Жәнібек өңірінің тарихы

Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Ресей қақ-пасында орналасқан Жәнібек селосы мен осы аттас ауданның атауы қайдан пайда болған?! 

«Жәнібек деп неге аталған?» – бұл пікірталасты сауалдың бірі. Біреулер Жәнібек батырдың құрметіне қойылды десе, енді біреулер Алтын Орда ханы Жәнібектің атымен байланыстырады.
Алдымен Алтын Орда билеушісі Жә-нібек XIV ғасырдың I ширегінде өмір сүрді. Ал Жәнібек ауданы XX ғасырда барып құрылғанын ескерсек, онда ол екеуінің арасында қандай байланыс бар? Бақандай 6 ғасыр бөліп тұр.
Жерлес әуесқой тарихшылардың пі-кірінше, ауданға іргелес жатқан жерлер-ден Алтын Орда дәуірі кезеңіне тән Жә-нібек соқтырған теңгелердің табылуы толық негіз бола алады дейді.
Бірақ кәсіпқой тарихшы, тарих ғы-лымдарының докторы, Қазақ хандығын 30 жыл бойы зерттеп келе жатқан Бере-кет Кәрібаев ол пікірге келісе алмайды. Қазақстан Ғылым Академиясы да Алтын Орда дәуіріне тән теңгелерге қатысты ұшқары пікір ұстануда. Мәселен, бірін-шіден, ол теңгелердің нақты қай ханның тұсында соғылғандығын анықтау қажет, екіншіден, тіптен Жәнібек хан соқтырған теңге болса да, ондай теңге тек Жәнібек ауданынан ғана емес, Орталық Азиядан, Алдыңғы Азия елдерінен, Таяу Шығыс-тан, керек десеңіз, Қытай мен Еуропадан да табылып жатыр. Сонымен еш деректе Алтын Орда ханының бұл өңірді солай атасын деген жарлығы жоқ. Жәнібекке байланысты жазылған деректерді ақтарсақ, оның Жәнібек орналасқан Жа-йық өңіріне келуі былай тұрсын, өмірінің соңына дейін Шығыс Дешті Қыпшақ даласында ер жетіп, сонда дүние салға-нын көреміз. Араб дерегінде кездесетін «ульс аль-Узбекян» (әкесі Өзбек ханның билігінің басым жүрген территориясы Шығыс Дешті Қыпшақты солай атаған) атты иелікті басқарған. Ол Батыс Дешті Қыпшақты (қазіргі Орал, Атырау, Ақтө- бе, Татарстан, Волгоград, Самара, Сара-тов, Астрахань, Орынбор, Башқұртстан, Мордва, Чуваш, Ставрополь, Калмыкия, Марий Эль, Солтүстік Кавказ, Қырым, Оңтүтік Украина, Маңғыстау, Батыс-Сібір жерлері) өз бектері арқылы басқарып отырды және далалық өмірден гөрі Жә-нібек ханды қалалық мәдениеті жете қалыптасып дамыған Сыр бойы қызық-тырды. Жәнібек хан Алтын Орда мен Византия, Хулагу, салжұқ сұлтандығы, мәмлүктік Мысыр, Юань династиялы Қытай, Үндістан сынды сол заман дер-жаваларының қақтығыс алаңына айнал-ған тұста өмірге келген еді. Русь пен Бал-тық бойы елдері онсыз да Алтын Ордаға вассал болып, жыл сайын салық төлеп тұрды.
Польша, Швеция, Германия сынды ұсақ елдерден гөрі Жәнібек ханды жо-ғарыда айтылған бай державалар әлде-қайда қызықтырды. Қалт кеткен сәтті мүлт жібермей, Алтын Орданың қуатын арттыруды көздеді. Батыс Дешті Қып-шаққа бармауында бала кезінен әкесі Өзбектің оны қала өміріне әбден ма-шықтап кеткен тәрбиесіндегі зор табы жатыр. Византиялық сарай тарихшыла-ры Жәнібек ханның басым әскерінің Мә-уереннахрға және Мервке жақын жер-лерде көптеп шоғырланғанынан хабар етеді. Бәлкім, ол Хулагуидтік Иранды жаулап алып, Орданың оңтүстік шекара-сын созғысы келді ме? Әлде сол мемле-кеттің кезекті шабуылынан алаңдаулы күйде батысқа назар бөле алмады ма? Қайткен күнде де, бұл осы күйінде тарих еншісінде қалатын сұрақ. Біз бұдан тек Жәнібек ханның ауданның олай аталуы-на еш қатысының жоқ екенін ғана көре аламыз.
