Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463
Журналымыздың алғашқы санын көңіліміз өрекпіп, қолымызға ұстап тұрғанымыз күні кеше сияқты еді. Міне, сынаптай сырғып бес жыл өтіпті. Осы санымызда жарияланып отырған және оның сыртында қалған мың сан ақ тілек пен құттықтау иелеріне шын жүректен алғыс айтамыз!
Биылғы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы жарық көргенде біздің қуанышымызда шек болмады. Осыдан бес жыл бұрын тұсауы кесілген журналымыздың мақсаты мақалада айтылған өзекті ойлармен ұштасып жатты. Тіпті атауының өзін латын әліп-биінде жазуымыз дөп келді. Тек осыған дейін басында көп боп көрінген қолдаушыларымыз азайып, қара жерде шанаға жегілгендей боп едік. Тынысымыз ашылып, жаңа серпін болды.
Исатай СӘРСЕНОВ,
Абылай хан атындағы университеттің студенті
- Исатай, әңгімемізді таныстықтан бастасақ?
- Мен 1996 жылы 3 наурызда Алматы қаласында дүниеге келдім. Мектеп табалдырығын Астана қаласында 2003 жылы аттадым. Кейін бірнеше мектеп ауыстырдым. 2011 жылы қайтадан Алматыға келіп, осында 8-сыныпқа бардым. Содан 9-сыныптан кейін «Оқушыларды алмастыру» бағдарламасымен АҚШ-қа жолдама алдым. Ал 2014 жылы Орал қаласындағы Ә. Молдағұлова атындағы №38 мектепті тәмамдадым. Қазір мен Алматы қаласындағы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар, әлем тілдері университетінің педагогикалық факультетінің 3-курсында оқимын. Оқу орны халық арасында «ИНИАС» деген атпен танылып жүр. Ағылшын тілі мұғалімі мамандығын оқып жатырмын.
Альфия БАЙБОЛСЫНОВА,
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, т.ғ.к., Орал қаласы
Сымбат Амалова,
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенті, Орал қаласы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ елінің тізгіні бір топ зиялы қауымның тағдырына байланысты болатын. Олар ғылым мен саясат майданын қатар игеріп, ағарту, саясат, технология және медицина салаларында тегеурінді көш бастады. Кезінде Ғабит Мүсірепов өзінің алдындағы қаламгер ағаларын «алыптар тобы» деп атағаны белгілі, ал кейінгі зиялылар оларды «Алаш арыстары» деп бағалады. Шынында да, А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейханов, С. Аспендияров, М. Тынышбаев, Қ. Сәтбаев, Х. Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай және басқа қазақтың бетке ұстар, оқыған, көкірегі ояу азаматтары ұлттың бостандығы мен болашағы жолында жан аямай күресті.
Елбасы Н. Ә. Назар-баевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында патриотизмнің ең жақсы үлгісі орта мектепте туған жердің тарихын оқудан көрініс табатынын атап көрсеткен болатын.
Жастайынан Ауған қазақтарының арасында бас болып жүрген ағала-рымыздың бірі – Әжі Нәби Қаратамыр. Ауғанстанда туған. Қазақстанға Түркиядан көшіп келген. Руы – шөмекей, қаратамыр. Бір кездескенімізде бабалардың Ауған жеріне қалайша, не себептен барғандығы әңгімеге арқау болған еді.
Батыс Қазақстан облысының қиыр батысында, Ресей қақ-пасында орналасқан Жәнібек селосы мен осы аттас ауданның атауы қайдан пайда болған?!
Қасиетті қазақ халқының қолөнері – сонау ескі заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан бай қазына. Халқымыздың тағылымы мол тарихын, кешегі өркендеген мәдени мұраларын жас ұрпаққа насихаттау және жеткізу – алда тұрған асқар міндет. Батыс Қазақ-стан облыстық тарихи-өлкетану музе-йінде күні бүгінге дейінгі өз маңыздылығын жоғалтпаған қолөнер туындыла-ры, киізден оюлап жасаған бұйымдар-дың әр түрі сақталған. Соның ішінде адай руына тән тықыр кілемдер, тегіс араб кілемдері, тұскиіздер, сырмақ, текемет, үй тұрмысына қолданылатын жәдігерлер кездеседі.
Светлана ДҮЙСЕНБАЕВА
Қолөнер – сырлы өнер. Әлемдік көркем мәдениеттің негізі. Даналық пен әсемдіктің таусылмас қайнар көзі. Қолөнер туындылары қайталанбас және алуан түрлі: әсем әшекейлерден және шағын ойыншықтардан бастап, күрделі кестеленген композицияларға дейін және көлемді кілемдерді, тоқыма матадан жасалған көп заттық жиынтықтарды қамтиды. Осындай халық өнерінің сарқылмай дамуы үшін өз үлесін қосып, еңбек етіп жүрген Орал қаласының тұрғыны Светлана Дүйсенбаева. Ол – «Тұмар» қолөнер шеберханасының директоры.
Жаңабек Жақсығалиев,
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты
Құба жонның құланындай зымырап бара жатқан шіркін, уақыт-ай демеске лажың жоқ. Жалпақтал топырағында антикеңестік мақсатта құрылған жасы-рын жастар ұйымының көшбасшысы Ғұбайдолла Әнесов хақындағы мұрағат деректеріне негізделген сараптамалық мақаламызды «Орал өңірі» газетіне ұсынып, оны Жантас бауырымыз жар-ты жылдай жұмыс үстелінің суырма-сында «сары майдай сақтап», сол материал негізінде «DANAqaz» журналының алғашқы саны жарқ ете түскені күні кеше сияқты еді. Содан бері табаны күректей бес жыл мерзім сынап-тай сырғанап өте шығыпты.
