Омар Жазықұлы (1841-1890 ж.ж.) - өте білімді, ескіше оқып, арабша сауат ашқан, ел адамдары қалпе (халфа) атап кеткен діндар адам. Руы – Есен беріш. Ауыл үлкендерінен естуімізше, ғұлама – Ғұмар Қараштың ұстазы болған, бай кітапханасы, шәкірт оқытып, білім бе-ретін, тәрбиелейтін мешіт-мектебі бол-ған адам. Ауыл балаларының хат та-нуына, заман ағымына ілесіп, орысша білім алуына да көп үлес қосқан. Омар-дың бойында білімділігімен қатар кө-ріпкелдік қасиет, ауру адамға ем жасай-тын өзгеше тылсым күш болған. Ол кі-сінің өмірден өткеніне ғасырдан астам уақыт болса да, халық медицинасын-дағы «ұшынған», «соққан», «қаққан» деген кеселдерге тап болған кісілер бе-йітіне барып, аруаққа Құран бағыштап, мал сойып, түнеп, мінәжат етіп жатады.
Еліміз егемендік алып, тарихымыз-ға теңдік тигеннен кейін белгілі тарих-шы ғалым ағамыз Исатай Кенжалиев елге келіп, Омар жайлы мәліметтер жинақтап, Ғұмар Қараш туралы жазған кітабына кірістірген болатын. Ғұмар-дай ғұламаға ұстаз болған адам тегін болмайтыны белгілі емес пе? Ел адам-дары «Омар қалпе» атап кеткен бұл кісінің мәңгілік мекені қоршалып, жыл сайын тазаланып, қамқорлыққа алы-нып келеді. Терең білімділігі бейіті ба-сындағы құлпытасқа жазылған түйінді де мазмұны терең өсиет сөздер жол-дарынан-ақ аңғарылып тұр:
«Əл-маут кəəс кулли нəəс шари-баһу. Уал қабр бааб кулли наас даахилаһу» - Өлім – кесе, күллі адам одан ішеді. Қабір – есік, күллі адам одан кіреді. Һəзəл(бұл) – марқад (тұрғызылған белгі) əл-шариф (шарапатты) Беріш руы есен тайпасы Ғұмар ахун (муфтиден кейінгі діни басшы)... ибн ... мəтуфи (офат болды) 49 жасында 1890 жылы».
Заман құбылып, ескіше оқыған-дарды, молда-ишандарды қудалау басталғанда Омардың зираты да ол сорақылықтан шет қалмайды. Мешіті құлатылып, орнын тегістеуге бұйрық берілгенімен, орындаушылар кедер-гіге, көптеген қиындыққа тап болады. Естуімізше, ол кісінің кітаптары тәркілеу-ге түспей, жер астына көміліп, беті тегіс-телініп тасталған екен. Бүгінгі ұрпақ-тың Омар Жазықұлы туралы білетін де-ректері осындай. Омардың бейіті Қа-раоба ауылы Әжікей сайы (Энгельс) елді мекенінде. «Қалпе» атауымен халық қамқорлығымен ғасырдан астам уа-қыт болса да, сол қалпында сақтаулы тұр. Омар Жазықұлы терең зерттеуді қажет ететін, өлкенің өнегелі тұлға-ларының бірі болып саналады.
2008 жылы Қараоба ауылының ба-йырғы тұрғындары Нәсиболла Мырза-ғалиев пен Батырғали Имашев өзде-рінің ізденістерімен қажетті материал тауып, қалпе атаның зиратын қорша-ған болатын. Естуімізше, ертеректе Ре-сей жағынан келген Омар қажының ағайындары ағаш шарбақтан қоршау орнатқан екен. Ол қоршау ескіріп, құ-лап қалғандықтан, жоғарыда аттары аталған екі азамат қайта жаңғыртып қоршау көтерген еді. 2015 жылы ел үлкендерінің бастамасымен ауылда-ғы зираттар қоршауға алынды, сол жылы Қалпе атаның бейітінің маңы да тазартылып, темір қоршау орна-тылды.