Тақырыпты одан әрі өрбітсек,«Біздің Жәнібек қай Жәнібек?» дейтін тарихи монолог күйіндегі мақалалар да аз шық-пады.
Енді, расында, біздің Жәнібек қай Жә-нібек болғаны? Біздің Жәнібек жергілікті ноғай бірлестігінен шыққан Тәуке хан-ның замандасы, шешен әрі би Жәнібек болғаны. Өкінішке орай, кей тұлғалары-мыздың есімдері кейде ұмыт кетіп жа-тады. Мәмбет Қойгелдиевтің Ішкі Орда-ға байланысты жазылған көлемді моно-графиясында тура осы біздің Жәнібек туралы айтылады. Ендеше, ауданның олай аталуы үшін өңірге қандай еңбек сіңірді дейтінге келер болсақ, ол – «ой-мауыт бүлігін» басушы және 4 ата Ноғай бірлестігін сақтап қалушы. Жоғарыда айтып өткен «оймауыт бүлігі» деп отыр-ғанымыз – сол рудың атымен аталған тарихи құбылысқа орай пайда болған сол дәуірдің бір дүрбелеңі. Алғашында Ноғай бірлестігіне 6 ру енді. Оның біреуі кейін тама құрамына (Қарабура аталы-ғы) еніп кетсе, екіншісі осы оймауыт руы болатын. Ноғай ішінде ең саны көп әрі басымы осы оймауыт бола-тұғын. Жер дауына сәйкес шеркеш руымен үнемі әскери қақтығысқа түсіп отырғандықтан, «он санды оймауыт, тоғыз санды торға-уыт» немесе «дұшпан оймауыт» деген тіркесті мағыналар жиі ұшырасады. Қа-зіргі шеркеш құрамындағы қашқын ата-лығының аты осы оймауыттың барымта жорығы кезінде малы мен жерінен қоса айырылып, ыдырай қашқанынан соң пайда болды. Соған орай оймауыттарды қалмақ секілді жау санап, қазақ дала-сында жиі қысымға ұшыратып отырды. Шеркешке жасаған қанды жорығынан хабардар болған Тәуке хан дереу ойма-уытқа қарсы жазалаушы өз тобын жібе-ріп, жаппай қырғысы келді. Тек оймауыт-тар Нарын асып, Жем арқылы Аралға қашып құтылды. Қазір Ақтөбеде Ойма-уыт деп аталатын жердің аты XVII ғасыр-дың аяғында сол өңірге Тәукенің жаза-лаушы тобынан қашқан көп санды ой-мауыт руының уақытша тұрақтап қал-ғандығына орай аталып кеткен жер аты болса керек. Кейін Аралда аз тұрақтап, Сыр асып, Бұхарға өткелі тұрған кезінде Тәуке әскері жолда оларды тұтқындап, Қаратауды қыстаған Дулаттың ішіндегі Ботбай құрамына қосып жібереді. Көн-бегендері сол жерде қырылып, енді бас-қалары Бұхарға өтіп кетеді. Қазіргі таңда Бұхарда Уймавыт дейтін үлкен елді ме-кеннің болуы сол пікірді толық дәлел-дей түседі.