Ең алдымен «DANAqaz» журналы-ның 5-жылдығымен журнал ұжымын және оқырмандарын құттықтаймын! Қазақстан секілді жас мемлекет пен жас қоғамға Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт ретінде қалыптасуы, өзіне тән ұлттық мүдделерін айқындауы экономикалық тұрғыдан нығаюмен қатар тұрды десек артық емес. Ендеше, «DANAqaz» журналы осы жолда өңірімізде алғашқы тарихи, танымдық журнал ретінде өз үлесін 2012-жылдан бері қосып келеді, әлі де қоса жатады деген үміт-темін.
Дос КӨШІМ,
қоғам қайраткері
- Аға, сіздің есіміңіз жалпақ жұрт-шылыққа саясаткер, қоғам қайраткері, тіл жанашыры ретінде мәлім. Құп. Алайда сізді өздеріне үлгі тұтатын жас ұрпақ өмірбаяныңызбен құлағдар болғысы келетіні хақ. Осы орайда бала Досмахамбет пен саясаттанушы Дос ағаның аралығындағы өмір жолды баяндап берсеңіз.
Думан НАУШАҰЛЫ,
тарих магистрі, Теректі аудандық лингвистикалық гимназиясының тарих пәні мұғалімі, Батыс Қазақстан
Көне түрік заманынан басталып, Ал-тын Ордаға ұласқан, одан Қазақ Орда-сына жалғасқан мың жарым жылдық ұлы тарихымызда әлем халықтарының қадым замандардан бергі ұлағатты іс-терінің қатарынан орын алуға лайық, өткенді тану ғана емес, бүгінгі барымыз-ды бағалау үшін де аса мәнді қоғами және саяси үлгілер мол. Соның бірі – қазақ еліндегі далалық демократияның көріністері.
Жошы хан қайтыс болғаннан кейін Дешті-Қыпшақ хандығынан Шыңғыс хан «Сайын» деп лақап есіммен аталып кеткен немересі Батуды таққа отырғызу үшін Отшігін деген адамды жібереді. Дешті-Қыпшақта Отшігінді үлкен құр-метпен қарсы алды. Отшігін Шыңғыс хан әмірсай Батуды таққа отырғызды. Шыңғыс хан атынан ақыл-кеңес айтылып, пәрмендері ресми түрде оқылды. Жаңа ханның тағайындалуы моңғол салты бойынша тойланды. Бірақ той үстінде Қарақорымнан Шыңғыс ханның қайтыс болғаны туралы хабар келіп, той-тамашасы тоқталды. Сайын (Бату) хан және шаһзадалар жылап-сықтап, аза тұтты.
«Алып анадан туады» дейді қазақ. Сол рас сөз. Қазақтың ұлы күйші-композиторы Құрманғазының тәрбиесінде анасы Алқаның ықпалы зор болғаны айтылады.
«Отбасы хрестоматиясы» сериясы-мен бесінші кітап жарыққа шықты. Бұ-ған дейін «Әлдиден эпосқа дейін», «Салт-дәстүр сөйлейді», «Сияр Шәріп», «Логотерапия» атты кітаптар шығарған Санжар Керімбай бастаған авторлар тобы бұл жолы күллі түркінің пірі атан-ған Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Яссауи-дің өмір жолы мен қызметі, ислам әлеміндегі алатын орны туралы жинақ ұсынып отыр.
2015 жылы елімізде Қазақ ханды-ғының 550 жылдығы кеңінен аталып өткен еді. Осы датаға орай Орал қала-сынан бір топ белсенді азамат «Қазақ мемлекеттілігінің бастауында» атты экспедиция ұйымдастырған болатын.
Батыс Қазақстан облысы Теректі ау-даны Ақжайық ауылдық округіне қа-расты Талпын ауылының тарихына ар-налған жинақтың авторы – Кенжемұрат Жұмағалиев.
«Жаңақала ауданы» энциклопедия-сы 2016 жылдың соңында Алматыда- ғы «Арыс» баспасынан басылған. Осы кітапта ауданның жалпы құрылымы, эк-номикалық-әлеуметтік қарымы, көрнек-ті тұлғалары, табиғи байлығы мен тари-хи-мәдени жәдігерлері, жануарлары мен өсімдіктер дүниесі жөнінде жан-жақты мағлұмат берілген. Энциклопе-дия 480 беттік.
Өткен 2016 жылы Алматыдағы Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының ғалымдарымен бірге Хан зиратындағы құлпытастарды оқып-зерттеу барысында өлкемізде өмір сүріп, қызмет еткен көптеген адамдардың құлпытастары анық-талды. Олардың ішінде сұлтандар, саудагерлер, муэдзин, молда, іс жүргізуші т.б. есімдері оқылған болатын. Құлпытастар құмға жар-тылай, не болмаса түгелге жуық кө-міліп қалған. Сондай құм астынан табылған құлпытастың бірі кезінде Бөкей мен Жәңгірге қатар қызмет еткен молда Жабир Хамадұлына қойылыпты.
Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз.
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.
Мекен-жайымыз:
Орал қаласы, Жеңіс 33/1
Телефон:
+7 708 434 2463