«Қазаннан да келетін»
«Келін болып түскеннен кейін кө-терген сәбиім шетіней бергесін екі үл-кен енем бір қойды байлап, ауылдағы көзі қарақты Құран оқитын адамға сөйлесіп келді де, маған: «Тазаланып жуынып, таза киіміңді киініп әзірлен!» деді. Мен әзір болған соң ат-арбамен, жаңағы кісімен қойды салып алып, «Әжікенсай» деген жердегі бейіттер орналасқан қорымға келдік. Қорымға кірмес бұрын зиярат етіп, Құран ба-ғыштады, сосын үлкендеу болып кө-рінетін ұзынша келген арабша жазыл-ған бейіттің басына келіп, Құран ба-ғыштап, алып келген қойды сойып, сол елді мекенде отырған үйлерге та-рат деп маған беріп жіберді. Кешкісін тахарат алып, төсек салып, сол бейіт-тің аяқ жағына екі енем екі жағымда жатып қондық. Үлкен кісінің айтқаны – бұл тегін адам емес екен, менің ау-руыма бір шипасы тиер деп ниет етіп келген екенбіз, ішіңнен «Дұға-тілегімді қабыл алыңыз» деп ниеттеніп жат! де-ді. Ұйықтап кеткен едім, түс көріп жа-тыр екенмін, оянғанымда ішімді сый-паған алақанның табы білініп тұрды. Жеңілдеп қалғандай болдым. Ауылға келген соң қайнымның қызын бауы-рыма алдым, содан тұңғышым дүние-ге келді, қорқып жүрдім бірдеңе бо-лып қала ма деп, бәрі де жақсы бол-ды. Мен содан кейін де ол кісіге сене-тін болдым, қазір жасым 85-те ақыл-есім түзу, өмір сүріп жатырмын. Ол кі-сінің басына біз барғанда жер-жерден адамдар келіп түнеп жатқанын көріп, алғашында таң қалдым. Ресейден, Қа-заннан келген кісілер болды араларын-да» - деп еске алады 1928 жылы 27 қа-занда туған Дәметкен Есекенова апай.
Қалпе атаның қасиеті
«Менің енем Нәсіпқаным Боқано-ва Қалпе ата туралы көп білетін еді. Әңгімесінен есімде қалғаны: Әжікен-сай мен Әбдірештің арасында ақтар мен қызылдар соғысып, аққан қан екі ортада су сияқты болды дейтін. Ақтар келіншек-қыздарға күн бермегесін ер адамдар қалпенің басына ұрланып ба-рып, жалбарынған екен. Содан кейін ақтардың күші әлсіреп, қызылдар жең-ді деп отыратын. Қалпе атаның меші-тін бұзып әкеліп Қараобаға мектеп салды, аруақты адам ғой, иесі бірге жүр екен, мектепте түнде шам жанып тұрады, жүрген адамның дауысы ес-тіледі деп үлкендер айтып отыратын» - дейді 1952 жылы туған ауыл тұрғыны Ақсұлу Әйтімова.
«Омарды әлі таныған жоқ-сыңдар»
«Қарақтарым, сендер кімді дәріп-теп, кімге құрмет көрсетуді әлі білмей жүрсіңдер. Сендер Ғұмарды енді та-нып жатырсыңдар, ал Омарды зерт-теп, тануларың керек. Менің бала кез-ден құлағыма сіңген әңгіме – әкемнен естігендерімді айта отырайын. Омар қалпе бірнеше рет қажылыққа барған, өте сауатты, дінге берік, парасатты адам, шәкірт тәрбиелеген ұлы ұстаз болған. Ұлы Шәріп әке жолын ұстан-ған, қажылыққа барып, адам емдеп, жаман аурулардың ел ішінде тарама-уына көп үлес қосқан. Ғұмар Қараш-пен замандас бірге жүрген, Ғұмар 7 тіл, Шәріп 5 тілді меңгерген екен. Омар Жазықұлы – мешіт салдырып, дү-ние ілімі туралы оқытқан, ұрпақ сана-сының оянуына үлкен үлес қосқан адам. Діни оқуы мықты болғандықтан, көптеген ауруларды оқып емдеп, ша-лықтаған, құтырған адамның есін жи-ғызады екен. Мешітін бұзуға ешкімнің жүрегі дауаламай қойған, себебі трак-торшы жігіт бір тылсым күштің көлігін жүргіздірмей қойғанын айтып, есі шыққаны сонша, тракторына қайта отырмай қойған екен. Оның ең құнды, бағалы кітаптары көп болған, бірақ адам тауып өртемесін деп белгісіз жерге көміп тастаған. Ол кісінің әлі күнге ел аузында жүруі, басына адам-дар барып, мінәжат етуі тегін адам емес екенінің дәлелі емес пе? Жастар, сендер ел адамдарын білулерің ке-рек» - деуші еді 1931 жылы туған, 2013 жылы 82 жасында өмірден өт-кен Гүлжиян Қапарова әжеміз.