Осы «Оймауыт бүлігінен» соң Тәуке Ноғай бірлестігін түгелдей ыдыратуды мақсат тұтқан шешімге бел байлады. Қыста ат болдыртып, ел қыстауға көш-кенде бұны көктемгі құрылтайға қал-дырады. Алайда көктемнің ерте айла-рында Тәукенің сарайына аласа бойлы бір ер адам кіріп, ханға өктем тіл қата сөйлейді. Тәукеге Ноғай бірлестігіне қиянат істейтін болса, онда өзінің де ба-сына қиын істің түсетіндігін айтып кете-ді. Сарай сыртында тұрған хан күзеті де әлгі адамның қалай кіріп кеткенін аң-ғармай қалса керек. Тәукеден аң-таң болған уәзірлері неге ханға тән өктем дауыспен тіл қатпағанын сұрағанда ол кеудесін көзіне елестеген зілдей қас-қырдың басып тұрғанынан шарасыз қар-сыласа алмағандығын айтқан. Бізге жет-кен мәлімет бойынша, «Оймауыт бүлігі-нен» кейін ноғай бірлестігін жоюға қа-тысты өтуге тиіс құрылтайдың болған-дығынан хабар жоқ. Тәукенің өзін ра-йынан айнытқан адам есімін сұратқанда нөкерлері «ноғайлық Жәнібек» деп қыс-қа жауап қайырған.
Тама Есеттің айттырған қалыңдығын алуға кетіп бара жатқан ұлына «Нарын-нан асқанда Еділге өтер жолда Жәнібек қартқа сәлем бермей өтпе» деген өсие-тінде гәп жатыр. Малайсары, Керде- рі Әбубәкір, Тіленші билерден жеткен үзік-үзік толғауларда осы Жәнібек тура-лы сөздер бар. Оның келе жатқан жау-ды алыстан байқай алатын көріпкелді-гінің болғандығын жергілікті жұртшы-лық түгел білсе керек. Бұл Жәнібек – Бөкейдің жылқышысы феноменінің прототипі әрі табиғи болмысы. Ел ау-зында жүрген қалмақ әскерін қырдан байқайтын сәуегей жылқышы туралы айтылатын аңыздың тамырының тым әріде жатқандығын көре аламыз. Хан сүйегіне сызат түсірген Жәнібектің би емес, Бөкейдің жылқышысы боп кетуін төре тұқымынан шыққан сұлтандардың идеологиясы ретінде қабылдағанымыз жөн.
Рязань-Орал теміржол бойында са-лынған алғашқы стансаға да Ғұбайдолла сұлтанның Жәнібек атауын беруі – толық заңдылық. Бұл жерде де аталуы объек-тивтілік те, ал атаудың берілу жолы субъективтілік. Жәнібектің тегін Алтын Орда билеушісі деп көрсетуінде атал-мыш өңірде төре тұқымының билігін қағаз негізінде заңдастыру да болуы мүмкін. Тек сол құжатта айтылатын Қа-мыстыдағы обалар Алтын Ордаға тән емес, оған дейінгі обалар еді. Тіпті сар-мат дәуірінің ескерткіштері де болып қалуы мүмкін. Жер мен жолдың шал-ғайлығына байланысты ол обалар зерт-телуден кенже қалып қойып жатыр. Ал Жәнібек хан бұл жерде жерленбегенін кез келген тарихи оқулықтан тауып оқи аласыз.
Жетекші ойлардың жалпы қатары күн сайын өсіп, біреулері оқулық бетте-рінен орын тауып та үлгеріп жатыр. Жә-нібек тарихы өз кезегінде аудандық деңгейден жоғары қарастырылуы тиіс. Олай деуімізге айтылар дәлел қорымыз мол. Бөкей негізін қалаған Ішкі Орда бұл өңірде салтанат құрып, Жәнібек ауданы-ның қазіргі территориясы аталмыш хан-дыққа енгендіктен, жергілікті аудан тари-хын Бөкей ордасынан бөліп алып жеке-дара қарастырған қиын. Ауданның қа-лыптасу кезеңі 4 сатыдан тұратындығын бұл жұмысымда жазып өткенді жөн са-надым.
Бөкей ордасы құрылмай тұрып, На-рын құмынан Жәнібек, Жалпақтал жер-лерінде еділ қалмақтарының торғауыт тайпасы көшіп-қонып жүрген. Олар- дың қыстақтары мен тұрақтары Сырым (Өлеңті, Бұлдырты, Жымпиты), Жаңа-қала аудандарына (Пятимар) дейін со-зылып жатты. Қазіргі Бөкей ордасы ауданының орталығы саналатын Сай-қын ауылының сөзінің түп-төркіні қал-мақ сөзі екендігі расталып отыр. XVIII ғасырдың басы мен ортасында Кіші жүз құрамына енетін қазақ рулары көбіне Жем, Сағыз, Ойыл, Ырғыз бойлары мен Арал маңында, Каспий теңізіне жақын жерлерде көшіп-қонып жүрген-тін. Ал Еділ мен Жайық аралығында қуатты қал-мақ конфедерациясының үстемдігі жү-ріп тұрды. Қалмақ хандығы құрамына қа-зіргі Калмыкия, Ставрополь, Волгоград, Ас-трахань, жартылай Саратов және қазіргі облысымыздың 5-тен 2 бөлігі кіретін еді.
