Өмірімдегі ең үлкен бұрылыс...
Мен Шахмардан Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетінің мұ-най және газ кен орындарын игеру ма-мандығы бойынша оқуға түстім. Осы мамандықты бітірген соң Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде оқытушы, декан орынбасары қызметін атқардым. Ол жерде 11 жыл жұмыс жасадым. Сол жылдар аралығында дүниеге кішкента-йымыз келіп, үйде демалыста болдым. Жалпы қолөнер менің сүйікті ісім болатын, бос уақытымда айналысып, отбасыма, туыстарыма әдемі бұйым-дар сыйлап жүретінмін. Кейбір адам-дар қызығып, сатып алатын болды. Осылайша сүйікті ісім табыс көзіне айналып, тапсырыс қабылдай бастадым. Осыдан 10 жыл бұрын менің үлкен арманым бар еді. Ол – қолөнер үйірмесін ашып, балаларға үйрету. Бірақ ол кезде жолдасым қарсы болды. Өзімнің мамандығым бойынша жұмыс істеп, аға оқытушы болып жүрген менің қолөнер саласына баруыма келіспеді. Алайда мен күнде-лігімді алып, 5-6 бет толтырып жоспар жасадым. Осылайша уақыт өтіп, өзім армандап жүрген дүниеге, осындай шеберханаға қалай қол жеткізгенімді де білмей қалдым. Өмірімде қатты бұрылыс болды. Бұл бұрылысқа бір-ден-бір себеп денсаулығым болатын. Осы жылдар аралығында денсаулығым сыр беріп, қатерлі ісік дертіне шал-дықтым. Аз ғана ғұмырым қалғанын сезген сайын қатты қорқатынмын. Бірақ қолөнермен айналысып, көңілім бөлінетін. Қазіргі таңда денсаулығым жақсы. Бұл дерттен айығуыма қолөнер-дің де пайдасы тиді. 2008 жылы қайын-сіңлім оқуды аяқтады. Оның суретке бейімі бар еді. Қайынсіңлім дизайнер-лікті таңдады. Республика бойынша бөлінген бес гранттың иегері атанды. Қазіргі таңда ол дизайнер жұмысында, бізге идеялар айтып, үнемі көмектесіп отырады. Өзің жақсы көретін істі жұмыс қылып айналдырған – сондай керемет, бақыттың бір түрі. Егер ма-мандығыңды шын жақсы көрсең, сен одан күнде шабыт аласың. Мен үнемі жұмысқа келуге асығамын. Мен үшін бақытты жан – отбасына асыққан және жұмысына асыққан адам.
«Тұмар» деп қойған себебім...
Мен «Тұмарды» 2015 жылы 1 нау-рызда аштым. Шеберханаға қандай атау беремін деп көп ойландым. Бір күні көз алдыма «Тұмар» деген сөз келді. Ерекше тылсым күштің арқасын-да. Жалпы қолөнерде барлық затты қолдан шын пейіліңмен, бар ықыла-сыңмен жасайсың. Сондықтан қолдан жасалған барлық заттар ерекше қа-сиетке ие, тұмар да солай. Тұмар бізді үнемі қорғап, тіл-көзден сақтап жүреді. Біз тұмарды кез келген жерге лақты-рып тастамаймыз. Үнемі қастерлеп, төбемізге іліп қоямыз. Осылайша қол-дан жасалған дүниелерді де қастерлеп, дұрыстап пайдаланғанын қалар едім. Кейде өзім де байқаймын, қолдан жа-салған барлық затты тұтынушылар ерекше бағалайды. Әр затымыз тұмар-дай бағалы, тұмардай қастерлі болсын деген мағынада осылай атадым.
«Бірігіп көтерген жүк жеңіл..»
Негізі мен қолөнерді декреттік де-малысымда бастадым. Бірақ универ-ситетте жұмысым тұрды. Екінші бөпелі болып, декреттік демалыстан шықтым, университетке жұмысқа бардым. Бір ай жұмыс жасадым. Отбасым, жаңадан бастаған кәсібім қабаттасып кетті де, мен университеттен шығу туралы ше-шім қабылдадым. Алайда мен өкін-беймін, себебі мені жетілдіруге осы университет көп көмектесті. Мен де студенттерге барынша сапалы білім беруге тырыстым, іздендім, жетістік-терге жеттім. Отбасым, туыстарым, достарым барлығы «жұмысыңды тас-тама» деген ой айтты. Мен өз шешімім-нен қайтпай, алға қойған арман-мақса-тыма жетуге тырыстым. Ал әкем қарсы болған жоқ. Себебі ол кісі мені үнемі қолдап отыратын, бұл жолы да жаңа бастамама батасын беріп, сенім білдір-ді. Кейін барлығы маған көмектесе бас-тады. Менің осы кәсіпті алып кетуіме отбасым, ағайын-туған, достарым мо-ральдық жағынан да, материалдық жағынан да барынша көмектесті. «Жал-ғыздың үні шықпас» дегендей, көмек-сіз ештеңені бітіре алмайды екенсің.
