Әр отбасы – бір ансамбль

Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрында облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Өнер шамшырағы» ансамбльдер байқауы өтті. Сайысқа 10 ансамбль қатысты.

Өнер додасына ҚР Халық ағарту ісінің үздігі, «Ерен еңбегі үшін» ме-далінің иегері, халықаралық, рес-публикалық байқаулардың лауреаты, халықтық Қабиевтар жанұялық ан-самблінің және «Қыз Жібек» терме-шілер ансамблінің жетекшісі, сазгер, әнші-термеші Баян Қабиева, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Қа-зақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филар-мониясының әнші-композиторы Жаскелең Ғайсағалиев, ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Батыс Қазақстан облыстық қазақ драма театрының актрисасы Бақтыгүл Жақыпова, Ха-лықаралық байқаулардың лауреаты, Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы «Назерке» халық би ансамблінің жетекшісі Ақмарал Тасболатова,
Ғ. Құрманғалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық филармония-сының «Орал сазы» фольклорлық ансамблінің жетекшісі Асқар Кен-жеғалиевтар төрелік жасады.
Жарыс қорытындысында бас жүлде Кәрімовтер отбасылық ан-самблі (Жәнібек ауданы), І орын Хасановтар отбасылық ансамблі (Қазталов ауданы), ІІ орын ағайын-ды Сисеновтер отбасылық ансамблі (Зеленов ауданы), Байтеміровтер отбасылық ансамблі (Қаратөбе ау-даны), ІІІ орынды Қабиевтар отбасы-лық ансамблі (Теректі ауданы), Бай-ғалиевтар отбасылық ансамблі (Шыңғырлау ауданы), Боташевтар отбасылық ансамблі (Бөрлі ауданы) иеленсе, Кенжебаевтар отбасылық ансамблі (Сырым ауданы), Сарку-ловтар отбасылық ансамблі (Ақ-жайық ауданы), Исламғалиевтар отбасылық ансамблі (Тасқала ау-даны) дипломант атанды.
Сонымен қатар гала-концерт шымылдығын «Мерейлі отбасы – 2016» облыстық байқауының же-ңімпаздары, халықтық Биғалиев-
тар отбасылық ансамблі ашып, ке-йін «Өнер шамшырағы» облыс-
тық отбасылық ансамбльдер бай-қауының жеңімпаздары концертік бағдарламаларымен жалғастырды. Соңында теректілік Қабиевтар от-басылық ансамблінің егіз бүлдірші-ні Сұлтан мен Бейбарыс Е. Хасанға-лиевтің «Атамекен» әнін шырқады.

Қаралым саны 1109

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463