1726 жылы Бұланты шайқасының қа-зақтар үшін жеңіспен аяқталуы Жоңғар экспансиясына тосқауыл қойып, «Ақта-бан шұбырынды, алқакөл сұлама» жыл-дарының аяқталғанын көрсетті. Қазақ жүздерінің арасында жоғары беделге ие болған Кіші жүз билеушісі Әбілқайыр ханның тез арада Еділ қалмақтарына жойқын жорық ұйымдастыруы көп жер-дің қазақ құрамына өтуіне септігін тигіз-ді. Алайда Нарын құмында қалмақ үс-темдігі сақталып қалды. Туыстас жоңғар елінің жеңілісінен кейін қалмақтар бұ-рынғыдай жиі шабуылға шығуын қойып, қорғанысқа көшеді. Әбілқайыр ханның табын Бөкенбай, тама Есет, байбақты Дәуқара, шөмішті Бармақ, Барақ есімді ірі батырлары үнемі шекарадағы жақын қоныстанған қалмақ руларының маза-сын кетірумен болды. Әсіресе, байбақты Дәуқара мен табын Бөкенбайдың ұйым-дастыруымен Еділ қалмақтарының би-леушісі Байджо тайшыға сәтті жасаған жорығы нәтижесінде Жымпиты, Теректі, Зеленов, Тасқала аудандарының жер-лері қазақтарға қайтарылды. Осы жеңіс нәтижесінде Жетіру бірлестігіне енетін кердері, жағалбайлы, табын, тама ру-лары Арал бойынан жаңа жауланып алынған жерлерді игеру үшін Әбілқайыр ханның бұйрығымен көшеді. Әбілқа-йырдың Еділ қалмақтарына жасаған та-рихта 4 ірі жорығы мәлім.
1756 жылы маньчжурлық Цинь үкі-метінің Жоңғарияны түгел жаулап алуы-нан кейін Еділ қалмақтарының тарихи отанына қайту мүдделері пайда бола бастады. Жас кезінде Сабалақ атанып, үш жүздің басын біріктіруші Абылай хан тұсында Еділ бойындағы кейбір қалмақ рулары мен Нарын, Жайық бойларын қыстаған торғауыт қосындары кезекті құрылтайларында жаппай Жоңғарияға қайту туралы шешімге келеді. 1778 жы-лы қалмақ рулары көктеуге енді шыға-тын кезде бар адамдарымен, үй-жайла-рымен Жайық бойындағы қазақ рула-рын талқандап, Жем бойына жетіп үлге-реді. Бірақ кейін бұл қалмақ ойы Абы-лайға аян боп, тез арада Жоңғарияға барар жолында қалмақ рулары қолға түседі. 2-3 күндік қанды соғыста қалмақ әскерлері тізе бүгіп, тек аман қалғанда-ры ғана Тарбағатай асып, ойрат ұлыста-ры жайлайтын өз тарихи атамекендері – Батыс Алтайға жетеді. Кейінгі олардың тарихы бізге беймәлім. Қытай тарихшы-сы Ли Боның мәліметіне сүйенсек, Цинь үкіметі оларды Синь Цзянь (Жоңғария жерінің Қытай құрамына өткеннен ке-йінгі провинциялық атауы) аймағында бірнеше ауылға бөліп тастап, қолдарын-дағы қаруын тартып ап, жаппай егінші-лікпен айналысуына бұйырды дейді.