Қате жорылған түс
«Менің қолымда екі үлкен әже бол-ды, бұрынғы заманды, өткен өмірді, қисса-дастандарды жатқа соғатын еді. Шежірені жақсы білетін-ді. Біреулер іздеп келіп, бастары қосыла кетсе, Омар қалпенің жалғыз ұлы туралы әңгіме қозғайтын. Солардан естіген бір әңгіме көкейімде жатталып қалыпты, мен де үлкейдім, көбін ұмытып қалдым ғой.
Омардың Шәріп деген жалғыз ұлы болған. Сол Шәріптің үйі қазіргі Қы-дырғали Серғалиев отырған үйдің артқы маңдайында үлкен қара тапау бар, сол жерде болған екен.
Шәріптің өзі қажы атанған, өте бі-лімді, оқымысты, алдын болжайтын көріпкел адам болған. Біздің үйде болған Ғазиза апай 15 құрсақ көтерген адам екен, жолдасы Қадырболат Бек-тасов деген адам. Қанша бала тапса да, шетіней берген соң қолына 6 ай-лық ұлы Ибрайымды алып (Энгельске) Әжікейсай қалпенің басына келе жа-тып, оның баласы Шәріптің үйіне тү-седі. Шәріп қажы шамы жанып тұрған бөлмеде Құран аударыстырып отыра-ды. Үйде күтушілері бар, таза көрінеді. 6 айлық бала жылжып, орындықта отырған Шәріп қажының аяғының ас-тына барады, сол кезде Ғазиза апай да жүгіріп келеді. «Кіш етіп» қояр, үстін бүлдірер» - деп қорқып кеттім дейді екен кейін есіне алғанда. Шәріп қажы баланы көтеріп алып, «Қарағым-ай, жаугершіліктің баласы екенсің ғой» деп маңдайынан иіскеп, анасының қолына береді. Тұмар жазып беріп, мойнына тағып жүруін айтады. Ибра-йым 1926 жылы туған бала екен, сон-да есептеп қараңыз, Шәріп қажы 6 ай-лық балаға қарап тұрып, сол баланың алдағы өмірін болжап берген! Кейін-нен сол бала соғыс басталғанда ком-сомол басшысы болып жүріп, жасын бір жылға көтеріп жаздырып, өзі сұ-ранып майданға аттанып, соғыста жоғалып кеткендер қатарына жатқы-зылған екен. Қадырболат пен Ғази-заның балаларының алды 1920 жыл-ғы, соңы 1947 жылғы болып келеді, 15 перзенттен бір бала да қалмаған ғой. Ғазиза апай бала тұрмағасын Омар қалпенің басына түнейді, түсінде екі бөшке суы, шөлпілдеп тұр, іштерінде толған балық, шоршып ойнап жүр, содан екі балық шоршып жерге түсіп тулап жатыр екен дейді. Қазақ халқы түсті жақсыға жоры деп тегін айтпаған ғой, апай ояна келіп, «Еее... екі балық жерге түсіп қалды, менің ішімдегі де түсіп қалады екен» деп қате жорып, мұңаяды. «Содан бала тұрмады, жас-тығым ба, ешкімге айтпай қате жоры-дым» деп отырады екен.
