Web-сайтын күшейтейік!

Ең алдымен «DANAqaz» журналы-ның 5-жылдығымен журнал ұжымын және оқырмандарын құттықтаймын! Қазақстан секілді жас мемлекет пен жас қоғамға Тәуелсіздік алғаннан кейін ұлт ретінде қалыптасуы, өзіне тән ұлттық мүдделерін айқындауы экономикалық тұрғыдан нығаюмен қатар тұрды десек артық емес. Ендеше, «DANAqaz» журналы осы жолда өңірімізде алғашқы тарихи, танымдық журнал ретінде өз үлесін 2012-жылдан бері қосып келеді, әлі де қоса жатады деген үміт-темін.

«DANAqaz» журналының басқа жур-нал-газеттерден бірнеше айырмашы-лығы бар. Өз басым, журналдағы кон-тенттің ғылыми тұрғыдан байлығына қызығамын. Журнал қай сала жайында мақала жазса, сол саланы әбден игер-ген мамандардан ақпарат жинап, оны қарапайым қауымға қызықты етіп, әрі өзіне тән қазақы нақышпен тарата бі-леді, сүйсіндіре біледі. XXI ғасырдағы біраз танымал журналдар сияқты нега-тив таратпай, дәлелді әрі обьективті түрде ғылым, білім, өнерді халыққа на-сихаттауды және халықтың санасын оя-туды өз ұстанымы етіп келеді «DANA-qaz» журналы. Журналдың нөмірлері арқылы өңіріміздің тарихын тереңнен танып білеміз, өңіріміздегі патриот жастарды танимыз.
«DANAqaz» журналының өңірдегі журналдардан айырмашылығы – оның жеке веб-сайтының және фейсбук па-рақшасының танымалдығы болса ке-рек. XXI ғасырда қажеттілікке айналған интернет-медиа үшін алпауыт бір құ-ралға айналды, журналдың нөмірлерін веб-сайттан қай жерде болсақ та оқи аламыз. Алайда, шыңдалудың шегі жоқ – журнал қазіргіден де жақсара түсуі үшін, «DANAqaz» журналының Варша-вадағы тілшісі ретінде веб-сайттың ди-зайнын (позицияландыру, жалпы веб-сайт кұрылысы) жақсартып, ұялы теле-фондарға ыңғайлы (IOS, Android) нұс-қасын жасауға болар еді деп ойлай-мын. Аталған ұсынысты жүзеге асыру үшін қаржыландыру міндетті емес, өйт-кені өңірімізде технологияны меңгере білген жастар аз емес. Мысалы, Білім-инновация лицейлерінің, болмаса бас-қа лицейлердің информатика пәнін те-реңдете оқитын жоғарғы сынып оқу-шылары немесе түлектері бұл ұсыныс-ты еш ақысыз жасай алады деп ой-лаймын. Себебі, бұл - бір жағынан жас-тарға бұл патриоттық іс болса, екінші-ден жас маманның «портфолиосын» байыта түсетін тәжірибе. «DANAqaz» журналы тек Батыс қазақстандықтар-мен шектеле коймай, басқа өңірлерге де интернет арқылы таратылса, және Facebook парақшасындағы оқырман достарының санын 2250-ден әлдеқай-да көбейту үшін қадамдар жасаса де-ген ұсыныстарым тағы да бар. Бұл үшін өңіріміздегі танымал ел ағалары-ана-лары, өнер майталмандары, жастар және тағы да басқаларымыз журнал-дың бөлімдерін ең болмаса өз Face-book, Instagram парақшаларымызда бөліссек жетіп жатыр.
«DANAqaz» журналы көркеqе берсін, нөмірлері мен қызықты әрі таным-ды мақалалары көбейе берсін. Тағы да мерейтой құтты болсын деймін!

Қаралым саны 1029

 

Құрметті оқырман!
Айтар ой, қосар пікір болса, жазып жіберіңіз. 
Мүмкіндігіне қарай ескеріп, болашақ жоспарымызға енгіземіз.

     Қосар ой      

 

Мекен-жайымыз:

Орал қаласы, Жеңіс 33/1

Телефон:

+7 708 434 2463