Бұл тарихта «Шаңды жорық» деп аталады. Тек біздің Еділ қалмақтарының ауа көшуіне Ресей патшасының да мүд-делі болғандығын ұмытпауымыз керек. Өйткені 1,5 ғасыр бойы қуатты қалмақ хандығы Русьтің Кавказға ойластырған экспаниясын жасауға кедергі боп отыр-ды. Шекаралық күзеттегі казак аттылы есаулдары қалмақ иелігіне тиісуі былай тұрғанда, жерінен өткендіктері үшін де салық төлейтін. Дағыстан, Вайнах, Абхаз, Осетия елдерінің тайпалары да (вай-нахтарда – тейпа, ингуштарда – шахар, дағыстандықтарда – тұқым, осетиндер-де – ұрық) салық төлеуші болды. Шаңды жорық біткесін батыста қалып қойған қалған қалмақ рулары қайтадан хандық деңгейге көтеріле алмай, көп ұзамай патшалы Ресей құрамына өтеді.
Ал қаңырап қалған Нарын жері көп уақытқа дейін адам мекендемей, бос тұ-рады. Тек 1801 жылы ғана Бөкей I Павелге бос жатқан жерлерді игеруге рұқсат етуіне байланысты хат жазып, ол ұсыны-сы қабыл алынады. 12 ата Байұлы құра-мына кіретін шеркеш, жаппас, ішінара алаша және ноғай бірлестігінің 4 руы (қостаңбалы, қазанқұлақ, үйсін, қояс), төлеңгіт, төре рулары келіп, осы өңірде топтасып, болашақ Ішкі Орданың шаңы-рағын көтерген. 1801-1845 жылдар ара-лығы – Жәнібек ауданының қалыптасуы-ның бірінші кезеңі, бұл аралықта Жәні-бек хандық дәуірді бастан өткерді. Жәң-гір ханның кезінде хандықтың экономи-калық деңгейі жоғарылап, ел отырық-шылана бастады. Орыс социологтары-ның мәліметінше, Жәңгір тұсында Бөкей ордасында тұратын халық саны 70-80 мыңды құрады. Хандықтың құрамына қазіргі Батыс Қазақстан облысының Бө-кей ордасы, Жәнібек, Жаңақала, Қазта-лов, Атыраудың Исатай, Махамбет ау-дандарының кейбір жері, Волгоградтың Паллас аудандары енген. Сол кезгі ел өмірі Махамбет өлеңдерінен жақсы кө-рініс таба білді. Ел аңызына айналған Исатай, Махамбет есімдері күні бүгінге дейін өз мәнін жоймай келеді. Ел аралап келген Ковалевский Бөкей ордасының байлығы жайында таңдана жазады. Жәңгір ханның салдырған мектебін кө-ріп, орманында тыныққан ол Жәңгірден ең кедей қазақ үйіне апаруын өтінген. Оның жазбасынан ең кедей Бөкей орда-сы жатағының қорасында 80 қойдың бар екендігі айтылады.
1845-1901 жылдар аралығында ау-данның қалыптасуының екінші кезеңі өтеді. Бұл кезде Бөкей хандығының ор-нына Бөкей губерниясы өмірге кеп, Астрахань, Орынбор, Мәскеу, Қазан сынды губерниялармен терезесі тең тұр-ды. Бұл кезде Шәңгерей Бөкеев сынды ғұлама ақындар, Құрманғазы, Дина сынды домбыра өнерінің классиктері шықты. Шәңгерейдің ақындығына сүйсінген орыс императоры фотокамера сыйлағандығы туралы құжаттар қазіргі таңда Санкт-Петербург қаласындағы кунсткамерада сақтаулы тұр. Шәңгерей қазақ даласындағы бірінші фотограф атанды. Шәңгерей сонымен қатар ше-бер ұстаз болды, Ғұмар Қараш сынды шығыс жұлдызының бұлақ кезінде көзін ашқан ғалым-тын.
Губернияның соңғы жылдарына қа-рай Орал-Рязань теміржолының салы-нуы жоспарлана басталды. Хандық тар-қап, губернияға айналып отырықшы-ланғанымен, Ішкі Ордада ақсақалдар кеңесінің үлкен рөл ойнап, даулы мәсе-лелерді шешу үшін жергілікті рубасы-ларының, төре тұқымдарының құрыл-тайларының өтетіндігін Мәскеу зерт-теуші-ғалымы Иванов өз күнделігінде жазады. Әсіресе, төрт түлік ішінде жыл-қы мен қойдың көп өсірілетіндігі, түйе-нің тек құмда ғана өретіндігін, ірі қара-ның тек сол өңірге көшіп барған алғаш-қы славяндардың үйлерінде болатын-дығын хабарлайды. Көбінесе орыс кө-пестері болашақ салынатын теміржол торабына жақын жерлерде өз үйлерін салуға тырысты. Орыс кулактары да өзге қазақ жанұялары секілді жергілікті мал кәсібімен жете шұғылдана бастайды.