1946 жылға дейін Омар қалпе меші-тінің қызыл кірпішті қабырғасы мен есік-терезелері сақталып тұрды. Ол кездерде мен 15-16-дағы қызбын, өзімнің көзім-мен көрдім, үлкендер: «Е, шіркін, бұл киелі мекен ғой» деп Құран бағыштап өттік қасынан. Кейіннен Қараобаға 1932 жылы мектеп салынған кезде Қарасай деген адам – ол кезде 17-дегі жігіт қой, сол Омар қалпенің мешітінің қаңыл-тыры мен тақтайларын пайдаландық деп айтатын еді» - деп еске алады 1931 жылы туған Шакуова Іңкәш әжей.
Топалаң тиген қойдың
хикаясы
«Мен 1941 жылы туғанмын, 6-7-сы-ныпта оқып жүрген кезім. Анам қырда шопан, бір отар қой бағады. Қойлар күйлі, семіз, бірақ аяқ астынан топа-лаң тигендей, күніне 7-8 қой өліп қа-лады. Облыстан, ауданнан мал дәр-герлері, басшылар келіп, тексеріп, егіп жатыр. Бірақ қой өлімі тоқтамады. Содан анам бір кеште үйге келіп, дә-ретін алып, таза киініп алды да, отар қойды айдап, қалпенің басына түнеуге кетті. Соңынан анам айтады: «Баруын барсам да, жүрексіндім, бірақ нар тә-уекел! «Мен сізге сеніп, ниет еттім, мына зобалаңнан құтқарыңыз!» - деп сыйынып, білген дұғамды оқып, қой-ды басына иірдім де жаттым» деп. Содан қатып ұйықтап қалған, оянса, қойдың бәрі тып-тыныш, жәйбарақат жатыр екен, өргізіп едім, бәрі орын-дарынан тұрып, бір-бір сілкініп ал- ды да, өріске қарай жүре берді. Сол күннен бастап малдың өлімі сап тиылды» деп отыратын. Кейіннен малды қарауға тағы облыстан ко-мисия келіп, анам «Мал өлімі тоқта-ды, қарайтын ештеңе жоқ! Не оқып жүрсіңдер, дым білмейсіңдер!» - деп оларға ұрысып, малға жақындат-паған ғой. Содан анамды жиналыс-
қа салып, қызық болған дейді. Бірақ әңгіме жата ма, қалпенің басына малды түнеткені туралы естігенмен, басшылар анама ештеңе дей қой-мапты». Бұл естелікті 1941 жылы ту-ған Ғазизов Қадыржан ағамыз айтып берген еді.
Әжікей сай – киелі жер
«Менің анам Бақыт бір тойдан таң-да қайтып келе жатып, аяқасты жын соққандай шатысып, қатты ауырған. Содан үлкендер «тез арада қалпеге апару керек!» деп шешіп, басына ба-рып, бір түнегеннен кейін құлан-таза айығып кеткен екен» - деп еске алады Талапқали Иманғалиев.
«Мен көп жыл Қараоба ауылының Әжікен сайы қыстағында тұрдым. Омар Жазықұлының басына кеңес үкіметі ке-зінде де көптеген адам келіп, мал сойып, түнейтін еді. Көптеген адам Ресейден келіп, сыйынып, түнеп, кейін сол кісі-лер сырқаттарынан жазылды деп есті-дік. Менің жодасым Зәуреш Қайсаға-лиева ертеректе аттан құлап ауырып, осы кісінің басына түнеп жазылды. Жол-дасым күні кеше о дүниелік болғанша, атаның басына барып, табынып, оқуын оқып, топырақ әкеліп, ауырған жеріне басып, белгілі уақыттан кейін оқуын оқып, топырақты қайта апарып тастай-тын. Қазіргі уақытта ата жатқан қорым қоршалды. Әжікей сайы – бұл киелі жер екен, ертеректе мешіт болған. Атаның ұрпақтары емдік шөп өсіріп, халықты емдейтін. Сол сөзді ауылдын үлкендері айтып отыратын еді. Атаның аруағы кейінгі ұрпақты желеп-жебеп, еліміздің тыныштығы болсын деп оты-рамын» – дейді 1935 жылы туған Дүй-секов Сағынғали ата.
Ел аузындағы әңгімелерді жинастырып, қағазға түсірген
Лаура ӘДИЕТҚЫЗЫ,
ауыл кітапханашысы