Жаңақалалықтар жорыққа шықты

Ақдинаш ӨТЕЕВА,ъ

Жаңақала аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы

Президент Н. Назарбаевтың «Бо-лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма-қаласы республика көлемінде жан-жақты талқыланып, кең қолдау табу-да. Туған жерге сүйіспеншілік туған та-рихыңды терең білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола біл-ген, ел есінде қалған біртуар перзент-тер бар. Ал олар жайында жас ұрпақ-тың білгені абзал. Сондықтан әр сала-да өлкентану жұмыстарын жүргізіп, та-рихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні осында.

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңі-ріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспен-шіліктен басталады» - деп Елбасымыз айтқандай, рухани жаңғыру аясында «Туған жер» бағдарламасын қолдап, әр адамға рухани күш-қуат беріп, жаңа-лықтың жаршысы болып жүретін Жа-ңақала аудандық орталықтандырыл-ған кітапхана қызметкерлері, аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі Ақдинаш Өтеева, аудандық орталық кітапханасының кітапханашысы Айнұр Көшетова, аудандық жастар ресурстық орталығының бейнетаспаға түсіру операторы Ержан Тойлыбаев, аудан-дық мәдени-демалыс орталығының әдіскері Эльмира Ихсанова және туған топырақтың тарихын жинақтап жүрген ауыл ағалары, зейнеткер өлкетанушы Тыныштық Өтешқалиұлы, Шаһидолла Ишанғалиұлы, Саркөл ауылының тұр-ғыны жол бағытын сілтеп, көмек көр-сеткен Елемес Ғалымұлы және аудан-дық өлкетану мұражайының басшысы Амантай Саясатұлы болып «Туған жер-ге тағзым» атты жобамен экспедиция-лық жорыққа шыққан болатынбыз.
Бұл жобаның мақсаты – еліміздегі тарихи-мәдени ескерткіштерді жаң-ғырту, сақтау, дамыту, халыққа таныту, оларды насихаттап, тарихын жете зер-делеу. Бұл ұлттық бірегейліктің басты тірегі бола алады. Экспедициялық жо-рықшылар алдымен аты аңызға айнал-ған Жұбан ата бейітінің басына барып тәу етіп, одан кейін Исатай-Махамбет көтерілісі болған жер – Бекетай құмын-дағы Тастөбеге жол түсіп барып қайт-тық. Жаңақала ауданы аумағындағы ежелгі, тарихи, киелі орындармен та-нысу елдік бейнеміздің кәусар бұлағы екенін, оның пайда болу тарихы, осы киелі орындар арқылы біз өткен та-рихымызды, мәдениетімізді білеті-німізді кейінгі жас ұрпаққа дәріптеу, оларды ұлттық салт-дәстүрімізді, әдет-ғұрпымызды құрметтеуге тәрбиелеуде бұл жорықтың берері мол болды.

Қаралым саны 893

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463