1901-1932 жылдар аралығында Жә-нібек ауданының қалыптасуының 3-ке-зеңі өтті. Бөкей губерниясының ыдырау кезі. Жәнібек селосының негізі 1904 жылы салына бастаған.
Рязань-Орал (қазіргі Приволжская) теміржолының салынуына байланысты селоның алғашқы үйлерінің бірі – Виш-невка хуторында тұратын Ф. А. Коробов деген көпес салдырған екі қатарлы ағаш үй болды. Сол жылдары жергілікті үй салуға рұқсат етілмеген. Соның нәтиже-сінде біртіндеп теміржол бойындағы елді мекен кеңейіп, 1914 жылы халық саны екі мыңға дейін жеткен. Бұл қысқа мерзім ішінде империя ішінде күтпеген көптеген өзгерістер орын алды. I дүние-жүзілік соғыста Антанта блогында бірге боп, Үштік Одаққа қарсы соғысқан Ресей патшалығының ішкі ресурстарының ке-неттен сарқыла бастауы соғыс бітпей жатып, империя ішінде үлкен хаос туғыз-ды. 1917 жылы қазан айында Петроград қаласында жұмысшылардың жаппай ереуілге шығуы оқиға соңын төңкеріске ұластырды. Мәскеу, Қазан, Петербург, Уфа, Орынбор көшелерінде «Соғыс біт-сін!» деген ұранмен халық патшаға қар-сы шығып, өз қалауын орындатқысы кеп жатты. 1918 жылы Ақпан революция-сынан кейін халық екіге бөлінді. Сол кезде К. Маркспен ойы бір арнада то-ғысқан В. И. Ленин коммунизм идея-сымен халықты өз маңайына шебер топтастыра білді. Нәтижесінде, 300 жыл бойы Ресейді билеген Романовтар әу-леті биліктен кетіп, ел қараусыз қалды. Уақытша үкімет бәрін реттеуге қауқар-сыз болды. Бұл шиеленіскен жағдай Қа-зақстанға да әсер етпей қоймады. Нақ осы кезде қазақтың зиялы қауымы бас көтеріп, дербес ел болуға үндеу тастай бастады. Орда қаласынан «Ұран» газеті шыға бастады. Уақытша үкіметтің қау-қарсыздығынан 1918-1920 жылдары Азамат соғысы орын алды. Патшалық билікті толықтай болмаса да, шектеулі түрде қалпына келтіргісі келген бұрынғы ақ патшаның әскери қолбасшылары (та-рихта «ақтар» деген атпен қалды, көп жағдайда казактар болатын) қолдарына қару алып, жазықсыз Бөкей уезіндегі қазақ ауылдарын соңынан ілеспегендік-тері үшін жазалай бастады. Халықтың көп бөлігі қырылып, мал басы кеміп, егістік жерлер қаңырап бос қап жатты. Елді білімге үндеген Ғұмар Қараш өлеңдері өз бағасын бұл күні де жойған жоқ. Ол да өз заманының шекпенділерінің жазығынан ерте сөнді.
Нақ осы тұста қазіргі Жәнібек ауда-нындағы елді мекендердің аттары қа-лыптасып, құрыла бастады. Жәнібек ауданы территориясы Бөкей губерния-сының Орда уезінде болғандығын да еске алып өткеніміз жөн. 1922 жылы 31 мамырда орталығы Жәнібек қаласы болатын Жәнібек болысы құрылды. 1922 жылы 18 мамырда Бөкей губерниясы таратылып, ол Орал губерниясының құрамына Бөкей уезі боп енеді. Қазақ АКСР-ы Орталық Атқару комитеті 1922 жылдың 13 желтоқсанында бекіткен бұл шешім жаңа бастама болды. 1928 жылдың 17 қаңтарында Орал округі құрылады. Оның құрамына 15 аудан енді. Соның бірі болып орталығы Жәнібек қаласында Жәнібек ауданы құрылды. 1928 жылы 19 наурызда Жә-нібек қаласы селолық мекен болып өзгертіледі.