Қазақ қыздарының бәрі шебер...
«Қыздың жиған жүгіндей», «Қыз-дың тіккен кестесіндей» деген теңеу-лер қыз баланың ұқыптылығын, ше-берлігін білдіреді. Осының барлығы – қыз баланың сүйкімділігіне, жанының нәзіктігіне әрі іске талаптылығына да байланысты туындаған сөздер. Жалпы барша қазақ қыздарының бойында қолөнерге деген икемділік болады. Тек соны шыңдап, ден қойып айналысса, нағыз шебер болуына мүмкіндік туады. Менің әжем, анам, нағашы апаларым көрпе киім тіксе, әкем сурет салады. Осылайша менің бойымдағы қабілет қолөнерге деген қызығушылығымды арттырды. Мен өзімді шебер дегеннен гөрі қолөнерді жақсы көретін адам деп айтар едім.
Барлық шәкіртім – менің бастығым...
Мен көптеген шеберге хабарлас-тым. «Біз осындай студия ашып жатыр-мыз, соған келіп6 мастер-класс өткізесіз бе?» деймін. Алайда олар келіспеді. Себебі өзімізге бәсекелес жасағымыз келмейді деген ойда болды. Ал қазіргі шебер қыздарымның ондай ойы жоқ. Қыздар шәкірттерімнен ештеңені ая-майды. Менің 50-ден астам шәкіртім бар. Айына 8 сағат, 12 сабақ өткізіледі. Оқу бағасы – 6000 теңге. Бұл кәсіпте менің бастығым жоқ емес, барлық шә-кіртімді менің бастығым деп есептей-мін. Көбісі – қыздар және апайлар. Қолөнерді әр адам әртүрлі бастайды. Біреуге айналысатын сүйікті іс, біреуге коллекция жасау, біреуге табыс ретін-де. Қай жолмен келсе де, олар қолөнер-ді меңгеріп шығады.
Екі оқушым телефонға тәуелдіктен арылды
Бұл қолөнер студиясына көбісі жақ-сы көріп келеді. Менде екі қыз болды. Олар әуелде ата-анасының бастамасы-мен келген болатын. Қазіргі заманның шындығы – жастарымыз ғаламтордың құрбаны болып кеткен. Олар да сондай болды. Өткізілген сабақтарға ықыласы жоқ, қызықпайды, тек телефонмен оты-ратын. Бірте-бірте олардың қолөнерге деген қызығушылығы артып, заттарды ерекше зейінмен жасай бастады. Теле-фондарына да назар салмайды. Қазіргі таңда олар менің ең алғыр, талантты, шебер шәкірттерім болды. Жалпы ме-нің мақсатымның бірі осы болатын. Балалардың санасын улап алып жатқан әлеуметтік желілерден қорғап, бойын-дағы шеберліктерін арттырып, жақсы азамат қылып тәрбиелеу.
Қолөнерден қол үзуге шешім қабыл-дағанда...
Бір кездері мен қолөнерді қоятын болдым. Себебі жолдасым бұл жұмы-сымды қойып, кішкентайларымызға қарағанымды қалады. Мен бұл шешім-ге қарсы шықпадым. Сонымен қолөнер-ді қойдым. Өмірім күрт өзгерді. Бір күні жұбайым жұмысқа кетті, байқаусызда менің нөмірімді алып кеткен екен. Жұ-мысында тұрып жұбайым телефон соқ-ты. «Света, дайындал, Шымкентке ба-расың. Онда қолөнерге байланысты конкурс болып жатыр екен, сені соған шақырып жатыр», - деді. Мен қатты таң қалдым, бірақ жәй нәрсе болар деп он-дай мән бермедім. Жұбайыммен сөй-лесіп болған соң үш сағаттан кейін Шымкентегі көрмеден хабарласып: «Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Ұлттық тарихымызды ұлықта-йық» атты қолөнер шеберлерінің көр-ме жәрмеңкесі өтіп жатыр, соған ке-луіңізді өтінеміз», - деді. Мен не айта-рымды білмей, қатты састым. Сонда телефонның ар жағындағы ұйымдас-тырушылар «Сізді жұбайыңыз барады деп айтты» - деді. Осылайша соңғы 3 күн қалғанда жолға дайындалып, шырай-лы Шымкентке жол тарттым. Бұл жәр-меңкеге 30 шақты қатысушы қатысты, бұйырып, ІІІ орын иелендім. Көрмеге қатысқанның өзі үлкен мәртебе болды. Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген шеберлердің жұмыстары көздің жауын алады. Уақыт тапшы болып, көбісін дұ-рыс қарап үлгермедім. Шымкент халқы ақкөңіл жайдарлығымен баурап ала-ды. Елге оралған соң жұбайым бұл кәсіпті қайтадан қолға алуыма рұқсат берді.
