Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Бүгін қолыңызға ұстап отырған журналымыздың жаңа санынан бір нәрсені анық байқайсыздар. Ол – журнал бағытының өзгеруі, жастар тақырыбы, қазіргі күннің өзекті мәселелеріне көбірек орын берілген. Бұл біздің редакциямызға келіп қосылған жаңа леп, тың күштің нәтижесі.
Қазір көпшілік тиын-тебен жинаса шетел асып демалуды жөн көреді. Өзгенің табиғаты мен тарихын танып, жиған-терген қаражатын шетелге апарып береді. Əр адам өз ақшасына қайда барып демалуын өзі біледі. Бірақ, ұсынысым – кемінде жылына бір рет туған жерінің тарихи маңызды, табиғи əдемі жерлерін көруді мақсат етсе жөн болар еді. Ішкі туризм дамып, бастысы туған жерді тану арқылы терең тарихымызға бойлап, бойға ұлттық рухты сіңірері сөзсіз. Осыған орай кең байтақ даламыздағы əсем табиғат пен маңызды тарихи орындарды таныстыру мақсатында қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде «Дешті Қыпшақ даласы» атауымен бейнероликтер шығуда. Бұндай жобалар ауадай қажет. Іске сəт!
Бақытжан ҚАДЕР,
«Болашақ» шәкіртақысының иегері, Нью-Йорк фильм академиясы продюсер мамандығының студенті, Лос-Анджелес, АҚШ
- Бақытжан, әуелі өзіңіз туралы ай-тып берсеңіз. Қандай отбасында дүние-ге келдіңіз?
Қайыржан ХАСАНОВ,
өлкетанушы, Орал қаласы
Зерттеуші-ғалым, жазушы Тұрсын Жұртбайдың «Ұраным – Алаш!..» атты романының «Тез» деген үшінші тарауы «Бостандықтың аятты жасыл туын тік-кен...» (Халел Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов және...) («Жұлдыз» жур-налы, №8, 2011 жыл. 142-161-беттер) деп аталады.
Мамыр айының 16-шы жұлдызы күні түске дейін Сырым ауданының орталы-ғы – Жымпитыда Алашорда үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай «Қазақстан» телерадиокорпорациясы-ның Орал және Семей қалаларындағы филиалдарының арасында «Азаттықты аңсаған Алашорда» атты Жымпиты мен Семейді байланыстырған өңірлік теле-көпір өтті. Ақпарат құралдары бұл тура-лы кезінде толығырақ хабарлады.
Рита СҰЛТАНҒАЛИЕВА,
М. Өтемісов атындағы БҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры, филология ғылымдарының кандидаты
Әкенің балаға деген махаббаты әркімде әр түрлі. «Айналайын» деп еміреніп, еркелететін жандар бар да, дәл осы сөзді көп айтпаса да, жүрегімен сездіретіндер де бар. Мейірім нұрын төгетін, кел-бетпен көрсетпейтін жандарды «айналайын» деп еміренбейді деп айтуға келмес. Мейірім сәулесі де адамдарға бірдей төгілмейді. Жаратушының жазуы-мен миллиондаған шақырымды секундтарда жүріп өтіп, жұмыр жерге тіршілік нәрін сыйлайды ол. Ол адамзатты сүйеді. Адамзат та оған ұмтылады. Ма-ған әке мейірімі де сол аппақ сәуледей көрінеді. Қазақтың ең қымбатын «шырағым» дейтіні, «Шыра-ғың сөнбесін!» деген тілек тілейтіні бекер болмаса керек-ті. Сырттай қарағанға бір-ақ түс. Ал біле біл-сек, оның бойында қаншама ғажайып бояу бар. Көк те, қызыл да, сары да. Әке махаббаты да сол сәуледей бір өзіне қаншама бақыт, қуаныш, үміт, арман, ізгілік құндақтаған. Мен әке махаббатын осылайша түйдім.
31 мамыр күні саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапханасы «Қазақтың ақтаңдақтары» тарихи кеш ұйымдастырды.
Шолпан ҚЫДЫРНИЯЗОВА,
ақын
Әлеуметтік желі қолданушылары ақын Шолпан Қы-дырниязованың тәрбие сағаттарымен жақсы таныс. Бүгінде мектеп мұғалімдері ақынның ой-түйіндерін тәрбие құралы ретінде қолдануда. Құрметті оқырман, назарларыңызға бірқатар тәрбие сағатын ұсынғымыз келеді. Оқыңыз, ой түйіңіз!
Ержан МАКСИМ,
Орал қаласындағы А. Тайманов атындағы №34 мектеп-гимназиясының оқушысы, жас әнші
Жуырда Ержан Максим Италияның Сан-Ремо қаласындағы жас орындау-шылардың халықаралық фестивалінде жеңімпаз атанып, жұртшылықты қуант-ты. Өнерлі өрен үлкен оркестрдің сүйемелдеуімен сол елдің тілінде ән салды. Енді ол Витебскіде өтетін ха-лықаралық «Славян базары» байқауын-да өнер көрсетпек.
«Саяхат» айдарының бүгінгі кейіпкері – блогер Динара Болат. Психолог маманды әлемді шар-лауға не жетеледі? Жылдың төрт айын сапарда өткізетін саяхатшы-ның отбасы бұған қалай қарайды? Аруды алда қандай елдер күтіп тұр? Кейіпкеріміздің өзін сөйле-тейік.
Батыс Қазақстан облысында да-рынды балаларға арналған С. Сей-фуллин атындағы №11 қазақ мек-теп-интернат кешені қашанда өнер-лі, үлгілі шәкірттерімен мақтанады. Аталған мектептің білім беру жүйе-сі де ерекше. Мәселен, 2007 жыл-дан бір сыныпқа түгелдей өнер ба-ғытында оқитын балалар қабылда-на бастапты. Биыл сол өнер мекте-бінің үшінші түлектері қанат қақты. Енді олар өз жолын таңдамақ. 9 «г» сыныбынан құрылған үлгілі «Ата-мұра» халық аспаптар оркестрі ма-мыр айының 20-шы жұлдызы есеп беру концертін өткізді. Елдің көз-айымына айналған жас өнерпаз-дар 2012 жылы музыкалық бағытта тереңдетілген сыныпқа қабылдан-ған болатын.
Айболат ТОҒАЙҰЛЫ,
«Өркен» қосымша білім беру орталығының директоры
Біздің кейіпкеріміз Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Қарауылтөбе ауылында дүниеге келген. Әкесі қолы шебер, өнерге жақын адам болыпты. Бір нәрсені бұзып, өзге зат құрастырып бе-ретін, домбырамен ортеке ойнататын өнері болған. Осы қасиеттері ұлына дарыған болуы керек, Айболат бала кезінен бір нәрсені қиып, бүлдіріп, бұйым жасағанды жақсы көреді екен. Міне, қолөнермен айналысуға деген қызығушылық әлі де жалғасып, жаңа нәрсе үйре-нуге деген шабытты шыңдай түсуде.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463