1932 жылдың 20 ақпанында Бү-кілодақтық Орталық Атқару Комитетінің қаулысымен құрамында 14 ауданы бар Батыс Қазақстан облысы құрылады. Жә-нібек ауданының орталығы Жәнібек по-селкесі болып бекітіледі. Бұл Жәнібек ауданының қалыптасуының соңғы, 4-ші кезеңі еді. Өз алдына дербес ірге құрып, ауданға айналып, күні бүгінге дейін өз жалғасын тауып келеді.
Қарап тұрсақ, тарих деген шым-шы-тырман Құдай жазушының қолымен ше-бер жазылған көп томдық шығармаға ұқсайды. Биыл Жәнібек ауданының құ-рылғанына 85 жыл толды. Осы 85 жыл біз үшін бір ғаламат оқиғаларға толы уақыт болса, тарих үшін қас-қағым сәт. Сол қас-қағым сәт ішінде лениндік және сталиндік ашаршылық жылдары, Голо-щекиннің «Кіші Қазан» төңкерісі, 1938 жылғы жазықсыздан атылған ұлт зия-лыларының абақтыдағы зарлы үні, Ұлы Отан соғысында қардай бораған жау оғына Мәншүктей қасқайып қарсы ұм-тылған жеңімпаз ұлт рухы, ұжымдас-тыру жылдары, Оралды көркейткен Мұстахим Ықсановтың реформалары, желтоқсанның ызғарын сезінген жас жауқазынның мұз құша жылағаны, Орал қаласын басып алмақ ниетті шіркеу алдына жиналған казак бүлікшілерінің әрекеті де жатыр.
Жәнібек ауданының тарихын айт-қанда көп жағдайда 1942 жылы Сталин-град майданының соғыс өртіне шарпыл-ғандығы тілге тиек болады. Ардақты ұлт перзенттері Хаби Халиуллин, Ерденбек Ниетқалиев, Николай Степанович Чури-ков, Шәкір Мәжитовтармен мақтана-мыз, Гудковтың неміс бомбардирін атып түсірген ерлігін таң қалыса айтып отыра-мыз. «Дранг нах Остен» боп бекітілген Гитлердің «Барбаросса» жоспарында түркі ұландарынан Мәскеуге қарсы со-ғысатын Түркістан легионын құрғысы келетіні де байқалды. Оны ұлт көсемі, сол кезде Еуропада амалсыз эмиграцияда жүрген М. Шоқайға сеніп тапсырған болатын. Алайда ол ойдың дұрыс еместігіне әбден көзі жеткен М. Шоқай нацист рейхсканцлерінің бұл ұсынысы-нан бас тартады. Сол үшін фашистік гес-тапоның тергеуіне тартылып, өмірінің соңғы күндерін азаппен өткерді. Ұлт кө-семі қалай болғанда да, таяқтың екі ұшы бар, мейлі кімге болысса да, қазақ қор болатынын түсініп, бұрыннан шекаралас көршімен өз ұлтын араздастырғысы келмеді. Бірақ А. Гитлер ол ойынан көпке дейін айнымай, Жәнібек жеріне өз барлаушы диверсанттарын да жіберіп тұрды. Сондағы бар мақсаты қызыл әс-керге қарсы жергілікті халық арасынан партизандық күрес ұйымдастыру бола-тын. Неміс авиасоққысынан 1904 жылы салынған су мұнарасының бүлінуіне қа-рамастан, құламай аман қалғандығы жергілікті халықтың жау алдында жы-ғылмас жалауындай еді.
Жәнібек өңірінің тарихы әлі көп зерт-теуді талап ететін ашық тақырып алаңы десек те болады. Соның ішінде 1945-2016 жылдар аралығындағы аудан та-рихының жарқын беттері жүйелі түрде зерттеп, жинақтауды қажет етеді.
Оралбек ЫСҚАҚ

Қаралым саны 4903

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463