риясында білім алады.
Тілеп қандай білімді әрі шаруаға икемді болғанымен, ұзақ уақыт екі қол-ға бір жұмыс таба алмайды. Сол себеп-ті Ойылға барып, мировой судьяның тіл-машы болуға ұйғарады. Осы кезден бас-тап Тілеп қызметте өсе бастаған екен.
Ол Алашорда тұсында Жымпитыда қаржы бөлімінің бастығы болған. Алаш-орда үкіметінің мүшесі болған Тілеп – Жанша Досмұхамбетовтің сенімді жол-дастарының бірі.
Батыс Алашорда Ойыл уәлаяты құ-рылғанда Тілеп Жымпитыда қалған. Со-дан біздің аталарымыз 1929-1930 жыл-дары кәмпескіленген. Тілеп Кеңес үкі-метінің саясатынан қорқып, өз келеше-гін ойлаған. Оның тұтқындалмай, аман қалуының бір себебі Алашордалықтар-дан іргесін аулақ ұстауы болса керек.
Құпия шешімдерден Тілеп атамыз өзінің және 1893 жылғы інісі Жанғали-дың «халық жауы» атанғанын естіген-де жер ауыстыруымыз керек деп шеш-кен. Содан елден көшіп, Ресейдің Челя-бі деген жеріне дейін барған. Сол жақ-та 1939 жылы бір жылдай ракпен ауы-рып, 1940 жылы қайтыс болады. Тілеп-тен – Бақи (Абдолбақи) мен Мұтал (Құр-манғали).
Ығылманнан тараған Жұмағали, Сү-леймен, Кемалдар шаруа адам болса, серілігі бар Сары ұрыстарға жиі қатыс-қан, пысық жан екен. Кемал, Сары 1921 жылы аштықтан өлсе, Жұмағали халфе 1938 жылы Златоуст қаласында кісі қо-лынан қаза тапқан.
Ығылман атамыз інілері Өзектен кө-шіп кеткен Балғожа, Жасқожалар күн көрсетпеген соң аталықтар тайпасы, Өтеулі бөлімін паналап, Ворошилов (қа-зіргі Үшағаш) деген жерге келіп, сегіз жыл отырған. Алайда Кенжеғара Ақшо-лақ Сарығожин, Жұмағалидың атасы Қарасай деген билер Ығылманға: «Біз мәңгілік емеспіз. Сұрағандарға айта бе-ретін өтірігіміз де таусылды. Өтеулі сен-дерге күн көрсетпес. Ең дұрысы, сендер бұл жерден көшіңдер», - дейді.
Осы ақыл-кеңесті құп алған аталар Божандардан жер алып, бұрынғы 4-фер-ма, Қытайы, Сарықұмақты жайлаған. Елдегі аласапыран басылғанша сонда тұрған.
Жанғали қарт та Електе 1910-1916 жылдары алты жыл оқыған. Сол зама-нына қарағанда, сауаты едәуір болған.
Айта кетерлігі, Өтестен туған Түрке-бай би болған дейді. Түркебайдың Се-йіл деген баласы батыр екен. Оны Ала-ша руы хан деп сайлаған. Медет атамыз оның бас уәзірі, писарь болыпты.
Сейілдің ұлы Амандықты 9 жасын-да Адайдың 18 жасар қызына үйлендір-ген. Ханның баласы ғой, ерке, тентек болыпты. Ойына не келсе, соны жасап, бір орыс подполковникті өлтірген. Бұл жағдайды Ақшолақтың әкесі Сарығожа Кенжеғарин губернаторға жеткізеді. Сөйтіп, Орынбордан келген каратель-ный (жазалаушы) отряд Сейілді тұтқын-ға алады. Қарабура ауылдарының кө-бін шапқан. Соның салдарынан көп кісі Бесқалаға қашып кетіпті. Ол Хиуа облысы, Қоңырат, Жиделібай, Шым-бай, Қойжері, Хиуа қалалары. Сонда жүргенде Медет, Амандық, тағы екі кісі бір өзбектің дүкеніне кіреді. Төр-теуі кіргенде дүкеннің едені сықырлап-ты. Сонда дүкенші өзбек: «Апыр-ай, жүз кісі кіргенде сықырламаған еді, мы-на еден төртеуі кіргенде сына жазда-ды. Мыналар қандай көрікті?!» - депті. Содан көп ұзамай төртеуі де көз тиіп қайтыс болыпты.
Советтің солақай саясатынан туған жерден үдере көшіп, орыс сағалап жүр-ген қазақтар 1956 жылдары өмірден Сталин мен Берия өткен соң Ресейдің Башқұртстан, Орынбор жағын паналап жүргендер оңашада бас қосыпты.
- Бұлай туған жерден жырақ жүре беруге болмас. Түбі елге қайтуымыз керек. Алайда біздің қазақ шаш ал де-се, бас алады ғой. Елде кешегі кәмпес-ке уақытындағы жандайшаптар әлі де бар. Олар бізді құшақ жая қарсы ала ма? Сондықтан байырғы атақонысымызға бармай, жақын маңға көшіп барғаны-мыз жөн болар, - десіпті. 1958-1959 жылдары кешегі кәмпескіленгендер әлі Қаратөбеде болғандықтан, олар Шыңғырлау, Бөрлі, Теректі аудандарын-да тұрақтайды.
1961 жылы ең соңғы көш келді. Олар Жұмағалидың ұлдары Дүйсен, Мұзафар, Ермек еді. Сосын Бірғали-дың жақындары еді. Жұмағалидың балалары Аққозы совхозында «Жұма-ғали базы» деген әкелерінің мекеніне барып қоныстанады. Совхозда көп жыл адал еңбек етіп, соның арқасында ел-ге сыйлы болды.
Дүйсен ағай өте момын, азырақ жас-қаншақтау, шаруаға қырағы еді. Ал Мұ-зафар ағай – қарапайым, шаруа адам. Қызы Зұлайха шопандық еңбегі үшін орден, медальдармен марапатталды. Сонымен қатар Қаратөбе аудандық партия комитетінің бюро мүшесі болды.
Ермек ағай да қарапайым шаруа, қазақы, өте әділ кісі болатын. Осы ең-бекқорлығының арқасында Қазақстан мен Ресейдің талай марапатына ие болды.
Автордан: Қаратөбе ауданының «Аққозы» совхозында аға шопан бол-ған Ермек Жұмағалиев ағамен талай кездесіп, әңгімелескен едім. Ол қара-көл қойын өсіруден бірнеше дүркін ау-дан чемпионы болды.