«Тұмар» қолөнер шеберханасы
Үйірмелер
Қолөнерге арналған тауарлар
Пленэр
Шеберлік сыныптары (мастер-класс):
Тоқу
Бисерден тоқу
Фоамиран
Сутаж
Полимер сазы
Киіз басу
Тұмар жасау
Кішкентай орын демеңіз, бұл жерден оң қолынан өнер тамған сұлу қыз-дардың туындыларын табасыз.
«Таудай талап берсе, талпына бер-генге не жетсін» - деген ұлы сөз бар. Менің шәкірттерім бойындағы бар қа-білетін, дарынын шыңдау жолында үнемі еңбектеніп, аянбай тер төгуде. Балғын жүзді балапандарымның қо-лынан шыққан ерекше дүниелер «Тұ-мар» шеберханасының сәнін кіргізіп тұрады. Шәкірттерім жаңа жылдық көйлектердің сәнін ашатын нәзік, әдемі диадема-ободоктар, шамбала браслет-тер, полимерлі саздан жасалған брас-лет, ойыншықтар, әшекейлердің көпте-ген түрлері, кестелер тоқып үйренді. Бүгін де ең кішкентай қыздарым олжа-лы кетті. Өздеріне әшекей жасаған мү-сіндері бар. Әжесіне, ата-анасына сый-лық жасап қуантары анық. Бақытты әже, бақытты ата-ана, бақытты бала.
Шебер қыздардың шәкірттерге берген сабақтары
«Тұмар» студиясына келіп, шәкірт-теріме бар білгенін аямайтын шебер қыздарым бар. Барлығы да халық ара-сынан шыққан. Мен ол жандармен мақтанамын десем де болады. Әр адамға өз үйінен ыстық жер бар ма?. Тіпті жаңа дүниеге келген сәбиге дейін өзге үйді жатырқап, өз бөлмесін іздей-ді. Келесі мастер-кластар сериясы үй ішін сәндеуге, ыңғайлы бұйымдар да-йындауға арналады. Бұл мастер-класты шәкірттеріме Гүлсара апайымыз өткізді.
- Асүйге фартук
- Қолғап
- Шкатулкалар
- Кілт, шеге салатын чехол
- Жұмыс үстеліне көмекші
Шебер қызымыз Наташа Букашева шәкірттерді бисерден тоқуға, Айгүл Қосдәулетова пинетки тоқуды, әлем-дегі ең сүйкімді Йо-Йо ойыншықтарын жасау технологиясын шәкірттерге көр-сетті. Буренко Ксения шәкірттерге фоамиран жасауды үйретті. Алғыр шәкірттерім өткізілген сабақтарды тез меңгеріп, көптеген дүниелерді жасап үйренді.
Тоқумен енді айналысып жүрген ару-ларға кеңес
1. Жіптің ұшын ораманың ортасы-нан алыңыз. Сонда ол домалап тоқуға кедергі келтірмейді, біркелкі ортасы-нан шығып отырады.
2. Қарапайым пакет – сізге үлкен көмек. Жіп орамасын пакетке салып қойсаңыз, тап-таза күйінде тұрады. Жасамақ болған әр затыңды өзіңнің ыңғайыңа қарай икемдеп алу керек.
«Тұмар» шеберханасы басқа да жерде ашылмақ
Әрине, арманым бар, басқа жерлер-ге ашу, дамыту. Бұйырса, ол да болаты-нына сенімдімін. Осыдан бірнеше жыл бұрын армандаған, қолым жетпестей көрген дүниеге ойда - жоқта қолым жет-ті. Әу баста бұл кәсіпті 30-40 мың теңге-мен бастағам. Менің курстарым бар «Қолөнерді табыс көзіне айналдыру» деген. Оған да қыздар келеді, бар білге-німді үйретемін. «Тұмар» студиясын Орал қаласының әр жерінен ашу жос-парымызда бар.
«28 ілмек» еріктілер клубы
Менің екінші перзентім мерзімінен бұрын дүниеге келді. Дәрігерлер ұлым-ды жасанды тыныстандырып, кюбезге жатқызды. Сол кезде шала туған сәби-лерге арнап бас киім, шұлық, қолғап тоқып бердім. Ұлым оңалып, аман-есен үйімізге оралды. Мен облыстағы «28 ілмек» еріктілер клубына мүше болдым. Бұл ұйым облыстық және қалалық перзентханалардағы шала-жансар шақалақтардың оңалуы үшін тоқыма киімдерін тоқып беріп, көмектеседі.
Өнеріңмен талай жанға ұнадыңыз,
Кәсібіңе арта берсін құмарыңыз.
Балалардың бос уақытын бағалаған
Өрлей берсін студия «Тұмарыңыз».
Осындай қазақ халқының өмірімен біте қайнасып келе жатқан қолөнердің дамуына өзіндік үлесін бір кісідей қо-сып жүрген Светлана Дүйсенбаеваға толағай табыс тілеймін. Жасап жатқан істеріңіз өз жемісін беріп, талантты шә-кірттеріңіз көбейе берсін!
Зафура МАМУТ,
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледж студенті,
Орал қаласы