Журналымыздың жаңа санын қолыңызға ұстатып тұрып, туған жер тарихының тағы бір тың парағы ашылды деп сеніммен айта аламыз.

Мемлекеттің тұтастығы үшін бір мемлекеттік тіл, бір әліпби болуы тиіс.

Ақбай БАРЖЫҰЛЫ

Еділ ДӘУЛЕТИЯРОВ, 

«HAMK» қолданбалы ғылымдар университетінің студенті, Финляндия

...Мен Финляндияда, жалпы, шет елде оқимын деп ойламаппын. Мүмкін еместей көрінді. Қалталы болу керек шығар деген де ой болды. Мен білім алған Назарбаев зияткерлік мектебін-дегі ұстаздарым Тампере қаласындағы университетте білімін жетілдіріп келді.

(Ақ Жайық жағасында сөйленген сөз) 

Мақсат ТӘЖ-МҰРАТ

Жер ортасы — көктөбеден ауған шақта жаныңды сары масадай талайтын көп ойдың бірі мынау болса керек: қа-зығынан айналған ат секілді бір жерді шиырлай беретінің не осы?! Өтемеген парызың бар ма әлде? «Сен осыны жаз» деп, біреу әдейілеп аманаттап кетті ме?.. Осылай-осылай кете береді.

Ақдинаш ӨТЕЕВА,ъ

Жаңақала аудандық балалар кітапханасының меңгерушісі, Батыс Қазақстан облысы

Президент Н. Назарбаевтың «Бо-лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ма-қаласы республика көлемінде жан-жақты талқыланып, кең қолдау табу-да. Туған жерге сүйіспеншілік туған та-рихыңды терең білуден басталады. Еліміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай сол өлкеде халқына пана бола біл-ген, ел есінде қалған біртуар перзент-тер бар. Ал олар жайында жас ұрпақ-тың білгені абзал. Сондықтан әр сала-да өлкентану жұмыстарын жүргізіп, та-рихи-мәдени ескерткіштерді қалпына келтіру қажет. Ел Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасының мәні осында.

Мүсілім ӘМЗЕ,

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының PhD докторанты, Алматы

Қазақ музыка мәдениеті үшін 1934 жылы басталған халық өнерпаздары- слетінің орны ерекше болды. Дом-бырашылар ансамблі, кейіннен КазЦИК оркестрінің негізгі бөлігін осы слет өнерпаздарынан жасақтаған. Дири-жерлік өнердің қазақ даласына кәсіби түрде келуі осындай қажеттіліктен туды.

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Өнер шамшырағы» ансамбльдер байқауы өтті. Сайысқа 10 ансамбль қатысты.

«Отбасы – бақыт мекені» рес-публикалық апталығы аясында Батыс Қазақстан облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арнал-ған арнаулы кітапханасында «Отба-сы – өмірдің аясы» атты мерекелік шара өтті.
Арнаулы мектеп-интернатпен кітапхана тығыз жұмыстанып қана қоймай, бүгінде бір отбасына айнал-ған. Сондықтан шараға облыстық кө-ру қабілеті бұзылған балаларға ар-налған арнаулы мектеп-интернаты-ның оқушылары мен №44 мектеп-гиназиясының 4-сынып оқушылары қатысты.

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданы Қараоба ауылдық округінен 12 шақырымдай жерде, Әжікей сай елді мекенінде Омар Жазықұлының зираты бар. Ел-жұрт әлі күнге дейін әулие тұтып қадірлейтін, әйгілі Ғұмар Қараштың ұстазы саналатын бұл адам кім болған?

Құлан тарамысын созып, қыран кереге қанатын жайған ұлан ғайыр қазақ даласының тарихы сан ғасыр шежіресін артқан талай ауыр томдарға жүк болса да,әлі де толық айтылып бітпепті.

Қазақстан аумағында ақша айналы-мының мыңдаған жыл бұрын пайда болғанына көптеп табылған тиындардың соғылымы куә.

Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің қоры өткен тарихтың дәлеліндей болып келе жатқан көне жәдігерге өте бай. Солардың бірі – қазақ арулары киген бас киімнің бір түрі – қасаба. 

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463