Әлімсақтан сәйгүлік мініп, сайын дала самалына сүңгіп, еркін сайран салған сақ, сармат бабамыздан бері талай тарих қатталып, туған жер тө-сіндегі әр тас, әр тау мен әрбір бұта шежіреге айналған-тын.
Бүгінгі Шыңғырлау ауданы көле-мінде нақты зерттелген, тұжырымдар жасалып, тарихи және мәдени мұра мәртебесі берілген 183 археологиялық ескерткіштер жиынтығы бар. Бұлардың барлығы арнайы қатталып, бірнеше тарихи басылымға шықты.
Аталған жәдігерлер ішінде көп жа-ғынан ерекше, бірегей Еуроазиялық дерек болып есептелетін Үлгілі ауылы маңындағы бейітте және 2002 жылы әлемдік каталогқа кірген Лебедевка (Сегізсай) ауылы маңындағы бейіттік кешендер де бар. Бұл маңда жүргізіл-ген археологиялық қазба жұмыстары тас ғасырына жататын тіршілік іздерін, жекелеген тұрақтар мен орындарды, сонымен бірге пластина, микролит жә-не нуклеус бейнесіндегі тас құралдар-ды тауып отыр.
Кейінгі кезеңнің ескерткіштері, қола дәуірінен орта ғасырлық дәуірге дейін-гі аралықтағы ескерткіштер обалық бе-йіттер түрінде. Бұл оба-бейіттер Үлгілі елді мекені маңындағы Елекшар қоры-мында табылған болатын. Мұндағы көне жерлеу ескерткіштері ерте қола дәуірінің (б.з.д. ІІІ мың.ж. екінші жар-тысында) көне ұра (шұңқыр) мәдени-етіне жатады және сол уақытта Шығыс Европа мен қазақ даласында, яғни біз-дің өңірімізде мал шаруашылығы қа-лыптаса бастаған. Жерлеу ғұрпында обалық тәсіл негізгі салтқа айналған бұл қорымдардағы қабір кешендері Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы отрядының қызығушылығын тудырды. Мысалы, осы зираттағы №3 қабірдегі қабір шұң-қырының құрылысы, қызыл бояумен боялған қаңқа сүйектер, құрал-сайман заттар (мысалы: алқа, бұрамалы сым-нан жасалған қола түйреуіштер) біздің өңіріміздің ежелгі тарихы туралы құн-ды деректер берген болатын. Осыннан табылған қола заттар «қоймасы», най-за ұшы, лавр жапырағы пішіндес пы-шақ, шот балта, самай сақина мен са-майға тағылатын көп орамды әшекей-балдақ, бұл қабірлердің орта қола дә-уірінің жәдігері екенін айғақтайды.
Тарихи терминде прохоровтық жә-не щиповтық деген мәдени-хроноло-гиялық кезеңдерге жататын ерте темір дәуірінің ескерткіш обалары да Сегіз-сай ауылы мен Елекшар маңындағы қазбалардан табылып отыр. Оңтүстік-тегі Егіндікөл ауылынан Сегізсайға де-йін құлаш жайған Есен-Амантау үстір-тіндегі көшпелілер тұрғызған жүздеген обалар, осы үстірттің батысынан шы-ғысқа қарай бір шақырымға созыла орналасқан оба-қорғандар тізбегі мен Сегізсай бейітінің тіктөртбұрышты са-ғана-ғибадатханалары жатыр.
Үстірттің орта тұсында скиф дәуірі-не жататын ірі обалар жатыр және бейіттердің батысы мен шығысы шет-терінде ғұн дәуіріне жататын шаршы ғибадатханалар да табылып отыр. 1966 жылы оралдық өлкетанушы Б. И. Баг-риновтың жүргізген қазба жұмыстары-нан бастап, күні бүгінге дейін Ғ. А. Қо-шаев (ОПИ), М.Г. Машкова (КСРО арх. институты) бірлесе жүргізген зерттеу-лер, бұл жұмыстарды әрі жалғастырған археолог Б.Ф.Железчиков пен В. А. Кри-гер жұмыстары және өткен ғасырдың 80 жылдарында облыстың өлке тану мұражайының қызметкері Б. Райым-құлов, 2002 жылы тарих ғылымының докторы, профессор М. Н. Сыдықовтың жасаған қазба жұмыстары біздің өңірі-міздің тарих дамуындағы алар орнын анықтап, сонау сақ-сармат дәуірінде ғұмыр кешкен ата-бабаларымыздың мекен еткен ұлы дала, бүгінгі біздің ту-ған өлке, қара шаңырағымыз екендігі кө-ңілге үлкен мақтаныш сезімін тудырады.
* * * * *
Шыңғырлау – көркімен көз суырар табиғат сұлулығына ие өлке. Тарихтар-дан қол бұлғап, туған жер төрінде тұл-ғалана жайғасқан таулары, көк орай шалғынымен көз иін қандырар көкте-регі мен қарағашы, аршасы мен атқо-нағы араласа өскен жидек пен жеміс, шілігі, бетегесі мен баялышы ұйысқан маң, елі жұмақ тұтқан жайлы қоныс.
Шыңғырлау жерінің ең биік нүктесі саналатын, шөккен бурадай көсіле көл-беген Отрадный ауылы маңындағы Шыбынды тауы (273 м), боз даланың бөлінбес бөлшегіндей Белогор ақтау-лары белдеуі, қолмен қашаған алып табиғат туындысындай Торыатбасы та-уы, аталуына қарай әрқайсысы тарих қатпарынан шежіре шерткен Қылыш тау, Қыз отау, Қор тау, Қалмаққырған, Қыземшек, Жыланды, Ханшатыры, Ала-қантау биіктері бабалар мұра еткен ки-елі бойтұмар іспетті. Бұл биіктер тура-лы тарихи деректер, ел аузында талай аңыз -әңгімелерге арқау болған. Жергі-лікті ақын-жазушылардың өлеңі мен өнеріне шығарма-туындыларына өзек болған бұл таулар Шыңғырлау елінің мақтанышына айналған. Біздің өңіріміз ландшафтының әр түрлілігімен де ерек-шеленеді. Жойылып бара жатқан неме-се сиреп кеткен флора мен фауна түр-лері де осы өңірден жиі кездесіп оты-рады. Айталық, Лебедевка, Баянас ландшафтысы, Қарағаш, Қандықты, Сегізсай орманды өңірі мен Аққұм ландшафттық қорықшасы, Бұйғұл құм-ды алаптарында мамыр інжугүлі, тікен жапырақты күреңот, дөңгелек жапы-рақты алмұртшөп, қойбүлдірген, дә-рілік қырлышөп сияқты өсімдік түрлері өседі. Ал Торыатбасы тауы беткейле-рінде Батыс Қазақстан облысының өзге ешбір жерінде кездеспейтін гүлді ыр-ғайды жолықтыруға болады. Қарағаш, Аққұм бойындағы қазекем қадір тұт-қан, қасиет санаған жұпар иісті аршалы өсінділер Сегізсай, Қуағаш мекеніндегі қайыңды-көктеректі көрікті шоқ орман-дар көз тартып, Шыңғырлау аймағын шырайландыра түседі. Жергілікті Ақ-құм қорықшасы мен Қарағаш мемле-кеттік дәрежедегі ұдайы өндірісті аң шаруашылығы 230 түрлі өсімдік түрі мен шалғындығы, бұталы-шілікті сә-німен «Қызыл кітапқа» енгені бар, ен-бегені бар алуан аңымен аудан мақта-нышына айналған. Суының салқын-дығы шекеңді тесіп, тереңінен мөлді-реп тастары көрінетін сұлу Сарқыра-маның өзі неге тұрады. Әрине, Шың-ғырлау жерінің соншалықты бай, сәнді, шырайлы келбетімен біз қашанда мақ-тана алатын боламыз.
* * * * *
Шыңғырлаудың жергілікті халқы-ның өткен ата-баба буыны, белгілі қайраткерлері туралы не білеміз? Бағ-зы замандарда бұл алаптың біздің тегіміздің түп-төркіні түркі халықтары-ның ата-бабасы аландар мен оғыздар, печенегтер мен қыпшақтардың мекені болғандығын тарихшылар зерттеп анықтап берген болатын. Әуелі Оғыз мемлекеті қалыптасқан бұл өңір әуелі қыпшақ хандығы, одан соң ноғай ор-дасы кезеңін басынан өткерген. Кейін-нен кіші жүз руларының мекені болды. Ғұн тайпаларының бір бұтағы тюгю түріктерінен тарады деп саналатын Оғыз тайпаларының ұранды іздері қал-ған жерімізге Күлтегін бабамыздың да табаны тиген. Заманында «Оғыздар даласы» аталған үлкен аймақтың кіш-кене бөлшегі болған бұл ара, кейін Дешті-Қыпшақ мекенінің иелігіне ай-налған. 92 баулы қыпшақ (Тоқсаба), жеті ру (жеті оба), төрт ру (төрт оба) деп жиынтық атаулармен аталған бұл тұста да елім деп еңіреген талай батыр-лар мен хандар, билер мен бектер шыққан. Одан кейін де қилы кезеңдер өтіп, осы аймақтарда билігі жүрген Ал-тын Орда, Ноғай ордасы, Сібір және Қазақ хандықтарының да заманы оз-ды. Сайып келгенде ноғайлардың көшіп-қонған жері кәдімгі қазақ жері, Қасым ханның тұсындағы Қазақ хан-дығының бөлінбес бөлігі, бұрынғы Кіші жүз, Қазіргі Батыс Қазақстан террито-риясы түгел енген аймақ болды деп түйінделеді 2001 жылы Орал қаласын-да жарық көрген Батыс Қазақстан об-лысының тарихи оқу құралы кітабында. Мұның өзі біздің өңіріміздің басынан талай тарих шырғалаңын өткергенінің бір дәлелі болса керек. Бұл маң Алтын Орда хандары, Жәнібек, Тоқты хандар-дың, Қазақ ханы Қасымның, қасиетті Сейіт бабаның Отаны болған және мәң-гі мекен тапқан жері. Ел аузында әлі күнге ішінара айтылып жүрген Ер Көк-ше, Ер Сайын, Ер Тарғын, Шора, Қамбар батырлар мен Мамай, Тоқтамыс, Едіге хандар туралы батырлық дастандарға өзек болған да осы ара. «Найзасының ұшы алтын, бірі етек, бірі жең» Кіші жүз руларының атақонысы болған өңіріміз-де Тәуке хан, Әбілқайыр хандар, Сейіт-құл, Болпаш, Әжібай, Әйтеке билер сынды тарихта өзіндік орны бар өз за-манының қайраткер ұлдары шыққан. Бұның өзі бүгінгі біздің қонысымыздың тамыры тарих, тау-тасы шежіре екенді-гін тағы бір анықтап береді. Сол тарих парағының бірер бетін қарай өтсек, онда біз ел қорғап, ерлікпен өткен ата-бабалар туралы деректерге жолыққан болар едік. Соның бірі – 1728 жылы өзінің 26 жасында Бұланты өзенінің бойында, 1729 жылы Балқаш көлінің оңтүстігіндегі Аңырақай жазығында болған шайқастарда Тайлақ батыр басқарған Кіші жүз әскері сапында мыңбасы болған Құттығай Сатыпал-дыұлы батыр туралы. XVIII ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген қолбасшы батыр Құттығай бабамыз қазіргі Орал облысының Шыңғырлау аумағында өмір сүрген дейді бізге жеткен тарихи деректер. Шайқастан елге оралған батыр бабамыз Шұбар, Саржала батырлармен бірге Тайсойған, Нарын өңірлерін құба қалмақтардан азат етеді. Жаудан босаған Ойыл өзенінің ортасына, Тұзтөбеден ағасы Айбастың ауылын әкеліп қоныстан-дырған. 1738 жылы он бір айға созыл-ған шайқаста 20 мың үйлі қалмақты Қазақ даласы арқылы Қытай шекара-сына дейін тықсыра қуып, туған жерді азат еткен. Құттығай батырдан тараған тоғыз ұлдың ұрпақтары қазіргі кезде Атырау облысының Исатай ауданында тұрады. Сәт деген немересі кезінде сынықшы, көріпкел атанып, Басықара атты немересі Исатай бастаған ұлт-азаттық көтеріліске қатысқан. Шыңғыр-лау ауданының Торыатбасы елдімеке-нінде ұрпақтары батырға арнап ескерт-кіш-құлпытас орнатты. Бүгінде батыр-дың жатқан жері көпшілік құрмет тұ-тып, тәу етер киелі орынға айналған. Туған жер топырағының қасиеті дары-ған батырлар өткен өңіріміз патшалық Ресейдің өзі ішін жиып, санаса сөйлес-кен Сырым бабамыздың да ізі түскен мекен, Арынғазы сұлтан, атақты Қара-тай сұлтан (Көтібар Бәсенұлы) көтері-лістері дүр сілкінткен аймақтың бір бөлшегі. Жоламан, Тіленші ұлының қозғалысына куә болған сайын дала, кешегі Исатай, Махамбет бастаған кө-терілісте де талай ұлт азаттығы үшін қырқысқан қантөгіс шабуыл-шайқастар мен Ресейдің сұрқия саясаты арена-сына айналған еді. Бұл арада тоқтала кететін бір жәйт, осы аталған ірі тарихи оқиғалардың кейбір тұстары осы өңір-де болғандығын дәлелдейтін тарих деректері баршылық. Ол әңгіме – бола-шақтың еншісінде.
(Мақала Шыңғырлау ауданының ресми сайтындағы материалдар негізінде дайындалды)